Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница111 из 190
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   190

Қылмыс істеуге оқталу


Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-, 4-бөлімдері бойынша «Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-əрекет (əрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мəн-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып табылады.

Қылмыстық жауаптылық ауырлығы орташа, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға оқталғаны үшін ғана басталады».

Қылмыс істеуге оқталудың бірнеше белгісі бар.

Бірінші іс-əрекеттің қылмыс істеуге тікелей бағытталуы қылмыс істеуге оқталғанда, қылмыс субъектісі қылмыс құрамын орындауға тікелей кіріседі жəне қылмыстық құқықтық норма диспозициясының объективтік жағында көрсетілген элементтерін орындайды. Мысалы, кісіні өлтіруде оған қарай мылтық атады, ұрлық жасағанда есікті бұзып тұрғын жайға кіреді, көлік құралын айдап əкетуде көлікті қозғалысқа келтіру əрекетін жасайды жəне басқа да əрекеттер. Қылмысқа оқталғандағы іс-əрекет қылмыстың зардабын туғызатын себептің көрінісін білдіреді. Егер ол іс-əрекет үзіліп қалмаса, онда қылмыс зардабының болуы сөзсіз болар еді.

Қылмыс істеуге оқталудың екінші белгісі субъективтік белгісі болып табылады. Қылмыс істеуге оқталу тек тікелей қасақаналылықпен іске асырылады. Бұл туралы қылмыстық заңның өзінде қылмыс істеу үшіт тікелей бағытталып, істелген əрекет немесе əрекетсіздік деп тура көрсетіліп отыр. Заңдағы тікелей бағытталған деген сөздің өзі осы тұрғыда қылмыстық тек қана тікелей қасақаналылықпен іске асырылатындығын білдіреді.

Қылмыс істеуге оқталғандықтың үшінші белгісі істеуге бағытталған қылмыстың ақырына дейін жеткізілмеуі болып табылады. Яғни қылмыс құрамын орындау сатысында қылмыстық əрекет амалсыздан үзіледі. Бұл жерде қылмыс істеуге оқталғандықтың белгісі қылмыстың аяқталмай қалуы болып

отыр. Бұл белгілі аяқталған қылмысты қылмыс істеуге оқталғандықтың айырудың басты белгісі болып табылады.

Мұндай ретте Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі қылмыс құрамының белгілері толық жүзеге асырылмайды немесе заңда көрсетілген қылмыстың зардабы болмай қалады. Сөйтіп аяқталған қылмысқа қарағанда объективтік жағының белгілерін түгелдей орындауға бағытталған іс-əрекет толық аяқталмай қалады.

    1. 1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   190


написать администратору сайта