Сағынғалиев Д.Н. ҰБТ 2017. ВКонтакте бт академиясы парашасы
Скачать 74.59 Kb.
|
Дәурен Сағынғалиевтың Дүниежүзі тарихы пәнінен Онлайн курстарына қатысушы шәкірттерге арналған ВКонтакте: «ҰБТ Академиясы» парақшасы 2017 жылғы ҰБТ сұрақтарына сараптама. 1. Грек мүсін өнері еркеше дамыған мерзімі: A) Б.з.б. ІV ғ. B) Б.з.б. ІІІ ғ. C) Б.з.б. V ғ. D) Б.з.б. VІІ ғ. E) Б.з.б. VІ ғ. Жауабы: С 2. Б.з.б.IV ғасырда Грекияға қауіп төндірді: A) Словения B) Болгария C) Хорватия D) Македония E) Сербия Жауабы: D 3. ХІV ғ. басында Францияда құрылған өкілетті биліктің ресми атауы: A) Парламент B) Бас Штаттар C) Сенат D) Конгресс E) Кортес Жауабы: В Бас штаттар – феодалдық Франция мен Нидерландыдағы сословиелiк өкiлдiктiң жоғарғы органы. Қалалардың өсуiне, әлеуметтiк қайшылықтардың шиеленiсуiне және таптық күрестiң күшеюiне байланысты пайда болды. Францияда 1302 жылы Жүз жылдық соғыс қарсаңында шақырылды. 4. XV ғ. Еуропада құрылған белгілі университет A) Мадрид B) Гарвард C) Оксфорд D) Принстон E) Ватикан Жауабы: С Еуропада ХV ғасырда 65 университет болды. Бұлардың iшiнде Париж, Болонье (Италия), ОКСФОРД (Англия), Прага, Краков (Польша) университеттерi жұртқа белгiлi едi. 5. Урарту патшалығына қатысты есімдер мен атаулар: A) Ван көлі B) Тешуб C) Армения жері D) Ашур E) Телепин F) Тушпа G) Пирамида H) Анатолия Жауабы: А, С, F 6. Шонжар-афинылықтар бүкіл Аттика жерін жаулап алған уақыты: A) Б.з.б. ІV ғасырда B) Б.з.б. VІ ғасырда C) Б.з.б. V ғасырда D) Б.з.б. VІІ ғасырда E) Б.з.б. VІІІ ғасырда Жауабы: Е 7. Ежелгі Грекиядағы төменгі еркін халық деп атаған: A) полис B) демос C) агора D) патриции E) пантеон F) дорий G) илот H) консул Жауабы: В 8. Ежелгі Римде өткізілген басты ойын-сауықтардың бірі: A) садақ ату B) бұқалар жарысы C) жаяу жарыс D) суға жүзу E) гладиаторлар сайысы Жауабы: Е 9. Ежелгі Римдегі ру бірлестіктерінің жиналысы: A) Трибалар B) Сенат C) Құрылтай D) Курия E) Центуриат Жауабы: D 10. Франктер кезеңінде латынша «үйдің үлкені», «басшысы» деген мағына білдіретін сөз(-дер): A) монах B) феод C) рыцарь D) дворян E) герцог F) граф G) абат H) майордом Жауабы: H Майордом (латынның «үлкен үй» деген сөзiнен шыққан) – Франк мемлекетiндегi V ғасырдың аяғы – VIII ғасырдың ортасындағы сарай меңгерушiсi, ең жоғарғы мемлекет басшысы. 11. Иранда сефевид билігі тұсындағы жер иеліктері: A) «аллод» B) «дивани» C) «інжу» D) «сойырғал» E) «заминдар» F) «шахтық» G) «арбаби» H) «сипахи» Жауабы: В, D, G (XVII ғасырда Иранда феодалдық қатынастар дамып, жерге, суға феодалдық меншiк орнады. Мемлекеттiк меншiктегi жер “ДИВАНИ” деп аталатын. Оған елдегi жердiң басым мөлшерi кiрдi. Отбасының меншiгiндегi жер “хассэ” деп аталды. Iрi феодалдардың қолында олар қызмет еткен кезеңде уақытша пайдаланылатын жекеменшiк жерлер болды. Олар тойыл деп, мұрагерлiкпен мәңгi пайдалануға берiлетiн жерлер СОЙЫРҒАЛ деп аталады. Дiни орындар мен дiни адамдарға меншiкке берiлетiн “уакф”, “мульк”, “АРБАБИ” деп аталатын көлемi үнемi өсiп отыратын iрi жер иелiктерi болды). 12. 1920 ж. РКФСР үкіметі дербестігін мойындаған ел A) Латвия B) Албания C) Монғолия D) Чехия E) Болгария Жауабы: А (1918 жылы Брест бiтiмшарты бойынша Кеңестiк Ресей Латвия мен Эстонияның тәуелсiздiгiн мойындады. Латвияда К. Ульманистiң, Эстонияда К. Пятстiң үкiметтерi құрылды. 1920 жылы РКФСР жаңа республикаларды мойындады. Қызыл Армияның бөлiмшелерi бұл елдерден шығарылды. Аталған елдерде құрылтай жиналысына сайлау өткiзiлiп, ұлттық Конституция қабылданды). 13. Стамбулдағы 1730 ж. көтерілістің негізгі себебі A) жастарды әскерге шақыруы B) жер салығының көбеюі C) әскери салықтың енгізілуі D) нан бағасының көтерілуі E) қаладағы ашаршылық Жауабы: С (1730 жылдың басында үкiметтiң бұйрығымен өте жоғары әскери салық енгiзiлiп, бұл қала халқының шектен тыс наразылығын тудырды. Осы жылы күзде Стамбұлда Патрон Халил бастаған қала кедейлерiнiң көтерiлiсi басталды). 14. ХІХ ғ. әлемге микробиология деп аталатын жаңа ғылымды сыйлаған ғалым: A) Луи Пастер B) Роберт Майер C) Джон Дальтон D) Конрад Рентген E) Майкл Фарадей Жауабы: А (Луи Пастер (1822—1895) әлемге микробиология деп аталатын жаңа ғылымды сыйлады). 15. Ф.Энгельс «Заманауи химияның атасы» деп атаған ағылшын ғалымы: A) Джон Дальтон B) Луи Пастер C) Роберт Майер D) Майкл Фарадей E) Конрад Рентген Жауабы: А (Ағылшын Джон Дальтон зат құрылысының атомдық теориясын негiздедi. Ол химияға атомдық салмақ туралы түсiнiк енгiздi және бiрiншi болып химиялық формулалар қолдана бастады. Ф.Энгельс Дальтонды заманауи химияның атасы деп атады). 16. Физиктердің арасынан тұңғыш рет Нобель сыйлығын иеленген В.К.Рентгеннің ашқан жаңалығы: A) электромагниттік толқындар B) тартылыс заңы C) стерилизация D) Х-сәулелері E) электромагнитік индукция Жауабы: D (1895 жылдың соңында Германия физигi Вильгельм Конрад Рентген (1845—1923) Масквеллдiң электромагниттiк толқындар теориясына сүйене отырып көзге көрiнбейтiн, өздерi Х сәулелерi деп атаған сәулелердi ашты. Бұл ұлы жаңалық бiрден медицина тәжiрибесiне енгiзiлiп, оның негiзiнде жасалған рентген аппараты көпшiлiктiң қызығушылығын тудырды. Ендi дәрiгерлер аурулардың iшкi зақымдарын, сынған сүйектерiн көрiп, бақылауға мүмкiндiк алды. Физиктердiң арасында тұңғыш рет Рентгенге Нобель сыйлығы берiлдi). 17. Әлемдік тартылыс заңын тұжырымдаған ғалым: A) Джон Локк B) Исаак Ньютон C) Фрэнсис Бэкон D) Иоаганн Кеплер E) Рене Декарт Жауабы: В (Ғылымдар тарихындағы бүтiн бiр кезеңдi ағылшын ғалымы Исаак Ньютон (1643 — 1727) еңбектерi құрайды. Өзiне дейiнгiлердiң жетiстiктерiне сүйене отырып, ол әлемнiң жаңа келбетiнiң пайда болуын, математика мен механиканы қоса отырып негiздедi. Өзiнiң ең басты “Табиғат философиясының математикалық принциптерi” (1687) деген еңбегiнде ғалым әлемдiк тартылыс заңын тұжырымдады). 18. Майкл Фарадейді 1831 жылы ашқан жаңалығына байланысты заманастары атады: A) «Ұлы ойшыл» B) «Ұлы ағартушы» C) «Найзағай әміршісі» D) «Мазурка королі» E) «Ғұлама замандас» Жауабы: С (1831 жылы Майкл Фарадей электромагниттiк индукция құбылысын ашты. Бұл жаңалық электрқозғалтқышты жасауға жол ашты. Фарадейдi замандастары “найзағай әмiршiсi” деп атаған. Ғалым корольдық қоғамның, көптеген академиялардың мүшесi, соның iшiнде Петербург академиясы оны өз мүшесi етiп сайлаған). 19. 1882 ж. Үштік одақ шартына қол қойған елдердің бірі A) Голландия B) Испания C) Австро-Венгрия D) Франция E) Португалия Жауабы: С (ХХ ғасыр басындағы еуропада басты екі әскери-саяси одақ құрылды. Біріншісі, Үштік одақ, Франция-Пруссия соғысынан кейін қалыптасты. Канцлер Бисмаркті Германияның Еуропа орталығындағы жағдайы мазалап, «одақтар сұмдығы» тынышын алды. Қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында герман билеуші топтары өз одағын құрмақшы болып, мүдделестер іздеді. Ең қолайлысы көршілес Австрия-Венгриямен байланыс орнатып, Франциямен арасында кикілжіңі бар Италияны өз жағына тарту болды. Осылай, біртіндеп, 1882 жылы Германия, Италия және Австро-Венгрияның Үштік одағы құрылды, ол 1892 жылы жаңарып, 1915 жылы Италия одан шыққанға дейін өмір сүрді. Үштік одақтың құрылғанын Франция өзіне төнген қауіп деп түсініп, оған қарсы тұратын күш іздеді. Ондай одақтас ең алдымен Ресей болуы мүмкін еді. Оны іске асыру үшін Франция мен Ресей арасындағы Таяу және Қиыр Шығыстағы қайшылықтарды реттеу қажет болды. Франция мен Ресей француз-орыс одағын құрып, әскери-саяси конвенция (1891-1893) жасасты. 1907 ж. ағылшын-орыс келісімі Англия, Франция және Ресей құрамындағы Антантаның құрылуын тәмамдады. Үштік одақтың Антантаға қарсы тұруы көп ұзамай Бірінші дүниежүзілік соғысқа алып келді). 20. Англиядағы «Мемлекет ішіндегі мемлекет» сияқты ерекше құрылымға ие болған компания: A) Кеден одағы B) Вест-Үнді C) Ганза одағы D) Неміс сауда одағы E) Ост-Үнді Жауабы: Е (ХVI ғасыр бойында Англияда бiрнеше iрi сауда компаниялары пайда болған едi, олар дүниенiң әр түкпiрiмен сауда байланыстарын жүргiзiп отырды. ХVII ғасырдың басында солардың iшiндегi ең мықтысы, атақты Ост-Үндi компаниясы болды. Бұл компания, негiзiнен, Үндi мұхиты арқылы сауда жүргiзетiн едi. ОСТ-ҮНДI компаниясы Англиядағы “мемлекет iшiндегi мемлекет” сияқты ерекше құрылым болды). 21. Б.з.б. 221 жылы ұлы билеуші – хуанди атағын алған қытайлық патша(-лар): A) Ван Ман B) Чжан Цзяо C) Ин Чжен D) Сыма Сянжу E) У Ди F) Фан Чун G) Шан Ян H) Бань Чао Жауабы: С (Бүкіл патшалықты өзіне бағындырып алған Ин Чжен б.з.б. 221 жылы Хуанди атағын алып, бірінші ұлы билеуші болды). 22. Ресейдің діни дербестігін нығайтып, патриархтың ролін арттырған орыс патшасы (-лары): A) I Петр B) I Александр C) Борис Годунов D) Иван Грозный E) I Николай F) II Петр G) Елизавета H) Анна Иоанновна Жауабы: С (Б. Годунов 1598 жылы таққа отырды. Ресейдiң дiни дербестiгiн нығайту, рухани жағынан күшейту үшiн Ресей қоғамында патриархтың рөлiн арттырады. Сыртқы саясатта, 1590–1593 жылдарда шведтермен соғыстың барысында – Балтық теңiзiндегi Иван-Город, Ям, Копорье және т. б. бекiнiстердi қайтарады). 23. XIX ғ. ортасында «шығыс мәселесі» төнірегінде «Осман мұрасын» бөлісу үшін саяси бақталастықты жандандырған ел(-дер): A) Италия B) Германия C) Португалия D) Франция E) Ресей F) Испания G) Жапония H) Англия Жауабы: D, E, H (1768—1774 жылдардағы орыс-түрiк соғысы Осман империясының сыртқы саясатта беделiнiң түскендiгiн көрсеттi. Түрiктердi осы соғысқа итермелеген Франция оған ешқандай көмек көрсеткен жоқ. Нәтижесiнде Осман империясы Еуропадағы иелiктерiнен толық айырылды. Батыс елдерi түрiктердi Еуропа аумағынан толық қуып шығып, “осман мұрасын” бөлiсу мәселесiн күн тәртiбiне қоя бастады. Бiрақ Ресейдiң Балқан мен Жерорта теңiзiнде күшейiп кетуiнен қауiптенген Англия мен Франция II Екатеринаның саясатына қарсы шығып, Осман империясының тұтастығын қорғауға мәжбүр болды. Осыдан келiп империядан бөлiнген аумақтардың тағдыры еуропалықтардың қолына көштi. Осман империясынан бөлiнген аумақтар үшiн бәсекелестiк күрес “шығыс мәселесi” деген саясатты дүниеге әкелдi). 24. ХХ ғасырдың басында араб елдерінде тәуелсіздік алуды мақсат тұтып құрылған топ(-тар): A) «Жаңа османдар» B) «Халықшылдар» C) «Жас түріктер» D) «Мұсылмандар лигасы» E) «Жас Арабия» F) «Байрақ» G) «Отан» H) «Республикалық реформалар партиясы» Жауабы: Е, G, H (Мысырдың жас зиялылары мен офицерлерi қолдап “Отан” ұйымын құрып, “Мысыр — мысырлықтарға” деген ұран тастады. ХХ ғасырдың басында Түркияда жас түрiктер революциясы басталды. Сирияда, Ливанда, Тунисте, Палестинада, Иракта автономия алу және бiрiккен тәуелсiз араб мемлекетiн құру жоспарларын ұсынған топтар пайда болды (“Араб-осман қоғамы”, “Жас Арабия”, “Республикалық реформалар партиялары”). 25. Араб елдерінің Лигасы құрылған жыл: A) 1950 ж. B) 1988 ж. C) 1961 ж. D) 1953 ж. E) 1966 ж. F) 1980 ж. G) 1945 ж. H) 1973 ж. Жауабы: G (Египет Германияға қарсы соғыс жариялауға 1945 жылғы ақпанда ғана келісті. Сөйтіп, БҰҰ құруға қатысты. 1945 жылы мамыр айында француз отаршылары алжир халқының ұлт-азаттық қозғалысын әскери күштерді пайдаланып басып тастады. Соғыс аяқталар кезде араб елдері бірігу мәселесін қайта көтеріп, Араб елдерінің Лигасын құрды). 26. АҚШ-Египет-Израиль елдері Кэмп –Дэвид келісіміне қол қойған жыл (-дар) |