құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Əкімшілік мəжбүрлеу.Əкімшілік құқық нормалары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылықты жəне құқықтық тəртіпті сақтау мақсатында мемлекеттік басқару саласында қолданылатын мəжбүрлеп əсер ету шараларының кең көлемін бекітеді. Əкімшілік мəжбүрлеу – атқарушы билік субъектілері жəне əкімшілік сот қолданатын, құқыққа қайшы əрекеттерден алдын ала сақтандыру жəне оларды болдырмау мақсатында, сондай – ақ əкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазалау шарасы ретінде əкімшілік құқық нормаларында бекітілген мəжбүрлеу шараларын атқарушы билік субъектілері мен əкімшілік соттардың қолдануынан тұратын мемлекеттік мəжбүрлеудің ерекше түрі. Сəйкесінше, əкімшілік мəжбүрлеу шаралары мынадай түрлерге бөлінеді: Əкімшілік алдын алу(ескерту) шаралары; Əкімшілік бұлтартпау шаралары; Əкімшілік жауапкершілік; Келтірілген шығынның орнын толтыру. Əкімшілік алдын алу (ескерту) шаралары – мемлекеттік басқару саласындағы мүмкін болатын құқық бұзушылықтардың, сонымен қатар қоғамға қауіпті құбылыстардың алдын алу мақсатында қолданылатын əкімшілік мəжбүрлеу шарасының бір түрі. Заңнамада əкімшілік алдын алу (ескерту) шараларының ондаған түрі көрсетілген. Мысал ретінде карантин енгізу; мемлекеттік шекараның уақытша жабылуы; құжаттарды тексеру; тұрғын немесе басқа да ғимараттарға кіру; көлік немесе жаяу жүрушілердің қозғалысын тоқтату немесе шектеу; заттарды, жүкті тексеру; жеке тексеру; азаматтарды мəжбүрлеп медициналық куəландыру. Əкімшілік алдын алудың(ескертудің) нақты шаралары қоғам өмірінің əртүрлі салаларын реттейтін нормативтік актілермен реттеледі. Солардың бірнеше түрін қарастырайық. Сонымен, карантин – бұл санитарлы-эпидемиялық шаралардың бірі ретінде санитарлық заңнамалармен реттеледі. Ол инфекциялық, паразиттік жəне уланудың туындауы мен жайылып кетуінің алдын алу(ескерту) мақсатында енгізіледі. Мемлекеттік шекараның уақытша жабылуы мемлекеттік шекараны қорғау туралы заңнамамен реттеледі. Аталған шара азаматтардың денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, мемелекеттік жəне ұлттық қауіпсіздікті қорғау мақсатында енгізіледі. Мемлекеттік шекара мына жағдайларда жабылады: Босқындардың жаппай өтуі кезінде; Біздің республиканың немесе шекаралас мемлекеттің территориясындағы жаппай немесе қарулы тəртіпсіздік кезінде; Қоғамға қауіпті инфекциялық ауру ошағының пайда болуы жəне оның Қазақстан территориясына əкелінуі мүмкін жағдайларда; Шекаралас мемлекетпен саяси жəне əскери жағдайдың ушығуы. Əскери жағдайдың енгізілуі; Табиғи немесе техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың туындауы кезінде. Құжаттарды тексеру əкімшілік алдын алудың (ескертудің), сондай - ақ мəжбүрлеудің ең қиын түрлерінің бірі болып табылады. Ол, бір жағынан, алдын алу (ескерту) шарасы ретінде, ал екінші жағынан, əкімшілік жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ететін процессуалдық шара ретінде де қарастырылуы мүмкін. Бұл шара ішкі істер органдарымен, кеден органдарымен жəне шекара органдарымен қаралуы мүмкін. Алдын алу (ескерту) сипатындағы шаралардың тағы бір түріне көшелер мен жолдардағы көлік жəне жаяу жүрушілердің қозғалысын уақытша шектеу немесе тоқтату, сондай-ақ, ол жерлерде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жол полициясы органдары жүргізетін жұмыстардың барлық түрлері жатады. Ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі Бұйрығымен бекітілген «ҚР ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулықта» бекітілген. Аталған шараны қолданудың негізі болып мыналар табылады: жаппай наразылық білдіруге, митингтерге, шерулерге, жаппай сайранға шығу, спорттық іс-шаралар немесе жаппай тəртіпсіздіктер өткізу; жөндеу немесе басқа да жұмыстарды жүргізу; дүлей апат немесе ірі апат не зілзала; үкіметтік салтанатты шеру қозғалысы не балаларды тасу жəне т.б. Əкімшілік бұлтарпау шаралары – заңдылық пен құқықтық тəртіпті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету процесінде атқарушы билік органдары қызметінің маңызды элементі. Əкімшілік бұлтарпау құқыққа қайшы əрекеттерді жасауды тоқтату, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ қоғамдық тəртіпті қорғау мақсатында ішкі істер органдары жəне арнайы уəкілетті органдармен қолданылатын іс-шаралар кешенін құрайды. Əкімшілік бұлтартпау шарасын қолданудың мақсаты - құқыққа қайшы əрекетті тоқтату, бұзылған тəртіпті қалпына келтіру. Бұлтартпау шаралары барлық тұлғаларға, соның ішінде əрекет қабілеттілігі жоқ жəне кəмелет жасына толмаған тұлғаларға, сондай-ақ иммунитеті бар тұлғаларға да қолданылады. Əкімшілік бұлтартпау шаралары жеке тұлғаға, оның мүлкіне, ұйымдарға қолданылуы мүмкін. Аталған шараларды жүйелеудің неғұрлым классикалық тəсілі болып оларды физикалық əсер ету шаралары жəне материалдық əсер ету шаралары деп бөлу табылады. Бұлтартпау шараларының бір мысалы 18 қыркүйек 2009 жылғы «Халықтың денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» №193-ІV ҚР Кодексінде бекітілген мəжбүрлеп емдеу жатады. Мұндай емдеу сот шешімі бойынша қоғамға қауіпті аурумен ауыратын жəне емделуден жалтарып жүрген тұлғаларға қатысты қолданылады. Мəжбүрлеп емдеу мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылады жəне мынадай тұлғаларға қолданылады: алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп танылған адамдарға; туберкулезбен ауыратын науқастарға; психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарға қолданылады. Алдын-ала ( сақтандыру) ұстау - құқыққа қайшы əрекеттерді тоқтату жəне олардың салдары туралы ескерту мақсатында жүргізілетін уақытша бас бостандығынан айыру. Олардың қатарына айықтырғыштарға орналастыруды, панасыз қалған кəмелетке толмағандарды ұстауды жатқызуға болады. Əкімшілік бұлтартпаудың арнайы шаралары тек жеке тұлғаларға ғана жəне тек қатаң анықталған жағдайда, негізде қолданылады. Аталған шараларды қолдану тек құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, мемлекеттік объектілерді қорғау кезінде əскери қызметшілерге берілген. Аталған шаралар адамның өзіне қол сұғылмаушылық құқығын бұзады, сондай-ақ бұл шараларды қолдану адамның денсаулығына зиян келтіруі мүмкін, сондықтан да оларды қолданудың негіздері мен тəртібі ҚР арнайы заңнамамен нақты реттелген. Арнайы шараларға жатады: физикалық куш қолдану; арнайы құралдарды жəне атыс қаруларын қолдану. Физикалық күш ретінде күрес тəсілдерін қолдану танылады. Арнаулы құралдар – қоғамдық тəртіпті қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша өздерінің өкілеттіктерін орындау кезінде ішкі істер органдары қызметкерлері қолданатын қорғану мен шабуылдау техникалық құралдарының арсеналы. Атыс қаруларын қолдануға рұқсат берілетін жағдайлар: азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, кепілдегілерді босату; ішкі істер органдары қызметкерлеріне жасалған шабуылды тойтару; азаматтардың тұрғын үйлеріне, ішкі істер органдары қорғайтын объектілерге, мемлекеттік ұйымдардың ғимаратына жасалған шабуылды тойтару, қызметтік немесе əскери жасаққа жасалған шабуылды тойтару; қарсылық көрсеткен немесе қылмыс жасау үстінде ұсталған, қамаудан қашуды ұйымдастырған тұлғаларды ұстау, қаруланған тұлғаларды ұстау үшін; егер көлік жүргізушісі ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаса жəне азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, көлік құралдарын оларға зиян келтіру арқылы тоқтату; аңдардың шабуылынан қорғану үшін; дабыл белгісін не көмекке шақыру белгісін беру; сондай-ақ, қажетті қорғану мен аса қажеттілік туындаған барлық жағдайларда.Арнайы шараларды əйелдер мен кəмелетке толмағандарға қарсы қолдануға тыйым салынады, егер олар қарулы шабуыл жасау, қарулы қарсылық көрсету, адамдарды, көлік құралдарын, сондай-ақ əуе кемелерін кепілге алу немесе топтық шабуыл жасамған болса. Əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары əкімшілік мəжбүрлеу шараларының ішінде ерекше орын алады. Оларды əкімшішілік жауапкершілікке тарту барысында құқық қорғау органдары қолданады жəне құқық бұзушылықтың алдын алу жəне тоқтату бұлтартпаушаралар сипатында болуы мүмкін. Ондай шаралардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалатын жерге жеткiзу; жеке адамды əкiмшiлiк түрде ұстау; алып келу; жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу; жеке тексерiп шығу жəне көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жəне заттарды тексерiп шығу; -құжаттар мен заттарды алып қою; Көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету жəне оның алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiн куəландыру; -көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткiзу жəне пайдалануға тыйым салу; -тексеру; -жеке адамның алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiн медициналық куəландыру. -заңды тұлғаға тиесiлi үй-жайларды, аумақтарды, сондағы тауарларды, көлiк құралдарын жəне өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап шығу; -заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды алып қою; -заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына жəне өзге де мүлiкке тыйым салу немесе алып қою. Əкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары нақты мақсаттарға ие жəне сол мақсаттарға қол жеткізу мақсатында қолданылады: əкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жолын кесу; əкімшілік құқық бұзушылық жасауға сезiктiнiң жеке басын анықтау; əкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жасау мүмкiн болмағанда, əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау; iстiң уақытылы жəне дұрыс қаралуы мен iс жөнiнде қабылданған қаулының орындалуын қамтамасыз ету. Осылайша, əкімшілік құқық бұзушылықтың жасау фактісінің өзі əкімшілік- құқықтық қамтамасыз ету шараларын қолдануға негіз бола алмайды. Мысалы, ең көп сұрақ тудыратын шаралардың бірі кей жағдайларда міндетті түрде əкімшілік құық бұзушылық жасаған тұлғаны емес, кез келегн адамды оның жеке басын анықтау мақсатында, құқық бұзушылыққа қатысы жоқ жағдайларды анықтау мақсатында да қолданылатын əкімшілік ұстау болып табылады. Ұстаудың мұндай түрлері жеткілікті негіздерсіз жүргізілетіндіктен заңсыз болып табылады. Жоғарыда қарастырылған шаралардың барлығы қандай да бір рəсімдерді сақтау қажеттілігімен байланысты. Мысалыəкiмшiлiк ұстау ƏҚБтК-те көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қажеттi уақыт iшiнде жүзеге асырылады жəне үш сағаттан ұзақ болмауы керек. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимiн, шекара жəне кеден режимдерін немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы жəне кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өту бекетiндегi режимдi бұзғаны туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңізіндегі) жəне ішкі суларындағы əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам - қажет болған жағдайларда жеке басын анықтау үшiн жəне құқық бұзушылықтың мəн-жайын анықтау үшiн бұл туралы ұсталған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға жазбаша хабарланып, қырық сегiз сағатқа дейiн ұсталуы мүмкiн. Төтенше жағдай жарияланған жерде коменданттық сағат енгiзiлуiне байланысты белгiленген тəртiптi бұзуға жол берген адамдарды iшкi iстер органдарының қызметкерлерi (полиция) немесе əскери сақшылар коменданттық сағат аяқталғанға дейiн, ал қолдарында құжаттары жоқтарды - олардың кiм екенiн анықтағанға дейiн, бiрақ қырық сегiз сағаттан аспайтын уақытқа ұстай алады (ҚР ƏҚБтК 620-624 б.б.) Адамның жеке басын тексерудi тексерiлушiмен бiр жыныстағы адам жəне осы жыныстас екi куəгердiң қатысуымен жүргiзе алады. Көлiк құралдарын тексерудi, яғни құрылғылық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексерудi екi куəгердiң қатысуымен уəкiлдiк берiлген лауазымды адамдар жүргiзедi. Əкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларының барлығы хаттама жасаумен жəне хаттамада құқық бұзушы туралы мəліметтерді көрсету арқылы қамтамасыз етіледі. |