Главная страница
Навигация по странице:

  • Əкімшілік

  • Əкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған

  • Арнаулы құқықтан айыру

  • Жеке кəсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница95 из 190
    1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   190

    Əкімшілік жазалау шаралары


    Əкімшілік жауапкершілікке тартудың мəні кұқыққа қайшы əрекет жасау салдарынан туындайтын теріс сипаттағы шаралар болып табылатын жаза тағайындау болып табылады. Əкімшілік жаза Қазақстан Республикасының əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген құқық бұзушылық жасаған үшін жауапкершілік шарасы болып табылады.

    Əкімшілік жазалау шаралары мəжбүрлі сипатқа ие, құқық бұзушыға түрлі ауыртпалықтар жүктеумен сипатталады жəне əкімшілік құқық бұзушылық

    жасаған тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын жəне заңды мүдделерінен айыру немесе шектеуден көрініс табады.

    1. Ескерту – моральдық əсер етудің негізгі шарасы. Ескерту жасау ешқандай мүліктік немесе физикалық зардапқа əкеп соқпайды, бірақ əкiмшiлiк жаза қолдануға уəкiлеттi органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен жəне жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту əрқашан жазбаша түрде жасалады, ауызша ескерту жазалау шарасы ретінде танылмайды. Аталған шараның өзіндік зардаптары бар, атап айтсақ, жауапкершілікке тартылу фактісін тіркейді, ал ол өз кезегінде дəл осындай теріс қылықты қайта жасаған жағдайда ауырлататын мəн-жай ретінде ескерілуіне əкеліп соғады.

    2. Əкімшілік айыппұл барлық дерлік құқық бұзушылық түрлері үшін белгіленетін ақшалай, ең кең тараған жəне ықпалды жазалау шарасы. Жалпы ережеге сəйкес, əкiмшiлiк жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңға сəйкес белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшеріне сай келетiн көлемде есептеледі. Сондай-ақ айыппұл мөлшері:

      • қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының;

      • орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесі сомасының;

      • аударылмаған (уақтылы аударылмаған) əлеуметтік аударымдар сомасының;

      • аударылмаған, уақтылы жəне (немесе) толық есептелмеген, ұсталмаған (есепке жазылмаған) жəне (немесе) төленбеген (аударылмаған) міндетті зейнетақы жарналары сомасының;

      • заңсыз кəсіпкерлік нəтижесінде алынған акцизделетін тауарлар құны сомасының;

      • Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес есепке алынбаған не тиісті түрде есепке алынбаған соманың;

      • Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасын бұза отырып жасалған

    (жүргізілген) мəміле (операция) сомасының;

      • монополистiк қызметтi жүзеге асыру немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы, табиғи монополиялар жəне реттелетін нарықтар туралы заңнамасын, қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу нəтижесiнде алынған табыс (түсiм) сомасының;

      • құқық бұзушылық жасалған, бірақ бір жылдан аспайтын кезең үшін бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының;

      • есепке жатқызылмаған ұлттық жəне шетел валютасы сомасының пайызымен көрсетіледі.

    ƏҚБтК-те айыппұлдың ең төменгі жəне жоғарғы мөлшері бекітілген: жеке тұлғалар үшін – 1/5 жəне 500 АЕК(айлық есептік көрсеткіш); лауазымды адамға, дара кəсiпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, сондай- ақ заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерi – 5 жəне 1000 АЕК жəне ірі кəсіпкерлік субъектісіболып табылатын заңды тұлғалар үшін - 20 жəне 2000 АЕК.

    • пайыздарда сомадан орындалмаған- немесе орындалған міндеттемесінің еместиісті бейнесімен;

    1. Əкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою. Əкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою, оны судья қаулысының негiзiнде мəжбүрлеп алып қоюдан жəне сот актiлерiн орындау үшiн көзделген тəртiппен кейiннен өткiзуден тұратын мүліктік жаза. Осындай затты өткiзуден түскен соманы сот орындаушысы оларды өткiзу жөнiндегi шығыстарды шегере отырып(коммисиялық дүкен 5%, аукцион 10%), меншiк иесiне бередi. Аңшылық қаруды, атыс оқ-дəрiлерiн жəне аңшылықтың басқа да қаруларын өтемiн төлеп алып қоюды аң аулау өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды. Өтемiн төлеп алып қою тек қасақана құқық бұзушылық үшiн ғана қолданылуы мүмкiн.

    2. Əкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ əкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тəркiлеу. Бұл жазалау шарасы да мүліктік жазалау шарасы ретінде заңнамада белгiленген тəртiппен мемлекет меншiгiне мəжбүрлеп өтеусiз өндiрiп алудан тұрады, бұл ретте тəртiп бұзушының меншiгi болып табылатын зат қана тəркiленуге жатады. Тəркiлеудi судья қолданады жəне заңнаманың бабында əкiмшiлiк жаза ретiнде көзделген жағдайларда тағайындалуы мүмкiн. Аңшылық қаруды, оның оқ-дəрiлерiн жəне басқа да рұқсат етiлген аң аулау жəне балық аулау құралдарын тəркiлеудi аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.

    Сонымен қатар, құқыққа қайшы əрекет нəтежиесінде алынған мүлік немесе ақша құралдары да тəркілеуге жатады.

    1. Арнаулы құқықтан айыру – тек сот тəртібімен қолданылатын жəне құқықты пайдалану тəртiбiнiң өрескел немесе үнемi бұзылғаны үшiн қолданылатын, тұлғаның белгілі бір құқықтарынан айырды көздейтін жазалау шарасы болып табылады.

    Арнаулы құқықтар ретінде ооны алу жəне пайдалану үшін мемлекеттік органдардың арнайы рұқсаты қажет құқықтар танылады. Ондай құқықтарға ƏҚБтК мыналарды жатқызады:

      • көлік құралдарын жүргізу құқығы;

      • аң жəне балық аулау құқығы;

      • оқ-дəрiлерiн жəне балық аулау құралдарын сақтау мен алып жүру;

    Көлік құралдарын жүргізу құқығын қоспағанда, арнаулы құқықтан айыру мерзімі бір айдан кем болмауға жəне екі жылдан аспауға тиіс.

    Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру мерзімі алты айдан екі жылға дейін болуы мүмкін, ал алкогольден, есірткіден жəне (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде көлік құралдарын жүргізгені үшін құқықтан айыру мерзімі екі жылдан он жылға дейін болуы мүмкін.

    Көлiк құралын масаң күйде жүргiзу, масаң күйдi куəландырудан белгiленген тəртiппен өтуден жалтару, сондай-ақ аталған адамдардың белгiленген ережелердi бұза отырып, өздерi қатысушысы болған жол-көлiк оқиғалары болған жерден кетiп қалу жағдайларын қоспағанда, көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруды, бұл құралдарды мүгедектiгiне байланысты пайдаланатын адамдарға қолдануға болмайды. Аң аулау, балық аулау құқығынан, аң аулау қаруларын, оның оқ-дəрiлерiн жəне балық аулау құралдарын сақтау мен алып жүру құқығынан айыруды, осы құқықты пайдалану тəртiбiн үнемi бұзушылықты қоспағанда, аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
    1. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куəлiктен) айыру не белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-əрекеттер жасауға оның қолданылуын (оны) тоқтата тұру, оның ішінде тізілімнен алып тастау.

    Аталған жазалау шарасын қолдану айтарлықтай құқықтық жəне материалдық сипаттағы зардаптарға əкеліп соғады. Бұл жазалау шарасының мəні берілген лицензияларда, арнаулы рұқсаттарда, біліктілік аттестаттарда көрсетілген белгілі бір əрекеттерді жасау немесе қызмет түрімен айналысуына тыйым салуда болып табылады. (Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 11 қаңтар 2007 жылғы Заңы). ƏҚБтК 54 бабында бұл жазалау шарасы қолданылуы мүмкін субъектілер шеңбері көрсетілген – жеке тұлғаларды, дара кəсiпкерлердi, жеке нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттарды жəне заңды тұлғалар.

    Лицензиядан айыру тек сот тəртібінде шешілуі мүмкін, ал тоқтата тұру сот тəртібінде, сондай- ақ соттан тыс тəртіппен де шешілуі мүмкін. Белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-əрекеттер жасауға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куəлiктен) уақытша айыру алты айға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.

    1. Жеке кəсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұру не оған тыйым салу. Бұл шара атауы айтып тұрғандай жеке кəсіпкерлер мен заңды тұрғаларға қатысты қолданылады. ƏҚБтК сəйкес бұл жазалау шарасы əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уəкiлеттi органның (лауазымды адамның) өтiнiшi бойынша 10 күн мерзімі ішінде тек сот тəртiбiмен ғана жүргiзiледi. Жеке кəсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы талап қою өтiнiшi

    Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тəртiппен жəне негiздерде сотқа жiберiледi. Жеке кəсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұру түрiндегi əкiмшiлiк жазалау шарасы бұзушылықты жою үшiн сот белгiлеген мерзiмде қажеттi iс-əрекеттер (iс-шаралар) жүргiзу арқылы оны жоюға болатын жағдайларда қолданылады. Жеке кəсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға, сот шешiмiнсiз ерекше жағдайларда, талап қою өтiнiшiн сотқа белгiленген мерзiмде мiндеттi түрде табыс ету арқылы үш күннен аспайтын мерзiмге жол берiледi. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру актiсi сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады.

    Жеке меншік тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген негіздер бойынша жəне тəртіппен кеден ісі саласындағы уəкілетті орган жүзеге асырады.
    1. 1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   190


    написать администратору сайта