құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Мемлекеттік басқарудың əдістеріМемлекеттік басқарудың əдісі түсінігі мемлекеттік басқару нысаны түсінігіне өте жақын. Нысаннан өзгелігі мемлекеттік басқарудың əдістері ретінде басқарылатын объектілерге(жеке жəне заңды тұлғалар) əсер етудің тəсілдері мен амалдары, яғни атқарушы биліктің міндеттері мен қызметін іс жүзіне асыру жолдары түсініледі. Олар əралуан жəне сантүрлі. Əкімшілік – құқықтық əдістер мемлекеттік басқарудың мақсаттарына қол жеткізу үшін қолданылады. Бұдан басқа, мемлекеттік басқарудың əдістерін əкімшілік жəне экономикалық деп жіктеу қалыптасқан. Экономикалық əдістер басқарылушылардың жүріс-тұрысына олардың экономикалық мүдделері арқылы ықпал етеді, айталық, кедендік тарифтік ставкаларды көтермелеу немесе төмендету, тауар əкелімі мен тауардың əкетіліміне əсер ету. Аталған жағдайда мемлекет тек қызметті ынталандырады, ал қалғаны экономикалық қызығушылыққа байланысты болады. Бұдан басқа экономикалық санкциялар қолдану арқылы реттеу мүмкіндіктер бар, мымалы, лицензиядан айыру, айыппұл салу жəне т.б. Бұл да қолданыстағы заңнамаға сəйкес қызметті ынталандырады. Мемлекеттік басқарудың əкімшілік əдісі бұл басқару объектісіне экономикалық əсер етуден тысқары тікелей əсер болып табылатын, сендіру мен мəжбүрлеуден тұрады. Сендіру жалпыға мəлім ең тиімді əдіс жəне басқарылушы объектінің санасы арқылы мінез-құлқына əсер ету болып табылады. Сендіруге келесілерді жатқызуға болады: тəрбие, құқықтық тəрбие, үгіт-насихат. Одан басқа, жеке бір əдіс ретінде материалдық (стипендияны көтеру, құнды сыйлықтар) жəне моральдық ( атақтар, медаль, орден, құрмет грамотасы жəне т.б.) деп бөлінетін көтермелеуді атауға табылады. Мəжбүрлеу – бұл сендіру тиімсіз болған жағдайда қолданылатын əдістің түрі. Мəжбүрлеу басқарылушыларға олардың тікелей мүдделері (материалдық немесе тікелей өздеріне) арқылы əсер ету шарасы. Мəжбүрлеу ретінде мəжбүрлеу шаралары кешенін құрайтын жəне заңды жауапкершіліктен тұратын қосымша шараларды атаймыз. Мəжбүрлеу құқыққа сай жəне құқыққа қайшы болып бөлінеді. Құыққа сай мəжбүрлеу шаралары – бұл заңнамада тікелей көрініс тапқан жəне оларды қолдану тəртібі мен негіздері де арнайы құқықтық нормалармен реттеледі. Құқыққа қайшы мəжбүрлеу шаралары – бұл қолдануға тыйым салынған шаралар. Мысалы, өзінше билік ету, бандократия, яғни қоғамда бандылық топтардың шексіз билік етуі, зорлық – зомбылықпен азаптау, тыйым салынған арнайы құралдарды қолдану (электрошок, жүйке байлану газдары жəнет.б.). Сəйкесінше, мемлекеттік басқару əдістеріне тек құқыққа сай мəжбүрлеу шаралары ғана жатқызылады. Қолдану негіздеріне байланысты құқыққа сай мəжбүрлеу шаралары қылмыстық, əкімшілік жəне тəртіптік болып бөлінеді. |