Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница65 из 190
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   190

Еңбек құқығының субъектілері ретінде азаматтар.


Азаматтар еңбек құқығы субъектілерінің ішінде саны жағынан көп тараған жəне ең кең таралған тобы. Азаматтар еңбек құқығының субъектісі ретінде жалданбалы еңбек қызметкерлеріне, кəсіпкерлерге, жұмыс істейтін меншік иелеріне бөлінеді. Жалданбалы еңбек қызметкерлері, өз кезегінде, жұмысшыларға, инженерлік-техникалық құрамға, қызметшілерге, жұмыс істейтін зейнеткерлерге жəне т.б. бөлінеді. Барлық азаматтарға еңбек құқық қабілеттігінің жалпы талаптары да таралады, олар: жасына қатысты қойылатын талап, ерікті жəне əлеуметтік талап.

Азаматтардың еңбек құқығы субъектілері ретінде еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеті болуы тиіс. Əрине, бұл қабілеттер жекелеген адамның дене жəне ақыл-ой ерекшеліктеріне байланысты болады. Еңбек заңнамасына сəйкес

16 жасқа толған азаматтарды ғана жұмысқа алуға болады. Жекелеген жағдайларда 15 жастағы, кейде 14 жастағы жас өспірімдерді де жұмысқа алуға рұқсат етіледі. Мемлекеттік қызметке кіруші тұлғалардың жасы 18 жастан кем болмауы тиіс.

Ерікті талап азаматтардың еңбекке жəне кəсіпкерлік қызметке қатысты ерікті қабілетінің жағдайын білдіреді. Соттың шешімімен əрекет қабілеттігінен айырылған тұлғалар еңбек құқығының субъектілері бола алмайды.

Əлеуметтік талап ҚР азаматтарының барлығы үшін еңбек құқық субъектілігін білдіреді, яғни, қолданыстағы заңнамада барлық еңбекке қабілетті азаматтар үшін еңбек саласындағы тең мүмкіндіктер берілген. ҚР Конституциясына сəйкес əрбір азамат еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар.

Еңбек құқығының субъектілері ретінде жұмыс берушілер.


Еңбек заңнамасының нормаларына сəйкес жұмыс беруші ретінде қызметкермен еңбек шартын бекіткен жəне оған жұмыс берген жеке не заңды тұлға табылады. Яғни, азаматтарға жұмыс беретін, олардың еңбегін төлейтін жəне жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін орындайтын фермерлер, жеке кəсіпкерлер, ұйымдар, мекемелер, кəсіпорындар, шаруашылықтар, кооперативтер, серіктестіктер жəне т.б. жұмыс берушілер болып табылады. Еңбек құқығының субъектілері ретіндегі жұмыс берушілерді жеке тұлғалар, коммерциялық, коммерциялық емес жəне мемлекеттік кəсіпорындар деп бөлуге болады.

Коммерциялық ұйымдар мемлекеттік кəсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооперативтер нысанында құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік жəне заңда көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Мемлекеттік кəсіпорындар мемлекеттік тіркеуден өткен жəне жаңа заңнамада көзделген жағдайларда лицензия алған сəттен бастап туындайды. Жұмыс беруші ұйымның ұйымдардың қызметі оның таратылуымен байланысты тоқтатылады.

1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   190


написать администратору сайта