Главная страница
Навигация по странице:

  • Əкiмшiлiк

  • Келтірілген

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница96 из 190
    1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   190

    Заңсыз салып жатқан немесе салынған құрылысты мəжбүрлеп бұзып тастау.


    Тек екі құрамда ғана болатын өз бетінше, яғни құрылысқа тиісті рұқсат алмай, сондай-ақ құрылыс талаптарын не ғимараттарды, тұрғын үй-жайларды, ғимарат бөліктерін қайта жоспарлау кезінде өрескел бұза отырып құрылыс жүргізген үшін қолданылады. Соттың қаулысы негізінде қолданылады.

    1. Əкiмшiлiк қамауға алу құқық бұзушыны жеке бостандығынан уақытша айыруға жəне Заңнамада көрсетілген мерзімге қамауға алуға бағытталған əкімшілік жазалау шараларының ең қатаң түрлерінің бірі. Осыған байланысты əкімшілік қамауға алу ерекше жағдайларда ғана сотпен тұлғаларға қарсы жəне өзге де құқық бұзушылықтардың (негізінен қоғамдық тəртіпке қарсы құқық бұзушылықтар үшін) жекелеген түрлері үшін белгіленеді. Əкімшілік қамауға алуды судья ерекше жағдайларда қырық бес тəулікке дейінгі мерзімге тағайындайды. Əкiмшiлiк ұстау мерзiмi əкiмшiлiк қамауға алу мерзiмiне қосылады.

    Аталған жазалау шарасын жүктi əйелдерге жəне он төрт жасқа дейiнгi балалары бар əйелдерге, он сегiз жасқа толмаған адамдарға, I жəне II топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегiз жастан асқан əйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге қолдануға болмайды. Əкімшілік қамауға алу соттылыққа жəне жұмыстан босатылуға əкеліп соқпайды. Қамауға алынған тұлғалар осындай жағдайларға арналған ішкі істер органдарының арнайы уақытша орналастыру мекемелерінде ұсталады.
    1. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен əкiмшiлік жолмен кетiру.

    Бұл шара тек шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты сот тəртібінде қолданылады.

    Əкімшілік жолмен кетіруге ұшырайтын тұлғалардың басым көпшілігі заңсыз түрде жүрген жəне тұрып жатқан, яғни пасторттық режимді бұзған жəне жұмыс жасауға рұқсаты жоқ адамдар.

    Келтірілген шығынның орнын толтыру əкімшілік мəжбүрлеу шараларының бір түрі болып табылады. Оларды қолдану əкімшілік құқық бұзушылық салдарынан келтірілген зиянның орнын толтыру жəне бұзылған тəртіпті қалпына келтіру мақсатын көздейді.

    Қолданыстағы ƏҚБтК материалдық жəне моральдық зиянның орнын толдыруды бекітеді. Материалдық зиянды өтеу шараларына: 1) меншік иесіне қайтарылуы тиіс мүлікті əкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның заңсыз иелігінен алып; 2) келтірілген зиянды өтеу.

    Моральдық зиянды өтеу туралы талап Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу кодексіне сəйкес талап өндірісі тəртібінде беріледі.

      1. 1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   190


    написать администратору сайта