құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіМемлекеттік қызмет мəселелерін «Мемлекеттік қызметті туралы» 23 шілде 1999 жылғы ҚР Заңы реттейді. Мемлекеттік қызмет ретінде мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы қызметi түсініледі. «Мемлекеттік қызметті туралы» ҚР Заңына сəйкес, мемлекеттiк қызметшi мемлекеттiк органда заңнамада белгiленген тəртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын жəне мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының құрамына мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси жəне əкiмшiлiк лауазымдары кіредi. Саяси қызметшілер - мемлекеттiк саяси қызметшi – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы жəне қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын жəне саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауапты болатын мемлекеттiк қызметшi. Оларға мыналарды жатқызамыз: Саяси қызметкерлерге: 1) Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары; 2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары жəне Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын жəне сайлайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары; 3) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментін (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратын) басқаратын мемлекеттік саяси қызметші, оның орынбасарлары; 4) Конституцияға сəйкес Президент пен Үкiметтiң өкiлдерi болып табылатын мемлекеттiк саяси қызметшiлер; 5) орталық атқарушы органдарды басқаратын мемлекеттiк саяси қызметшiлер (басшылар) олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады. Мемлекеттік қызметшілердің қалған барлығы мемлекеттік əкімшілік қызметшілер қатарына жатқызылады. Атқаратын қызметінің түріне байланысты Заңда қызметке қабылдау мен қызметін өткерудің ерекше тəртібі көзделген. Сонымен, саяси қызметкшілер конституцияда белгіленген тəртіпке сəйкес тағайындайды, ал əкімшілік қызметшілер конкурс негізінде тағайындалады. Əкімшілік қызметшілерлер үш жылда бір рет қызметіне сəйкестігін тексеру мақсатында аттестациядан өтуі тиіс. Сонымен қатар, Заңға сəйкес саяси жəне əкімшілік қызметшілерге ортақ құқықтар мен міндеттер жəне ортақ шектеулер қойылады. Сонымен, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын шектеулерге мыналар жатады: өкiлдi органдардың депутаты болуға; педагогтiк, ғылыми жəне өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға; 3) кəсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, егер "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға; үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң бақылауындағы мемлекеттік органда өкiл болуға; өзiнiң қызметтiк iс-əрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық жəне ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға; ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне жəне қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн əрекеттерге қатысуға; лауазымдық өкiлеттiгiн орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететiн қызметтi жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ. Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі ҚР Қылмыстық Кодексімен, ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексімен(бұдан əрі ҚР ƏҚБтК) жəне мемлекеттік əкімшілік жəне саяси қызметшілерге тəртіптік жаза қолдану Ережелерімен реттеледі. |