құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Еңбек шартының азаматтық құқық шарттарының белгілерінен айырмашылығы:Құқықтық қатынас (тапсырма, мердігерлік, өтелмелі қызмет көрсету шарттары) анықталады; Шарттың тараптарына байланысты, мыс, ЕШ б/ша жұмыс беруші (заңды жəне жеке тұлғалар) жəне қызметкер (мемлекеттік, азаматтық қызметтер, жəне т.б) Шарттың жасалу нысанына байланысты (ЕШ міндетті жазбаша түрде жасалуы); Шарттың бұзылу тəртібі; Шарттың мазмұнын анықтауға байланысты. Еңбек шарты жағдайларының 3 түрі болады: қажетті жағдайлар: жұмыс орны, қызмет функциясы, лауазымы, жалақы көлемі). қажетті туынды жағдайлар: заңнамада туындайтын жағдайлар. Мыс, мемлекеттік қызметкер – 3-5 жыл, тағайындау арқылы -1 жыл, сайлау арқылы – 3 жыл. шартты (факультативті) жағдайлар. Жұмыс беруші қызметкердің тəртіптік теріс қылық жасағаны үшін: ескерту; сөгіс; қатаң сөгіс; ҚР ЕК-де белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу түріндегі тəртіптік жаза қолдана алады. Қызметкердің штат саны мен құрамының қысқартылуына, ұйымның таратылуына байланысты еңбек шартын бұзу негіздері. Еңбек Кодексінің 54-бабының 1,2 тармағына сəйкес қызметкер жұмыстан босатылуы мүмкін(кəсіпорынның таратылуы, штат санының қысқартуға себеп). Жұмыс берушімен келесі міндеттемелерді орындау тəртібінде: кем дегенде 1 ай бұрын ескертуі; орта көлемдегі жəрдемақыны төлеуді; сол босатылатын жұмыс орындары туралы ақпаратты кемінде 2 ай бұрын жергілікті халықты жұмыспен қамту органдарына хабарлама беруді жүзеге асыра отырып қызметкерді жұмыстан босатады. Ұжымдық шарттың түсінігі мен маңызы.Ұжымдық шарт – бұл əлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін жəне қызметкерлермен жұмыс берушінің арасында жасалатын жазбаша шарт ретінде ресімделген құқықтық акт. Бұл бір не бірнеше жұмыс берушілер жəне бір не бірнеше кəсіптік одақтар, не оған мүше емес, келіссөздер жүргізу үшін өз ұйымын құрған қызметкерлер қол қойған жазбаша шарт түрінде ресімделген құқықтық акт. Тиісті түрде рəсімделген ұжымдық шарт локальдық нормативтік құқықтық акт болып табылады. Жеке еңбек шартына қарағанда ұжымдық шарт тараптардың еңбек жағдайының жалпы ережелеріне байланысты келісімі болып табылады, бүкіл ұжымның не қызметкерлердің жекелеген топтарының мүдделерін қамтиды. Ұжымдық шарттың тараптары: қызметкерлер - өз өкілдері арқылы; жұмыс беруші – ұйымның басшысы н/е ұйымның жарғысына сəйкес өкілеттіктерге ие өзге де тұлға арқылы. Бұл нақты бір кəсіпорында н/е ұйымда əлеуметтік-экономикалық жəне еңбек қатынастарды реттеу үшін тараптарман келісілген жəне қабылданған ережелер. Аталған ережелерді үш түрге бөлуге болады. Атап айтсақ: нормативтік, міндетті жəне ақпараттық. |