құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Бақылау сұрақтары:Некедегенімізне,отбасыұғымынажалпысипаттамаберіңіз? Мемлекеттарапынаннеке,отбасынажасалатынкепілдіктер? Некежəнеотбасықатынастарықандайқағидаларғанегізделеді? Некегетұрушарттарықандай? Қандайадамдарараларынданекеқиылуынажолберілмейді? Некенітоқтатужəнебұзунегіздеріқандай? Ерлі-зайыптылардың жекемүліктікемесжəнемүліктікқұқықтыққатынастарыныңұғымы? Қандайжағдайдаата-аналарата-аналыққұқықтанайырылуымүмкін? Алименттіқайуақыттанбастаптөлеттіреді? Ата-аналарына алимент төлеуден балалары қандай жағдайдабосатылады? 9-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІЕңбек құқығының пəні, реттеу əдісі, жүйесі, қағидалары, қайнар көздері. Еңбек құқығының түсінігі жəне құқық жүйесінде алатын орны Еңбек құқығының субъектілері: түсінігі жəне түрлері. Еңбек құқығының субъектілері ретінде – азаматтар. Еңбек құқығының субъектілері ретінде – жұмыс берушілер. Кəсіптік одақтар.Əлеуметтік əріптестер Еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастар жүйесі, ұғымы. Еңбекті құқықтық қатынастың пайда болуы, өзгеруі мен тоқтатылу негіздері Еңбек шартының түсінігі мен мазмұны. Жеке еңбек шарты. Еңбек шартын бұзу мен тоқтату негіздері, өндірістік есебі мен рəсімдеуі. Ұжымдық шарттың түсінігі, маңызы. Ұжымдық шартты жасау, өзгерту жəне бекіту тəртібі Жұмыс уақыты түсінігі, оның ұзақтығы мен түрлері, нормалары. Жұмыс уақытының режимі жəне оларды қалыптастыру тəртібі. Жұмыс уақытының ерекше режимі. Түнгі жұмыс уақыты мен үстеме жұмыс уақыты. Əйелдердің жəне отбасылық міндеттері бар өзге адамдардың еңбегін реттеу ерекшеліктері. 18 жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері Демалыс уақытының түсінігі мен түрлері. Жұмыс уақытындағы үзіліс. Жыл сайынғы еңбек демалысы. Оны беру тəртібі, өзгерту жəне ұзартылуы. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы. ҚР Еңбек кодексі оқу демалысына ақы төлеу тəртібі Еңбекке ақы төлеудің түсінігі мен құқықтық реттелуі. Қалыпты жұмыс. Қалыпты еңбек жағдайларынан ауытқыған кезде еңбекті қорғау. Кепілдіктер мен өтемақы төлемдерінің түсінігі мен түрлері. Қазіргі кезде еңбекке ақы төлеудің түсінігі мен құқықтық реттелуі Еңбек құқығы бойынша материалдық жауапкершіліктің түсінігі. Қызметкерге келтірген зиян үшін жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі. Тəртіптік өндіріп алудың түрлері, оларды қолдану, беру тəртібі. Тəртіптік жауапкершілік.Тəртіптік қылық. Жұмыс берушіге келтірілген зиян үшін қызметкерді материалдық жауапкершілікке тарту негіздері Еңбек дауларының түсінігі мен түрлері. Жеке еңбек дауларын шешу тəртібі. Ұжымдық еңбек дауларының түсінігі мен тараптары. Ұжымдық еңбек дауларын шешу тəртібі.
Азаматтар еңбек ету бостандығын Конституциялық құқықтан əр түрлі нысанда қолдана алады. Бірақ халықтың басым көпшілігі дүние жүзінде жалдамалы еңбек тобының тұлғаларына кіреді. Жалдамалы еңбек саласында құқықтық қатынастарды реттеудің алғашқы əрекеті ХІХ ғ. өндірістік революция кезеңінде басталды. Сол кездегі қоғамға жəне мемлекетке жалдамалы еңбектің тұлғаларының еңбегін асыра пайдаланудан қорғау түсінігі келді. Мақсаты: жұмыс күшін қалыпты пайдалану ж/е ұлттың денсаулығын сақтау. Сол кезде жұмыс уақытының ұзақтығы, демалыс уақыты, жалақы, еңбекті қорғау, əлеуметтік қамсыздандыру туралы алғашқы нормативтік құқықтық актілер пайда болды. ҚР Конституциясының 12- бабына сəйкес заңдармен белгіленген құқықтар шектелмейді. Негізгі фундаменталдық құқықтар заңдармен шектелуі мүмкін, осы конституцияның 39-бабына сəйкес. Олар: мемлекеттің конституциялық құрылымы мен тұтастығын сақтау мақсатында; денсаулығын, құқықтарын сақтау мақсатында. Мыс, шетел еңбек күшін жалдауда белгіленген тəртіпте, негіздемелерге байланысты олар тек ғана белгіленген квота шегінде жəне лицензия алу тəртібінде жұмыспен қамтылады. Аталған тұлғаларға байланысты шектеулер 1997 жылғы «көші-қон туралы» заңға, 23.01.2001 жылғы «халықты жұмыспен қамту туралы» заңға сəйкес белгіленген. Қызметке қабылдауда, яғни еңбек шартын жасауға байланысты шектеулер келесі негіздемелерге байланысты орын беруі мүмкін: денсаулық, жасына байланысты қызметкердің ауыр зиянды қауіпті жұмыстарға қабылдамау; қызметкердің білімділігінің не мамандығына байланысты, сонымен қатар сот үкіміне байланысты белгілі бір лауазымға қабылдамау; соғыс кезеңінде табиғи немесе табиғи техногендік апаттың жол беруіне байланысты қабылдамау жəне т.б. Еңбекқұқығыныңпəніжəнежүйесі Еңбек құқығының пəні болып тек еңбек емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі еңбек қатынастары жəне олардан туындайтын, еңбекке қатысты бар қатынастар да табылады. ҚР «Еңбек туралы» заңында: жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастары нормативтік құқықтық актілермен, еңбек туралы заңдарға сəйкес жасалған жеке еңбек, ұжымдық шарттармен реттеледі. Еңбек құқығының жүйесі 2-ге бөлінеді: Жалпы: еңбек құқығының түсінігі, мақсаты, еңбек заңдарының қағидалары, еңбек қатынастарының пайда болу негіздері, еңбек қатынастарының субъектілері, еңбек қатынастарын реттеудегі мемлекеттік органдардың құзіреті, еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік. Ерекше: еңбек шарты, еңбек тəртібі, жұмыс уақыты, демалыс уақыты, еңбек төлемақысы, кəсіби даярлық, тараптардың материалдық жауапкершілігі, жұмысқа тұруы, жеке жəне ұжымдық еңбек дауларын қарау,жұмыскердің жекелеген санаттағы еңбек ерекшеліктерін реттеу, еңбек заңдарын бақылау. Еңбекқұқығындағықұқықтықреттеуəдістері. Еңбек құқығының əдістері – еңбектік қатынастарды реттеуге қолданылатын тəсілдер деп танимыз. Тəсілдер: орталықтан мемлекеттік реттеу; шарттық реттеу; локальдік актілерді қолдана реттеу (жергілікті). Əдістерін келесі белгілері бойынша анықтауға болады: Еңбектік жəне одан туындайтын қатынастарды реттеудегі императивті жəне диспозитивті нормалардың бірлесуімен; құқықтық реттеу пəніндегі орталықтандырылған, локальдік жəне шартты əдістердің бірлесуі; қоғамдық қатынастарды реттеуде əлеуметтік əріптестік келісімдері кеңінен қолданылумен; жалдамалы еңбекті қолдануды реттеудің бірлігі мен дифференциясы (біртұтастығы);еңбек дауларын шешудің ерекше тəртіппен белгіленуі. Əдістердің ерекшеліктері: еңбек қатынастарын реттеуде келісім əдістерін басым қолдану; жекеше жəне ұжымдық əдістерді қолдану; еңбекте ынталандыру мен міндеттеу əдістерін тиімді қолдану. Еңбек қатынастарын реттеудің басты əдісі - əлеуметтік-əріптестік əдіс: кəсіпорын деңгейде – ұжымдық шарт; салалық жəне өңірлік деңгейде – салалық келісімдер, аймақтық келісімдер; республикалық деңгейде – бас келісім. Еңбекқұқығыныңқағидалары. Кез келген құқық саласының оны басқа құқық салаларынан ажырататын негізгі белгілерінің бірі – қағидаларының жүйесі. Құқықтық қағидалар- қандай да бір құқық саласының түпнегізін айқындайтын ж/е нормаларынан көрініс табатын негізігі идеялар, ереже, бастау. Еңбек құқығының қағидалары еңбек қатынастарын реттеу үшін негізге алынатын басты идеялар. Жалпы құқықтық қағидаларға барлық құқық саласына тəн принциптер жатады. Дəстүрлі түрде мына қағидалар жатады: Демократизм қағидасы - Демократизмнің мемлекеттік емес нысандары əлеуметтік əріптестік жəне ұйымдастырушылық, басқарушылық қатынастарды қызметкердің өз өкілдері яғни кəсіподақтар арқылы билікті жүзеге асыру жолымен еңбек құқығында көрініс тапқан; Заңдылыққағидасы– демократиялық саяси жүйенің жалпы қағидасы ретінде еңбектік заңның бірлігі мен үстемдігінен өкілетті органдардың, жұмыс берушілердің, қызметкерлердің, еңбек пен халықты əлеуметтік қорғау саласындағы заңдар мен НҚА-ді орындаудан ҚР азаматтарының еңбек құқықтарының кепілдендірілуімен көрініс табады; Азаматтар мен ұйымдардың заң мен сот алдындағы теңдігі қағидасы – тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының теңдігін осы құқықтарды мемлекетпен тең негізде қорғалуын жəне заң алдындағы бірдей жауапкершілігін көрсетеді. Еңбек құқығының осы қағидасы келесі нормалар арқылы нақтыланады; |