құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Əйелдердің жəне отбасылық міндеттері бар өзге адамдардың еңбегін реттеу ерекшеліктері.Жүкті əйелдермен, 3 жасқа дейінгі балалары бар əйелдермен, 14 жасқа дейінгі баланы (18 жасқа дейінгі мүгедек-баланы) тəрбиелеп отырған жалғыз басты аналарды, аталған балалар санатын анасыз тəрбиелеп отырған өзге де тұлғалармен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға, ЕК- нің 54-бабы 1-тармағының 1), 3)-18) белгіленген жағдайларды қоспағанда жол берілмейді. Əйелдердің еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) ж\е (н\е) қауіпті жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады Əйелдердің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан асатын жүкті қолмен көтеруіне ж\е жылжытуына тыйым салынады.Тынығуға ж\е тамақтануға арналған үзілістерден, ауысымішілік ж\е арнайы үзілістерден басқа, 1,5 жасқа дейінгі балалары бар əйелдерге, 1,5 жасқа дейінгі балаларды анасыз тəрбиелеп отырған əкелерге (асырап алушыларға) баланы (балаларды) тамақтандыру үшін жұмыстың кемінде əрбір 3 сағаты сайын: 1 баласы болғанда - əрбір үзіліс кемінде 30 минут; 2 н\е одан көп баласы бар болғанда - əрбір үзіліс кемінде 1 сағат болатын қосымша үзілістер болады. Жұмыс беруші жүкті əйелдің, 3 жасқа толмаған баласы (балалары) бар əйелдің, 3 дейінгі балаларды анасыз тəрбиелеп отырған əкенің, асырап алушының, сондай-ақ отбасының ауру мүшесіне медициналық қорытындыға сəйкес күтім жасайтын қызметердің жазбаша өтініші бойынша оларға толық емес жұмыс уақыты режимін береді. 18 жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері.18 жасқа толмаған қызметкерлер еңбек қатынастарында құқықтары бойынша кəмелетке толғандармен теңестіріледі, ал еңбекті қорғау, жұмыс уақыты, демалыс уақыты жəне басқада еңбек жағдайлары саласында ЕК-гі қосымша кепілдіктерді пайдаланады. 18 жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды жəне қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылығының дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарда (алкоголь өнмдерін, темекі өнімдерін тасымалдау, өндіру жəне сату, түнгі ойын-сауық мекемелеріндегі жұмыс) қолдануға тыйым саынады. 18 жасқа толмаған қызметкерлердің өздеріне белгіленген шекті нормалардан артық жүктерді тасуына жəне қозғалтуына тыйым салынады. 18 жасқа толмаған қызметкерлерге: Он төрт жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін – аптасына 24 сағаттан аспайтын; 16-18 қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын; Білім беру мекемелерінде оқитын жəне оқу жылы ішінде оқуды жұмыспен қатар алып жүретін 14-16 жасқа дейінгі оқушыларға – күніне 2,5 сағат, 16-18 оқушыларға күніне 3,5 сағат жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды жəне қаіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. |