Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница73 из 190
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   190

Қызметкердің еркі бойынша еңбек шартын бұзу негіздері.


Қызметкер жұмыс берушіге бір ай бұрын жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын өзінің еркі бойынша бұзуға құқылы. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша ескерту мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін.

Еңбек шартын бұзу жұмысты жалғастыру мүмкіндігінің болмауына байланысты жағдайларда, қызметкер еңбек шартын өтініште көрсетілген мерзімде бұзу туралы жұмыс берушіге жазбаша ескертеді.

Қызметкер жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамағаны туралы оған жазбаша хабарлауға құқылы. Егер жеті күн мерзім өткен соң жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамауы жалғасқан жағдайда, қызметкер үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушіге жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын бұзуға құқылы. Қызметкер ескерту мерзімі ішінде еңбек шартын бұзу туралы өтінішін жазбаша нысанда қайтарып алуға құқылы.

Еңбек міндеттерін өрескел бұзғаны үшін еңбек шартын бұзу.


Еңбек туралы Заңның 26-бабының 9 тармағында қызметкер еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы көзделген. Мұндай заң бұзушылықтар тізімі заңнамада берілген. Мысалы, қызметкердің еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзғандығына мыналар жатады: бір жұмыс күнінде дəлелді себептерсіз жұмыста 3 сағат бойы болмауы; жұмыста болмауға жұмыс берушінің келісімінсіз өз бетімен еңбек демалысына кетуі, жұмысқа келмеген күндерді өз бетімен пайдалану, жеке еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін жұмысқа шықпауы; жұмысқа алкогольдік немесе нашақорлық масаң күйде немесе өзге де уыттық улану жағдайында келуі; жұмыс күні ішінде алкогольдік, нашақорлық, масаңдық н\е өзге де жағынан улану жағдайын туғызатын заттарды пайдалану; қызметкердің еңбек қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі жүріс қауіпсіздігі ережелерін бұзып, оның жарақат алу мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға əкеп соғуы немесе əкеп соғу мүмкіндігі; жұмыс орны бойынша соттың заңды күшіне енген үкімімен немесе қаулысымен белгіленген мүлікті (соның ішінде ұсақ заттарды) ұрлауы. Осы негіздер жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға əкеп соғады.

Қызметкердің денсаулығы не қызметкердің кəсіби даярлығы сəйкес еместігіне байланысты еңбек шартын бұзу негіздері.


Біліктілігінің жетіспеуі салдарынан жəне өзінің жұмысын жалғастыруына денсаулық жағдайының кедергі келтіруі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сəйкес келмеген жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылады. Атқаратын қызметіне немесе орындайтын жұмысына сəйкессіздік мынадай объективтік мəліметтермен дəлелденуі тиіс: қызметкерлердің жұмыс істеу нормасын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны жөніндегі рапорттармен немесе баяндамалармен, жұмыстағы ақаулар туралы актпен жəне т.б. қолданыстағы заңдарға сəйкес қызметкердердің кейбір санаттары біліктілік санаттарын иелену үшін белгілі бір мерзім ішінде аттестациядан өтуі тиіс. Денсаулығына байланысты жұмыстың сапасына əсер етпесе, оның өзі үшін жəне еңбек ұжымының өзге мүшелері жəне ол қызмет көрсететін тұлғалар үшін қауіпсіз болса, қызметкердің созылмалы аурулармен ауруы немесе оның белгілі топ мүгедегі болуы қызметкерді аталған негіз бойынша жұмыстан босатудың себебі болмайды. Қызметкердің денсаулық жағдайы медициналық мекеменің қортындысымен дəлелденуі тиіс.Егер қорытынды болмаса, онда қызметкерді денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан босату, құқыққа қайшы болып табылады.
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   190


написать администратору сайта