Главная страница
Навигация по странице:

  • 3. Ауыспалы өткен шақ Ауыспалы өткен шақ есімшенің –атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында ќолданылады.

  • казак тили. Затты атын білдіріп, кім не деген сраа жауап беретін сздер зат есім деп аталады


    Скачать 76.5 Kb.
    НазваниеЗатты атын білдіріп, кім не деген сраа жауап беретін сздер зат есім деп аталады
    Анкорказак тили
    Дата29.03.2022
    Размер76.5 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаD_ris_1.docx
    ТипДокументы
    #424489
    страница3 из 3
    1   2   3

    Ауыспалы осы шақ түрінің жіктелу үлгісі


    Ауыспалы осы шақ тұлғасы сөйлемде екі түрлі менде қолданылады: бірде дағдылы қимылды білдіріп, осы шақ мағынасын берсе, енді бірде келер шақ мағынасын береді. Сондықтан да осы шақтың бұл тұлғасы ауыспалы деп аталады.

    КЕЛЕР ШАҚ

    Келер шақ қимылдығ, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен, мезгілден кейін болатынын білдіреді. Мысалы: Ол мектепке ерте бармаќ. Сендер үйге келерсіњдер.

    Бұл сөйлемдегі бармақ, келесіңдер деген етістіктер бару, келу қимылдарының әлі болмағанын, бірақ келешекте болатынын білдіріп тұр.

    КЕЛЕР ШАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ

    Келер шақ мағынасы мен жасалуына қарай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ және ауыспалы келер шақ болып үшке бөлінеді.

    1. Болжалды келер шақ

    Болжалды келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндігін айќын көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді.

    2. Мақсатты келер шақ

    Мақсатты келер шақ қимылдыњ, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.

    3. Ауыспалы келер шақ

    Ауыспалы келер шаұ та ауыспалы осы шақ сияқты а-, -е, -й жұнақты көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Сондықтан ауыспалы келер шаќ пен ауыспалы осы шақ бір-бірінен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады.

    ӨТКЕН ШАҚ

    өткен шақ қимылдыњ, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді. Мысалы: Ол оқуды бітірді. Мен бұл кітапты оғыдым. Ол кезде сен оннан асќансыњ. Шалдың бір баласы болыпты. Демалыста оқушылар қалаға баратын.

    Берілген мысалдағы бітірді, оќыдым, асқансың, болыпты, баратын деген етістіктер бітіру, оқу, асу, болу, бару қимылдарының (іс-әрекеттерінің) болып кеткенін білдіріп, өткен шақ мағынасын беріп тұр.

    ӨТКЕН ШАҚТЫЊ ТҮРЛЕРІ

    Өткен шақ мағынасы мен жасалуына қарай жедел өткен шаќ, б±рынѓы µткен шаќ жєне ауыспалы µөкен шаќ болып ‰шке бµлінеді.

    Жедел µткен шаќ етістіктіњ түбіріне –ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы жалғану арќылы жасалып, жіктеліп қолданылады.

    2. Бұрынғы өткен шақ

    Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сетпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандыѓын білдіреді. Мысалы: Сен мектепті бітіргенсіњ

    3. Ауыспалы өткен шақ

    Ауыспалы өткен шақ есімшенің –атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында ќолданылады.

    Ауыспалы өткен шақ жіктеліп те, еді кµмекші етістігімен тіркесіп келіп те (онда еді етістігі жіктеледі) жұмсалады. Ал ауыспалы келер шаќ тікелей жіктелмейді, тек еді кµмекші етістігімен тіркесіп ќолданылады.

    ҮСТЕУ

    ҮСТЕУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

    Тілімізде қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгісін, амал-тәсілін , мекенін, себебін, мақсатын т.б. сипаттарын білдіретін сөздер бар. Осы топтағы сөздер үстеу деп аталады. Мысалы: Ескі Еділ ерді көрген бұрын талай (И.Б). Бастауымен Лениннің көшті ілгері керуен (Ж.Ж.). Көзіңді ашып-жұмғанша жылдам хабар алғызды (Ы.А.). Жоғары-төмен үйрек, қаз ұшып тұрса сыпылдап (А). Ішім өлген, құр денем сау, Босқа үрейім жүр менің Жарамайды бекер алдау, Теңің емес мен сенің (А).

    Берілген мысалдардағы бұрын, талай, ілгері, жылдам, жоғары-төмен, босқа, бекер деген сөздердің мағынасына, тұлғалық ерекшеліктеріне назар аударып қарайық. Бұрын сөзі көру іс-әрекеттің болған мерзімін, іске асу мезгілін білдіріп, қашан? деген сұраққа жауап беріп тұр( қашан көрген?). талай сөзі көру іс-әрекетінің мөлшерін білдіріп, қанша? (немесе қалай?) деген сұраққа жауап беріп тұр (қанша көрген?). Ілгері сөзі көшу қимылының мекенін (бағытын, орнын) білдіріп, қайда? деген сұраққа жауап беріп тұр (қайда көшті?), Жылдам сөзі алғызу қимылының амалын, сынын білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп тұр (қалай хабар алғызд?). Жоғары-төмен қос сөзі ұшып тұру қимылының әрі амалын, бейнесін, әрі мекенін білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп тұр (қалай ұшып тұрса?). Босқа сөзі жүру қимылының себеп-мақсатын, амалын білдіріп, қалай? немесе қайтіп? не себепті? деген сұраққа жауап беріп тұр (қайтіп... жүр?). Бекер сөзі алдау іс-әрекеттің себебін білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп тұр (қалай алдау?).

    Сөйтіп бұл сөздердің қолданылуында мынадай ерекшеліктер байқалады. Біріншіден, мысалдардағы талданған сөздер қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөздермен,я ғни етістіктермен тіркесіп жұмсалған. Екіншіден, олар етістіктің, яғни қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөздердің әр түрлі белгісін, қасиетін (мекенін, мезгілін, амалын т.б.) білдіреді. Бірақ сөйлемде ондай мағынада қолданылған сөздің бәрі бірдей әрдайым үстеу бола да бермейді. Мысалы: Қан сонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға (А). Еділ үшін егестік (М). Аспандап ұщқан қызғыш құс!(М). Құсалықпен өтті ғой Махамбеттің көп күні!(М).

    Бұл сөйлемдегі қан сонарда (қашан?) шығу қимылының мезгілін, тастан (қайдан?) табылу іс-әрекетінің мекенін, Еділ үшін (не үшін?) егесу қимылының мақсатын, аспандап (қалай?) ұшу қимылының амалын білідіріп тұр. Сөйте тұрса да бұлар үстеу бола алмайды.

    Сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің, сын-сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін білдіретін, өзгертуге келмейтін, грамматикалық тұлғалармен түрленбейтін сөздерді үстеу деп атайды.

    ҮСТЕУДІҢ ҚҰРАМДЫҚ ТҮРЛЕРІ

    Үстеулер құрамына қарай негізгі түбір үстеулер, туынды түбір үстеулер және күрделі түбір үстеулер болып үшке бөлінеді.

    1. Негізгі үстеулерге қазіргі кезде құрамы жағынан түбір және қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер жатады. Мысалы: жылдам, тез, ақырын, ерте, кеш, бұрын, жорта, жо,ары, төмен, қазір т.б.

    Негізгі үстеудің көпшілігіне сын есім шырайының –рақ, -рек, ырақ, -ірек, және –лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу жұрнақтары жалғана алады. Мысалы: жылдам – жылдамырақ, жалдамдау (жүр), тез-тезірек, тездеу (бер), ілгері-ілгерірек, ілгерілеу (отыр), кеш-кешірек, кештеу (кел) т.б.

    2. Туынды үстеулерге жұрнақ арқылы және кейбір септік жалғауларының түбірге сіңісіп, көнеленуі арқылы жасалған үстеулер жатады.

    Туынды түбір үстеу тудыратын жұрнақтар

    1) –ша, -ше: адамша (сөйлейді), балаша (күлді), бұлбұлша (сайрады), көзінше (айтты), ескіше (оқыған) т.б.

    2) –лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: шикілей (әкелді), қыстай (дайындалды), осылай (жаз), ақшалай (берді) т.б.

    3) –дайын, -дейін, -тайын, -тейін: (бұл –дай, -дей, -тай, -тей және –ын, ін қосымшаларынан құралған құранды жұрнақ): тотыдайын (таранған), сұңқардайын (сыланған), бұлақтайын (сарқылдап), жорғадайын (шайқалып) т.б.

    4) –шама, -шеме (-ша+ма, ше+ме) және –шалық, -шелік (ша+лық, ше+лік) құранды жұрнақтар: осыншама (сөйледі), соеншалық (қуанды), осыншалық (жүру) т.б.

    5) – майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша, -пейінше құранды жұрнақтар: айтпайынша (келмейді), оқымайынша (білмейді), тыңдамайынша (түсінбейді) т.б.

    Түбірге сіңісіп, көнеленіп үстеу тудыратын септік жалғаулар:

    1) барыс септіктің көнелуінен қалыптасқан үстеулер: бірге (жүр), кешке (қайт), босқа (жүрме), зорға (көтерді), текке (ұрысты) т.б.

    2) жатыс септіктің көнелуінен қалыптасқан үстеулер: баяғыда (болыпты), аңдаусызда (сөйлеп қалды), қапыда (қалды) т.б.

    3) шығыс септіктің кенелуінен қалыптасқан үстеулер: шалқасынан (құлады), кеңінен (әңгімелесті), шетінен (біледі), тосынан (сөйледі) т.б.

    4) көмектес септіктің көнелуінен қалыптасқан үстеулер: жөнімен (айт), кезекпен (бар), шынымен (ойлады), ретімен (жүрді).

    3. Күрделі үстеулер екі я одан да көп түбірдің я сөздің бірігуінен, қосарлануынан, тіркесіп тұрақтануынан жасалады.

    1) сөздің бірігуінен жасалған күрделі үстеулер: жаздыгүні (жаздың+күні), таңертең (таң-ертең), ендігәрі (ендігіден+әрі), биыл (бұл+йыл), бүгін (бұл+күн) т.б.

    2) сөздердің қосарлануы мен қайталануы арқылы жасалған күрделі үстеулер: жоғароы-төмен, анда-санда, жата-жастана, енді-енді, әрең-әрең, қолма-қол, бет-бетімен, қолды-қолына т.б.

    3) сөздердің тіркесуі арқылы тұрақтанып қалыптасқан күрделі үстеулер: күні бүгін, ала жаздай, ертеден қара кешке, қаннен қаперсіз, күн ілгері, күн ұзаққа т.б.

    ҮСТЕУДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

    Үстеулер білдіретін мағынасына қарай мынадай түрге бөлінеді: 1. Мезгіл үстеуі. 2. Мекен үстеуі. 3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі. 4. Мөлшер үстеуі. 5. Күшейту (күшейткіш) үстеуі. 6. мақсат үстеуі. 7. Себеп-салдар үстеуі.

    1. Мезгіл үстеуі

    Мезгіл үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді де, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: бүгін келді, ертең барады, таңертең тұрады, бұрын жүрді, күні бойы дайындалды, күні-түні оқиды, жазғытұрым келеді т.б.

    Мезгіл үстеулері құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.

    2. Мекен үстеу

    Мекен үстеуі, қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері де негізінен етістікпен тіркеседі. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, алды-артынан орады, әрі-бері жүрді, жолшыбай ала кетті т.б.

    3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі

    Сын-қимыл (бейне) үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтті? Қалайша? Кімше? деген сұрақтарға жауап береді. Сын-қимыл (бейне) үстеуі көбінесе етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: ақырын жүрді, тез келді, бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша мәз болды, емін-еркін отырды, бостан-бос жүрді т.б.

    Сын-қимыл (бейне) үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.

    4. Мөлшер үстеуі

    Мөлшер үстеуі қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама-шарқын білдіреді де, қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? және кейде қалай? қалайша сияқты сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулері бірде етістіктермен тіркесіп, қимылдың мөлшерін, шама-шарқын білдірсе, енді бірде сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін білдіреді. Мысалы: онша жараспайды, анағұрлым көбейді, едәуір өсіпті дегенде, онша, анағұрлым, едәуір өсіпті дегенде, онша, анағұрлым, едәуір мөлшер үстеулері жараспайды, көбейді, өсіпті деген етістіктермен тіркесіп, қалай? қанша деген сұрақтарға жауап беріп, қимылдың шама-шарқын білдіріп тұр. Ал онша биік емес, анағұрлым үлкен, недәуір ұзын дегенде, онша анағұрлым, недәуір мөлшер үстеулері биік (емес), үлкен, ұзын тәрізді сын есімдермен тіркесіп, қалай? не қанша? деген сұраққа жауап беріп, сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін білдіріп тұр.

    Мөлшер үстеулері құрамы жағынан туынды не күрделі түбір болып келеді.

    5. Күшейткіш үстеу

    Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп я солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор т.б.

    Күшейткіш үстеулердің біразы етістікпен тіркесіп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді. Мысалы: мүлдем білмейді, әбден шаршаған, сәл жүріңкіре, керемет сөйлейді т.б.

    Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбір болып келеді.

    6. Мақсат үстеуі

    Мақсат үстеу қимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіреді де, қалай? не мақсатпен деген сұрақтарға жауап береді. Мақсат сүтеулері сан жағынан көп емес. Оған әдейі, жорта, әдейілеп, қасақана т.б. сөздер жатады. Мысалы: әдейі, келдім, жорта айтты, әдейілеп шақырды, қасақана үндемеді т.б.

    7. Себеп-салдар үстеуі

    Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін немесе салдарын (нәтижесін) білдіреді де, не себепті? неге? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуіне: босқа, құр босқа, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, беерге, жоққа сияқты сөздер жатады. Мысалы: босқа әуре болма, амалсыздан келіп отыр, бекерге айтқансың т.б.

    Үстеудің мағыналық түріне қарай бөлінуінің кестесі

    Үстеудің түрлері

    сұрақтары

    мысалдар

    1. Мезгіл үстеуі

    Қашан? қашаннан?

    Бүгін, былтыр, биыл, ертең, таңертең, кешке, қазір, енді, ендігәрі, бұрын, күндіз, ертеден, бүрсігүні, күні бүгін, қыстай, ала жаздай, бағана, күні-түні, күні бойы, қыстыгүні, әлгінде, таң сәріде, баяғыдан т.б.

    2. Мекен үстеуі

    Қайда? қайдан?

    Ілгері, кейін, әрмен, мұнда, осында, сонда, әрі, бері, жоғары, төмен, алға, тысқары, артта, арттан т.б.

    3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі

    Қалай? қайтіп? Қалайша? Кімше?

    Әрең, ақырын, бірден, бірге, бірте-бірте, бұрынғыша, қолма-қол, осылай, сөйтіп, өйтіп-бүйтіп, әрең-әрең, келе-сала, емін-еркін, лезде, қаннен-қаперсіз т.б.

    4. Мөлшер үстеуі

    Қанша? қаншама? Қаншалық? Қаншалап? (қалай? қалайша?)

    Неғұрлым, мұншама, солғұрлым, анағұрлым, әжептәуір, қыруар, бірқыдыру, талай, бірталай т.б.

    5. Күшейткіш үстеуі

    Қалай? (қандай?)

    Әбден, тым, ең, ылғи, кілең, сәл, өңкей, тіпті, нақ, әнтек, мүлдем, дәл, нағыз, керемет, орасан, ерен, әрең, аса, өте т.б.

    6. Мақсат үстеуі

    Қалай? не мақсатпен?

    Әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана

    7. Себеп-салдар үстеуі

    Не себепті? Неге? қалай?

    Босқа, бекерге, жоққа, құр босқа, лажсыздан, амалсыздан, шарасыздан
    1   2   3


    написать администратору сайта