Главная страница
Навигация по странице:

  • Жылжымалы

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница77 из 190
    1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   190

    Жұмыс уақытының режимі жəне оларды қалыптастыру тəртібі. Жұмыс уақытының ерекше режимі.


    Белгілі бір есепті кезеңдегі (апта, ай, т.б.) жұмыс уақыты мен демалу уақытының ара қатынасы (алмасуы) жұмыс уақытының режимі деп аталады. Оның негізгі элементтеріне: аптадағы жұмыс күнінің саны, күнделікті жұмыстың басталуы ж\е аяқталуы, жұмыс ауысымының ұзақтығы ж\е алмасуы жатады. Жұмыс уақытының режимі жұмыс аптасының типіне байлынысты. Кəсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) қызметкерлері үшін 2 демалыс күні бар 5-күндік жұмыс аптасы белгіленген. Бұл жағдайда күнделікті жұмыстың ұзақтығы жұмыс беруші жұмыс ерекшелігін, еңбек ұжымының пікірін ж\е жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып бекіткен оның актілерімен н\е ауысымдық графиктерімен анықталады. Егер өндірістің сипатына ж\е кəсіпорындағы (мекемедегі, ұйымдағы) жұмыс жағдайларына б- ты 5 күндік жұмыс аптасын енгізу тиімсіз болса, онда 1 демалыс күні бар 6 күндік жұмыс аптасы сақталады. Жылжымалы (оралымды) график. Жұмыстың жылжымалы графигі жұмыскерлердің өз əлеуметтік-тұрмыстық ж\е басқа жеке мұқтаждықтарын өндіріс мүддесімен үйлестіру үшін қолайлы жағдай тудыру мақсатында енгізіледі. Бұл график экономиканың барлық саласындағы кəсіпорындарда 5 күндік, 6 күндік жұмыс аптасы жағдайында да, жұмыстың басқа режимдерінде де қолданылуы мүмкін ж\е 3 бөлімнен тұрады:

    • «бекітілген уақыт» - жұмыскер өз жұмыс орнында болуға міндетті уақыт;

    • «айнымалы уақыт» - осы уақыт аралығында жұмыскер жұмысты өз қалауы бойынша бастауға ж\е аяқтауға құқылы;

    • «тамақтану ж\е демалу үшін үзілістер» - «айнымалы уақыт» - 30минуттан кем емес ж\е 2 сағаттан артпайтын уақыт, оны жұмыскерлер демалуға ж\е тамақтануға пайдалануы тиіс. Бұл кезең жұмыс уақытына саналмайды.



    Түнгі жұмыс уақыты мен үстеме жұмыс уақыты.


    22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі. Жүкті əйлдерді түнгі уақытта жұмыс істеуге тартуға олардың келісімімен ғана жол беріледі. Түнгі уақытта жұмыс істеуден 18 жасқа толмаған адамдар мен түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жіберілмейді. Түнгі уақыттағы жұмыс кезінде жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығы 1 сағатқа қысқарады. Қысқартылған уақыт үшін кейін еңбекпен өтеу көзделмейді.

    Үстеме жұмыстарға: жүкті əйелдер, 18 жасқа толмаған қызметкерлер жіберілмейді. Үстеме жұмыстар əрбір қызметкер үшін тəулік ішінде 2 сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды жəне қауіпті

    жұмыстарда 1сағаттан аспауға тиіс. Үстеме жұмыстарға жалпы ұзақтығы айына

    12 сағаттан жəне жылына 120 сағаттан аспауы тиіс.
    1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   190


    написать администратору сайта