Главная страница
Навигация по странице:

  • Əкімшілік

  • – əкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері

  • Объективтік

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница94 из 190
    1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   190

    Əкімшілік жауапкершілік


    Əкімшілік жауапкершілік – бұл заңды жауапкершіліктің бір түрі. Кез келген заңды жауапкершілік сияқты құқыққа қайшы əрекет салдарынан құқық нормаларында бекітілген жағымсыз салдар болып табылады.

    Əкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасы əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде(ҚР ƏҚБтК) көзделген əрекеттер үшін жеке жəне заңды тұлғаларға қатысты əкімшілік соттармен жəне мемлекеттік құзыретті органдармен (лауазымды тұлғалармен) қолданылатын заңды жауапкершіліктің бір түрі. Əкімшілік жауапкершілік өзге заңды жауапкершіліктің түрлерінен ажыратуға мүкіндік беретін өзіндік ерекшеліктерге ие. Оларға:

    • Əкімшілік жауапкершілікке тартудың негізі əкімшілік құқық бұзушылық жасау болып табылады. Əкімшілік құқық бұзушылықтың қылмыстан айырмашылығы қоғамдық қауіптілік дəрежесінде. Қауіптілік дəрежесі төмен құқық бұзушылықтарға сəйкесінше жеңілірек жазалау шаралары белгіленеді;

    • ҚР ƏҚБтК сəйкес, əкімшілік құқық жауапкершілікке жеке жəне заңды тұлғалар тартылуы мүмкін;

    • Əкімшілік құзыреттілікке ие мемлекеттік органдар шеңберінің кеңдігі. Бұл ретте, Қазақстандағы əкімшілік жауапкершілік институтын жетілдіру мақсатында біраз уақыттан бері əкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған əкімшілік соттар жұмыс істейді.

    • Қылмыстық іс жүргізу бойынша өндіріске қарағанда əкімшілік жауапкершілікке тарту тəртібі қарапайым нысанымен ерекшеленеді, оның басты себебі əкімшілік құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілік деңгейінің

    төмен болуы жəне оған тез жəне үнемді түрде кері жауап қайтару қажеттілігінде;

    • Заңнамада бекітілген əкімшілік жазалау шаралары қылмыстық жауапкершілік түрлеріне қарағанда жеңілірек болып табылады;

    • Əкімшілік жауапкершілікке тартылу соттылыққа (қылмыстық жауапкершіліктен айырмашылығы) немесе жұмыстан шығарылуға əкеп соқпайды (тəртіптік жапапкершіліктен айырмашылығы).

    Əкімшілік жауапкершілік мəселелерін реттейтін негізгі нормативтік-акт болып 2001 жылы 31 қаңтардақабылданған Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі табылады.

    Əкімшілік құқық бұзушылық – бұл жеке адамның əкiмшiлiк жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кiнəлi (қасақана немесе абайсызда жасалған) iс- əрекетi не əрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы iс-əрекетi не əрекетсiздiгi.

    Əкімшілік құқық бұзшылық əкімшілік жауапкершілікке тартудың құқықтық негізі ретінде өзінің құрамына ие жəне оның элементтеріне: объектісі, субъектісі, объективтік жəне субъективтік жағы жатады.

    Əкімшілік құқық бұзушылықтың объекті ƏҚБтК қорғайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Əкімшілік жауапкершілікке 16 жасқа толған жеке тұлға жəне заңды тұлғалар – əкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері, тартылуы мүмкін.

    Əкімшілік теріс қылықтың субъективтік жағы субъектінің жасаған жағымсыз əрекетіне психикалық қатынасымен сипатталады. Субъектівтік жақ кінə, ниет жəне мақсаттан тұрады. Кінəнің нысандары: қасақана жəне абайсызд.

    Объективтік жағы құқыққа қайшы əрекеттің сыртқы көрінісі болып табылады. Объективтік жақтың негізгі элементтері əрекет (əрекетсіздік), қоғамға қауіпті зардап, əрекет (əрекетсіздік) пен зарбаптың арасындағы себепті байланыс. Əкімшілік құқық бұзушылықтардың көпшілігі формальдық құрам, яғни қоғамға қауіпті зардаптың туындауын қажет етпейтін болып келеді. Кейде əкімшілік құқық бұзушылық құрамын қалыптастыруда уақыты, орны, жағдайдары сияқты элементтер де кездеседі.

      1. 1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   190


    написать администратору сайта