құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Демалыс уақытының түсінігі мен түрлері. Жұмыс уақытындағы үзіліс.Жыл сайынғы еңбек демалысы. Оны беру тəртібі, өзгерту жəне ұзартылуы. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы. ҚР Еңбек кодексі оқу демалысына ақы төлеу тəртібі Еңбек құқығында демалыс уақыты ретінде қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос уақыты танылады. Бұл уақытты олар өз қалауы бойынша пайдалана алады. Заңдарда қызметкерге демалу жəне тамақтану үшін үзіліс белгіленген. Еңбек туралы заңдарда демалыс уақытының келесі түрлері белгіленген: Күнделікті жұмыс барысындағы үзіліс – тынығуға жəне тамақтануға арналған үзіліс, ауысымішілік жəне арнаулы үзілістер; Жұмыс күндері арасындағы күн сайынғы –ауысымаралық демалыс күндері, Апта сайынғы демалыс күндері, Жыл сайынғы мереке күндері, Жыл сайынғы еңбек демалысы. Қызметкерге күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ішінде тынығуға жəне тамақтануға арналған ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бір үзіліс берілуі тиіс. Ол күнделікті жұмыс басталғаннан кемінде 3 сағат өткеннен кейін жəне 4 сағаттан кешіктірілмей берілуі керек. Ұзақтығы 8 сағаттан асатын күнделікті жұмыста жұмыс уақытының икеммді жиынтық есебі кезінде тынығуға жəне тамақтануға арналған үзіліс күнделікті жұмыс басталғаннан кемінде 4 сағаттан кейін белгіленуі мүмкін, тынығуға жəне тамақтануға арналған үзіліс беру уақыты, оның ұзақтығы еңбек тəртіптемесі ережесінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта белгіленеді. Жұмыс уақытының жиынтық есебін белгілеу кезінде жұмыстың аяқталуы мен келесі жұмыс күнінің (жұмыс ауысымының) басталуы арасындағы қызметкердің демалыс ұзақтығының сақталуы міндетті болып табылады. Қызметкердің жұмыстың аяқталуы мен оның келесі күні басталуы (жұмыс ауысымы) арасындағы күнделікті (ауысымаралық) тынығуының ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауға тиіс. Жыл сайынғы еңбек демалысы. Оны беру тəртібі, өзгерту жəне ұзартылуы.Қызметкерлерге демалыстың мынадай түрлері: жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары; əлеуметтік демалыстар беріледі. Мұндағы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы – қызметкердің тынығуына, жұмыс қабілетін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына жəне қызметкердің өзге де қажеттіліктеріне арналады жəне жұмыс орны мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі. Егер қызметкердің жекелеген санаттары үшін басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта жəне жұмыс берушінің актілерінде көп күн саны 24 күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Қызметкерге жұмыс істеген бірінші жəне келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалыс тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Жыл сайынғы еңбек демалысы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Жыл сайынғы еңбек демалысы: қызметкер жұмысқа уақытша жарамсыз болған, жүктілікке жəне босануға байланысты демалыста болған; егер бұл үшін заңда босату көзделсе, қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақытында мемлекеттік міндеттер атқарған жағдайларда, толық не бір бөлігі ұзартылуы мүмкін. |