құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Əлеуметтік əріптестік институтының түсінігі, мəселелері мен қағидалары.Əлеуметтік-əріптестік институты – еңбек құқығының арнайы институты. Қатысушылары: мемлекет; жұмыс берушілер; қызметкерлер. Əлеуметтік əріптестік институтының пəні – ол мүдделі тұлғалардың қатысуымен мемлекеттің, аумақтың, өндірістік саланың мүмкіндігін ескеріп, қолданыстағы заңнама негізінде бірлесе отырып, əлеуметтік-экономикалық мəселелерді шешу. Реттеу нысаны: республикалық деңгейде – бас келісім; аумақтық деңгейде – тарифтік келісім; салалық деңгейде – салалық- тарифтік келісім. Принциптері: тараптар өкілдерінің өкілеттілігі; тараптардың тең құқықтылығы; талқыланатын мəселелерді таңдау еркіндігі; міндеттемелер қабылдау еріктілігі; тараптар мүдделерін құрметтеу; ұжымдық шарттарды, келісімдерді орындау міндеттілігі; келісім бойынша қабылданған міндеттемелерді өз кінəсі бойынша орындамағаны үшін тараптардың, олардың өкілдерінің жауаптылығы; əлеуметтік əріптестікті нығайту мен дамытуға мемлекетттің жəрдемдесуі; қабылданатын шешімдердің жариялылығы. Еңбек құқық қатынасы саласындағы əлеуметтік-əріптестік. ҚР-дағы əлеуметтік-əріптестік: əлеуметтік, еңбек ж\е олармен б-ты экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін жасау; қоғамның барлық жіктерінің мүдделерін объективті ескеру негізінде əлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жəрдемдесу; ұжымдық еңбек дауларын шешуге жəрдемдесу; əлеуметтік еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ұсыныстарды талдап-тұжырымдау; қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етуге жəрдемдесу, оларды əлеуметтік қорғауды жүзеге асыру; барлық деңгейдегі əлеуметтік-əріптестік тараптары арасындағы кеңестер мен келіссөздер процесіне жəрдемдесу міндеттерін шешуге бағытталған. Əлеуметтік-əріптестік органдары: республикалық деңгейде - əлеуметтік-əріптестік пен əлеуметтік жəне еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия; салалық деңгейде – əлеуметтік-əріптестік пен əлеуметтік ж\е еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия; өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде - əлеуметтік-əріптестік пен əлеуметтік жəне еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық комиссиялар; ұйымдар деңгейінде – қызметкерлердің өкілдері мен жұмыс берушінің арасында еңбек саласындағы өзара нақты міндеттемелерді белгілейтін келісімдер ж\е ұжымдық шарттар нысанында қамтамасыз етіледі, ал шет ел қатысатын ұйымдарда оны ҚР резиденттері халықаралық шарттардың (келісімдердің) ж\е ҚР заңнамасының негізінде қамтамасыз етеді. Тараптары- тиісті атқарушы органдар атынан мемлекет, белгіленген тəртіппен уəкілеттік берілген өз өкілдері атынан қызметкерлер мен жұмыс берушілер. Əлеуметтік əріптестік келісімдер жəне олардың топтастырылуы. Əлеуметтік-əріптестік келісімдер əрекет ету саласы бойынша келесі түрлерге бөлінеді: республикалық деңгейде ҚР Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері арасында Бас келісім жасалады. Бұл акт əлеуметтік-еңбек қатынастарын ең жоғары деңгейде реттеудің жалпы қағидаларын белгілейді. Бұл келісімде тараптардың халықты жұмыспен қамту, еңбекақы төлеу жəне азаматтарға тиесілі өзге де кепілдіктер, əлеуметтік жағдайы нашар тұлғаларды əлеуметтік қорғау, қоғамда ұлттық келісім мен бітімгершілікті қамтамасыз ету саласындағы міндеттемелері басым сипатқа иеленген. өңірлік деңгейде жергілікті атқарушы органдар, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілетті өкілдері арасында өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер жасалады. Салалық деңгейде тиісті атқарушы органдар, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілетті өкілдері арасында салалық (тарифтік) келісім жасалады. |