құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Əкімшілік-құқықтық режимдерƏкімшілік-құқықтық режимдер бұл құқықтық режимдердің ерекше түрі болып табылады. Олар қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету жəне қолдаудың белгілі бір жағдайларында субъектілердің жұмыс істеуінің белгілі бір тəртібін көрсетеді. Əкімшілік-құқықтық режим мемлекеттік басқару аясында кең тараған. Əкімшілік-құқықтық режимдер институтының өзіне тəн ерекшелігі болып тұлғалардың, қоғамның жəне мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделеріне ішкі жəне сыртқы қауіп-қатердің болуында. Əкімшілік-құқықтық режимдердің басты мақсаты қоғамдық қауіпсіздікке қарсы кауіпті төмендету үшін кедергілер құру болып табылады, бірақ та көбінесе бұл жағдайларда қолданылатын шаралар мəжбүрлеуші сипата болады. Дəл осы əкімшілік-құқықтық режимдерді енгізу қатаң анықталған тəсілдер,құралдар қолдану арқылы, жұмыс істеу мен өмір тіршілігінің тұрақты жағдайларын қамтамасыз ету мен қорғауға мүмкіндік беретін орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Барлық əкімшілік-құқықтық режимдер жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын шектейді. Сəйкесінше олардың енгізілуі жəне қызмет етуінің негіздері мен тəртібі заңнамалық деңгейдегі арнайы нормативтік- құқықтық актілермен реттелінеді. Арнайы заңдардың негізіне Президент жарлықтары жəне биліктің арнайы құзыретті атқарушы органдарының құқық қолдану сипатындағы актілері қабылдануы мүмкін. Əкімшілік-құқықтық режимдердің көптеген түрлері бар. Əкімшілік- құқықтық режимдерді түрлі белгілер (критерий) бойынша бөлуге болады. Сонымен, аумақтық (территориялық) белгісі бойынша жалпы мемлекеттік жəне жергілікті режимдерді ажыратамыз. Əрекет ету уақытына байланысты режимдердің тұрақты, уақытша жəне жағдайға байланысты түрлері болады. Объекті бойынша əкімшілік-құқықтық режимдер атомдық энергетика режимі, су қоймасы режимі, уақытша ұстау изоляторының режимі, қылмыстық-атқарушылық мекемелер режимі жəне т.б. болып бөлінеді. Мемлекеттік құпия режимі 15 наурыз 1999 жылғы «Мемлекеттік құпиялар туралы» ҚР Заңымен реттелінеді жəне тұрақты режим болып табылады. Аталмыш заңға сəйкес мемлекеттік құпиялар - таратылуын мемлекет жалпы қабылданған халықаралық құқық нормаларына қайшы келмейтін əскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-іздестірушілік жəне өзге де қызметті тиімді жүзеге асыру мақсатымен шектейтін, мемлекет қорғайтын мемлекеттік жəне қызметтік құпияларды құрайтын мəліметтер. Заңнамада мемлекеттік құпияға жатқызылатын мəліметтер тізімі жəне тиісінше құпиялануы тиіс мəліметтер тізімі белгіленген. Құпиялылықтың үш дəрежесі белгіленеді: «аса маңызды», «өте құпия» жəне «құпия». Мемлекеттік құпияға залалдың ауырлық дəрежесіне сəйкес белгі беріледі, осыған сəйкес Қазақстан Республика Үкіметі белгілеген тəртіпте анықталатын оның қорғалу дəрежесі де анықталады. Мемлекеттік құпия болып табылатын мəліметтерге "аса маңызды", "өте құпия" деген құпиялылық белгілері беріледі. Қызметтік құпияны құрайтын мəліметтерге "құпия" деген құпиялылық белгісі беріледі. Құпиялылық дəрежесі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен мемлекеттің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін залалдың ауырлық дəрежесіне сəйкес анықталуы тиіс. Мемлекеттік шекараны қорғау аясындағы режимдер басты мақсаты мемлекеттік шекараға қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ету жəне Қазақстанның территориялық тұтастығын қорғау, темлекеттік шекарамен шектесетін аумақтарда əртүрлі қызметті реттеу болып табылатын тұрақты режим. Аталған режим «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Заңымен реттеледі жəне оның жүзеге асу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздігін Комитетінің Шекара қызметіне жүктеді. Бұл заңда мемлекеттік шекара режимі, өткізу пункттеріндегі режим, шекара режимі, аумақтық сулар (теңіздер) жəне ішкі сулар режимі, контитенттік қайраң режимі сияқты режимдердің түрлері бекітілген.. Аталған режимдер негізінде мемлекеттік шекарадан өту тəртібі, шекаралық өзендер жəне су қоймалардың қазақстандық бөлігінде болу жəне жүзу тəртібі, əуе кемелерінің республикамыздан ұшуы не республикамызға қонуы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында түрлі жұмыстарды жүргізу, өнеркəсіптік, зерттеу, іздестіру жұмыстары жəне өзге де қызмет түрлерін жүргізу (мемлекеттік шекара режимі); мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінде шекаралық бақылауды жүзеге асыру; шекаралық аймақ пен шекаралық белдеуге кіру, өнеркəсіптік, зерттеу, іздестіру жұмыстары жəне өзге де қызмет түрлерін жүргізу жəне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына жақын жерлерде жаппай қоғамдық-саяси, мəдени жəне басқа іс- шараларды өткізу реттелінеді (шекаралық режим). Паспорттық-визалық режим еліміздің ішкі жəне сыртқа қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ерекше маңызды буыны болып табылады. Аталмыш əкімшілік рəсім Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру жəне тіркеудің кейбір мəселелері туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 631 Бұйрығымен жəне Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 Қаулысымен реттеледі. Қазақстанның территориясына шетел азаматтарының жəне азаматтығы жоқ тұлғалардың кіру тəртібі «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңында жəне «Қазақстан Республикасының визаларын беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2009 жылғы 14 желтоқсандағы жəне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы Бірлескен бұйрықтарымен реттеледі. Бұл құжаттар Қазақстан территориясында тұлғалардың жеке бастарын куəландыратын құжаттарды рəсімдеу жəне беріу тəртібін бекітеді. Аталған режимнің элементтері болып қажеттік құжаттарды талап теуші тұлғалар санаты, өкілетті органдардың түрлері, олар қабылдайтын шешімдердің түрлері жəне т.б. Рұқсат беруші мен тұлғалардың жеке бастарын куəландыратын құжаттар беруден басқа паспорттық-визалық режим Қазақстан аумағына кіру мен онда болу жəне Қазақстан аумағынан шыртқа шығу мəселелерін де қамтиды. Бұл режимнің негіздері ҚР Конституциясы мен «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңында көрсетілген. Төтенше режимдер əкімшілік-құқықтық режимдердің ішінде ерекше орын алады. Төтенше режимдер ретінде жеке жəне заңды тұлғалардың құқық субъектілігін шектеуге жол беретін, қалыптасқан нақты жағдайларға байланысты тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің уақытша əлеуметтік-объектівтік жəне құқықтық шарасы ретінде мемлекеттік билік органдары қызметінің арнайы құқықтық режимін танылады. Төтенше сипаттағы əкімшілік-құқықтық режимдердің төтенше жағдай жəне соғыс жағдайы деп бөлінетін екі түрі бар. Бұл режимдер ерекше жағдайлар жағдайды тұрақтандыру үшін мемлекеттің қатаң түрде араласуын қажет ететін уақыттарда енгізіледі. Бұл екі режим де жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты қажеттіліктен туындаған шектеу сипатындағы уақытша шаралар енгізуімен ерекшеленеді. Төтенше жағдайлар режимі. Төтенше жағдай - азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүдделерінде ғана қолданылатын жəне мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметіне, азаматтардың, шетелдіктердің жəне азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін жəне оларға қосымша міндеттер жүктейтін ерекше құқықтық режим болып табылатын уақытша шара. Бірақ бұл шаралар төтенше жағдайды енгізуге негіз болған жағдай шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс. 2003 жылы 8 ақпанындағы «Төтенше жағдайлар туралы» ҚР заңына сəйкес төтенше жағдайды енгізуге келесілер негіз болады: шекаралас мемлекеттер аумақтарынан Мемлекеттiк шекара арқылы жаппай өту; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге ұмтылу; терроризм актілері; Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билiктi күштеп басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған iс-əрекеттер; қарулы қақтығыстарға тарту мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болатын арандатушылық iс-əрекеттер; Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзу; жаппай тəртiпсiздiктер, ұлтаралық жəне конфессияаралық қақтығыстар; экстремистiк топтардың жекелеген жерлердi, аса маңызды объектiлердi қоршап алуы немесе басып алуы; заңсыз əскери құралымдар құру жəне олардың қызметi; дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, су тасқыны жəне басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлар, табиғи өрттер, эпидемиялар мен iндеттер, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен ормандардың аурулармен жəне зиянкестермен зақымдалуы, өнеркəсiптiк, көлiктiк жəне басқа авариялар, өрттер (жарылыстар), күштi əсер ететiн улы, радиоактивтi жəне биологиялық қауiптi заттар ауаға жайылатын (жайылу қаупi бар) авариялар, үйлер мен ғимараттардың кенеттен құлауы, су бөгеттерiнiң бұзылуы, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электрэнергетикалық жəне коммуникациялық жүйелердегi, тазарту құрылғыларындағы авариялар себеп болған жəне жағдайды дереу тұрақтандыруды, құқық тəртiбiн қамтамасыз етудi, қажеттi құтқару жəне авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жағдай жасауды талап ететiн табиғи жəне техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар. Төтенше жағдай орын алған жағдайды басқа əдістермен қалпына келтіру не тұрақтандыру мүмкін болмаған уақыттарда енгізілетін шара болып табылады. Республиканың демократиялық институттарына, оның тəуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi жəне тiкелей қатер төнген, мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған ретте, Премьер-Министрмен жəне Республика Парламентi Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялардан кейiн Республика Парламентiне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкiл аумағында жəне оның жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгізеді. Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының аумағында 30 күн мерзімге, жекелеген аймақтарда 60 күн мерзімге дейін енгізіледі, ал төтенше жағдай енгізілу себептері жойылған жағдайларда ҚР Президенті мерзімінен бұрын тоқтатуы мүмкін. Белгіленген мерзімдер ҚР Президентінің Қаулысымен ұзартылуы мүмкін. Төтенше жағдай енгізу уақытында оны негізуге себеп болған жағдайларды жоюға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғауға бағытталған шаралар кешені енгізілуі мүмкін. Соғыс жағдайы төтенше əкімшілік-құқықтық режимдердің бірі болып табылады. Соғыс жағдайы енгізудің негіздері мен тəртібі «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы Заңымен ерттеледі. Заңға сəйкес соғыс əскери жағдайы – Қазақстан Республикасына қарсы агрессияны не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей төнген қатердi болдырмауға немесе оларға тойтарыс беруге жағдай жасауға бағытталған саяси, экономикалық, əкiмшiлiк, əскери жəне өзге де шаралар кешенiн көздейтiн жəне Қазақстан Республикасының Президентi Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде енгiзетiн ерекше құқықтық режим болып табылады. Соғыс жағдайын енгізудің мақсаты Қазақстан Республикасына қарсы агрессияның жолын кесу немесе оған тойтарыс беру болып табылады. |