Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница85 из 190
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   190

Тəртіптік жауапкершілік.Тəртіптік қылық.


Жұмыс беруші еңбек тəртіптемесінің ережелерін қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып бекітеді. Еңбек тəртіптемесінің ережелерін орындау жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.

Жұмыс беруші қызметкердің тəртіптік теріс қылық жасағаны үшін:

  • ескерту;

  • сөгіс;

  • қатаң сөгіс;

  • ҚР ЕК-де белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тəртіптік жаза қолдана алады.

ҚР ЕК-де ж\е өзге де заңдарында көзделмеген тəртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді. Тəртіптік жаза қолдану құқығы жұмыс берушіге берілген. Тəртіптік жаза қолданғанда жұмыс беруші жасалған теріс қылықтың ауырлығын; оны жасаған кездегі мəн-жайды, қызметкердің оны жасар алдындағы мінез-құлқын, оның еңбекке көзқарасын, сондай-ақ тəртəптəк жазаның жасалған теріс қылықтың ауырлығына сай келетіндігін ескертуге тиіс.

Тəртіптік теріс қылық дегеніміз мемлекеттік қызметкердің өзіне жүктелген міндетті заңға қайшы келіп ж\е кінəлі болып орындамауы н\е дұрыс орындамауы, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалануы, мемлекеттік ж\е еңбек тəртібін бұзуы, қызметтік əдеп нормаларын бұзуы, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуымен б-ты заңнамада белгіленген шектеулерді сақтамауы.

Тəртіптік теріс қылықтың түрлері:

  • Елеулі;

  • Қатерлі.

Бұрын берілген жазасы алынбай тұрып, 1 жыл ішінде қайталап жасаған ж\е оған қатысты қызметке толық сай келмейтіндігі туралы ескерту жасауға тұрарлық теріс қылығы елеуліге жатады.

Жасағаны үшін күшіндегі еңбек заңнамасында, мемлекеттік қызмет туралы заңнамада ж\е республиканың сыбайлас жемқорлық туралы заңнамасында көзделген негіздемелер бша жұмыстан шығару көзделген теріс қылықтар қатерліге жатады.

Жұмыс берушіге келтірілген зиян үшін қызметкерді материалдық жауапкершілікке тарту негіздері.


Қызметкердің материалдық жауапкершілігі өзімен бірге еңбек құқығы қатынастарының қатысушысы болып табылатын жұмыс берушіге өзінің кінəсімен келтірілген мүліктік зиянды өтеу міндетінен тұрады. Қызметкердің материалдық жауапкершілігі келесі шарттар бір мезетте орын алған жағдайда туындайды:

Жұмыс берушіге келтірілген шынайызиян. Тікелей шынайы зиян ретінде қолдағы,

шынайы мүлікке оны (н\е оның бөлігін) жоғалту, өз бетімен иемденіп алу, нашарлату, бүлдіру, құнын төмендету арқылы келтірілген зиян түсіндіріледі;

Нəтижесінде зиян келтірілген əрекеттіңқұқыққақайшылығы(мысалы,

құрылыс

материалдарын ұрлау) н\е əрекетсіздіктіңқұқыққақайшылығы(мысалы, жанармайды асыра жұмсаудың алдын алуға қатысты шаралар қолданбау), яғни қызметкердің өзіне жүктелген еңбек міндеттерін бұзуы;

Қызметкердің зиянды келтірудегі кінəсі. Зиян қызметкердің кінəсімен келтірілген

жағдайда оған материалдық жауапкершілік жүктеледі. Зиянды келтіруші тұлғаның өз əрекеттерінің салдарынан алдын ала білуінен н\е білу мүмкіндігінің болуынан, сонымен қатар оның өзінің жасаған əрекетіне қатынасынан кінəнің материалдық жауапкершіліктің шарты ретіндегі ерекшелігі көрініс табады.
    1. Еңбек дауларының түсінігі мен түрлері. Жеке еңбек дауларын шешу тəртібі. Ұжымдық еңбек дауларының түсінігі мен тараптары. Ұжымдық еңбек дауларын шешу тəртібі.

Еңбек даулары ретінде қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы тікелей келіссөзлдермен реттелмеген, қолданыстағы заңдарда қолдану, жаңа еңбек жағдайларын белгілеу жəне еңбек жағдайларын өзгерту жөніндегі мəселелерге қатысты келіспеушіліктер танылады. Еңбек дауларының туындауына əсер ететін себептер алуан түрлі болуы мүмкін. Бұл себептерге жəне еңбек дауының пəнінен қарай еңбек дауларын келесі түрлерге бөлуге болады.

Субъективтік құрам б-ша , яғни еңбек дауына қатысушылардың құрамы бойынша еңбек даулары:

  • Жеке еңбек даулары;

  • Ұжымдық еңбек даулары болып бөлінеді.

Жеке еңбек даулары бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру н\е тануға б- ты, еңбек туралы заңдарға, ұжымдық шартқа ж\е еңбек туралы өзге де келісімдерге б-ты талаптарын жұмыс берушіге білдірген жекелеген қызметкерлердің бастамасы б-ша туындайды. Ж.е.д. бір жағынан – қызметкер, екінші жағынан – жұмыс беруші қатысады. Ж.е.д пəні – еңбек қатынастары да, олармен тығыз байланысты өзге қатынастар да б.т Қызметі б-ша ауыстыру, қызметінен босату, біліктілікті н\е дəрежені көтеру ж\е т.б. туралы даулар жеке еңбек даулары б.т.

Ұжымдық еңбек даулары бұл жұмыс берушінің жəне қызметкерлер ұжымының арасында ұйымдарда жалақы төлеу мəселесіне, ұжымдық шарттар мен келісімдерді бекітуге жəне орындауға, сонымен қатар, қолданыстағы заңдардың, ұжымдық шарттардың жəне келісімдердің ережелерін қолдану мəселелеріне қатысты туындайтын келіспеушіліктер.

Ұжымдық еңбек дауларының тараптары болып, бір жағынан, жұмыс беруші (немесе жұмыс берушілердің бірлестігі), екінші жағынан, ұйымның ұжымы (ұйымдар бірлестігі) табылады. Ұжымдық еңбек дауының тараптары өз өкілеттіктерін өкілдері арқылы жүзеге асырады. Қызметкерлердің өкілдері ретінде кəсіптік одақтардың органдары жəне олардың бірлестіктері, ұйым қызметкерлерінің жиналысында (конференциясында) құрылған қоғамдық органдар, филиалдар, өкілдіктер танылады. Жұмыс берушілердің өкілдері ретінде ұйым басшылары немесе ұйымның жарғысына сəйкес өзге де уəкілетті тұлғалар, жұмыс берушілердің бірлестіктері немесе жұмыс берушінің өзге де уəкілетті органдары болуы мүмкін.
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   190


написать администратору сайта