құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Азаматтарға еңбек етуге өз қабілеттерін қолдануға тең мүмкіндіктер ұсыну;Еңбекқатынастарындағыжұмысберушілердіңқұқықтарыменміндеттерініңтеңдігі. Ізгілік – адамды жоғарғы құндылық деп санай отырып, адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қарастырып, жан-жақты дамуын бағыттай отырып еңбек ету бостандығы қалыптастыру үшін негіз б.т.Қауіпсіздік, санитария, гигиена талаптарын анықтай отырып еңбек заңнамалары қызметкердің өмірі мен денсаулығын қорғайды. Еңбек құқығының қайнар көздері. Еңбек құқығының қайнар көздері ретінде мемлекеттің құзіретті органдарының еңбек жəне өзге де қоғамдық қатынастарды реттеу саласындағы құқық шығарушы қызметінің нəтижелерін тануға болады. Яғни еңбек құқығының қайнар көздері – бұл жалданбалы қызметкерлердің еңбегін пайдалану жəне ұйымдастыру жөніндегі қатынастарды, еңбек нарығын реттейтін нормативтік құқықтық актілер. В.Н.Уваров атағандай, нормативтік құқықтық актілер екі түрге бөлінеді: негізгі жəне туынды. Еңбек заңнамасында негізгі нормативтік құқықтық актілерге ҚР Конституциясы, Конституциялық заңдар, еңбек туралы жекелеген заңдар, ҚР Президентінің НҚ жарлықтары, ҚР Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің жəне Жоғарғы Соттың қаулылары, министрліктердің жəне өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары, еңбек мəселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттің жəне өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары, мəслихаттар мен əкімдердің еңбекті ұйымдастырудаң жергілікті мəселелері жөніндегі нормативтік шешімдер жатады. Еңбек заңнамасы саласындағы туынды нормативтік құқықтық актілерге əр түрлі ережелер, нұсқаулар, ұсыныстар жəне т.б жатады. Туынды актілер негізгі нормативтік құқықтық актілердің негізінде қабылданады жəне олармен бірге біртұтас жүйені құрайды. Қазақстан Республикасының заңнамасы: ҚР Конституциясы, Конституцияға толықтырулар мен өзгертулерді енгізуге байланысты қабылданған заңдар, Конституциялық заңдардан кейінгі басымдылықты кодекстер алады. Сол кодекстердің бірі – Еңбек кодексі болып табылады. Ол негізгі екі бөлімнен тұрады: Жалпы бөлімде: еңбек құқығының түсінігі, мақсаты, еңбек заңдарының қағидалары, еңбек қатынастарының пайда болу негіздері, еңбек қатынастарының субъектілері, еңбек қатынастарын реттеудегі мемлекеттік органдардың құзіреті, еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылады. Ерекше бөлімінде: еңбек шарты, еңбек тəртібі, жұмыс уақыты, демалыс уақыты, еңбек төлемақысы, кəсіби даярлық, тараптардың материалдық жауапкершілігі, жұмысқа тұруы, жеке жəне ұжымдық еңбек дауларын қарау,жұмыскердің жекелеген санаттағы еңбек ерекшеліктерін реттеу, еңбек заңдарын бақылау қарастырылады.
субъектілері ретінде – жұмыс берушілер. Кəсіптік одақтар.Əлеуметтік əріптестер Кез-келген құқық саласы сияқты еңбек құқығының да өзінің субъектілері бар. Осы субъектілер арқылы құқық саласының жалпы құқық жүйесіндегі ерекшеліктері анықталады. Қазіргі кезде еңбек құқығы қатынастарына субъектілер ретінде еңбекке қабілетті азаматтар (қызметкерлер), ұйымдар (жұмыс беруші, яғни кез келген меншік нысанындағы жеке ж\е заңды тұлғалар), еңбек ұжымдары, кəсіптік одақтар ж\е мемлекеттік органдар қатысады. Еңбек құқығы субъектісінің құқықтық мəртебесі ретінде қолданыстағы заңнамаға сəйкес оның еңбек саласындағы негізгі құқықтық жағдайы аталады. Құқықтық мəртебенің келесідей негізгі элементтері бар: Еңбекке құқық қабілеттігі (құқық деликтқабілеттігі); Негізгі (статуттық) еңбек құқықтар ж\е міндеттер; Осы құқықтар мен міндеттердің заңды жалпы ж\е арнайы кепілдіктері; Еңбек құқық бұзушылықтары үшін заңда көзделген жауапкершілік. Еңбек құқығы субъектілерінің маңызды ерекшелігі – оларда еңбекке құқық қабілеттік пен əрекет қабілеттік бір мезгілде болуы тиіс. Есте сақтайтын бір жайт: еңбекке құқық қабілеттік дегеніміз бұл тек еңбек құқығының субъектілері ғана иеленетін ерекше қасиет. |