Сағынғалиев Д.Н. ҰБТ 2017. ВКонтакте бт академиясы парашасы
Скачать 74.59 Kb.
|
Птоломейдің жүйесі бойынша әлем кіндігі (центрі) ретінде қозғалмайтын жер қабылданса, оның жүйесінде центр ретінде күн алынады. Бұл жаңалықтарын өзінің «Аспан сфераларының айналуы» атты кітабында баяндайды. Мәтінде сипатталған оқиғаның уақытын анықтаңыз: A) ХІV- ХV ғасырлар B) ХV-ХVІ ғасырлар C) ХVІ –ХVІІ ғасырлар D) ХVІІ – ХVІІІ ғасырлар E) ХVІІІ –ХІХ ғасырлар Жауабы: В 87. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы, ол 1491-1495 жылдары Краков университетінде оқыған, 24 жасында каноник (діни қызмет) болып сайланды. Ол біраз уақыт Италияда болып Болонья, Падуя, Феррора университеттерінде астрономия, философия, заң, медицина, т.б. ғылым салалары бойынша білім алады. Кейін отанына қайтып оралып ғылыми және саяси жұмыстарға араласады. Оның ғылыми қызметі сан алуан саланы қамтиды, алайда ғылым тарихыда оның астрономиялық еңбектерінің ерекше маңызы болды. Птоломейдің жүйесі бойынша әлем кіндігі (центрі) ретінде қозғалмайтын жер қабылданса, оның жүйесінде центр ретінде күн алынады. Бұл жаңалықтарын өзінің «Аспан сфераларының айналуы» атты кітабында баяндайды. Мәтінде сипатталған тұлғаны анықтаңыз: A) Н.Коперник B) Г.Галилей C) М.Фарадей D) И.Кеплер E) Д.Бруно Жауабы: А Ғарыш әлемi жөнiндегi дiни көзқарастарға Польшаның ұлы ғалымы Николай Коперник (1473–1543) күйрете соққы бердi. Ол 1507 жылы Жер және басқа планеталар Күндi айналып жүредi деген тұжырымын ғылыми жолмен дәлелдедi. «Аспан денелерiнiң айналысы туралы» атақты еңбегiн жазды. 88. «Хорват мемлекеттік соборы қазіргі кезде соғысушы мемлекеттрдің барлығы мойындаған ұлттардың өзін-өзі басқаруға толық құқылығы негізінде осы шешімді қабылдады: 1.Хорватия, Словения, Далмация, жері және Венгр корольдігі мен Австрия империясының арасындағы бұрынғы мемлекеттік құқықтық қатынастар үзіледі. 2.Далмация, Хорватия, Словения Рискпен бірге Венгрия мен Австрияға қатыссыз толық тәуелсіз мемлекет деп жарияланады және қазіргі халықтық принциптерге байланысты словактардың, хорваттар мен сербтердің бірлігі негізінде словен, хорват және серб халқы тұратын ешқандай аймақтық және мемлекеттік шекараларға қарамастан, осы халықтар тұратын барлық этнографиялық аумақты қамтыған словактардың, хроваттардың және сербтердің тәуелсіз біртұтас халықтық мемлекетіне бірігеді». Мәтін бойыншақ құжаттың атауын анықтаңыз: A) Версаль келісімі B) Серб соборының қаулысы C) Вашингтон келісімі D) Питтсбургте келісімі E) Хорват соборының қаулысы Жауабы: Е 89. «Хорват мемлекеттiк соборы қазiргi кезде соғысушы мемлекеттердiң барлығы мойындаған ұлттардың өзiн-өзi басқаруға толық құқығы негiзiнде осы шешiмдi қабылдады: 1. Хорватия, Словения, Далмация жерi және Венгр корольдiгi мен Австрия империясының арасындағы бұрынғы мемлекеттiк құқықтық қатынастар үзiлдi. 2. Далмация, Хорватия, Словения Риекомен бiрге Венгрия мен Австрияға қатыссыз толық тәуелсiз мемлекет деп жарияланады және қазiргi халықтық принциптерге байланысты словактардың, хорваттар мен сербтердiң бiрлiгi негiзiнде словен, хорват және серб халқы тұратын ешқандай аймақтық және мемлекеттiк шекараларға қарамастан, осы халықтар тұратын барлық этнографиялық аумақты қамтыған словактардың, хорваттардың және сербтердiң тәуелсiз бiртұтас халықтық мемлекетiне бiрiгедi». Мәтінде сипатталған қаулы негізінде құрылған мемлекетті анықтаңыз: A) Югославия B) Словения C) Сербия D) Хорбатия E) Румыния Жауабы: А (Австро-Венгрияның оңтүстік славян жерлеріндегі австриялықтарға қарсы шығулар 1918 ж. күзінде басталды. Бұл кезде Адриатика жағалауындағы жерлердің бір бөлігін басып алуға тырысып, Италия соғыс қимылдарын жалғастыра берді. Бұл қауіпке бетпе-бет келген Сербия корольдігі және осы кезде пайда болған словендер, хорваттар мен сербтердің мемлекеті Сербтердің, хорваттардың және словендердің корольдігіне бірігу туралы шешім қабылдады. Кейінірек оған Черногория да енді. өзінің ұлттық және діни құрамы жағынан ала-құла мемлекет Югославия деп аталды). 90. Ақгвардияшылар мен басқыншыларға қарсы шайқастарда кеңес халқының бұл одағы орныға түстi. Кеңестiк республикалар жоғарғы органдарының барлық күштi Кеңес өкiметiнiң жауларына қарсы қарулы күрес жолында бiрiктiру туралы тiлектерiнiң негiзiнде БОАК «Ресей, Украина, Латвия, Литва, Белоруссия әскери одағы пайда болғаннан бастап басқа да кеңес республикалары қосылды. Азамат соғысы Орта Азияда, Закавказье мен Қиыр Шығыста аса қиын жағдайларда өттi. Өздерінің шетте орналасқандықтарына байланысты олар империалистiк мемлекеттер тарапынан басқыншылыққа бiрiншi болып ұшырады және басқыншылар елiмiздiң басқа аудандарына қарағанда, бұл жерлерде ұзағырақ кiдiрдi. Жұмысшы табы санының аздығына байланысты Ресейдiң шет аймақтарының еңбекшi бұқарасы жергiлiктi буржуазиялық ұлтшылдардың үлкен ықпалында болды... Мәтінде көрсетілген Кеңес Республикаларының одағын анықтаңыз: A) Социалистік B) Достастық C) Федерациялық D) Әскери-саяси E) Тәуелсіз мемлекеттер Жауабы: D 91. 1920 жылы желтоқсанда Франция коммунистік партиясы құрылған қала (-лар): A) Шампань B) Тулуза C) Версаль D) Рур E) Анжу F) Париж G) Компьен H) Лион Жауабы: D 92. Ресейдегі 1861 жылғы «19 ақпан ережесі» бойынша помещиктерге тыйым салынды: A) шаруаларды айырбастауға B) шаруаларды кепілдікке беруге C) шаруаларды сатып алуға D) басқа сословиеге ауысуға E) рұқсатсыз сыртқы сауда жасауға F) жылжымайтын мүлік иеленуге G) оброк алуға H) айырбас сауда жасауға Жауабы: А, В, С (1861 жылы 19 ақпанда II Александр патша басыбайлылық құқықты жою туралы манифеске және “Шаруалардың жаңа құрылымы туралы ережеге” қол қойды. “19 ақпан ережесi” бойынша шаруаларға жеке бас бостандығы берiлдi. Помещиктердiң ендi шаруаларды сатуға, сатып алуға, сыйлық, кепiлдiк ретiнде беруге, айырбастауға құқықтары болмады. Шаруалар жылжымалы және жылжымайтын мүлiктер иеленуге, басқа сословиеге ауысуға құқық алды). 93. Дүние жүзіндегі ең ежелгі жазу жүйесін қалыптастырған халық (-тар): A) финикиялықтар B) аккадтықтар C) шумерліктер D) египеттіктер E) сириялықтар F) вавилондықтар G) лагаштықтар H) урартулықтар Жауабы: С 94. 1814 жылы Вена Конгресінің шешімін қабылдаған мемлекет (-тер): A) Франция B) Бельгия C) Дания D) Неаполь E) Австрия F) Англия G) Испания H) Ресей Жауабы: Е, F, Н 95. Вена когресінің нәтижесі: A) Еуропада монархиялық билік жойылды B) Герман одағы таралды C) Нидерланды корольдігі құрылды D) Францияда ІІ Республика жарияланды E) Еуропа елдерінің байланысы әлсіреді F) Саяси тұрақсыздық қалыптасты G) Сардиния корольдігі қайта құрылды H) Франция сақталып қалды Жауабы: С, G, Н (1814 жылдың қыркүйегiнде Вена қаласына бүкiл Еуропа мемлекеттерiнiң өкiлдерi конгреске шақырылды. Венаға 216 мемлекеттiң өкiлдерi келдi. Конгресс шешiмiн төрт мемлекет — АВСТРИЯ, АНГЛИЯ, ПРУССИЯ және РЕСЕЙ қабылдады. Францияның маңайында “тосқауыл” мемлекеттер пайда болды. Дамыған және бай Бельгия әлсiз Голландиямен бiрiгiп НИДЕРЛАНДЫ КОРОЛЬДЫҒЫН ҚҰРДЫ. Италияда САРДИНИЯ КОРОЛЬДЫҒЫ қайта құрылып, оған Генуя қосылды, сондай-ақ Савойя мен Ницца қайтарылды. Тепе-теңдiктi орнату үшiн ұлы мемлекеттер қуатты ФРАНЦИЯНЫ САҚТАУ туралы шешiм қабылдады. 1815 жылдың қарашасында төрт жеңiмпаз мемлекет Франциямен оның революцияға дейiнгi шекарасын бекiтетiн келiсiмшартқа отырды. Франция өз аумағын жоғалтқан жоқ). 96. XX ғ. Кәшмір жері үшін қарулы қақтығыстар жүргізіп жатқан елдер: A) АҚШ пен Ресей B) Үндістан мен Пәкстан C) Үндістан мен Ауғанстан D) Қытай мен Бангладеш E) Қытай мен Пәкстан Жауабы: В (1947 жылы лейбористер Үндістанға тәуелсіздік беруге келісті. Ағылшындар елден әскерін шығарар алдында елді екі мемлекетке (доминионға) бөлу ісін қарастырды. Бірі - Үнді Одағы (бір топ провинциялар және князьдықтар). Екіншісі - Пәкстан. Екі елдің тәуелсіздігі 14-15 тамыз күндері жарияланды. Жаңа өмірге келген екі бауырлас ел арасында КАШМИР және ЖАММУ князьдығы үшін соғыс басталды. Ол 1949 жылғы 1 қаңтарға дейін созылды). 97. 1861-1885 жылдар аралығында АҚШ-тағы билік еткен партия: A) Консерваторлық B) Демократиялық C) Республикалық D) Социалистік E) Жалпыштаттық Жауабы: С (1854 жылы Чикаго қаласында республикалық партия құрылды. Оның жетекшiсi Авраам Линкольн америкалық демократияның негiздерiн қара құлдарды азат ету және аграрлы мәселелердi шешу арқылы елеулi түрде кеңейттi. Республикалық билiк 1861 жылы басталып, 1885 жылға дейiн, яғни Ақ үйде жаңа президент-демократ пайда болып, қоспартиялық жүйенi толық қайта орнатқанға дейiн жалғасып келдi). 98. ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда Ресейдегі қайта құруларды жүзеге асырды: A) ІІ Николай B) ІІ Елизавета C) І Петр D) ІІ Александр E) ІV Иван (XVII ғасырдың соңы - XVIII ғасырдың бiрiншi ширегiндегi І Петр жүзеге асырған қайта құрулардың нәтижесiнде Ресей ұлы державаға айналды). 99. Ұлы Моғол мемлекетінің билеушілерінің бірі: A) Ұлықбек B) Говинд C) ІІІ Селим D) Дуррани E) Аурангзеб Жауабы: Е (Аурангзеб падишах (1658-1707) - моғолдардың соңғы билеушiсi ) 100. ХVІ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Үндістанның солтүстігіндегі мұсылман мемлекеті: A) Сикха B) Раджпутра C) Дели сұлтандығы D) Харши E) Гупта Жауабы:С 101. 1921 ж. Түркияның Сакария шайқасындағы жеңісінен кейін М.Кемалға берілген атақтар: A) инам, генерал B) маршал, қазы C) капитан, маршал D) лейтенант, қазы E) халиф, паша Жауабы: В (1923 жылы 29 қазанда Түркия Республикасы жарияланды. Республиканың бірінші президенті болып М. Кемал паша сайланды. Сакария жеңісінен кейін М. Кемалға маршал шені мен қазы атағы берілді). 102. 1618-1648 жылдары Испания соғыс жүргізген ел (-дер): A) Испания B) Германия C) Англия D) Польша E) Франция F) Дания G) Голландия H) Швеция Жауабы: E, G, H 103. 1618-1648 жылдары Францияға қарсы соғыс жүргізген ел (-дер): A) Испания B) Германия C) Англия D) Польша E) Финляндия F) Дания G) Голландия H) Швеция Жауабы: В, D, A (1618 жылы ФРАНЦИЯ ШВЕЦИЯ, ГОЛЛАНДИЯ, ДАНИЯ жағында ГЕРМАНИЯ, ПОЛЬША, ЛИТВА, ИСПАНИЯҒА қарсы соғысқа қатысты. Ол соғыс 30 жылға, яғни 1648 жылға дейiн созылды. Cоғыстың нәтижесiнде Франция Германиядан Эльзас жерiн тартып алды. Испаниямен соғыс тек 1659 жылы аяқталды). 104. 1358 жылы Жакерия деп аталған шаруалар көтерілісінің басшысы: A) Ян Гус B) Батыр Карл C) Жанна д’Арк. D) Гильом Каль E) Уот Тайлер Жауабы: D (Соғыс ауыртпалығы француз шаруаларының наразылығын туғызды. 1358 жылы олар көтерiлiске шықты. Көтерiлiс Жакерия деп аталды. «Жак» деген сөз Жаков деген адам атынан шыққан. Француз шонжарлары шаруаларды келеке етiп солай атайтын. Шаруалар отрядтарын Гильом Каль басқарды.) 105. ХVІІ ғасырда Моңғолия жерінде болған хандықтардың бірі: A) Жоңғар хандығы B) Ойрат хандығы C) Хошаут хандығы D) Торғауыт хандығы E) Моңғол хандығы Жауабы: А 106. 1950-1960 жж. Түркияның саяси билік басында болған Демократиялық партияларының басшыларының бірі: A) Джемал Баяр B) Абдулла Гюль C) Сүлеймен Димерел D) Тұрғыт Озал E) Ахмет Неджит Сезер Жауабы: А (Түркия үкіметі 1946 жылдан бастап көппартиялық саяси тәртіпті жақтайтынын білдірді. Сол жы лы қаңтарда бұрыннан келе жатқан Халықтық Республикалық партиядан бөлініп шыққан Түркияның Демократиялық партиясы құрылды. Демократиялық пар тияның басшылары: Джемал Баяр - республика президенті, Аднан Мендерес премьер-министр болып сайланды. Олар саяси билік басында 10 жыл (1950—1960 жж.) отырды). 107. Батыс Рим империясы құлаған жыл: A) б.з.б. 71 ж. B) б.з.б 476 ж. C) б.з.б. 455 ж. D) б.з.б. 452 ж. E) б.з.б. 451 ж. F) б.з.б. 475 ж. G) б.з. 74 ж. H) б.з.б. 410 ж. Жауабы: В (Негізінен б.з. 476 жылы. Опечатка) 108. Ахейлік қала-мемлекет (-тер) A) Пилос B) Микены C) Тиринф D) Тушпа E) Вавилон F) Мемфис G) Фивы H) Ашшур Жауабы: А, В, С 109. 1608 француз отарының орталығ болған Квебек қаласы орналасқан жер (-лер): A) Боливия B) Чили C) Бразилия D) Мексика E) Канада F) Аргентина G) Гаити H) Куба Жауабы: Е 110. Париж Коммунасының қайраткері (-лері): A) Л.Варлен B) Дж.Брайен C) Л.Мишель D) О.Барро E) Л.Орлеанский F) Ф.Коннор G) А.Тьер H) Я.Домбровский Жауабы: А, С, Н (Басталған көтерiлiске жетекшiлiк етудi Ұлттық гвардияның Орталық комитетi өз қолына алды. 1871 жылы 26 наурызда қалалық өзiн-өзi билеу органы - Париж Коммунасының Кеңесiне жалпы және төтенше сайлаулар өткiзiлдi. Оған 85 адам сайланды. Жаңа үкiмет Париж Коммунасы деп аталды. Тұрақты әскер мен полиция Ұлттық гвардия ретiнде қаруланған халықпен ауыстырылды. Коммуна кеңесi жоғарғы заң шығару және атқару билiгi рөлiн атқарды. Коммунаның белгiлi қайраткерлерi - ЛЕО ФРАНКЕЛЬ, ЛУИ ЭЖЕН ВАРЛЕН, мұғалiм ЛУИЗА МИШЕЛЬ, поляк революционерi ЯРОСЛАВ ДОМБРОВСКИЙЛЕР болды). |