Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница83 из 190
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   190

Кепілдіктер мен өтемақы төлемдерінің түсінігі мен түрлері.


Кепілдік төлемдер ретінде заңда көзделген себепті жағдайларда қызметкердің өз еңбек міндеттерін іс жүзінде орындамаған уақытында төленетін төлемдері танылады. Олардың жалақыдан айырмашылығы: жалақы еңбектің нəтижесінде төленсе, кепілдік төлемдер еңбек жəне оның нəтижелері үшін емес, заңдарда көзделген жағдайларда еңбекке ақы төлеуді кепілдейді.Кепілдік төлемдер мынадай жағдайларда беріледі:

  • Қызметкердің мемлекеттік н/е қоғамдық міндетттерді орындау кезіндегі кепілдіктер;

  • Медициналық тексеруден өту кезіндегі кепілдіктер;

  • Біліктілігін арттыруға жəне қайта даярлауға жіберілетін қызметкерлерге арналған кепілдіктер;

  • Ұжымдық шарттарды жəне келісімдерді жасау кезінде келіссөздерге қатысқаны үшін кепілдіктер;

  • Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы кезіндегі кепілдіктер. Өтемақылық деп қызметкерге еңбек міндеттерін орындаумен н/е басқа жерге жұмысқа ауысуы себепті көшуімен байланысты шығындарды өтеу мақсаттарына ие төлемдер аталады. Түрлері:

  • Іссапарларға жіберілетін қызметкерлер үшін өтемақы төлемдері;

  • Қызметкерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру кезіндегі өтемақылар;

  • Қызметкердің жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесіне пайдалануға байланысты өтемақы төлемдері;

  • жұмыс жолда өтетін н/е жүріп-тұру сипаты бар не қызмет ету учаскелері шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда қызметкерге өтемақы төлемдері;

  • Жұмысынан айырылуына байланысты берілетін өтемақы төлемдері.
    1. Еңбек құқығы бойынша материалдық жауапкершіліктің түсінігі. Қызметкерге келтірген зиян үшін жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі. Тəртіптік өндіріп алудың түрлері, оларды қолдану, беру тəртібі. Тəртіптік жауапкершілік.Тəртіптік қылық. Жұмыс берушіге келтірілген зиян үшін қызметкерді материалдық жауапкершілікке тарту негіздері

Еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі - бір тараптың екінші тарапқа келтірілген материалдық зиянды заңға сəйкес өтеу міндетінен тұрады. Егер заңдарда өзгеше көзделмесе, еңбек шартының тарабын материалдық жауапкершілікке тартудың негізі болып осы шартының ІІ- тарабына құқыққа қайшы жəне кінəлі зиян келтіру табылады. Зиян келтірген тұлғаның кінəсі болмаған жағдайда да шығынды өтеу міндеті заңдарда көзделуі мүмкін.

Заңдар материалдық жауапкершілітің екі түрін көзейді:

Қызметкердің жұмыс берушінің алдындағы материалдық жауапкершілігі; Жұмыс берушінің қызметкердің алдындағы материалдық жауапкершілігі.

Жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі туындайтын жағдайлар:

  • Зиянды құқыққа қайшы түрде келтіру;

  • Құқыққа қайшы əрекет (əрекетсіздік) пен туындаған зиянның арасындағы себепті байланыс;

  • Кəсіпорынның кінəсі.

Бұл жағдайда құқыққа қайшылық қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеуді білдіреді. Құқыққа қайшы болып нəтижесінде денсаулығына зақым əкелген əрекет те, əрекетсіздік те танылуы мүмкін. Себепті байланыс қызметкерге келтірілген зиянның жұмыс берушінің құқыққа қайшы əрекетінің (əрекетсіздігінің) нəтижесінде туындауын білдіреді. Кəсіпорынның кінəсі жəбірленген тұлғаға қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етпеген оның қызметкерлерінің кінəсін білдіреді.

Қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруына б-ты оның өміріне ж\е (н\е) денсаулығына зиян келтірілгенде жұмыс беруші қызметкерге келтірілген зиянды ҚР Азаматтық заңнамаға сəйкес өтеуі тиіс, қызметкерде сақтандыру төлемдері болмаған жағдайда толық көлемде өтеледі, ал сақтандыру төлемдері болған кезде жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырманы өтеуге міндетті.

Қызметкер басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған, жұмыс орнына жіберілмеген, еңбек шартының талаптары біржақты өзгертілген, қызметкер жұмыстан шеттетілген, еңбек шарты негізсіз бұзылған жағдайда, жұмыс беруші қызметкердің алмай қалған жалақысы мен оған тиесілі өзге де төлемдерді өтеуге міндетті.
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   190


написать администратору сайта