құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Еңбек шартының мерзімі. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ.Еңбек шарты: Белгіленбеген мерзімге; 1 жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін. Бұрын 1 жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен жеке еңбек шарты қайта жасалған жағдайда, оның ішінде еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі. Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған қызметкерлер үшін көзделген кепілдіктер менөтемақыларды берудер жалтару мақсатында еңбек шарттарын белгілі бір мерзімге жасауға тыйым салынады. Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде тараптардың бірде- бірі тəулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса, онда ол бедгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі.; Белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына; Жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына; Маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін. Жұмыс беруші- заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы лауазымындағы жұмысқа жұмыс берушінің құрылтай құжаттарында н\е тараптардың келісімінде белгіленген мерзімге жасалады. Егер еңбек шартында оның қолданылу мерзімі айтылмаса, онда шарт белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі. Еңбек шартында қызметкердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сəйкестігін тексеру мақсатымен сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Бұл талап еңбек шартында болмаса, қызметкер жұмысқа сынақ мерзімінсіз қабылданды деп есептеледі. Сынақ мерзімі еңбек шарты күшіне енген күннен басталады. Сынақ мерзімі қызметкердің стажына қосылады ж\е 3 айдан аспауы тиіс. Қызметкер жұмыста іс жүзінде болмаған кезең сынақ мерзіміне қосылмайды. Ұжымдық шартты жасау, өзгерту жəне бекіту тəртібі.Кез келген тарап ұжымдық шарт жобасын əзірлеудің бастамашысы бола алады. Жобаны əзірлеу үшін тараптар тепе-тең негізде комиссия құрады. Жұмыс беруші тараптардың келісімі б/ша ұжымдық шартты əзірлеу мен жасасу үшін қажетті жағдайды жасауды қамтамасыз етеді. Комиссия əзірленген ұжымдық шарттың жобасын ұйым қызметкерлері міндетті түрде талқылауға тиіс. Жобаны түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып комиссия пысықтайды. Тараптардың келісіміне қол жеткізілгенде ұжымдық шарт кемінде 2 данада жасалады жəне оған тараптардың өкілдері қол қояды. Ұжымдық шартқа қол қойылғанға дейін еңбек ұжымы оны жалпы жиналыста (конференцияда) бекітуі қажет.
Жұмыс уақыты – бұл қызметкер заңдарға, ұжымдық жəне жеке еңбек шарттарына, ішкі тəртіп ережелеріне сəйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт. күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда – 7 сағат 12 минуттан жəне апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағаттан аспауға тиіс. күндік жұмыс уақыты кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40сағат болғанда – 7 сағаттан, апталық норма 36 сағаттан болғанда – 6 сағаттан жəне апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауы тиіс. Қолданыстағы еңбек туралы заңдар жұмыс уақытының келесі түрлерін көздейді: қалыпты ұзақтығы, қысқартылған ұзақтығы жəне толық емес жұмыс уақыты. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы – бұл адамның өмір сүруіне жəне дамуына зиян тигізбейтін, жыл, апта, күн бойғы еңбек ұзақтығы. Кейбір қызметкерлер санатына олардың жасын, жұмысының ауырлығын жəне өзге де бірқатар факторларды ескере отырып, тараптардың өзара келісімі бойынша аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленуі мүмкін. Толық емес жұмыс уақыты – бұл белгіленген жұмыс уақытының қалыпты не қысқартылған ұзақтығының бөлігі. Мұнда жұмыс күні кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы жұмыс күндерінің саны сақтала отырып азаяды. |