Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница86 из 190
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   190

Жеке еңбек дауларын шешу тəртібі.


Жеке еңбек дауларын келісім комиссиялары ж\е (н\е) соттар қарайды. Жеке еңбек дауларын еңбек дауы тараптарының өтініші бойынша келісім

комиссиясы, еңбек шартының тараптарының өз қалауы бойынша тікелей сотқа жүгінуге болады. Келісім комиссиясы тепе-теңдік негізінде жұмыс берушінің ж\е қызметкерлердің өкілдерінің бірдей санынан құрылады. Келісу комиссиясының сандық құрамы, жұмыс істеу тəртібі ж\е келісім комиссиясының өкілеттілігінің мерзімі жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасындағы келісімі бойынша қызметкерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Келісу комиссиясы еңбек дауын өтініш берген күннен бастап 7 күндік мерзім ішінде қарайды. Қарау нəтижесі бойынша келісім комиссиясының шешімі қабылданады, ол қабылданған күннен баста 3 жұмыс күннен кешіктірілмей өтініш иесіне беріледі. Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі органдарға жүгіну үшін мынадай мерзімдер белгіленген:

  • Жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актісінің көшірмесі табыс етілген күннен бастап 3 ай;

  • Басқа еңбек даулары бойынша қызметкер н\е жұмыс беруші өз құқығы бұзылғандығы туралы білген н\е білуге тиіс болған күннен бастап 1 жыл.



Ұжымдық еңбек дауларының түсінігі мен тараптары.


  • Ұжымдық еңбек даулары бұл жұмыс берушінің жəне қызметкерлер ұжымының арасында ұйымдарда жалақы төлеу мəселесіне, ұжымдық шарттар мен келісімдерді бекітуге жəне орындауға, сонымен қатар, қолданыстағы заңдардың, ұжымдық шарттардың жəне келісімдердің ережелерін қолдану мəселелеріне қатысты туындайтын келіспеушіліктер.

  • Ұжымдық еңбек дауларының тараптары болып, бір жағынан, жұмыс беруші (немесе жұмыс берушілердің бірлестігі), екінші жағынан, ұйымның ұжымы (ұйымдар бірлестігі) табылады. Ұжымдық еңбек дауының тараптары өз өкілеттіктерін өкілдері арқылы жүзеге асырады. Қызметкерлердің өкілдері ретінде кəсіптік одақтардың органдары жəне олардың бірлестіктері, ұйым қызметкерлерінің жиналысында (конференциясында) құрылған қоғамдық органдар, филиалдар, өкілдіктер танылады. Жұмыс берушілердің өкілдері ретінде ұйым басшылары немесе ұйымның жарғысына сəйкес өзге де уəкілетті тұлғалар, жұмыс берушілердің бірлестіктері немесе жұмыс берушінің өзге де уəкілетті органдары болуы мүмкін.
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   190


написать администратору сайта