Главная страница

Сағынғалиев Д.Н. ҰБТ 2017. ВКонтакте бт академиясы парашасы


Скачать 74.59 Kb.
НазваниеВКонтакте бт академиясы парашасы
Дата09.03.2022
Размер74.59 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаСағынғалиев Д.Н. ҰБТ 2017.docx
ТипДокументы
#388322
страница3 из 7
1   2   3   4   5   6   7
E) Орта Азия 
F) Алдыңғы Азия 
G) Солтүстік Африка 
H) Оңтүстiк-Батыс Африка 
Жауабы: С, Н 
(1884 жылы Оңтүстiк-Батыс Африкада бiрiншi герман отары пайда болды. 
1884—1885 жылдары Камерунде, Того және Шығыс Африкада герман отарларының негiзi қаланды). 

55. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияның шығыстағы жерлері берілген мемлекет (-тер): 
A) КСРО 
B) Польша 
C) Австрия 
D) Румыния 
E) Венгрия 
F) Болгария 
G) Чехословакия 
H) Дания 
Жауабы: А, В 
(1946-1947 жылдары Германияның одақтастарымен бітім жасалды. Германияның шығыстағы жері Польша мен КСРО-ға берілді). 

56. Германияда Аусбург бітімі жасалған жыл: 
A) 1565 ж. 
B) 1595 ж. 
C) 1585 ж. 
D) 1575 ж. 
E) 1555 ж. 
Жауабы: Е 
(1555 жылы Германияда кiнәздер мен императордың араcында Аусбург бiтiмi жасалды. Ол бiтiм бойынша кiнәз ¬өз халқының қайсы дiндi ұстанатынын белгiлейтiн болды). 

57. 1815 жылы 26 қыркүйекте құрылған «Қасиетті одаққа» қол қоймаған мемлекет (-тер): 
A) Осман империясы 
B) Нидерланды 
C) Рим папасы 
D) Пруссия 
E) Швеция 
F) Англия 
G) Португалия 
H) Ресей 
Жауабы: А, С, F 
(1815 жылы 26 қыркүйекте I Александр құрастырған Қасиеттi одақ актiсiне Осман империясының сұлтаны, ағылшын королi және Рим папасынан басқа барлық еуропалық мемлекеттердiң монархтары қол қойды. Англия Қасиеттi одаққа ресми түрде кiрген жоқ). 

58. XVIII ғасырдың бiрiншi жартысында аса iрi немiс сазгерi: 
A) М.Глинка 
B) С. Бах 
C) А.Моцарт 
D) Ф.Шопен 
E) Ф.Шуберт 
Жауабы: В 
(XVIII ғасырдың бiрiншi жартысында аса iрi немiс сазгерi Иоганн Себастьян Бах (1685—1750) өмiр сүрдi. Бах шығармалары өзiнiң халықшылдығымен, тереңдiгiмен, сезiмдiк күшiмен, алға қарай мақсатты және үздiксiз қозғалысымен ерекшеленедi. Ол 500-ден астам музыкалық еңбек жазды). 

59. Франциядағы Шілде монархиясы билік еткен тұста (1830-1848 жж) король Луи Филиптің қарсы күрес жүргізгендердің бірі: 
A) ұлтшылдар 
B) жұмысшылар 
C) демократтар 
D) республиканшылдар 
E) шаруалар 
Жауабы: D 
(Король Луи Филипп билiгi Франциядағы көптеген саяси күштердiң көңiлiне жақпады. Корольға бұрынғы құлаған Бурбон әулетiн жақтаушылармен де, легитимистермен де, бонапарттықтармен де, империя құруды жақтаушылармен және РЕСПУБЛИКАШЫЛДАРМЕН де күрес жүргiзуiне тура келдi). 

60. 1980 жылдары 8 жыл бойы соғысқан елдер: 
A) Үндістан мен Пәкістан 
B) Екі Корея мемлекеттері 
C) Аргентина мен англия 
D) Египет пен Израиль 
E) Иран мен Ирак 
Жауабы: Е 
(80-жылдардың басында Ирак шекара мәселесін қозғап, оны соғыс арқылы шешпек болды. Иран-Ирак соғысы 8 жылға (1980—1988) созылды. Ол Иран экономикасының даму қарқынын тежеп, көптеген ауылдар мен қалалар қиратылды).

61. « ...Кiмде-кiм қасақана империяның немесе жекелеген герман жерiнiң игiлiгiне немесе империя жеке жерлер үкiметiнiң, үкiмет партияларының не жеке бiрлестiктердiң беделiне зор нұқсан келтiретiн, шындыққа сай келмейтiн, не шындықты бұрмалайтын пiкiрлердi айтқаны не таратқаны үшін, егер осы қылмысы үшiн одан да ауыр жаза тиiстi болмаса, онда ол екi жылға дейiн қамау жазасына кесiледi. Егер пiкiр көпшiлiк алдында айтылып не таратылса, онда үш айға дейiн қамауға алынады» 
Мәтінде көсетілген заң баптарының сипатын анықтаңыз: 
A) Мәдени құқық туралы 
B) Сөз еркіндігі туралы 
C) Әскери құқық туралы 
D) Экономикалық құқық 
E) Сайлау құқығы туралы 
Жауабы: В 

62. Ұлттық қайта жаңару үкiметiн қастандықтардан қорғау туралы заң 
21 наурыз, 1933 жыл. 
...Кiмде-кiм қасақана империяның немесе жекелеген ...жерiнiң игiлiгiне немесе империя жеке жерлер үкiметiнiң, үкiмет партияларының не жеке бiрлестiктердiң беделiне зор нұқсан келтiретiн, шындыққа сай келмейтiн, не шындықты бұрмалайтын пiкiрлердi айтқаны не таратқаны үшін одан да ауыр жаза тиiстi болмаса, онда ол екi жылға дейiн қамау жазасына кесiледi. Егер пiкiр көпшiлiк алдында айтылып немесе таратылса, онда үш айға дейiн қамауға алынады. 
Егер қылмысты әрекет империяға зор зиян келтiрсе, онда айыпкер каторгаға айдалу жазасына кесiледi. 
Мәтін бойынша осы заң қабылдаған мемлекетті анықтаңыз: 
A) Германия 
B) Англия 
C) Польша 
D) Испания 
E) Франция 
Жауабы: А 

63. «4-бап. Келiсушi жақтар, егер қайсысының болмасын пiкiрi бойынша бiреуiнiң аумақтық тұтастығына, саяси тәуелсiздiгiне қатер төндi деп есептеген жағдайда, өзара ақылдасып, пiкiр алысады. 5-бап. Келiсушi жақтар Еуропа мен Солтүстiк Америкада өздерiнiң бiреуiне не бiрнешеуiне бағытталған қарсы шабуыл олардың барлығына жасалған шабуыл деп есептеуге келiстi. Мұндай жағдайда олардың әрқайсысы Атлант мұхитының солтүстiгіндегi аймақтың қауiпсiздiгiн қалпына келтiру және сақтау үшiн шабуылға ұшыраған жаққа немесе жақтарға тез арада, жеке және басқа жақтармен келiсе отырып, соғыс күштерiн қоса басқа барлық қажет деп есептелетiн к"мектi көрсетедi»... 
Мәтінде сипатталған ұйымның құрылған жылын анықтаңыз: 
A) 1955 ж. 
B) 1949 ж. 
C) 1945 ж. 
D) 1991 ж. 
E) 1986 ж. 
Жауабы: В 
(Мәтін 1949 жылғы 4 сәуір күні Брюссельде қол қойылған НАТО-ны құру туралы көпжақты келiсiмнен (Солтүстiк Атлант пактiсi) алынды. 1949 ж. Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы (НАТО) құрылды, ол алғашында өз мақсаты – Батыс елдерін Германияның қайта өрлеуінен қорғау деп жариялады). 

64. Бүгiнгi таңда халық-азаттық соғысы, негiзiнен, жеңiске жеттi, елiмiздiң халқының басым көпшiлiгi азат етiлдi. Осының негiзiнде Қытайдың халықтық саяси консультативтiк конференциясы шақырылған болатын. Оның жұмысына барлық демократиялық партиялар мен топтардың, Халық-азаттық армиясының, әр түрлi аудандардың, ұлттық топтардың, шетелдерде тұратын қытайлықтардың және бүкiл елiмiздегi патриоттық демократиялық элементтердiң делегаттары қатысты. Бүкiл ел халқының еркiн бiлдiре отырып, Қытайдың халықтық саяси консультативтiк конференциясы Қытай Халық Республикасының Орталық Халық үкiметiнiң негiзгi заңын бекiттi. Қытай Халық Республикасын жариялады, Пекин Қытай Халық Республикасының астанасы болады деп шешiм қабылдады. 
Мәтін бойынша Қытай Халық Республикасы құрылған уақытты анықтаңыз: 
A) 1950 ж. 
B) 1949 ж. 
C) 1947 ж. 
D) 1951 ж. 
E) 1948 ж. 
Жауабы: В 
(1949 жылы 1 қазанда Пекинде Қытай Халық Республикасы (ҚХР) жарияланды. КСРО үкіметі оны бірінші болып мойындады. Чан Кайши бастаған гоминьдан армиясының қалдықтары Тайвань аралына бекінді). 

65. Қытай кеңестері туралы 
Сан жағынан басым және жақсы қаруланған қарсыласымен азамат соғысы жағдайында Қытай Кеңестерінің қызметі қарулы күрестің басты мақсатына бағындырылды... 
Қытай Кеңестерінің құжаттары ел аумағының бір бөлігінде Кеңестердің заң актілерінің көпшілігі алайда азамат соғысы жағдайында жүзеге асырылмағанына қарамастан, халық бұқарасының мақсаттарын көздейтін әлеуметтік өзгерістер болғандығын көрсетеді. Олар толығымен тек Орталық кеңес ауданының көлемінде толығырақ жүзеге асырылды. Көптеген ұсақ кеңес аймақтарының әлсіздігі, бір-бірінен бөлектігі, тұрақсыздығы мен олардың Орталық кеңес аудандарымен байланысы нашарлығы, кеңес қозғалысын жаншып тастау қаупі күн сайын төніп тұрған жағдайда бірыңғай заңды іске асыруға және оны жергілікті жағдайларға сай реттеп отыруға мүмкіндік бермеді... 
Қытай революциясының кеңестік дәуірінде Қытай компартиясы өзінің қарулы күштерін-Қызыл Армияны құрды, ол коммунистік партияның басшылығымен шаруаларды елдегі революциялық қозғалысты дамытудың маңызды құралы есебінде топтастырды. Қызыл Армия бейбіт халықтың арасындағы ағарту және кеңес партия кадрларын дайындау, жергілікті жерлердегі өкімет органдарын, кеңестерді қайта құру, ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге көмек, әлеуметтік-экономикалық шараларды жүргізуді ұйымдастыру, саяси және әкімшілік жұмыстарын өз мойнына алды... Кеңес қозғалысы өнеркәсібі дамымаған, жұмысшы табы жоқ, артта қалған ауылдық жерлерде өрістеді. Сондықтан да революцияның басты қозғаушы күші шаруалар, анығырақ айтқанда, олардың кедей топтары болды. Батырақтар, кулактар, майда қолөнершідер, кедей-шаруалар Қызыл Армияның, жергілікті революциялық өкімет органдарының негізін құрды. Коммунистік партия бізде негізінен алғанда сипаты жағынан шаруалық партия болды. 
Қытай революциясының негізгі тірегі шаруалар болуының себебі: 
A) Қытай аграрлы ел 
B) Әлеуметтік қайшылықтар болмады 
C) Жұмысшылар белсенділік көрсетпеді 
D) Саяси партиялар болмады 
E) Қытай индустриалды ел 
Жауабы: А 

66. Қытай революциясының саяси бағдарламасы 
Қытай революциясының қазiргi кезеңдегi басты ұрандары: 
1. Империализм үстемдiгiн құлату. 
2. Шетел капиталының қарамағындағы банктер мен кәсiпорындарды тәркiлеу. 
3. Қытайды бiрiктiрiп, халықтардың ;зiн-;зi басқару құқығын мойындау. 
4. Гоминьдан соғысқұмарларының билiгiн құлату. 
5. Жұмысшылар, шаруалар және солдат ;кiлдерi жиналыстарының (кеңестерiнiң) билiгiн орнату. 
6. 8 сағ-тық жұмыс күнiн бекiту, жалақыны к;бейту, жұмыссыздарға к;мектесу, қамсыздандыру, т. б. 
7. Барлық помещик жерлерiн тәркiлеу және оларды шаруаларға б;лiп беру. 
8. Жауынгерлердiң жағдайын жақсарту, оларға жер және жұмыс беру. 
9. Соғысқұмарлар енгiзген барлық жергiлiктi алым-салықтарды жойып, бiрыңғай үдемелi салықты енгiзу. 
Құжатта сипатталған бағдарлама қабылданған қаланы анықтаңыз: 
A) Лондон 
B) Вашингтон 
C) Шанхай 
D) Пекин 
E) Мәскеу 
Жауабы: Е 
(1927 жылы наурыз айында Чан Кайшидің жақтастары Шанхайда, Нанкинде, шілдеде Ухань қаласында төңкеріс жасап, коммунистерді қудалай бастады. Біртұтас антиимпериалистік майдан ыдырады. Осыдан кейін коммунистік партия қарулы күрес жолына көшуге мәжбүр болды. Коминтерннің көмегімен Мәскеуде өткен Қытай компартиясының VI съезінде өзгерген жағдайдағы күрестің жаңа тактикасы бекітілді). 
65. «2. Мемлекет басшысы мемлекет өкiлi және Сеймнiң азаматтық, әскери шешiмдерiн жоғары орындаушы болып табылады. 
3. Мемлекет басшысы Сейммен келiсiм негiзiнде толық құрамда үкiмет құрады. 
4. Мемлекет басшысы мен үкiмет өз қызметтерi үшiн Сейм алдында жауапты». 
Мәтінде сипатталған 1919 жылы қабылданған заң баптары қай мемлекетте қабылданған: 
A) Испания 
B) Германия 
C) Ұлыбритания 
D) Польша 
E) Италия 
Жауабы: D 

67. «I. Сейм Юзеф Пилсудскийдiң Сейм алдында мемлекеттiң басшысы мiндеттерiн тапсыратындығы туралы мәлiмдемесiн қабылдайды және оған Отанға қызмет ету жөнiндегi мiндеттерiн орындағаны үшiн алғыс айтады. 
II. Поляк мемлекетiндегi жоғарғы билiктi ұйымдастыру ережелерiн түпкiлiктi анықтайтын конституцияның мәтiнi заң жүзiнде қабылданғанша, Сейм Юзеф Пилсудскийге қызметiн төменгi принциптерге сәйкес атқара берудi тапсырады. ... 
2. Мемлекет басшысы мемлекет өкiлi және Сеймнiң азаматтық, әскери шешiмдерiн жоғары орындаушы болып табылады. 
3. Мемлекет басшысы Сейммен келiсiм негiзiнде толық құрамда үкiмет құрады. 
4. Мемлекет басшысы мен үкiмет өз қызметтерi үшiн Сейм алдында жауапты. 
Мәтінде сипатталған баптар негізінде сол уақыттағы польша мемлекетінің басқару нысанын көрсетіңіз: 
A) Парламенттік 
B) Монархиялық 
C) Теократиялық 
D) Президенттік 
E) Диктаторлық 
Жауабы: А 
(Сейм дегеніміз -Польша Республикасының мемлекеттік билігінің жоғарғы органы, кейбір елдердегі сословиелік-өкілетті мекеме 
Бұл 1919 жылдың 20 ақпанындағы “Кiшi конституциядан” алынған мәтіннен Сеймнiң Ю. Пилсудскийге мемлекет басшысының мiндеттерiн атқаруды жалғастыра берудi тапсыру туралы шешiмiнен Польшадағы басқару нысанының парламенттік екені көрсетіледі). 

68. Құжаттарға сүйене отырып,Орталық комиссия дауыс беруге жергілікті комиссияларда тіркелген 494960 кісі қатысуға тиісті деп тапты...Көрсетілген саннан себепті жағдайға байланысты(жолаушылап кетулеріне,қатты науқастануына байланысты)7551 адам дауыс беруге қатыспады.Сайлауға 467409 сайлаушы немесе плебисцитке қатысуға құқылы МХР азаматтарының 98,4 %-ы,оның ішінде дауыс беруге арналған 7-пунктте шетелдерде жүрген 395 азамат қатысты.МХР тәуелсіздігін жақтап 467409 кісі,яғни плебисцитке қатысқан азаматтар түгелдей-100 % дауыс берді. Бірде-бір адам «қарсы» дауыс берген жоқ. 
Мәтінде берілген құжаттан байқағандарыңыз: 
A) Сайлауға араттар ғана қатысты 
B) Сайлаушылардың белсенділігі 
C) Ер адамдардың ғана қатысуы 
D) Шетелдіктердің қатысуы 
E) Сайлауға жұмысшылар қатысты 
Жауабы: В 

69. Мао Цзэдун Қазан төңкерiсi туралы 
«Бұл қозғалыс дүниеж үзiлiк революцияның, орыс революциясының, Лениннiң үндеулерiне жауап ретiнде дүниеге келдi. Ол дүниежүзiлiк пролетарлық революцияның бiр бөлiгi болды. “4 мамыр қозғалысы” кезiнде Қытай коммунистiк партиясының құрылмағанына қарамастан, сол кездiң өзiнде-ақ зиялы қауымның көптеген өкiлдерi орыс революциясына ынтымақтас болып, коммунистiк идеялармен таныса бастаған едi. Қозғалыс Қытайдың коммунистiк партиясын идеологиялық жағынан да, кадрлар жағынан да дайындады». 
Мәтінде сипатталған оқиғаның уақытын табыңыз: 
A) 1920 жылы 
B) 1921 жылы 
C) 1917 жылы 
D) 1918 жылы 
E) 1919 жылы 
Жауабы: Е 

70. (1) Жыл сайын төленетiн жалақы: 
а) осы актiнiң бiрiншi тiзiмiнiң бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген Тәж министрлерiнiң әрқайсысына, оның дәрежесiн ескере отырып, бес мың фунт стерлинг; 
б) Қаржы министрлiгiнiң бас хатшысына және мемлекеттiк министрлерге — қазынаның бiрiншi лорды ретiнде осындай сомадағы жылдық жалақы, бiрақ қандай да бiр жағдайда бес мың фунт стерлингтен жоғары болмайтындай; 
в) қауымдар палатасындағы көпшiлiк партияларда партиялық “қамшыға” (парламенттiк партиялық ұйымдастырушыға) — жылына екi мың фунт стерлинг.
1   2   3   4   5   6   7


написать администратору сайта