Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница72 из 190
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   190

Жұмыстан шеттетудің негіздері мен тəртіптері


ҚР заңдарында көзделген жағдайларда, жұмыс беруші тиісті уəкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде қызметкерді жұмыстан шеттетуге міндетті.

Жұмыс беруші ҚР ЕК-нің 50-бабына сəйкес

  • Жұмыста алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған н\е жұмыс күні ішінде осындай масаңдық туғызатын заттарды пайдаланған;

  • Еңбек қауіпсіздігі ж\е еңбекті қорғау ережелері бойынша емтихан тапсырмаған;

  • Жұмыс беруші берген жеке ж\е (н\е) ұжымдық қорғану құралдарын пайдаланбаған;

  • ҚР заңнамасына сəйкес міндетті болып табылатын болса, медициналық тексеруден не ауысым алдындағы медициналық куəландырудан өтпеген;

  • Егер оның іс-əрекеттері н\е əрекетсіздігі авариялық ахуал туғызуға, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерінің не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына əкеп соғуы мүмкін болса, қызметкерді жұмыстан шеттетуге міндетті.

Жұмыстан шеттету кезеңінде қызметкердің жалақысы сақталмайды ж\е еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жұмыс берушінің есебінен жəрдемақы төленбейді.

Қызметкерді жұмыстан шеттету оны шеттету үшін негіз болған себептер анықталғанға ж\е (н\е) жойылғанға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады. Жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан заңсыз шеттеткен жағдайда оның жалақысы сақталады.

Еңбек шартын бұзу мен тоқтату негіздері, өндірістік есебі мен рəсімдеуі.


  1. Жеке еңбек шарты:

  • мерзімнің бітуі бойынша;

  • тараптардың еркіне байланысты емес мəн-жайлар бойынша тоқтатылуы мүмкін.

  • Жеке еңбек шарты:

  • тараптардың келісімі бойынша;

  • тараптардың бірінің бастамасы бойынша;

  • заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша бұзылуы мүмкін.

Жұмыс беруші – жеке тұлға қайтыс болған ( сот қайтыс боды деп хабарлаған н\е хабарсыз кетті деп таныған) жағдайда еңбек шартының тоқтатылуын ж\е үй қызметкерлеріне еңбек шартының тоқтатылуын қоспағанда, еңбек шартының тоқтатылуы жұмыс берушінің актісімен ресімделеді. Жұмыс берушінің актісінде еңбек шартын тоқтатудың негізі көрсетілуі тиіс. жұмыстың соңғы күні еңбек шартының тоқтатылған күні болып табылады. Жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі үш күн мерзімде қызметкерге тапсырылыады не оған хабарламалы хатпен жіберіледі.

Еңбек шартын тоқтату негіздері.


Еңбек шартын тоқтату бұл жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек құқығы қатынастарының тоқтатылуы. Тоқтату негіздері мыналар:

  • тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;

  • еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;

  • жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;

  • қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;

  • тараптардың еркінен тыс мəн-жайлар;

  • қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;

  • ҚР заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы;

  • Еңбек шартын жасау талаптарының бұзылуы;

  • Жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер болып табылады.
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   190


написать администратору сайта