құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Қалыпты жұмыс.Еңбектің күн, апта, жыл бойғы, адамның дамуына жəне өмір сүруіне зиянын тигізбейтін ұзақтығы қалыпты деп танылады. Еңбек туралы күшіндегі заңнамаға сəйкес кəсіпорындардағы жұмыскерлердің жұмыс уақытының ұзақтығы 40 сағаттан аспауға тиіс. Оны тараптардың келісімімен көбейтуге болмайды. Бұл норма экономиканың саласына, кəсіпке, мамандыққа, лауазымға қарамастан, жəй, қалыпты еңбек жағдайларында жұмыс істейтін барлық жұмыскерлерге тарайды. Ұзақтығы қалыпты жұмыс күні мыналарға есептелген: а) артық күш жұмсауды қажет етпейтін жəне жүйке тоздырмайтын жағдайларда жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге; б) 6 күндік жұмыс аптасы жағдайында жəй календарлық тəулікке сай. Сондықтан да қалыпты ұзақтықтағы жұмыс күніне 6 күндік жұмыс аптасы болғандағы 5 күндік жұмыс аптасы, сондай-ақ үздіксіз өндіріс жағдайындағы 8 сағаттық жəне өте ұзақ күнделікті жұмыс жатқызылмайды. Қалыпты еңбек жағдайларынан ауытқыған кезде еңбекті қорғау. Тарифтік ставкалар, лауазымдық еңбекақылар еңбектің қалыпты жағдайларына ж\е режиміне арналған. Қалыпты жағдайдан ауытқу кезінде жұмыс орындау барысында ұйым қызметкерлерге тиісті қосымша ақыларды төлеуі тиіс. Қосымша ақылардың мөлшері мен оларды төлеудің жағдайларын ұйымдардың өздері анықтайды ж\е ұжымдық шарттарда көрсетіледі. Мысалы,белгілі бір ұйымда өзінің негізгі жұмысымен қатар өзге мамандық (лауазым) бойынша басқа қызметті қоса атқарған кезінде жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау кезінде еңбекке ақы төлеу үшін қосымша ақы төлеу жолымен жүзеге асады. Мұндай қосымша ақылардың мөлшерін басшылық қызметкерлермен келісе отырып белгілейді. Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері.Климаттық н/е өзге де табиғи жағдайлары б/ша белгілі бір, бірақ 1 жылдан аспайтын кезең (маусым) ішінде орындалатын жұмыстар маусымдық деп танылады. Еңбек шартында маусымдық жұмыстар орындауға арналған шарт жасасу туралы талап жəне жұмыстарды орындаудың айқындалған кезеңі көрсетілуге тиіс. Маусымдық жұмыстарға арналған еңбек шартын жасасу кезінде қызметкердің өзіне тапсырылатын жұмысқа сəйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі белгіленбейді. Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкерлермен еңбек шарты 1) жұмыс берушідегі жұмыстар өндірістік сипаттағы себептер б/ша 2 аптадан артық мерзімге тоқтатылған; 2) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан қатарынан 1 ай бойы жұмысқа шықпаған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы б/ша бұзылуы мүмкін. Мемлекеттік жұмыста істейтін қызметкер, бұл туралы жұмыс берушіні күнтізбелік 7 күн бұрын жазбаша түрде ескерте отырып, еңбек шартын өз бастамасы б/ша бұзуға құқылы. |