құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Жұмыс берушінің актісінің құқықтық мəртебесі.ҚР Еңбек кодексінің 10-бабына сəйкес, еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімде жəне ұжымдық шартта реттеледі. Əлеуметтік əріптестік тараптары келісімдерінің, ұжымдық шарттың, еңбек шартының, жұмыс беруші актілерінің, ҚР еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлататын ережелері жарамсыз деп танылады. Келісімдердің, ұж.шарттың, еңбек шартының талаптары біржақты тəртіппен өзгеруге жатпайды. Жұмыс беруші Еңбек кодексіне жəне өзге де нормативтік құқықтық актілерге, еңбек шартына, келісімдерге, ұжымдық шартқа сəйкес өз құзыреті шегінде актілер шығарады. Жұмыс беруші Еңбек кодексінде, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда, қызметкерлер өкілдерінің келісімі бойынша немесе пікірін ескере отырып, актілер шығарады. Жұмыс берушінің ҚР еңбек заңдарымен, ұжымдық шартпен, келісімдермен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлататын не жұмыс берушінің еңбек қатынастарына өзге де қатысушыларының пікірінсіз өзі ғана, яғни рəсімдер сақталмай шығарылған актілері жарамсыз болып табылады. Актіні шығарар алдында жұмыс беруші оның жобасын жəне ол бойынша негіздемені ҚР ЕК-нің 266-бабына сəйкес құрылатын комиссияға ұсынады. Ол комиссия жұмыс беруші актісінің жобасы табыс етілген күннен бастап 3 жұмыс күнінің аспайтын мерзімде талқыға салады. Комиссияның шешімдері хаттамамен рəсімделеді, онда қызметкерлер өкілдерінің жұмыс беруші актісінің жобасымен келісетіні не келіспейтіні көрсетіледі, ұсыныстары болса қоса жазылады.
Ұжымдық шарттың түсінігі, маңызы. Ұжымдық шартты жасау, өзгерту жəне бекіту тəртібі Жеке еңбек шарты дегеніміз бұл қызметкердің ішкі еңбек тəртібіне бағына отырып, белгілі бір еңбек функциясын (белгілі бір мамандық, біліктілік жəне кəсіп бойынша жұмысты) орындау міндетін, ал жұмыс берушінің қызметкерге уақтылы жəне толық көлемде жалақы төлеп отыру жəне қалыпты еңбек жағдайларын қам. ету міндетін көздейтін қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім. Еңбек шартында: тараптардың деректемелері: Жұмыс беруші- жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты, тұрақты тұратын мекен-жайы, жеке басын куəландыратын құжаттың атауы, нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі; Қызметкердің тегі, аты, əкесінің аты, жеке басын куəландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, əлеуметтік жеке коды; белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек функциясы); жұмыстың атқарылатын орны; еңбек шартының мерзімі; жұмыстың басталу күні; жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі; еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары; жұмыс беруші мен қызметкердің құқықтары мен міндеттері; еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тəртібі, егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса жəне (н\е) зиянды (ерекше зиянды) жəне (н\е) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен өтемақылар; кепілдіктер мен өтемақы төлемдері, оларды төлеу тəртібі; сақтандыру ж-де талаптар; тараптардың жауапкершілігі; жасалу күні мен реттік нөмірі болуы тиіс. ҚР еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлататын еңбек шартының ережелері жарамсыз деп танылады. Еңбекшартынбекіту. Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде 2 дана етіп жасалады ж\е оған тараптардың қолдары қойылады. Еңбек шарты бір-бір данадан қызметкер мен жұмыс берушіде сақталады. Қызметкердің еңбек шартының бір данасын алуы жазбаша еысанда расталады. Еңбек шартына, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тараптар жазбаша нысанда жүзеге асырады. Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы ұсынысты еңбек шарты тараптарының бірі жазбаша нысанда береді ж\е екінші тарап оны берілген күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде қарайды. |