құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Қызметкер ретінде ҚР азаматтарының құқыққабілеттілік критерийіАзаматтар еңбек құқығы субъектілерінің ішінде саны жағынан көп тараған жəне ең кең таралған тобы. Азаматтар еңбек құқығының субъектісі ретінде жалданбалы еңбек қызметкерлеріне, кəсіпкерлерге, жұмыс істейтін меншік иелеріне бөлінеді. Жалданбалы еңбек қызметкерлері, өз кезегінде, жұмысшыларға, инженерлік-техникалық құрамға, қызметшілерге, жұмыс істейтін зейнеткерлерге жəне т.б. бөлінеді. Барлық азаматтарға еңбек құқық қабілеттігінің жалпы талаптары да таралады, олар: жасына қатысты қойылатын талап, ерікті жəне əлеуметтік талап. Азаматтардың еңбек құқығы субъектілері ретінде еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеті болуы тиіс. Əрине, бұл қабілеттер жекелеген адамның дене жəне ақыл-ой ерекшеліктеріне байланысты болады. Еңбек заңнамасына сəйкес 16 жасқа толған азаматтарды ғана жұмысқа алуға болады. Жекелеген жағдайларда 15 жастағы, кейде 14 жастағы жас өспірімдерді де жұмысқа алуға рұқсат етіледі. Мемлекеттік қызметке кіруші тұлғалардың жасы 18 жастан кем болмауы тиіс. Ерікті талап азаматтардың еңбекке жəне кəсіпкерлік қызметке қатысты ерікті қабілетінің жағдайын білдіреді. Соттың шешімімен əрекет қабілеттігінен айырылған тұлғалар еңбек құқығының субъектілері бола алмайды. Əлеуметтік талап ҚР азаматтарының барлығы үшін еңбек құқық субъектілігін білдіреді, яғни, қолданыстағы заңнамада барлық еңбекке қабілетті азаматтар үшін еңбек саласындағы тең мүмкіндіктер берілген. ҚР Конституциясына сəйкес əрбір азамат еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Қызметкер ретінде шетел азаматтарының жəне азаматтығы жоқ адамдардың құқыққабілеттілік критерийіЖұмысқа алу кезінде жынысына, нəсіліне, ұлтына жəне дінге көзқарасына байланысты құқықтарды тікелей не жанама шектеуге не қандайда бір артықшылықтарды белгілеуге жол берілмейді. ҚР Конституциясында көрсетілгендей ҚР азаматтарына берілген құқықтар мен міндеттер, сондай-ақ шетел жəне азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады. Олар сонымен қатар міндеттер мен жауапкершілікті мойнынына алады. Шетелдік тұлғалар да еңбек құқығының субъектісі болуы мүмкін. Шетелдік азаматтарға жалақы төлеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын белгілеу жəне т.б. мəселелері жеке еңбек шартында көзделуі мүмкін. Əрекет қабілеттігінің жəне жас шамасы сəйкес келуі тиіс. Жұмыс берушілердің (жеке, заңды тұлғалардың) құқық қабілеттілік критерийіЖұмыс беруші дегеніміз - жұмыскер өзімен құқықтық қатынаста болатын заңды немесе жеке тұлға. Жұмыс берушілердің еңбектік құқық субъектілігі олар мем-к тіркеуден өткеннен бастап туындайды. Заңды тұлға құқығына ие болған қоғамдық, діни жəне басқа ұйымдар да жұмыс беруші бола алады. Бұл ұйымдардың еңбектік құқықсубъектілігінде олардың жарғыларынан туындайтын бірқатар ерекшеліктер бар. Жұмыс беруші – ұйымдардың еңбек құқық субъектілігін екі өлшеммен анықтауға болады: жедел ж\е мүліктік. Жедел өлшем мамандарды таңдауды, орналастыруды ж\е ұйымдастыруды жүзеге асыруды, еңбекті қорғауды ж\е қызметкерлердің өз еңбек міндеттерін орындауы үшін қауіпсіз ж\е қажетті еңбек жағдайларын жасауды білдіреді. Мүліктік талап еңбектің ақылы сипатымен б-ты ж\е жұмыс берушінің жалданбалы еңбекті төлеу қабілетін білдіреді. Бұл үшін жұмыс берушіде белгілі бір материалдық (мүліктік) база болуы тиіс, бірақ, шын мəнінде еңбек құқықсубъектілігі үшін жалақы қоры ғана аса зор мəнге ие. Кəсіптік одақтар – бұл өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау жəне білдіру мақсаттарында қызметкерлерді ортақ өндірістік, кəсіби мүдделердің негізінде біріктіретін, тіркелген жеке мүшелігі бар дербес қоғамдық бірлестіктер. Кəсіподақтардың құқықтары: мемлекеттік ж\е шаруашылық органдармен, қоғамдық ұйымдармен, кəсіпкерлермен ж\е олардың бірлестіктерімен (одақтарымен, ассоциацияларымен) өзара қатынастарда өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қорғау, өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатымен сотқа талап қою, сотта, төрелік сотта, басқа органдарда олардың мүдделерін қорғау, оларға өзге де құқылық көмек көрсету, заң консультацияларын ж\е құқылық көмек көрсететін басқа да қызметтер құру ж\е еңбек дауларын қарау ж\е заңдарға сəйкес ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдарын) шешіуге қатысу, келісімдер мен ұжымдық шарттар жасасу; ақша қорларын қалыптастыру; кəсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін, прокурорлық қадағалау саласындағы құқылық актілерге наразылық білдіру туралы, кəсіподақтар, еңбекті қорғау ж\е қауіпсіздік техникасы жөніндегі заңдарды бұзушы адамдарға қарсы іс қозғау туралы прокуратураға өтініш жасау; бағаның өсуіне байланысты ең төменгі тұтыну бюджетінің ж\е оның жекелеген тұтыну себептерінің нақтылы-заттай құрылымы мен құрамын қайта қарауға, еңбекке ақы төлеуді, зейнетақыларды ж\е жəрдемақыларды қайта қарауға қатысу; өз кəсіподағы мүшелерінің кəсіпорындары мен жұмыс орындарына өз өкілдерін жіберу. ҚР заңдарында, жұмыс берушілермен жасалған келісімдерде ж\е шарттарда кəсіптік одақтардың өзге де құқықтары белгіленуі мүмкін. |