Сағынғалиев Д.Н. ҰБТ 2017. ВКонтакте бт академиясы парашасы
Скачать 74.59 Kb.
|
Мәтінде сипатталған министрлер туралы актінің осы елде қабылданғанын анықтаңыз: A) Италия B) Франция C) Германия D) Ұлыбритания E) АҚШ Жауабы: D (Үзiндi 1937 жылы қабылданған Тәж министрлерi туралы акттен алынды.) 71. Моңғол халқының КСРО-ға көрсеткен көмегi Елде кеңес армиясының жауынгерлерiне сыйлық жинау науқаны басталып, ол тез арада кең қанат жайды. Небәрi екi-үш айдың iшiнде көптеген сыйлық жиналып, 1941 жылдың қарашасында майданға алғашқы сыйлық тиеген эшелондар жөнелтiлдi... МХРП Орталық Комитетiнiң Пленумы (1941 ж., қарашада) КСРО-ны қорғау қорына қаражат жинау және кеңес армиясының жауынгерлерiне сыйлық жинауды одан әрi дамытуға шақырды. Моңғол халқы бұл үндеудi қызу қарсы алды. 1943 жылы 12 қарашада Мәскеуге таяу жерде маршал Чойбалсан бастаған арнайы делегация кеңес жауынгерлерiне моңғол еңбекшiлерi жинаған қаражатқа соғылған «Революциялық Моңғолия» атты танк колоннасын тапсырды. Машиналарында «Чойбалсан», «Хатан-Батор Махсаржаб», «Арахангай» деген жазулары бар танк колоннасы КСРО қарулы күштерiнiң құрамына енiп, 44-гвардиялық Бердичев танк бригадасын құрды. Бұл бригада жауынгерлерiнiң даңқты әскери жолы Берлинде Рейхстаг түбiнде аяқталды. Жауынгерлiк ерлiгi үшiн бригада 7 орденмен, оның iшiнде, МХР-дiң Жауынгерлiк Қызыл Ту орденiмен марапатталды. МХР еңбекшiлерi өз қаржыларына “Моңғолия араты” атты авиация эскадрасын сатып алып, Қызыл Армия жауынгерлерiне сыйға тартты. 1944 жылы кеңес армиясына сыйлық ретiнде МХР-ден оның солдаттары мен офицерлерiне 10 мың жылқы, 127 вагон азық-түлiк, киiм-кешек, т.б. жiберiлдi. Моңғолияның сыртқы саясатта ұстанған бағытын көрсетіңіз: A) жабық есік саясаты B) араласпау саясаты C) антифашистік D) бейтараптық ұстаным E) үшінші жол бағыты Жауабы: С 72. Кiшi хурал мен Моңғол Халық Республикасының үкiметi моңғол халқының өз бостандығына, тәуелсiздiгi мен толық егемендiгiне деген ғасырлар бойғы арманымен жiгерленiп... Бiрiккен Ұлттар ортақ iсiне өз үлесiн қосу мақсатымен Бiрiккен Ұлттар жағына шығып, Жапонияға қарсы қасиеттi соғыс ашатындығын салтанатты түрде жариялайды және осы жылдың 8 тамыз күнi Мәскеуде жарияланған Кеңес үкiметiнiң мәлiмдемесiне толық қосылады. Моңғол Халық Республикасы үкiметiнің мақсаты: A) Моңғол мемлекетін нығайту B) Соғысты тезірек аяқтау C) Өз жерлерін қайтарып алу D) КСРО-мен одақтастығын білдіру E) Ірі державалар қатарына қосылу Жауабы: D (1945 ж. 8 тамызда Кеңес Одағы өзіне алған міндеттемелеріне сәйкес Жапонияға соғыс жариялады. Кеңес Армиясы жапон басқыншыларына қарсы шабуылды Солтүстік-Шығыс Қытайдан, Солтүстік Кореядан, Оңтүстік Сахалин мен Куриль аралдарынан бастады. Жапонияға Монғол Халық Республикасы да соғыс жариялады). 73. Моңғол Республикасының орнауы Халық үкiметi мен Боғды хан арасындағы серттi келiсiмнiң тоқтатылуына байланысты (соңғысы қайтыс болғандықтан) республика жарияланды. 1. Боғды ханның мөрiн сақтау үшiн үкiметке тапсырылсын. 2. Елде мемлекет басшысы ретiнде президентсiз республикалық құрылыс енгiзiлiп, жоғары билiк Ұлы Халық Хуралы мен ол сайлайтын үкiметке берiлсiн. 3. Моңғол Халық Республикасының бiр жылдығы Моңғол мемлекетiнiң құрылған күнiмен бiрге әр жылда сол ай туған сәттiң 6-сы күнiнде мерекеленсiн. 4. “Билiгiн көпшiлiк мойындаған” (хандықты) басқару жылы сол күнi, осы жылдың 14-iнен бастап “Моңғол мемлекетiнiң жылы” деп өзгертiлсiн. Мәтінде көрсетілген құжаттың сипаты: A) Бұйрық B) Баянхат C) Жарлық D) Үндеу E) Жолдау Жауабы: С 75. Моңғолия 1 қараша, 1921 жыл. 1.Монғол мемлекетінің ханы-Чжебцзун-Дамба-хутухта-қасиетті сары діннің басшысы-мемлекеттік жұмыстарға араласпайды, ал діни мәселелерде шексіз құқықтарға ие. 2. Чжебцзун-Дамба-хутухта конституциялық монархия түріндегі басқару жүйесі бар Монғол халық мемлекетінің ханы бола тұра, барлық мемлекеттік істерді халық үкіметінің төрағасы арқылы жүргізеді. 3.Үкімет бастамасы бойынша Монғол халық мемлекетінің негізін жақсарту мен нығайтуға бағытталған және халық игілігіне арналған заң актілері Боғды ханға баяндалғаннан соң ғана іске асырылады,Боғдыхан ондай заңдарды қабылдаусыз тастай алмайды. Басқа сипаттағы ұсынылған заң актілерін Боғды хан өзіне баяндалған кезде екінші рет талқылау үшін қайтарып бере алады, алайда тек бір-ақ рет. 4.Мемлекеттік төңкеріс немесе басқа да іштей тәртіпсіздіктер басталса, үкімет Боғды ханға баяндамай-ақ, маңызды шаралар қолданып, заң шығара алады. Халықтық-революциялық үкімет пен Боғдыхан келісімге қол қоя отырып,оны мүлтіксіз сақтауға серт береді. Мәтінде берілген құжат бойынша монғол тарихының кезеңін анықтаңыз: A) Азамат соғысы B) Республикалық басқаруға өту C) Демократиялық жаңару D) Монархия дәуірі E) Отаршылдық кезеңі Жауабы: B (КСРО-ның көмегімен құрылған Халық үкіметі боғдыхан билігін қалдырып, діни мәселелермен ғана шұғылдануға көндірді. Сөйтіп, 1921-1924 жылдарда Моңғолия шектеулі монархия түріндегі мемлекеттер қатарында болды). 76. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мен Монғол Халық Республикасының үкіметтері осы хаттамаға қол қойды 1-бап. КСРО немесе Монғол Халық Республикасының аумағына үшінші бір мемлекеттің тарапынан шабуыл жасау қаупі төнсе, КСРО мен МХР үкіметтері қалыптасқан жағдайды тез арада бірігіп талқылауға және өз аумағын қауіпсіздендіруге қажетті шаралардың барлығын қолдануға міндеттенеді. 2-бап. КСРО және МХР үкіметтері келісуші жақтардың біреуіне әскери шабуыл жасалған жағдайда бір-біріне кез келген,соның ішінде әскери көмек көрсетуге міндеттенеді. Мәтінде көрсетілген келісімге байланысты жағдайды көрсетіңіз: A) Гоминдан тарапынан қауіп B) Қытай тарапынан қауіп C) Ішкі талас-тартыстың күшеюі D) Германия тарапынан қауіп E) Жапония тарапынан қауіп Жауабы: Е (Кеңестік Ресей дипломатиялық қатынасты орнатқан елдің алғашқыларының бірі Моңғолия болды. 1931 жылы ЖАПОНИЯНЫҢ Маньчжурияны жаулап алуы, оның кеңесманьчжур және моңғол-маньчжур шекараларындағы арандатушылық әрекеттеріне қарсы кеңес-моңғол келісімдері жасалды. 1934 жылы Кеңес үкіметімен өзара көмек жөнінде келісім жасалды. 1940 жылы наурызда Моңғолия халықтық-революциялық партиясының Х съезінде жаңа конституцияның жобасы мақұлданды). 77. Қытай Коммунистiк партиясының саяси революциясы «Қытай революциясының қазiргi кезеңi өзiнiң сипаты жағынан буржуазиялық-демократиялық болып табылады. Қытай революциясының қазiргi кезеңi социалистiк революцияға айналды, сол себептен Қытай революциясын “үзiлiссiз” революция деп есептеу қателiк болар едi, себебi: а) елдiң шын мәнiсiндегi бiрiгуi аяқталған жоқ, ол әлi империалистiк тепкiден азат етiлген жоқ; б) помещиктiк жер иелену жүйесi әлi жойылған жоқ, феодалдық қалдықтардың тамыры қиылған жоқ; в) қазiргi өкiмет халықаралық империализмнiң экономикалық және саяси қолдауына арқа сүйеген ұлттық буржуазияның кертартпа одағының өкiметi... Сондықтан да Қытай революциясының қазiргi өзегi, оның негiзгi және басты ортақ мiндеттерi мынадай: а) империалистердi елден қуып, Қытайдың шын мәнiсiнде бiрiгуiн аяқтау; б) помещиктiк жер иелену формасын жүйелi түрде және толық жою, аграрлық реформаны iске асыру, жер иелену жүйесiн оның аяғына тұсау болып отырған барлық жартылай феодалдық қалдықтарынан толық тазарту. Капиталистiк өндiрiс тәсiлiнiң шеңберiнен шықпайтын бұл екi мiндеттi тек қана қарулы көтерiлiстiң революциялық әдiстерiмен ғана, империалистiк үстемдiк пен помещиктердiң, соғысқұмарлар мен буржуазияның, Гоминданның саяси билiгiн жою жолымен, пролетариаттың басшылығымен жұмысшы шаруалардың демократиялық диктатурасын орнату жолымен ғана жүзеге асыруға болады. Сондықтан да Қытай революциясының қазiргi буржуазиялық-демократиялық кезеңiндегi үшiншi мiндетi жұмысшылар, шаруалар мен солдаттар өкiлдерi жиналыстарының (кеңестерiнiң) билiгiн орнату үшiн күресу болып табылады. Бұлар еңбекшiлердiң қалың бұқарасын мемлекеттi басқаруға тарту мен қатыстырудың, жұмысшылар мен шаруалардың диктатурасын орнатудың ең жақсы түрi...» Мәтінде сипатталған революцияның тарихи атауы: A) «4 мамыр қозғалысы» B) Ихэтуандар қозғалысы C) «30 мамыр қозғалысы» D) Синхай революциясы E) Тайпиндер көтерілісі Жауабы: А 78. «Халық ағарту саласында ... басталған iстi соңына дейiн жеткiзудi өзiнiң мiндетi деп санай отырып, яғни мектептердi буржуазиялық таптық үстемдiк құралынан босатып, қоғамды таптарға бөлудi толығымен жою құралынан коммунистiк қайта өзгерту құралына айналдыру... Бұл жолдағы таяу уа қыттардың iшiндегi басты мiндет - Кеңес өкiметi белгiлеген мектеп және ағарту iсiнiң мына төменгiдей негiздерiн одан әрi дамыта түсу: 3) ана тiлiнде оқыту, ұл- қыз балаларды бiрге оқыту, дiни ықпалдардан азат, коммунистiк қоғам мүшелерiнiң жан-жақты дамуын қамтамасыз ететiн бiрыңғай еңбек мектебiнiң принциптерiн толық жүзеге асыру... 7) жұмысшылар мен шаруалардың өздiгiнен бiлiм алып, сана-сезiмiн өсiруiне мемлекет тарапынан жан-жақты (мектептен тыс о қыту мекемелерiнiң жүйесiн құру, кiтапханалар, ересектерге арналған мектептер, халы қ үйлерi мен университеттерi, курстар, дәрiстер, кино көрсету жолымен) көмек көрсету. 10) еңбекшiлердiң барлығы үшiн өзара тең жағдайда өнер қазыналарына кең жол ашу және қол жетерлiк жағдай жасау... 11) коммунистiк идеяларды насихаттауды барынша кеңiнен өрiстету және ол үшiн мемлекеттiк билiктiң аппараты мен қаржысын пайдалану» Мәтін бойынша көрсетілген қоғамдық құрылысты анықтаңыз: A) социалистік B) империалистік C) теократиялық D) буржуазиялық E) капиталистік Жауабы: А 79. Шекаралық Шэньси-Ганьсу-Нинься аудандарында әкiмшiлiк жүйесiн құрудың жалпы принциптерi 1. Шекаралық аудандағы ең жоғары әкiмшiлiк органдары халықтық-саяси кеңестер болып табылады. Шекаралық аудандағы әртүрлi сатыдағы үкiмет орындары тиiстi сатыдағы халықтық-саяси кеңестердiң шешiмдерiне бағынады... 4. Шекаралық ауданның Халықтық-саяси кеңесi сессияларының аралығында шекаралық жоғары әкiмшiлiк ұйымдары осы ауданның үкiметi болып есептеледi. Ол әкiмшiлiк жұмыстарды жүргiзу және басшылық жасау жөнiнен Шекаралық ауданның Халықтық-саяси кеңесi алдында жауап бередi. 5. Уездiк үкiметтер Шекаралық ауданда әкiмшiлiк жұмыстарын жүргiзушi негiзгi ұйым болып табылады. 6. Болыстық (қалалық) үкiметтер шекаралық аудан үкiметiнiң негiзгi ұйымдары болып табылады. Олар болыстағы (қаладағы) әкiмшiлiк iстердi жүргiзуде өзiнiң үстiнен қарайтын үкiмет пен тиiстi сатылардағы халықтық-саяси кеңестердiң алдында тiкелей жауапты... Мәтінде көрсетілген басқару тәртібі енгізілген жағдайда көрсетіңіз: A) «Зор секіріс кезеңі» B) Апиын соғысы C) «Мәдени революция кезеңі» D) «Синьхай революциясы E) Азамат соғысы кезі Жауабы: Е (1931 жылы қарашада Орталық жұмысшы-шаруа үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Мао Цзэдун сайланды. Кеңестік аудандарда помещик жері шаруаларға бөлініп берілді. Кәсіпорындарда 8 сағ-тық жұмыс күні, жалақысы төленетін демалыс беру тәртібі енгізілді. Ер адамдар мен әйелдердің құқығы теңестірілді. Еңбекшілерді оқыту үшін мыңдаған мектеп пен үйірме ашылды. Бұл аймақтағы өкімет саяси-әскери диктатура тәртібіне сүйенді. Гоминьдан үкіметі қайткенде де Қытайдағы революция ошақтарын жоюды көздеді. Сондықтан кеңес аудандарының өмірі күреске толы болды. 1934 жылы Гоминьдан үкіметі кеңес аудандарына қарсы ең күшті бесінші жазалау жорығын ұйымдастырып, ауыр соққы берді. Қызыл Армия бөлімшелері солтүстікбатыс провинцияларға шегінуге мәжбүр болды. Олар 12 мың шақырымдай шегініп, Шэньси-Ганьсу-Нинся провинцияларының түйіскен жерінде жаңа революциялық орталық ұйымдастырды). 80. 4.«Шанхай, 27 қаңтар. Д-р Сунь Ятсен және Жапонияның Қытайдағы тұрақты өкілі төмендегі хабарды жариялауға өкілеттік берді. Шанхайда болған кезінде жапон өкілі д-р Сунь Ятсенмен бірнеше рет әңгімелесті. Әңгімелесулер барысында олардың қытай-жапон қатынастарына, әсіресе мына мәселелер төңірегінде көзқарастарының толық сәйкес келетіндігі анықталды. 1. Д-р Сунь Ятсен: Қазіргі кезеңде Қытайға коммунистік құрылысты, тіпті кеңестік жүйені енгізуге болмайды, себебі мұнда коммунизм мен социализмді табыспен іске асыратын жағдайлар жоқ» - деп есептейді. Бұл көзқарасты жапон өкілетті өкілдігі толығымен қуаттайды, яғни Қытайдың ең қажетті және маңызды міндеттері – оның ұлттық бірігуі мен толық тәуелсіздігін алуы деп есептейді. «Осынау ұлы істе, - деп сендірді ол Сунь Ятсенді, - Қытай жапон халқының тарапынан ең ыстық ықыласқа ие және Жапонияның қолдауына сенуге болады». Құжаттағы қатені табыңыз: A) Германия B) РКФСР C) Италия D) АҚШ E) Испания Жауабы: В 81. «Орта Азияның негізгі ұлттары – түрікмендер, өзбектер, тәжіктер, қазақтар мен қырғыздар аумағы жағынан бытыраңқы болып келді. Аталған ұлттардың еңбекшілер бұқарасы өздерінің ұлттық мемлекеттік құрамдарын ұйымдастыру жөніндегі табанды тілектерін ескере отырып, Бұхара және Хорезм Республикаларының жоғарғы орындары және Түркімен АКСР Орталық Атқару комитеті бүкіл Орта Азияда ұлттық-аумақтық межелеу жүргізуге шешім қабылдады. Бұл межелеудің нәтижесінде түркімен, өзбек, тәжік, қазақ және қырғыз халықтары көп орналасқан аумақтар бөлініп, тиісті ұлттық республикаларының құрылуына әкеп соқты.» Мәтінде берілген сипаттамадан құрылған мемлекетті анықтаңыз: A) Түркімен КСР-і B) Қазақ КСР-і C) Тәжік КСР-і D) Өзбек КСР-і E) Қырғыз КСР-і Жауабы: D (Бұл 1925 жылғы 17 ақпанда қабылданған Өзбек КСР Кеңестерi I съезiнiң Өзбек Кеңестiк Социалистiк Одақтас Республикасын құру туралы декларациясы) 82. «Әзiрбайжан Социалистiк Кеңестiк республикасының үкiметi бiр жағынан, Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының үкiметi, екiншi жағынан, Әзiрбайжан мен Ресейдiң еңбекшi бұқарасының мақсаттары ортақ екендіктерін сезіне отырып, екi туысқан республиканың барлық күштерiн толық бiрiктiрудi ортақ жау - империалистiк буржуазияға қарсы ауыр күресте жеңіске жетуге мүмкіндік беретіндігін ескере отырып, осы келісімді жасауға шешім қабылдады, оны жасасып қол қою үшін мыналарды өкіл етіп тағайындады... (өкілдердің тізімі көрсетілген). Аталған өкілдіктер өздерінің өкiлдiктерiн өзара таныстырып, олар тиісті формаға сәйкес жасалған деп танылғаннан кейін мынаға келісті. 1. Әзiрбайжан мен Ресей өзара тығыз соғыс және қаржылық-экономикалық одақ құрды. 2. Әзiрбайжан республикасының үкiметi мен РКФСР үкiметi қысқа мерзiм ішінде: 1) Әскери ұйымдар мен әскери басшылықты; 2) халық шаруашылығы мен сыртқы сауданы басқаратын органдарды; 3) жабдықтау органдарын; 4) темiржол және су көлiгi мен пошта-телеграф ведомостволарын; 5) қаржы ведомостволарын біріктіреді...» Жоғарғы деректе көрсетілген Әзірбайжан мен Ресейдің өзара келісім жасаған мерзімін көрсетіңіз: A) 1920 ж. B) 1918 ж. C) 1925 ж. D) 1936 ж. E) 1905 ж. Жауабы: А (1920 жылғы 30 қыркүйекте РКФСР мен ӘКСР арасында екi республиканың әскери-экономикалық одағы туралы келiсiмi жасалды). 83. «41 бап. Империя президентін бүкіл герман халқы сайлайды. Президенттікке жасы 35-ке толған әрбір неміс сайлана алады... 43. Империя президенті 7 жылға сайланады. Қайта сайлауға рұқсат етіледі...» Мәтінде сипатталған президент сайлауы туралы баптарындағы демокатияға қайшы келетін тұсын тап: A) Президентті 7 жылға сайлау B) Президенттікке неміс азаматының сайлануы C) Қайта сайлауға рұқсат етілуі D) Президенттікке 35-ке толған азаматтың сайлануы E) Президентті бүкіл герман халқының сайлауы Жауабы: В Әлеуметтік саладағы демократиялық қоғам белгілерінің бірі - Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы. 84. 1.Империя президентінің қызметі рейхсканцлердің қызметімен біріктіріледі. Сол себепті осы уақытқа дейін белгіленген империя президентінің заң күші көсеміміз (фюрер) әрі рейхсканцлер Адольф Гитлердің қолына көшеді. Ол өз орынбасарын тағайындайды. 2. Бұл заң империя президенті фон Гиденбургтің қайтыс болған күнінен бастап өз күшіне енеді. Германияда президенттің қызметі рейхсканцлердің қызметімен біріктіру туралы заң қабылданған уақытты анықтаңыз: A) 1936 жыл 15 маусым B) 1929 жыл 30 тамыз C) 1934 жыл 1 тамыз D) 1932 жыл 10 шілде E) 1930 жыл 4 қазан Жауабы: С (Президенттің, канцлердің және жетекші партия басшысының міндетін бір қолға біріктіру шешімі 1934 жылғы тамызда президент Гинденбургтің өлімінен соң іске асты. Гитлер шексіз диктаторлық билік иесі, өмірлік фюрер және рейхсканцлер атанды). 85. «109-бап. Заң алдында барлық немiс теңқұқылы... Ерлер мен әйелдер сайып келгенде тең құқылы және бірдей міндеттер атқарады. Ақсүйектiк атақтар тек тегiнiң бiр бөлiгi ретiнде ғана қарастырылады да, бұдан былай берiлмейдi. Әртүрлi атақтар тек лауазымы мен мамандығын бiлдiретiн белгiлер есебiнде ғана берiледi... 118-бап. Әрбiр немiс өз пiкiрiн жалпы заңдар шеңберiнде ауызша, жазбаша, баспасөз бетiнде, бейнелеу және басқаша түрде еркiн бiлдiруге құқылы... Цензураға рұқсат етiлмейдi, алайда кинематография үшiн заң ерекше қолданылуы мүмкiн. Сондай-ақ порнографияға қарсы күрес пен көпшiлiк көрмелер мен қойылымдарда жастарды қорғау мақсатында заң аясындағы шараларға рұқсат етiледi...» Мәтінде сипатталған заң баптарындағы ерекшеліктердің бірі тап: A) Ұлтаралық қатынастардың орнығуы B) Аз ұлттардың теңдігі C) Барлық ұлттардың тең құқықтары D) Тек неміс ұлтының мүддесінің қорғалуы E) Діни еркіндіктің берілуі Жауабы: D 86. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы, ұлы поляк астрономы Коперник Краков университетінде оқыған, 24 жасында каноник (діни қызмет) болып сайланды. Ол біраз уақыт Италияда болып Болонья, Падуя, Феррора университеттерінде астрономия, философия, заң, медицина, т.б. ғылым салалары бойынша білім алады. Кейін отанына қайтып оралып ғылыми және саяси жұмыстарға араласады. Оның ғылыми қызметі сан алуан саланы қамтиды, алайда ғылым тарихыда оның астрономиялық еңбектерінің ерекше маңызы зор болды. |