Главная страница
Навигация по странице:

  • Басқа жұмысқа уақытша ауыстыру

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница71 из 190
    1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   190

    Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың тізімі.


    Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарға:

        • Еңбек кітапшасы;

        • Тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;

        • Еңбек шартының жасалуы ж\е тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын ж\е тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;

        • Қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;

        • Жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат растаған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мəліметтер тізбесі);

        • Қызметкердің еңбек қызмет туралы мəліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама жатады.
    Жас мөлшері ж\е медико-биологиялық критерийлері бойынша еңбек құқығындағы құқық қатынастарының сыныпталуы.
    Еңбек құқығында еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері болып 16 жас табылады. Ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының н\е асырап алушысының жазбаша келісімімен:

    • Орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда, 15

    жасқа толған азаматтармен;

    • Сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін ж\е оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін, 14 жасқа толған оқушылармен;

    • Кинематография ұйымдарында, театрларда, театр ж\е концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына ж\е адамгершілік тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға ж\е (н\е) орындауға қатысу үшін белгіленген талаптарды сақтай отырып, 14 жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.

    Осы жағдайларда еңбек шартына кəмелетке толмаған адаммен қатар оның ата- анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы н\е асырап алушысы қол қоюға тиіс.

    Мүгедектер əдеттегідей еңбек жағдайлары бар не мүгедектер еңбегін пайдаланатын мамандандырылған ұйымдарда оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, жұмыс берушілермен еңбек шарттарын жасасуға құқылы.

    Соттың шешімімен əрекет қабілеттігі шектелген тұлғалар мемлекеттік қызметке алынбайды. Бұл ережені мына жағдаймен түсіндіруге болады: жүйке ауыруының, ақыл-ой қабілетінің нашарлауы саладарынан азамат өзінің еңбектегі міндеттерін саналы түрде орындай алмайды, қызметтік, кəсіпкерлік жəне еңбек қызметін бақылай алмайды.

    Басқа жұмысқа тұрақты н\е уақытша ауыстыру


    Бір ұйымда басқа жұмысқа, не ұйыммен бірге басқа жерге ауыстыруға, ҚР Еңбек туралы заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке еңбек шартында тиісті өзгерістер енгізіле отырып, қызметкердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Басқа жұмысқа ауыстыруды бірнеше негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады, соның ішінде мерзімі бойынша: тұрақты ж\е уақытша. Басқа жұмысқа уақытша ауыстыру. Бір кəсіпорынның (мекеменің, ұйымның) ішіндегі бұл ауыстыру, кез келген жұмысқа ауыстыру кезіндегі сияқты тек еңбек шарты тараптарының келісімімен жүзеге асады. Жұмыс беруші қызметкердің келісімі бойынша оны басқа жұмысқа ауыстыра алады. Қолданыстағы заңдарда бұл ауыстырулардың шекті мерзімі көрсетілген. Заңнамада қызметкерді оның келісімінсіз: өндірістік қажеттілік ж\е бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіндігі көрсетілген 43-44 баптар бойынша қызметкерді оның келісімінсіз 1 айға дейін кез келген жұмысқа оның біліктілігі мен мамандығын ескерместен басқа жұмысқа уақытша ауыстыру

    мүмкіншілігі көрсетілген. Бірақ, бұл қызметкердің денсаулық жағдайына зақым келтіретіндей болса, мұндай ауыстыруға жол берілмейді.
    1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   190


    написать администратору сайта