Главная страница

Сағынғалиев Д.Н. ҰБТ 2017. ВКонтакте бт академиясы парашасы


Скачать 74.59 Kb.
НазваниеВКонтакте бт академиясы парашасы
Дата09.03.2022
Размер74.59 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаСағынғалиев Д.Н. ҰБТ 2017.docx
ТипДокументы
#388322
страница2 из 7
1   2   3   4   5   6   7
 
A) 1953 ж. 
B) 1980 ж. 
C) 1967 ж. 
D) 1995 ж. 
E) 1977 ж. 
F) 1980 ж. 
G) 1958 ж. 
H) 1979 ж. 
Жауабы: Е, Н 
(1977-1979 жылдары Египет - Израиль - АҚШ Кэмп-Дэвид келісіміне қол қойып, жауласқан екі ел татуласты. Оны КСРО мен араб елдері мойындамады). 


27. 1921 жылы құлдықты жою туралы заң жариялаған ел (-дер): 
A) Сирия 
B) Непал 
C) Үндістан 
D) Түркия 
E) Ауғанстан 
F) Қытай 
G) Гаити 
H) Иран 
Жауабы: Е 
(1919 жылы 21 ақпанда үкімет басына “Жас ауғандықтар” ұйымының өкілі - жас әмір Аманулла хан келіп, Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялады. 27 ақпанда Кеңес үкіметі Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындады. 1921 жылы құлдықты жою туралы заң жарияланды. 1923 жылы Жаңа Конституция қабылданып, осы Ата заң негізінде буржуазиялық мазмұндағы жаңалықтар іске асырыла бастады). 

28. 1236 жылы Батыс едеріне жорықты бастаған мемлекет билеушісі: 
A) Шайбани 
B) Бату 
C) Шыңғыс хан 
D) Орда-Ежен 
E) Жошы 
Жауабы: В 

29. Иранда ХVІІІ ғасырдың соңынан бастап билік құрған әулет: 
A) Цинь 
B) Пехлеви 
C) Каджар 
D) Сулеймен 
E) Сефевид 
Жауабы: С
(XVIII ғасырдың соңында ғана Иранда Каджар әулетiнiң билiгi орнады. 1796 жылы Иран шахы болып Аға Мұхамед хан тағайындалды. Ирандағы Каджар әулетiнiң астанасы Тегеран қаласы болды). 

30. ХІХ ғасырдың ортасында Жапонияны күштеп ашқан: 
A) америкалықтар 
B) орыстар 
C) испандықтар 
D) голландықтар 
E) немістер 
Жауабы: А 
(1854 жылы наурыздың 13-iнде Канагава деген жерде бiрiншi жапон-американ келiсiмшартына қол қойылды. Келiсiмшарт бойынша Жапония Америка кемелерi үшiн Симода және Хакодатэ порттарын ашуға мәжбүр болды. Осылайша 215 жылға созылған Жапониядағы “жабық есiк” саясаты күйредi). 

31. 1924 жылы республика болып жарияланған Азиядағы мемлекет: 
A) Камбоджа 
B) Монғолия 
C) Вьетнам 
D) Тибет 
E) Қытай 
Жауабы: В 
(1921 жылы Ресейдің тікелей қатысуымен өткен төңкерісті Моңғолияда Халық революциясы деп жариялады. 1924 жылы ақырғы боғдыхан дүниеден қайтты. Осы жылдың қараша айында конституция қабылданып, Моңғол Халық Республикасы құрылғаны жарияланды). 

32. О.Кромвельдің өмірлік лорд-протекторы болып тағайындалған ел(-і, -дері): 
A) Шотландия 
B) Нидерланды 
C) Ирландия 
D) Италия 
E) Англия 
F) Германия 
G) Франция 
H) Испания 
Жауабы: А, С,Е 
(1653 жылдың желтоқсанында Англияда жаңа конституция — “Басқару құралы” қабылданды. Кромвель АНГЛИЯНЫҢ, ИРЛАНДИЯНЫҢ, ШОТЛАНДИЯНЫҢ өмiрлiк лорд-протекторы болып тағайындалды. Шын мәнiнде, протекторат жүйесi Кромвельдiң әскери диктатурасы едi). 

33. 1878 жылы қабылданған Берлин трактаты негізінде тәуелсіздігі бекітілген елдер: 
A) Болгария 
B) Украина 
C) Румыния 
D) Хорватия 
E) Венгрия 
F) Сербия 
G) Герцоговина 
H) Польша 
Жауабы: С, F 
(1878 жылы 13 маусымда шақырылған Берлин конгресi жұмысы нәтижесiнде Берлин трактатына қол қойылды. Ол бойынша Карс, Ардаган, Батуми Ресейге өтiп, Баязет Түркияда қалды. Ресейге Оңтүстiк Бессарабия қайтарылып, Добруджа Румынияға өттi. Сондай-ақ ЧЕРНОГОРИЯ, СЕРБИЯ ЖӘНЕ РУМЫНИЯ ТӘУЕЛСIЗДIГI БЕКIТIЛДI.Берлин трактаты бойынша Болгарияның аумағы бiрден қысқартылды.). 

34. 1987 жылы қарашада орта және шағын қашықтықтағы зымырандарды жою туралы шарт жасасқан мемлекет басшысы (-лары): 
A) М.Горбачев 
B) Р.Рейган 
C) Р.Никсон 
D) Л.Брежнев 
E) Н.Хрущев 
F) К.Черненко 
G) Дж.Кеннеди 
H) Г.Трумэн 
Жауабы: А, В 
(1987 жылы М. С. Горбачевтың АҚШ-қа келуіне орай Вашингтонда екі ел арасында орта және шағын қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімшартқа қол қойылды. 1988 жылғы президент сайлауында тағы да республикашылдар жеңіске жетті. Рейган саясатын Дж. Буш жалғастырды, ол Рейганның бұрынғы әкімшілігінде вицепрезидент қызметінде болатын). 

35. 1931 жылы Ұлыбританияда «ұлттық» коалициялық үкімет құрған тұлға (-лар): 
A) А.Иден 
B) Г.Макмиллан 
C) С.Болдуин 
D) Э.Хит 
E) Р.Макдональд 
F) У.Черчиль 
G) Т.Блэр 
H) К.Этли 
Жауабы: Е 
(Үкімет басына екінші рет келген Р. Макдональд 1931 жылы тамызда “ұлттық” коалициялық үкімет құрды. Оның құрамына 5 лейборист министрмен бірге, консерваторлар мен либералдар кірді). 

36. Мәскеу қаласын салдырған кінәз: 
A) Иван Грозный 
B) Иван Калита 
C) Юрий Долгорукий 
D) Владимир Мономах 
E) Ярослав Мудрый 
Жауабы: С 
(Ресейдiң астанасы Мәскеу қаласын 1147 жылы кiнәз Юрий Долгорукий салдырды. Ол Владимир Мономахтың (1109–1125) ұрпағы едi). 

37. 1526 жылы Дели сұлтандығын жаулап алды: 
A) Құбылай 
B) Бабыр 
C) Хулагу 
D) Бейбарыс 
E) Хорехм шах Мұхаммед 
Жауабы: В 
(1526 жылы Әмiр Темiрдiң ш¬бересi Бабыр Ауғанстан арқылы Yндiстанға шабуыл жасап, Дели қаласын ¬зiне бағындырады. Дели қаласын жаулап алғаннан кейiн Бабыр шах (император) деген атақ алады. Солтүстiк Yндiстан жерiнен 100 мың әскер жинап, Бихар және Бенгал жерiн бағындырып, Ұлы Моғол империясын құрады). 

38. 1897 жылы герман империалистері өздерінің ықпал ету аймағына айналдырған Қытай провинциясы: 
A) Циндао 
B) Ганьси 
C) Гуандунь 
D) Гуанчжоу 
E) Шаньдун 
Жауабы: Е 

39. 1898 жылғы келiсiм бойынша Қытайдың Ресейге жалға берген иеліктері: 
A) Ляодун 
B) Порт-Артур 
C) Сары теңіз жағалауындағы жерлер 
D) Цзяочжоу бухтасы 
E) Шаньдун 
F) Гуанжоувань бухтасы 
G) Шығыс темір жол торабы 
H) Циндао порты 
Жауабы: А, В 
(1897 жылдың соңында герман империалистерi Қытайдың Циндао порты мен Цзяочжоу бухтасын басып алды және Шаньдун провинциясын "зiнiң ықпал ету аймағына айналдырды. Франция Қытайдың Гуанжоувань бухтасына өзiнiң ықпал жүргiзуiн қамтамасыз еттi және көршiлес Үндiқытайға темiржол құрылысын сала бастады. 1898 жылдың басындағы орыс-қытай келiсiмi бойынша Қытай Ресейге Порт-Артур мен Ляодун түбегiн жалға бердi). 

40. «Қосөзен» деп қатарласа аққан өзендер: 
А) Хуанхэ, Янцзы 
В) Евфрат, Тигр 
С) Үнді, Ганга 
D ) По, Тибр 
Е) Урмия, Ван 
Жауабы: В

41 . Батыс славян тайпа (-сы,-лары): 
A) серб 
B) орыс 
C) словен 
D) хорват 
E) черногор 
F) чех, 
G) словак 
H) поляк 
Жауабы: F, G, H 

42. Шығыс славян тайпа (-сы,-лары): 
A) болгар 
B) орыс 
C) белорус 
D) хорват 
E) поляк 
F) украин 
G) словак 
H) поляк 
Жауабы: В,С, F 
(Еуропада кең тараған славян тайпаларын үш топқа бөлуге болады. Батыс славян тайпаларының жерiнде қазiргi чех, словак және поляк халықтары қалыптасқан. Мысалы, поляк атауы батыс славян тайпасы полян атауынан алынған. Оңтүстiк славяндар Балқан түбегiне VI ғасырда Днепр өзенiнiң бойынан барған. Олар Балқан түбегiндегi қазiргi кездегi болгар, серб, хорват, словен, черногор халықтарының арғы атасы болып саналады. Мысалы, болгар атауы протоболгар тайпасының атынан алынған. Шығыс славяндар туыстас орыс, украин, белорус халықтарының арғы тегi болып табылады). 

43. ХVІ ғасырда католик шіркеуінің озбырлығына қарсы қозғалыс аталды: 
A) Реконкиста 
B) Ренессанс 
C) Инквизиция 
D) Реформация 
E) Клир 
Жауабы: D 
(Католик шiркеуiнiң озбырлығына қарсы қозғалыс Германия тарихына реформация деген атпен ендi. Ол қозғалыс шiркеудiң әлеуметтiк-саяси құрылымына өзгерiстер енгiзудi талап еттi. Қозғалысты дiн саласының бiлiмдары, университет профессоры Мартин Лютер (1483–1546) бастады). 

44. Ежелгі Египет перғауын(-ы, -дары): 
A) Аменхотеп 
B) Евтидем 
C) Хаммурапи 
D) Рамзес 
E) Кир 
F) Тутмос 
G) Астиаг 
H) Дарий 
Жауабы:А, D, F 

45. Ежелгі Египетте құдайға теңеді: 
A) балықшыларды 
B) егіншілерді 
C) перғауындарды 
D) құрылысшыларды 
E) құлдарды 
Жауабы: С 

46. Гелиоцентрлік жүйені қуаттап дәлелдеген ғалымдардың бірі 
A) Дени Дидро 
B) Рабле Франсуа 
C) Веласкес Диего 
D) Антуан Кондорсе 
E) Джордано Бруно 
Жауабы: Е 
(Джордано Бруно Польшаның ұлы оқымыстысы Коперниктiң Жер күндi айналады деген көзқарасын құптады). 

47. Ежелгі Египет перғауын(-ы, -дары): 
A) Аменхотеп 
B) Евтидем 
C) Хаммурапи 
D) Рамзес 
E) Кир 
F) Тутмос 
G) Астиаг 
H) Дарий 
Жауабы:А, D, F 

48. 1984 жылы лаңкестердің қолынан қаза тапқан Үндістанның саяси қайраткері: 
A) Индира Ганди 
B) Махатма Ганди 
C) Пратибха Патил 
D) Раджив Ганди 
E) Дж. Неру 
Жауабы: А 
(1980 жылы өткен кезектен тыс сайлауда ҮҰК жеңіске жетіп, И.Ганди қайта үкімет басына келді. Бірақ 1984 жылы И.Ганди лаңкестер қолынан қаза тапты). 

49. Ежелгі Египетте құдайға теңеді: 
A) балықшыларды 
B) егіншілерді 
C) перғауындарды 
D) құрылысшыларды 
E) құлдарды 
Жауабы: С 

50. Бірінші, екінші және үшінші крест жорықтары басталған жылдар: 
A) 1206 ж. 
B) 1096 ж. 
C) 1492 ж. 
D) 1402 ж. 
E) 1147 ж. 
F) 1189 ж. 
G) 1337 ж. 
H) 1517 ж. 
Жауабы: B, Е, F 

51. Крест жорықтары кезінде кресшілер құрған мемлекеттер (-тер): 
A) ІІ Урбан империясы 
B) Латын империясы 
C) Иерусалим корольдігі 
D) Христиан корольдігі 
E) Эдесса графтығы 
F) Византия мемлекеті 
G) Селжұқ корольдігі 
H) Папа мемлекеті 
Жауабы: В, С, Е 
(Латын империясы, Иерусалим корольдігі және Эдесса графтығы) 

52. Крест жорықтары кезінде Батыс Еуропа халықтарының шығыстан үйренгендері: 
A) үш танапты егістікті қолдану 
B) алып ғимараттарды соғу 
C) театр өнері 
D) мүсін, сурет өнері 
E) әскери киімді кию 
F) iш киiмдерiн, төсек-орындарын ауыстырып тұру 
G) тамақ iшер алдында қолдарын жуу 
H) ас iшкенде шанышқыны пайдалану 
Жауабы: F, G, H 
(Крест жорықтарының Батыс Еуропа елдерi үшiн бiраз пайдалы жақтары да болды. Бiрiншiден, Жерорта теңiзiндегi сауданың қыза түсуiне ықпал еттi. Бұл саудада Солтүстiк Италия қалалары үстемдiкке ие болды. Екiншiден, Батыс Еуропа халықтары Шығыстан жоғары дәрежеде дамыған мәдениеттiң үлгiсiн игердi. Кресшiлер мұсылман халықтардан тамақ iшер алдында қолдарын жууды, ауық-ауық ыстық моншаға түсiп, iш киiмдерiн, төсек-орындарын ауыстырып тұруды, әдемi киiнудi, ас iшкенде шанышқыны пайдалануды үйрендi. Yшiншiден, еуропалықтар Шығыстан жаңа егiс дақылдарын көрiп, Еуропада күрiш, лимон, өрiк, қарбыз өсiре бастады. Еуропалықтар Шығыс халықтарынан жiбек мата тоқуды, айна жасауды, металды сапалы өңдеудi үйрендi). 

53. 1700-1721 жж. аралығында Солтүстік соғысқа қатысқан ел (-дер): 
A) АҚШ 
B) Италия 
C) Дания 
D) Англия 
E) Венрия 
F) Ресей 
G) Швеция 
H) Чехия 
Жауабы: F, G 
(1700 жылы 9 тамызда Ресей iс жүзiнде Швеция арасында Солтүстiк соғыс басталды. 1721 жылы 30 тамызда Ништадта орыс-швед бейбiт бiтiмiне қол қойылды. Бұл бiтiм Ресейдi ұлы еуропалық держава ретiнде бекiттi). 

54. 1884-1885 жылдары пайда болған герман отар (-ы, -лары): 
A) Кіші Азия 
B) Мағриб 
C) Шығыс Африка 
D) Орталық Африка 
1   2   3   4   5   6   7


написать администратору сайта