Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница69 из 190
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   190

Еңбек қатынастарына тікелей байланысты қатынастарды атап кетсек:


Негізгі қатынастар - еңбек құқығы пəнінің басты элементі, мұнда жұмыс берушінің (ұйым, жеке кəсіпкер) қызметкердің еңбекке қабілетін (оның жұмыс күшін, білімін, дағдыларын ж\е т.б.) пайдалануымен байланысты еңбек қатынастары шарттық ж\е ақылы негізде жүзеге асырылады. Қызметкер өз еңбегі үшін алдын-ала белгіленген нормалар (тарифтер) бойынша жалақы не ұйым табысының бөлігін алады, ал жұмыс беруші өзіне қажетті еңбек өнімін алады. Еңбек қатынастарына қызметкер де, жұмыс беруші де өз еріктерімен қатысады.

Еңбек қатынастарының ерекше белгілері:

а) еңбек үрдісінде туындайды ж\е дамиды. Қызметкер өзіне жүктелген белгілі бір еңбек функциясын орындайды, ал бұл функция тұрақты сипатқа ие ж\е соңғы нəтижемен аяқталмайды, яғни, еңбек қатынастары – бұл ұзақ уақытқа созылатын қатынастар;

ə) жұмыс беруші өзіне қажетті еңбек өнімін алады, ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын ақылы қатынастар;

б)еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады, яғни, еңбек ж\е еңбек қатынастары мəжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды, еңбек қатынастарына қызметкер де, жұмыс беруші де өз еріктерімен қатысады.

Еңбек құқық қатынастарының өндірістік құқық қатынастарынан ерекшелігі жəне жалпы сипаттамасы.


ҚР еңбек құқығына қатысты сабақтас құқықтар болып азаматтық, аграрлық жəне жер құқықтары, əкімшілік жəне əлеуметтік қамтамасыз ету құқықтары болып табылады. Еңбек заңдары азаматтық заңдармен тығыз байланысты, дегенмен олардың айырмашылықтары бар.

  • Еңбек қатынастарының пəні жəне негізгі мазмұны болып еңбек үрдісі, ал азаматтық қатынастардың (тұрмыстық мердігерлік, тапсырма, əдеби тапсырыс шарттары б-ша) пəні – еңбектің өнімі б.т.;

  • Қызметкер еңбек қатынастарында белгілі бір жұмысты (белгілі бір мамандық, біліктілік, лауазым б-ша) істеуге міндеттенеді;

  • Қызметкер өзінің жұмысын белгілі бір ұжымның шеңберінде атқарады, мұнда ол еңбек шарасын орындауға, жұмыс уақытының режимін сақтауға, ішкі еңбек тəртібінің ережелеріне бағынуға міндеттенеді.

Бұдан шығатын қорытынды, еңбек қатынастары мен азаматтық құқықтық қатынастарды ажырату олардың мазмұнына байланысты. Еңбек жəне азаматтық қатынастарды ажыратуға қатысты даулы жағдайларда еңбек құқығының нормалары үстемдікке ие. ҚР Азаматтық Кодексінің 1-бабына сəйкес, бұл қатынастар еңбек заңдарымен реттелмеген жағдайда ғана, еңбек қатынастарына азаматтық заңдар қолданылады.

Еңбектік құқықтық қатынастың пайда болуы, өзгеруі мен тоқтатылу негіздері.


ҚР заңдарында өзгеше белгіленбесе, еңбек қатынастары қызметкер мен жұмыс берушінің арасында Еңбек Кодексіне сəйкес жасалған еңбек шартының негізінде туындайды. ҚР заңдарында, құрылтай құжаттарында, жұмыс берушінің актілерінде белгіленген жағдайларда ж\е тəртіпте еңбек шартын жасау алдында:

  • лауазымға сайлану (сайлау);

  • тиісті лауазымға орналасуға конкурс бойынша сайлану;

  • лауазымға тағайындау н\е лауазымға бекіту;

  • заңда уəкілеттік берілген органдардың белгіленген квота есебіне жұмысқа жіберілуі;

  • еңбек шартын жасасу туралы сот шешімін шығару рəсімдері болуы мүмкін.



1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   190


написать администратору сайта