Главная страница

Терапия экзамен и сит задача. Ответ Диагноз J11 Грипп, средней степени тяжести


Скачать 87.3 Kb.
НазваниеОтвет Диагноз J11 Грипп, средней степени тяжести
Дата15.06.2021
Размер87.3 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТерапия экзамен и сит задача.docx
ТипПротокол
#217692
страница1 из 4
  1   2   3   4

1.ЖРВИ.

Ответ:

1. Диагноз: J11.1. Грипп, средней степени тяжести.

2. Острое начало с развитием симптомов интоксикации в 1-е сутки, высокая лихорадка(до 39 градусов) с ознобом;  боли и ломота  в  мышцах, вялость, «разбитость»; головная боль, слабость, насморк, заложенность носа. Вышеперечисленные жалобы пациента характерны для гриппа, особенно: высокая лихорадка и боль/ломота в  мышцах и суставах. Согласно клиническому протоколу ставим диагноз: грипп. 

Для определения степени тяжести заболевания обращаем внимание на выраженность симптомов интоксикации. Температура тела 39-39,5 градусов, выраженная головная боль, гиперестезия, пульс 110 ударов в мин., АД - 125/80 мм рт.ст. Основываясь на эти данные из содержания задания, средняя степень тяжести. (Средняя степень – температура тела в пределах 38,1–40°С; выраженная головная боль; гиперестезия; пульс 90–120 уд/мин; систолическое артериальное давление менее 110 мм рт.ст.; частота дыхания более 24 в 1 мин.)

3. Лечение пациентки будет проводится дома, согласно клиническому протоколу,  а также алгоритму ведения неосложненной гриппоподобной инфекции (ВОЗ, 2009). В инфекционный или профильный стационары проводится госпитализация следующих больных: 

*больные с тяжелыми и осложненными формами гриппа и ОРВИ;

 *пациенты с тяжелой сопутствующей патологией, независимо от формы тяжести гриппа и ОРВИ;

 *люди пожилого и старческого возраста со среднетяжелым и тяжелым течением гриппа и ОРВИ; 

* беременные, больные гриппом и ОРВИ, независимо от степени тяжести, в любом сроке беременности:

 * беременные женщины сроком до 30 недель госпитализируются в инфекционный стационар; *беременные женщины сроком более 30 недель – в роддом/перинатальный центр, а при наличии пневмонии – в пульмонологическое отделение. Так как данная пациентка не относится ни к одному из перечисленных, стационарного лечения не требуется.

4. Принципы лечения: немедикаментозное лечение(режим- постельный на период лихорадки(это 4-5 дней начала гриппа) с последующим расширением по мере купирования симптомов интоксикации;  диета – легкоусвояемая пища и обильное питье), медикаментозное лечение. 

Противовирусные препараты:

*ремантадин – в 1 день – 100 мгх 3 раза, 2-3 день 100 мг х 2 раза, 4-5 день 100 мг х 1 раз; *оксолиновая мазь 0,25% – смазывание носовых ходов с первых дней заболевания. Патогенетическая терапия:

 *дезинтоксикационная терапия: при среднем степени тяжести процесса- обильное питье в виде чая, фруктовых и овощных соков, морсов, питьевой воды;  

*жаропонижающие препараты (НПВП)-парацетамол при повышении температуры тела

*сосудосуживающие назальные капли и спреи- Аква марис, по 3-4 раз в день; 

* противокашлевые и отхаркивающие средства- Гербион сироп, по 1 ч.л. х 3 раза в день.

Антибактериальную терапию назначать не следует, так как этиология гриппа не бактерии,  а вирус.

5. Ориентировочные сроки временной нетрудоспособности: 3 дня от первого приема, на 3-день повторный прием пациента, в зависимости от состояния пациента после проведенного лечения, продлеваем на 1-3 дня. На 6-й день, закрываем б/л, либо продлеваем через ВКК (в зависимости от состояния пациента). При средне тяжелой степени гриппа (J11.1) ориентировочные сроки временной нетрудоспособности 6-10 дней (в соответствии с МКБ-10).
2.Ауруханадан тыс пневмония.

Ответ:

1. Болжам диагноз: Оң жақ өкпенің ауруханадан тыс крупозды пневмониясы, жедел ағымды, орташа ауырлық дәрежелі.
2. Емдеу тактикасы: Амбулаторлы режим (стационарлық емді қажет етпейді, себебі клиникалық хаттамаға, CURB-65 шкаласына сай шұғыл госпитализациялауға көрсеткіштер жоқ: есі анық(шұғыл госпитализация үшін ес бұзылыстары болуы керек); жасы-30(шұғыл госпитализация үшін 65-тен жоғары болуы керек), ТЖ-22(шұғыл госпитализация үшін 30-дан жоғары болуы керек); АҚҚ 120/10(шұғыл госпитализация үшін 90/60тан төмен болуы керек).  CURB-65 шкаласы бойынша 0 бал, яғни амбулаторлық ем құпталады).

Сулы балансты сақтау(обильное питье) интоксикациялық синдромды азайту және қақырық бөлінуін жеңілдету үшін көбірек жылы сұйықтық қабылдау.

Зиянды әдеттерден сақтану.

Қоршаған ортаның жөтел шақыратын факторларынан сақтану(шаң, түтін, өткір иістер, салқын ауа).

Медикаментозды ем:

Антибиотикотерапия Амоксициллин, таблетка түрінде, 0,5 г күніне х 3р  немесе  1,0 г күніне х 2р №5.

Қақырық түсіруші препараттар(мукоактивті)  Амбро, сироп, 1 шай қасықтан күніне х 3р №5 немесе небулайзер көмегімен ингаляция түрінде.

Бронходилататорлар бронхиальды обструкциясы және тыныс жолдарының гиперреактивтілігі бар науқастарға беріледі. Ең жақсы әсерге ие- қысқауақытты әсер ететін бета-2-агонистер(сальбутамол, фенотерол). 

Уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі емнің нәтижелігіне байланысты орта есеппен 15 күн.  Ем басталғаннан кейін қайталап қабылдау барысында антибиотикотерапияның нәтижелігі бағаланады: интоксикациялық синдромның көріністері бәсеңдеуі, дене температурасының қалыпқа келуі, лабораторлы көрсеткіштердің жақсаруы(лейкоцитоздың азаюы, оңға ығысудың азаюы, ЭТЖ төмендеуі) - антибиотикотерапияның жақсы нәтижесін көрсетеді. Ал өзгерістер болмауы не керісінше симптоматиканың нашарлауы кезінде 2-таңдау қатарындағы антибиотиктер таңдалынады: Макролидтер *Спирамицин 3млн күніне 2р,  Азитромицин 250-500 мг күніне 1 р, Кларитромицин 500 мг күніне 2 р.

3.Бронхиальды астманы ауруды басқару бағдарламасы бойынша жүргізу. Диагнозын анықтау,емдеу; 

Ответ:

Болжам диагноз: Атопиялық бронхиальды астма, персистирлеуші орташа ауыр ағымды, өршу сатысы. Өкпе эмфиземасы. 

1. Зерттеу жоспары:

 * ЖҚА;

 * бронхолитикпен сынама өткізу арқылы тыныс шығарудың пиктік жылдамдығын есептеу немесе бронхолитикпен спирография;

* жалпы иммуноглобулин Е деңгейін анықтау;

* қақырықтың жалпы анализі;

* пульсоксиметрия;

* кеуде торы мүшелерінің рентгенографиясы;

* арнайы аллергодиагностика in vivo немесе  in vitro;

* аллерголог консультациясы.

2. Емдеу жоспары

Медикаментозды емес:

- пациентті және оның отбасы мүшелерін оқыту. Ауруды басқару бағдарламасына сай оқыту мақсаты: пациентті толық ақпараттандыру, жағдайды басқаруды, ингаляциялық құрылғыларды дұрыс пайдалануды, базистік және шұғыл көмек препараттарының айырмашылығы мен дұрыс қолданылуын, өз жағдайын бақылауды, басқаруды үйрету.

- гипоаллергенді диета. Себеп аллергенмен контакт болдырмау, арнайы емес тітіркендіргіштердің әсерінен сақтану (кәсіби зияндылық, поллютанттар, өткір иіс, т.б.). 

- шылымнан бас тарту(активті және пассивті).

- дренажды функцияны жақсарту үшін, бронхиальды ағаштың санациясы үшін массаж, тыныс гимнастикасын орындау.

Медикаментозды ем:

Базисті терапия үшін препарат таңдау. Персистирлеуші орташа ауыр ағымды БА үшін шұғыл көмек препараты + бір/екі басқару препараты: 

1)  ИГКС-дың аз дозасын ұзақ әсер ететін ингаляциялық ß2-агонистермен  комбинациялау  (флутиказон/салметерол ксинафоаты, Флутиказон пропионаты немесе будесонид/формотерол); немесе 

2) ИГКС орташа дозада (беклометазон 250-500 мкг/тәул, будесонид 400-800 мкг/тәул, флутиказон 250-500 мкг/тәул, циклезонид 160-320 мкг/тәул); немесе   

3) ИГКС аз дозада + антилейкотриендік препарат; 

Берілген терапиямен 3-4 ай ішінде БА басқарылмаса, ИГКС дозасын көбейту керек.

4.ӨСОА ауруды басқару бағдарламасы бойынша жүргізу. Диагнозын анықтау, емдеу.; ХОБЛ.

Анықтамасы
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) – тыныс жолдарының дистальді бөлігінің, өкпе паренхимасының зақымдалуымен жəне эмфизема қалыптасуымен жүретін біріншілік созылмалы қабынбалық ауру; ол қайтымды немесе жартылай қайтымды бронхылық обструкцияның дамуымен байланысты ауа ағымының шектелуімен мінезделеді. Тыныс жолдары өтімділігінің төмендеуі үдемелі мінезде жəне өкпенің шаң немесе түтінге, темекіге, атмосфералық ауаның ластануына қабынбалық жауабымен байланысты.


J44  Басқа созылмалы обструктивті өкпелік ауру

J42  Анықталмаған созылмалы бронхит
Жіктемесі: 

Cтадия 0. ӨСОА қауп стадиясы – созылмалы жөтел жəне қақырықтың түсуі; өкпе функциялары қалыпта.
Стадия I. Жеңіл < 70%, но ОФВ1 80 % қалыпты мəннен)

Сстадия II. ӨСОА ауыр дəрежесі (50% ОФВ1<80 % қалыпты мəннен)

Стадия III. Ауыр ӨСОА – (30% ОФВ1<50 % қалыпты мəннен), Стадия IV. Аса ауыр ӨСОА – (ОФВ1<30 % қалыпты мəннен) 

Шағымдар мен анамнез:

- созылмалы жөтел (күн сайын, жиірек күні бойы жалғасады; сирек жағдайда түнде);

- созылмалы қақырық түсу (кез келген созылмалы қақырық түсу ОСОА көрсету мүмкін);

- жіті бронхиттер (көп рет қайталамалы);

- ентікпе (Үдемелі. Тұрақты түрде физикалық жүктеме, тыныс алу жолдарының инфекциясы кезінде);

- қауіп қатерлі факторларға көрсететін анамнез.

Физикалық тексеру:

- форсирленген патологиялық ұзарған тыныс алу соңында аускультация кезінде тыныс жолдарының обструкциясымен шартталған құрғақ сырылдарды тыңдауға болады;

Лабораторлық зерттеулер: эритроциттер санының жəне гемоглобин деңгейінің артуына бейімділік, əсіресе тыныс алу жеткіліксіздігі кезінде.

ӨСОА диагнозы спирометриямен расталуы қажет:

- ОФВ1 үдемелі төмендеуі;

- өкпенің форсирленген өмірлік көлемі (ФЖЕЛ) - (FVC);

- 1 секундта дем алудың форсирленген көлемі (ОФВ1) - (FEV1);

Қатынастар есептеледі ОФВ1/ФЖЕЛ (FEV1/FVC).

Дəрі-дəрмексіз ем:

Бірінші жəне аса əрекетті əдіс болып темекі тартуды тастау табылады. Темекі зияны туралы кез келген консультациялар, тиімді жəне əр қабылдауда айтылуы қажет. СБ емдеуде бронхтық теректің дренаждық функциясын жақсартуға жəне тыныс алу мускулатурасына бағытталған емдік тыныстық гимнастика маңызды орын алады. Мұнымен қоса физиотерапиялық əдістер мен тыныс алу мускулатурасының массажы белгілі мəнге ие.

Дəрі-дəрмектік ем:

Басым жағдайда ингаляция түріндегі бронхилиттік заттар, ӨСОА негізгі симптоматикалық емі болып табылады:

- теофиллин ӨСОА кезінде тиімді; бірақ оның потенциалды уытты əсерімен байланысты, қолда бар болса ингаляциялық бронходилататорлар қолданылады. 

Интермиттирлеуші симптомдармен науқастарға ингаляциялық бета 2 - агонисттер немесе қысқа əсердегі М-холинолитиктер бірі көрсетілген (сальбутамол - 200-400 мкг, фенотерол - 200-400 мкг), ипротропий бромиді 40 мкг, беродуал (фенотеролдың фиксирленген комбинациясы жəне ипротропий бромиді).

2-4 кезеңде бір немесе ұзақ əсердегі бронходилятаторлармен тұрақты ем қосылады (сальметерол-50 мкг немесе формотерол-12 мкг тəулігіне екі рет).

3-4 кезеңде ингаляциялық глюкокортикостероидтармен тұрақты ем көрсетілген (беклометазон дипропионат – тəулігіне 600-800 мкг, будесонид – тəулігіне 800-1600 мкг, немесе флутиказон пропионат– тəулігіне 250-1000 мкг). Жүйелік глюкокортикостероидтар тұрақты ем кезінде ұсынылмайды.

Муколитиктер (амброксол) тек қана тұтқыр қақырықпен науқастарға тағайындалады. 

Антибактериалды терапияны антибиотикограмманы ескеріп іріңді қақырық болған кезде тағайындайды. Жаңа генерациядағы макролид препараттарына көңіл бөлінеді (спирамицин), амоксициллин+клавулан қышқылы (амоксиклав), муколитиктермен қоса клиндамицин (спирамицин 3 000 000 БІР х 2 рет, 5-7 күн, амоксиклав 625 мг х 2 рет, 7 күн, кларитромицин 250 мг х 2 рет, 5-7 күн, цефтриаксон 1,0 х 1-2 рет, 5 күн, метронидазол 100 мл в/і тамшылап).
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:

1. *Бекламетазон аэрозоль 200 доза.

2. *Ипратропия бромид аэрозоль 100 доза.

3. *Сальбутамол аэрозоль 100 мкг/доза; таблетка 2 мг, 4 мг; небулайзер үшін ерітінді 20 мл.

4. *Теофиллин таблетка 200 мг, 300 мг таблетка ретард 350 мг.

5. *Фенотерол аэрозоль 200 доза.

6. *Ипратропий бромиді 21 мкг+фенотерол гидробромиді 50 мкг.

7. *Амброксол таблетка 30 мг; сироп 30 мг/5 мл.

8. *Амоксициллин+клавулан қышқылы 625 мг.

9. *Азитромицин 500 мг.

10. *Метронидазол 100 мл, флакон. 


5.Артериальды гипертензия. Ауруды басқару бағдарламасы бойынша жүргізу. Диагнозын анықтау, емдеу жүргізу тактикасы; 

Ответ:

1. Біріншілік гиперальдостеронизм немесе Конн синдромы. (басының ауыруы, бұлшықет әлсіздігі, парестезия, Никтурия және полиурия,  шеткі ісінулер жоқ, АҚҚ с.б. 180/100 мм, пульс 98/мин, альдостеронның несеппен көп бөлінуі, гипокалиемия, протеинурия, изостенурия, УДЗ – бүйрек бездері қыртысының шумақты қабатының гиперплазиясы - біріншілік гиперальдостеронизмге  тән)

2. Екшеу диагностика:

Альдостероманың және бірінші идиопатикалық  гиперальдостеронизмнің дифференциальдық диагностикасы келесі емдеу жолдарын анықтау үшін жүргізіледі. Альдостероманың негізгі емдеу жолы - хирургиялық жолмен. Ал керісінше,  бірінші идиопатикалық  гиперальдостеронизммен көпшілік емделушілерге медикаменттік емдеу (консервативтік терапия) жүргізіледі, себебі мұндай жағдайда емделушілер операцияны күрделі өткізеді.

Дифференциальдық диагностика үшін келесілер қолданылады:

Ортостатикалық проба 

Қан сұйықтығындағы 18-гидроксикортикостеронның деңгейін анықтау

Бүйрекүстілердің КТ немесе МРТ

Бүйрекүстілердің синтиграфиясы

Бүйрекүсті веналарындағы альдостерон концентрациясының айырмашылығын анықтау (бүйрекүстілердің флебографиясы)

3. Емдеу тактикасы:

Медикаментозды емес емі

Аяулық режимі, рациондағы тұз мөлшерін 2г/тәул дейін азайту. 

Медикаментозды емі

Операцияға дейінгі 1-3 айда:

 1. Альдостеронның антагонисті - спиронолактонды(верошпирон, альдарон, альдактон) бастапқы дозасы 50 мг нан күніне 2 рет тағайындау. 7-күні тәуліктік дозасы 3-4 рет қабылдауда 200-400мг/тәул дейін дозасын көбейту. Тиімділігі болмаса дозаны 600мг/тәул дейін жоғарылатады.

2.  К деңгейі қалыпқа келгенге дейін АҚҚ түсіру үшін кальций каналдарының дигидропиридиндік блокаторлары 30-90 мг/тәул. Дозасында тағайындалады.

3.АҚҚ қалыпқа келтіру үшін тек К деңгейі қалыпқа келгеннен кейін ғана салуретиктер- гидрохлортиазид (тәул.Дозасы 25-50мг) немесе фуросемид(тәул.Дозасы 80-160мг) тағайындалады.

 Негізгі емдеу жолы - хирургиялық.

6. ЖИА.Тұрақты стенокардия. Ауруды басқару бағдарламасы бойынша жүргізу. Диагнозын анықтау, емдеу жүргізу тактикасы;

Анықтамасы
Стенокардия – кеуде клеткасындағы қысылу, басылу мінезде көрініс табатын, ығысу сезімімен клиникалық синдром, ол жиі жағдайда төс артында орналасып, сол қолға, мойынға, төменгі жақ сүйегіне, эпигастриге беріледі. Ауыру, физикалық жүктемемен, суыққы шығумен, тамақты көп мөлшерде қабылдаумен, тыныштықта басталып, нитроглицерин қабылдағаннан кейін бірнеше секунд немесе минуттан кейін жоғалатын эммоционалды қажумен туындалады.

 I20.8   Жүктеменің басқа формалары

ЖИА жіктемесі (КСРО 1989 ж.):

1. Кенет коронарлық өлім.

2. Стенокардия:

- жүктеме стенокардиясы;

- алғаш рет туындаған жүктемелік стенокардия (1 айға дейін);

- тұрақты жүктемелік стенокардия (I ден IV дейін функционалды класты көрсетіп);

- үдемелі стенокардия;

- тез үдемелі стенокардия;

- кенеттен пайда болған (вазоспастикалық) стенокардия.

 

Жүктемелік стенокардия

I ФК (жасырын стенокардия): стенокардия ұстамалары тек қана үлкен интенсивтілікпен физикалық жүктеме кезінде туындайды; игерілген жүктеме қуаты велоэргометриялық сынама бойынша (ВЭМ) 125 вт, екі рет жүргізу 278 шарт. бірл аз; метаболиялық бірлік саны 7 астам.
II ФК (жеңіл дəрежедегі стенокардия): стенокардия ұстамалары 500 метр қашықтыққа тегіс жермен жүру кезінде, əсіресе суық ауа райында, желге қарсы; бір қабаттан жоғары баспалдақпен көтерілгенде; эмоционалды қозу кезінде туындайды. Игерілген жүктеме қуаты велоэргометриялық сынама бойынша 75-100 вт, екі рет жүргізу 218-277 шарт.бірл. метаболиялық бірлік саны 4,9-6,9. Қарапайым физикалық белсенділік аздаған шектеулерді қажет етеді.
III ФК (орташа ауырлықтағы стенокардия): стенокардия ұстамалары қалыпты қарқынмен тегіс жерде 100-500 м қашықтықта жүру кезінде, бірінші қабатқа баспалдақпен көтерілу кезінде туындайды. Стенокардияның сирек ұстамалары тыныштықта пайда болуы мүмкін. Игерілген жүктеме қуаты велоэргометриялық сынама бойынша 25-50 Вт, екі рет жүргізу 151-217 шарт. бірл; метаболиялық бірлік саны 2,0-3,9. Қалыпты физикалық белсенділіктің айқын шектелуі болады. 

IV ФК (ауыр форма): стенокардия ұстамалары аздаған физикалық жүктемелер кезінде туындайды, 100 м аз қашықтықта тегіс жерде жүруде, тыныштықта, науқастың горизонталды жағдайға ауысуында. Игерілген жүктеме қуаты велоэргометриялық сынама бойынша 25 Вт аз, екі рет жүргізу 150 шарт.бірл. аз; метаболиялық бірлік саны 2 ден аз. Жүктемелік функционалды сынақты жүргізбейді, науқастарда қарапайым физикалық белсенділікті айқын шектеу байқалады.

Қауіп-қатерлі факторлар:
- ер жыныстылар;
- егде жас;
- дислипопротеинемия;
- артериалды гипертония;
- темекі тарту;
- артық дене салмағы;
- төмен физикалық белсенділік;

- қантты диабет;
- алкогольді пайдалану.
Шағымдар мен анамнез: ангинозды ауыру, тыныштықтағы ентікпе, 100-150 м ж.ру кезінде, 1-ші қабатқа көтерілгенде.
 

Физикалық тексеру: физикалық жүктемелер туындатқан ангинозды ауыру (жүктеме көлемі жіктемеге сəйкес), ЭКГ деректері, ВЭМ сынағы.

 

Инструменталдық зерттеулер: ЭКГ-де тыртық белгілерінің болуы.
 


 

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. Қанның жалпы анализі.

2. Глюкозаны анықтау.

3. Зəрдің жалпы анализі.

4. Қан коагулограммасы.

5. Электрокардиограмма.

6. Артериалды қысымның өзгеруі.


Дəрі-дəрмексіз ем: төсек режимі, диета.
 

Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:

1 . *Изосорбид динитрат 0,1% 10 мл, амп.

2.   Изосорбид мононитрат 40мг, капс., 50 мг. таб.

3.   Изосорбид мононитрат 20мг, табл.

4. **Изосорбид динитрат, табл 5 мг, 10 мг, 20мг, 40 мг, 60 мг; инъекция үшін ерітінді 0,1% 10 мл; аэрозоль.

5.  *Нитроглицерин, табл 0.5мг.

6. **Атенолол, табл 50мг, 100 мг.

7.  *Метапролол, табл 25 мг.

8.   Бисопролол, табл, 5 мг.

9.   Карведилол, табл 25 мг.

10. Дилтиазем, капс 180мг.

11. **Верапамила гидрохлорид, табл 40мг, 80 мг.

12. **Амлодипин табл 5 мг, 10 мг.

13.   Фозиноприл, табл 10мг.

14.  *Периндоприл, табл 4мг.

15.   Каптоприл, табл 25 мг.

16.  *Эналаприл табл 10 мг.

17.  *Амиодарон, табл 200 мг.

18.  *Фуросемид, табл 40 мг.

19.  *Фуросемид, 40 мг амп.

20.  *Спиронолактон, табл 100 мг.

21.  *Гипотиазид, табл 25 мг.

22. **Ацетилсалицил қышқылы, табл 100 мг, 250 мг, 325мг, 500 мг.

23.   Клопидогрель табл 75 мг.

24.  *Ловастатин табл 10 мг, 20 мг, 40 мг.

25.   Аторвастатин, табл 10 мг.

26.   Симвастатин, табл 20 мг.

27.  *Декстроза, р-р д/и 5% фл 400 мл.

28.   Калия хлорид, 4% 10 мл.

29.  *Адам инсулині, ерігіш, биосинтетикалық, инъекция үшін ерітінді инъекция үшін ерітінді 100 БІРЛІК/мл.

30.  *Натрий хлориді, инъекция үшін ерітінді 0,9% фл.
 
7. ЖИА. Миокард инфаркті. Ауруды басқару бағдарламмасы бойынша жүргізу. Диагнозын анықтау, емдеу жүргізу тактикасы; Анықтамасы: 
Миокард инфаркті − ұзаққа созылған ишемияға байланысты кардиомиоциттердің тіршілік қасиеті жойылып өліеттенуі (некрозы).

І21 Миокардтың жіті инфаркті

Аурудың формалары бойынша:
1. Миокардтың жіті инфаркті:

- анықталған инфаркт;

- мүмкін инфаркт.
2. Миокардтың болған инфаркті:
Зақымдалған аумағы бойынша:

- майдаошақты инфаркт;

- іріошақты инфаркт.
Орналасуы бойынша:

- алдыңғы инфаркт;

- бүйірлік инфаркт;

- артқы (төменгі) инфаркт;

- далдалық инфаркт жəне т.с.с.
Зақымдану тереңдігі бойынша:

- трансмуральдық инфаркт;

- инграмуральдық инфаркт;

- субэпикардтық инфаркт, субэндокардтық инфаркт.
Ағым кезеңдері бойынша:

- продромдық кезең (инфаркталдылық жағдай);

- инфарктің өте жіті кезеңі;

- инфарктің жіті кезеңі;

- инфарктің жітілеу кезеңі;

- постинфарктік кезеңі.

Физикалық тексеру

Науқасты қарау кезінде: бозғылттық, терінің жоғары ылғалдылығы, ерін, мұрын, құлақ, тырнақ астының цианозы. Аздаған тыныс жиілігінің артуы байқалады. Жүрек тұсын пальпациялау кезінде – сол жүрекше жиырылуы туындатқан, 4-ші тонмен бірге естілетін пресистолалық пульсация. Сол қарынша миокардының систолалық дисфункциясы болған кезде уақыт бойынша 3 тонға сəйкес, диастоланың ерте фазасында жүрек ұшында пульсация пальпацияланады.
Асқынбаған МИ кезінде жүрек шекаралары жиі жағдайда қалыпты, кейде перкуссия жүректің сол шекарасының аздап ұлғайғанын анықтайды. Асқынбаған, бірақ көлемді МИ науқастарда жүрек аускультациясы кезінде I тонның тұйықталуы жəне жүрек ұшында аздаған систолалық шу анықталады.
Лабораторлық зерттеулер: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылайды, қан құрамында фибриноген, серомукоид, гаптоглобин, сиал қышқылының артуы, С-реактивті протеиннің пайда болуы.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.
Дəрі-дəрмектік ем:

- ауырсыну ұстамасын тыю;

- коронарлық қанағымды қалпына келтіру;

- инфаркт зонасын (аумағын) шектеу жəне асқынулардың алдын алу.
Профилактикалық шаралар: МИ кейінгі екіншілік профилактиканың мақсаты өлімнің алдын алу, МИ қайта дамуын жəне созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігін алдын алу.
Негізгі дəрі-дəрмектердің тізімі:

1. *Морфин гидрохлориді ампулада 1% 1 мл

2. *Промедол 2% 1 мл, амп.

3. *Фентанил 0,005%, ампулада

4. *Дроперидол 0,25% 10 мл, флаконда

5. *Стрептокиназа 1500000 Бір, флаконда
8.Созылмалы жүрек шамасыздығы.Емхана жағдайында науқастарды замануи жүргізу негіздері; 

Жүрек жетіспеушілігі деп ағзалар мен тіндердің дұрыс жұмыс атқаруына қажет затармен қамтамасыз ету және метоболизм өнімдерін шығаруға негізделген қанайналым аппаратының (соның ішінде жүрек) өзінің жұмысын атқара алмауын айтады[1], тіндердің метаболиттік қажеттелігін қанағаттандыру үшін керекті қан көлемінің азаюы жүректің қамтамасыз ете алмауынан туатын патологиялық процесс.

Пайда болу жылдамдығына қарай: жедел және созылмалы.

  • Жедел түрі – миокард инфарктісі, нитральды және аорта клапандарының жетіспеушілігі, сол қарынша жарылуы.

  • Созылмалы – біртіндеп басталады.

Жүрек бөлімдерінің зақымдалуына байланысты:

  • сол қарыншалық және

  • оң қарыншалық

Үш негізгі хирургиялық емдеу тәсілдері: Дәстүрлік кардиохирургия (қақпақшалар жеткіліксіздігін түзету, жүрек қарыншасын хирургиялық түзету, кардиоынталандырғыштар қою); Кардиоимпланттарды орнату – адамның денесіне қосымша қан айналым аппараттарын (жүрек қарыншалары) енгізу операциясы, олар жүректің қызметін ішінара қалпына келтіруге көмектеседі.  Жүректің трансплантациясы (алмастыру).

9. ГЭРА.Гастриттер. Емхана жағдайында диагнозын анықтау, емдеу стратегиясы

Ответ:

1. Болжам диагноз: Созылмалы атрофиялық аутоиммунды гастрит, өршу сатысы.

2. Емдеу тактикасы:

Медикаментозды емес. 

Режим амбулаторлы. 

Диета:

- толыққанды және құнары тамақтану;

- тамақтану режимі бөліктік, күніне 6 ретке дейін, аз прциямен тамақтану;

- АІЖ механикалық және химиялық тітіркендіргіштерден, асқазан секрециясының стимуляторларынан, асқазанда ұзақ сақталатын тағамдардан сақтау;

- өте ыстық және өте салқын тағамдардан бас тарту; ащы тұздықтардан бас тарту.

 Медикаментозды ем 

Аутоиммунды созылмалы гастритті емдеуде орын басатын ем дәрілері қолданылады:

1. Табиғи асқазан сөлінің 1-2 ас қасығын тамақтану кезінде қабылдау.

2. Ацидин - пепсин немесе бетацид 1 таб.  күніне 3 рет.

3. Құрамында протеолиз ферменттері бар дәрілер: пепсидил((1-2 ас қасығын күніне 3 р), абомин (1таб. х3р.)

Сіңіру жеткіліксіздігі болғанда Полиферментті препараттар қолданылады: панкреатин, фестал, дигестал, панзинорм, мезим-форте 1-2 таб. х 3 рет тағам қабылдаумен бірге.

Метеоризмде ромазулан (өсімдік текті препарат) жақсы әсер етеді. 

Ас тұзы қышқылының секрециясын күшейту үшін жолжелкен шырыны (15 мл күнге 2-3 рет тағам қабылдаудан 30 минут бұрын).

Уақытша еңбекке жарамсыздық уақытының ұзақтығы А типті гастриттің қайталануында 10-16 күнді құрайды.
10. Асқазан мен 12елі ішектің жара ауруы. Емхана жағдайында науқастарды заманауи жүргізу негіздері;

Ответ:

1. Болжам диагноз: Н.рylori-ассоциирленген созылмалы беткей антральды гастрит, өршу фазасы.

2. Емдеу тактикасы

Медикаментозды емес. 

Режим амбулаторлы. 

Диета:

- толыққанды және құнары тамақтану;

- тамақтану режимі бөліктік, күніне 6 ретке дейін, аз прциямен тамақтану;

- АІЖ механикалық және химиялық тітіркендіргіштерден, асқазан секрециясының стимуляторларынан, асқазанда ұзақ сақталатын тағамдардан сақтау;

- өте ыстық және өте салқын тағамдардан бас тарту; ащы тұздықтардан бас тарту.

Зиянды әдеттерді тоқтату.

 Медикаментозды ем 

 Атрофиялық емес гастриттердің фармакотерапиясының принциптері:

* эрадикациялық антихеликобактерлік терапия;

* 4-6 аптадан кейін антихеликобактерлік терапияның тиімділігін міндетті түрде бағалау;

* қауіп факторларына әсер ету.

Эрадикацияның тиімді схемалары;

Бірінші қатарлы терапия (10-14 күн):
- 3-компонентті схема:  ИПП (омепразол ішке 20 мг х 2 рет/тәул.)  + амоксициллин (ішке 1000мг х 2 рет/тәул.) +  кларитромицин (ішке 500мг х 2 рет/тәул.) ;

-  висмутсыз квадротерапия:  ИПП+амоксициллин+кларитромицин+нитроимидазол.

Екінші қатарлы терапия (10-14 күн):
- 3-компонентті схема:  ИПП (омепразол ішке 20 мг х 2 рет/тәул.)  + амоксициллин (ішке 1000мг х 2 рет/тәул.) +  фторхинолон (ішке 500мг х 2 рет/тәул.) ;

-  висмутсыз квадротерапия:  ИПП+амоксициллин+кларитромицин+нитроимидазол.

-  висмутпен  квадротерапия:  ИПП+амоксициллин+кларитромицин+висмут трикалий цитраты.
Эрадикациялық терапияда алдымен 3компонентті схема бойынша 14 күн емделгеннен соң, 1 айдан кейін тыныстық тест тапсырылады. Тыныстық тест нәтижилеріне сай хеликобактер пилори анықталуы не анықталмауы мүмкін. Егер бактерия анықталса, өзге схема бойынша ем тағайындалады. Егер 3 - компонентті терапия нәтижесіз болса, 4 компонентті терапия тағайындалады.

Уақытша еңбекке жарамсыздық ұзақтығы орташа есеппен 10-16 күнді құрайды. 
  1   2   3   4


написать администратору сайта