Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница80 из 190
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   190

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы.


Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істеушілерге жұмыс орны сақтала (қызметі) мен орташа жалақысы сақтала отырып, ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына кепілдік беріледі. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей жүргізіледі. Егер қызметкердің жекелеген санаттары үшін басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта жəне жұмыс берушінің актілерінде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік 24 күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Қатарынан екі жыл бойы еңбек демалысын бермеуге тыйым салынады.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы қолданылатын жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан, еңбек демалысы күндеріне тура келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі. Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл сайынғы

қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы негізгі еңбек демалысына қосылады. Бұл ретте жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығы ең жоғарғы шекпен шектелмейді.

ҚР Еңбек кодексі оқу демалысына ақы төлеу тəртібі


Тараптардың келісімі бойынша қызметкерге оның өтініші негізінде жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін. Соның бірі - оқу демалыс жалақысы сақталмайтын демалыс ретінде қарастырылады. Білім беру ұйымында оқитын қызметкерге емтихандар тапсыру, диплом жобасын дайындау жəне қорғау, бітірушілер емтихандарын тапсыру кезеңінде ақы төленбейтін қосымша демалыс берілуі мүмкін. Оқу демалыстары оқу орындары көрсеткен мерзімдерде беріледі жəне пайдаланылады. Оқу демалысын беру жағдайлары жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленеді. Егер жеке еңбек немесе ұжымдық шарттарда бұл жөнінде көзделмесе, жұмыс беруші оқу демалысын беруге міндетті емес. Мерзімі қызметкердің өтінішіне байланысты.
    1. Еңбекке ақы төлеудің түсінігі мен құқықтық реттелуі. Қалыпты жұмыс. Қалыпты еңбек жағдайларынан ауытқыған кезде еңбекті қорғау. Кепілдіктер мен өтемақы төлемдерінің түсінігі мен түрлері. Қазіргі кезде еңбекке ақы төлеудің түсінігі мен құқықтық реттелуі

Жалақы – еңбек шарты бойынша нақты еңбек функциясын атқару үшін, жұмыс үшін төленетін, тараптардың келісімімен белгіленетін, бірақ, заңдарда белгіленген шектен кем болмауы тиіс ай сайынғы ақы, төлемдер. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен əрбір қызметкерге бiрдей еңбегi үшiн қандай да болмасын кемсiтусiз бiрдей ақы алуға кепілдік берілген жəне де қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген жалақы мен өзге де төлемдердi уақтылы жəне толық мөлшерде төлеу жұмыс берушіге міндеттелген. Жалақы төлеудiң тəртiбi мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 134 бабына сəйкес жүргізілуі қажет. Осы баптың талабына сəйкес жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда айына кемiнде бiр рет, келесi айдың бiрiншi онкүндiгiнен кешiктiрiлмей төленуге жатады. Жалақы төленетiн күн еңбек шартында, ұжымдық шартта көрсетілуі тиіс.

ҚР Конституциясы ж\е ҚР еңбек заңдары бірдей еңбек үшін: бірдей ұзақтықтағы, күрделіліктегі еңбек үшін жыныс, нəсіл, жас, ұлт ж\е т.б. белгілері үшін кемсітусіз бірдей ақы төлеуді кепілдейді. Ең төмен жалақы мөлшері меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға ақшалай төлемдердің ҚР Конституциясы кепілдік берген ең төмен мөлшері. Жалақының ең төмен мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы ҚР заңымен жыл сайын белгіленетін айлық жалақының ең

төменгі мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен кем болмауы тиіс ж\е ол қосымша ақылар мен үстеме ақыларды, өтемақы төлемдері мен əлеуметтік төлемдерді, сыйлықақылар мен басқа да ынталандыратын төлемдерді қамтымайды ж\е жұмыс істелген уақытқа барабар төленеді.
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   190


написать администратору сайта