құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Қызметкерге келтірген зиян үшін жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі.Жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі туындайтын жағдайлар: Зиянды құқыққа қайшы түрде келтіру; Құқыққа қайшы əрекет (əрекетсіздік) пен туындаған зиянның арасындағы себепті байланыс; Кəсіпорынның кінəсі. Бұл жағдайда құқыққа қайшылық қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеуді білдіреді. Құқыққа қайшы болып нəтижесінде денсаулығына зақым əкелген əрекет те, əрекетсіздік те танылуы мүмкін. Себепті байланыс қызметкерге келтірілген зиянның жұмыс берушінің құқыққа қайшы əрекетінің (əрекетсіздігінің) нəтижесінде туындауын білдіреді. Кəсіпорынның кінəсі жəбірленген тұлғаға қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етпеген оның қызметкерлерінің кінəсін білдіреді. Қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруына б-ты оның өміріне ж\е (н\е) денсаулығына зиян келтірілгенде жұмыс беруші қызметкерге келтірілген зиянды ҚР Азаматтық заңнамаға сəйкес өтеуі тиіс, қызметкерде сақтандыру төлемдері болмаған жағдайда толық көлемде өтеледі, ал сақтандыру төлемдері болған кезде жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырманы өтеуге міндетті. Қызметкер басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған, жұмыс орнына жіберілмеген, еңбек шартының талаптары біржақты өзгертілген, қызметкер жұмыстан шеттетілген, еңбек шарты негізсіз бұзылған жағдайда, жұмыс беруші қызметкердің алмай қалған жалақысы мен оған тиесілі өзге де төлемдерді өтеуге міндетті. Тəртіптік өндіріп алудың түрлері, оларды қолдану, беру тəртібі.Тəртіптік теріс қылық болып жұмыс берушінің заңсыз қызметті жүзеге асыруға бағытталған əрекеттері табылады. Бір тəртіптік теріс қылық үшін тек бір тəртіптік жаза ғана тағайындалады. Мысалы, қызметкердің жұмысқа себепсіз жағдаймен келмегені үшін оған сөгіс жариялап, қызметінен босатуға болмайды. Бірақ, қызметкерге бір тəртіптік теріс қылығы үшін бір тəртіптік жазамен қатар өзге де тəртіптік емес шараларды қолдануға болады. Мысалы, егер қызметкердің тəртіптік теріс қылығының нəтижесінде жұмыс берушіге қандай да бір материалдық зиян келтірілген болса, онда қызметкер тəртіптік жауаркершілікпен қатар материалдық жауапкершілікке де тартылады. Жұмыс беруші өзінің актісін шығару арқылы тəртіптік жаза қолданады. Жұмыс беруші тəртіптік жазаны қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы тəртіптік жаза қолдануға кедергі жасай алмайды. Қызметкер аталған түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады. Тəртіптік жазаның қолданылу мерзімі ол қолданылған күннен бастап 6 айдан аспауға тиіс. Егер осы мерзім ішінде қызметкер жаңа тəртіптік жазаға тартылмаса, оның тəртіптік жазасы жоқ деп есептеледі. Қызметкерге тəртіптік жаза қолданған жұмыс беруші өзінің бастамасымен, қызметкердің немесе оның тікелей басшысының өтінуімен, қызметкерлер өкілінің өтініші бойынша тəртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға болады. |