Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница90 из 190
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   190

Жеке жəне заңды тұлғалардың əкімшілік-құқықтық мəртебесі.


Əкімшілік құқықтық мəртебе конституциялық мəртебенің құрамдас бөлігі болып табылады жəне субъектілердің атқарушы билік органдарымен (лауызымды тұлғалармен) қарым-қатынасы барысында пайда болатын құқықтары мен міндеттерінің жиынтағын құрайды. Əкімшілік-құқықтық мəртебеніңқұрамы ретінде əкімшілік құқық қабілеттілік жəне əкімшілік əрекет қабілеттілік танылады.

Əкімшілік құқық қабілеттілік бұл əкімшілік құқық нормаларымен бекітілген, яғни атқарушы билік органдарына қатысты бекітілген құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкіндігі. Əкімшілік əрекет қабілеттілік – бұл əкімшілік- құқықтық нормаларда көрініс тапқан құқықтар мен бостандықтарды іс жүзіне асыру, сондай-ақ міндеттерді орындау мүмкіндігі.

Əкімшілік құқық қабілеттілік адам туылған сəттен бастап пайда болады жəне ол адамның бүкіл өмірі бойы жалғасады. Жартылай əкімшілік əрекет қабілеттілік 14 жастан басталады, ал толық əрекет қабілеттілік тұлға 18 жасқа толған сəттен басталады.

Əкімшілік құқықтар конституциялық құқықтардың құрамдас бөлігі болып табылады жəне 4 түрге бөлінеді: 1. Азаматтардың мемлекеттік басқару мəселелеріне қатысу құқықтары. 2. Азаматтардың мемлекеттің олардың өміріне араласуына құқықтары. 3. Арнайы құқықтар. 4. Қорғануға құқық.

  1. Азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу құқықтары келесі құқықтары қамтиды: а) мемлекеттік қызметке орналасу құқығы – тиісті білім дəрежесі мен дайындығы бар18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік қызметке кіру мүмкін иеленеді(ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» 23 шілде 1999 жылғы Заңы); б) белсенді жəне енжар сайлау құқығы («Сайлау туралы»28 қыркүйек 1995 жылғы ҚР Конституциялық Заңы); в) саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерге мүше болу құқығы («Қоғамдық бірлестіктер туралы» 31 мамыр 1996 жылғы ҚР Заңы); г) заңда көрсетілген тəртіпте қажетті ақпарат пен құжаттарға қол жеткізу құқығы. Бұл реттемемлекеттік органдардың азаматтардың жеке бастарына қатысты немесе олардың жақын туыстарына қатысты ақпаратқа қол жетімділік құқығын шекеулеріне жол берілмейді.

  2. Екінші бөлік негізінен əлеуметтік кепілдіктер мен құқықтарды қамтиды. Мысалы, азаматтар мемлекет тарапынан белгілі бір көмектер алуға құқылы, атап айтқанда медициналық, техникалық, ұйымдастырушылық жəне ақылы негізде өзге де көмек түрлерін алуға жəне тегін игіліктер алуға мүмкіндіктері бар, мысалы мектепте білім алу.

  3. Арнайы құқықтар ретінде белгілі бір талаптарға сəйкес келген жағдайда азаматтардың өтініштері негізінде мемлекет тарапынан берілетін азаматтардың құқықтары танылады. Мысалы, көлік құралдарын жүргізуге рұқсат, қару алып жүруге жəне сақтауға құқық, аң аулауға құқық.

  4. Қорғануға құқық соттық жəне əкімшілік арыз беру құқығы деп бөлінеді. Құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау, соның ішінде сот тəртібінде қорғау. Қорғанудың бір түрі өкілетті мемлекеттік органдарға əкімшілік арыз беру болып табылады. «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы» 12 қаңтар 2007 жылғы ҚР Заңына сəйкес, қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке жəне (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады. ал егер қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Сондай-ақ, азамат өз өмірін, мүлкі мен жақындарын заңда тыйым салынбаған əдістермен – қажетті қоғану, соның ішінде қару пайдалана отырып қорғану арқылы қорғану құқығын жүзеге асыра алады.

Əкімшілік міндеттер азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституция мен заңнамаларын құрметтеу мен оны орындау міндеттеріне негізделеді. Бұл аталғандардан мынадай міндеттер туындайды: мемлекеттік органдарға

өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету, қажетті құжаттар мен ақпараттарды беру, ережелер мен нұсқаулықтарды орындау жəне сақтау жəне т.б.

Заңнамада азаматтардың құқықтары мен бостандықтары шектелуі мүмкін негіздер бекітілген, атап айтқанда: а) төтенше жағдайлар; б) азаматтың құқық бұзушылық жасауы; в) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында; г) қоғамдық қызметтермен байланысты қажетті шектеулер.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар да «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 19 маусым 1995 жылғы ҚР Заңында жəне өзге де нормативтік- құқықтық актілерде бекітілген кейбір əкімшілік құқықтар мен міндеттерді иеленеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясына сəйкес шетел азаматтары жəне азаматтығы жоқ тұлғалар ұлттық қауіпсіздікке байланысты қойылған кейбір шектеулерді қоспағанда, Республикада азаматтар үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады.Ондай шектеулерге мынарады жатқызуға болады: кейбір саяси құқықтардың болмауы (белсенді жəне енжар сайлау құқығы, саяси партияларға мүше болу құқығы, саяси ұйымдарды қаржыландыру құқығы), Қазақстан Республикасы территориясында еркін жүріп-тұру құқығын шектеу (көші-қоны полициясында тіркеуге тұруы тиіс,белгілі бір орындарда болуға тыйым салу), мемлекеттік қызметке, əскери қызметке қабылдану құқығын шектеу жəне т.б. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар ҚР азаматтарымен бірдей міндеттер атқарады. Сонымен қатар, шетел азаматтары Қазақстан Республикасы аумағынан күштеп шығарылуы мүмкін.

ҚР азаматтық кодексіне сəйкес заңды тұлғаларға кəсіпорындар, мекемелер жəне қоғамдық бірлестіктер жатады.Олар мемлекетке қатысты арнайы заңдарда немесе заңға негізделген актілерде бекітілген белгілі бір құқықтарды иеленіп, міндеттер атқаруы мүмкін, мысалы ең жалпы түрде бұл құқықтар ретінде мыналарды атауға болады: мемлекет тарапынан ішкі істеріне араласпау құқығы; өз құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы не əкімшілік жолмен қорғау құқығы; заңды тұлға құру жəне оны тарту құқығы жəне т.б. Құқықтардың ауқымы заңды тұлғаның мəртебесіне қарай анықталады, мысалы, саяси партия сайлауға қатысуға, үгіт насихат жүргізуге құқылы. Діни бірлестіктер діни орталықтар құруға, діни оқулықтар шығаруға жəне т.б. қызметіне сəйкес əрекеттер жасауға құқылы. Яғни, заңды тұлғалардың құқықтық мəртебесі азаматтық кодекс, «Саяси партиялар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы»,

«Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» заңдармен реттелетін құрылу мақсатына байланысты.

Заңды тұлғалардың негізгі міндеттері мемлекеттік тіркеуден өту, заңда көзделген жағдайларда қайта тіркеуден өту, коммерциялық қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алу, салық төлеу, мемлекеттік органдаржың өз

өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау, қажетті ақпаратпен жəне құжаттармен қамтамасыз ету, есеп беру жəне т.б.

    1. 1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   190


написать администратору сайта