құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алу.Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметінің жəне ұйым бөлімшесінің басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері қол қояды жəне оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның мөрімен расталады. Улану жағдайында жазатайым оқиға туралы актіге халықтың санитарлық- эпидемиологиялық сауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі де қол қояды. Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, жазатайым оқиға туралы акт толтырып, оған жұмыс беруші қол қояды. Акт тергеп-тексеру материалдарына сəйкес рəсімделуге тиіс. егер өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия зиянның туындауына немесе ұлғаюына өрескел абайсыздық себеп болғанын анықтаса, онда комиссия тараптардың аралас жауапкершілігін қолданып, қызметкер мен жұмыс берішінің кінəсін поцентпен айқындайды. əрбір жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші үш күннен кешіктірмей зардап шеккен адамға немесе оның сенімді адамына жазатайым оқиға туралы актіні беруге міндетті, актінің бір данасы жұмыс берушімен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымына, ал екіншісі – мемлекеттің еңбек инспекциясына жіберіледі. Актімен рəсімделген əрбір жазатайым оқиға өндірістегі жазатайым оқиғаларды жəне денсаулыққа келтірілген өзге де зақымдануларды тіркеу журналына жазылады жəне өндірістегі уақытша еңбекке қабілетсіздігі мен жарақаттану туралы статистикалық есепке енгізіледі, оған жұмыс беруші қол қойып, белгіленген тəртіппен статистика органдарына ұсынады. Жазатайым оқиғаны тергеп- тексеру материалдары ұйымда қырық бес жыл бойы сақталуға тиіс. Қызметкердің келісімінсіз оны басқа жұмысқа ауыстыру жағдайларыӨндірістік қажеттілік болған, оның ішінде жоқ қызметкерді уақытша алмастырған жағдайда, жұмыс берушінің қызметкерді оның келісімінсіз күнтізбелік жыл ішінде бір айға дейінгі мерзімге, орындалатын жұмыс бойынша еңбегіне ақы төлеп, бірақ бұрынғы жұмысындағы орташа жалақысынан кем емес жалақымен, еңбек шартында келісілмеген жəне денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтін сол ұйымдағы, сол жердегі басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар. Жұмыс берушінің бос тұрып қалу жағдайында қызметкердің мамандығын, біліктілігін ескере отырып, оның келісімінсіз, күнтізбелік жыл ішінде бір айдан аспайтын мерзімге, оны денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтін басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар. Бос тұрып қалу жағдайындағы ауыстыру кезінде қызметкердің еңбегіне ақы төлеу орындалатын жұмыс бойынша, бірақ оның бұрынғы жұмысындағы орташа айлық жалақысының кемінде үштен екісі мөлшерінде жүргізіледі.еңбек жағдайының өзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан бас тартса, қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзылуы мүмкін. Қызметкердің теріс қылықтары үшін еңбек шартын бұзу жəне тəрбиелеу шараларын өткізу; қызметкерлер еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан ұзақ уақыт бойы жұмысқа шықпаған жағдайда еңбек шартын бұзу. Қызметкердің теріс қылық жасағаны үшін Еңбек Кодексі белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тəртіптік жаза қолдануға құқылы. Тəртіптік жаза ретінде ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс қарастырылады. Егер ауру ҚР Үкіметі бекіткен еңбекке қабілетсіздіктің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, қызметкерлер еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан екі айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған жағдайларда бұзылуы мүмкін. Егер бұл қызметкердің жұмыста болмауы өндірістің мүдделерін бұзбаса, жұмыс беруші қызметкердің лауазымын белгіленген 2 айдан астам мерзімге дейін сақтауға немесе оған осы ұйымда басқа жұмысты ұсынуға құқылы. Жұмыс беруші қызметкерді бұл негіз бойынша қызметінен ол жазылып, жұмысқа шыққан кезде емес, тек ол аурып жатқан кезде ғана босата алады. егер қызметкер жазылып, жұмысқа ауырғанынан бері 2 ай өтпестен бұрын шықса, жұмыстан бұл негіз бойынша босату құқыққа қайшы болып табылады. |