воп. Воп (1). 001. Артериальная гипертензия может быть Заподозрена по следующим клиническим признакам и проявлениям
Скачать 1.08 Mb.
|
СТАЦ 1. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің 1 сатысы: A) +Жасырын жүрек жеткіліксіздігі B) Физикалық күштемеде симптомдарының пайда болуы C) Гемодинамиканың ауыр бұзылысы D) Физикалық күштеменің аздап тежелуі E) Жәй физикалық күштеме жүрек жеткіліксіздік көрінісін шақырмайды 2. Пациент Б, 61жаста, клиникаға төс артындағықысып ауырсынуға шағымданады, дене күштемесімен байланысты, баспалдақпен 1-ші қабатқа көтерілгенде, тоқтағаннан кейін ауырсынуы басылады. Бұл шағымдар бірнеше жыл бойы алаңдаушылық туғызды, бірақ дәрігерге қаралмаған. Объективті: тері - қалыпты түсті, көрінетін шырышты қабаттары таза. Ісіну жоқ. Жүректің тоны анық, ырғағы дұрыс, жүрек соғу жиілігі 72 соққы / мин, АҚҚ - 130/80 мм.рт.ст. ЭКГ-да: синус ырғағы, ЖЭО көлденең позициясы, жүрек соғысының жиілігі 80 соққы / мин. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Сіздің диагнозыңыз: A) ЖИА. Принцметал стенокардия B) ЖИА. Алғаш пайда болған стенокардия C) ЖИА. Күштемелі стенокардия, ФК IV D) ЖИА. Миокард инфарктісі E) + ЖИА. Күштемелі стенокардия, ФК II 3. Науқас 47 жаста, 2 апта бұрын 4 қабатқа өте жылдам көтерілгенде төстің төменгі үштен бір ауырсыну пайда болды, тыныш жағдайда басылды. Осындай ауырсынулар алғаш рет пайда болды. Кейінірек олар жылдам жүріп, 2-ші қабатқа көтерілгенде пайда бола бастады. Сіздің диагнозыңыз: A) ЖИА. Күштемелі стенокардия, ФК IIІ B) +ЖИА. Алғаш пайда болған стенокардия C) ЖИА. Күштемелі стенокардия, ФК IV D) ЖИА. Миокард инфарктісі E) ЖИА. Принцметал стенокардия 4. Рентгенологиялық зерттеуде анықталатын: жүрек көлеңкесінің ұлғаюы, жүрек пішінінің тегістелуі, жүрек «белінің» жоғалуы, әлсіреген пулсация қандай ауруда болуы БАРЫНША мүмкін? 1) плевритте 2) пневмонияда 3)+ перикардитте 4) аорта аневризмасының сылынуында 5) өкпе артериясының тромбоэмболиясында 5. 73 жастағы ер адам, реанимация бөліміне ауыр жағдайда түсті. Төс артындағы қатты басып ауыру сезімі ауруханаға дейінгі кезеңде жойылды. Объективті: тері жамылғылары сұрғылт, суық жабысқақ термен жабылған. Өкпеде- іркілісті сырылдар. Жүрек үндері тұйық, айқын тахикардия, АҚ - 30/0 мм с.б.б. ЭКГ: V2-V6 шықпаларында ST сегментінің депрессиясы. Жедел жүрек жетіспеушілігінің белгілерін жою үшін мынаны БІРІНШІ кезекте енгізу барынша тиімді: 1) лазиксті 2) изокетті 3)+ допаминді 4) промедолды 5) тромбофлюксті 6. Жүрек жетіспеушілігінің IІІ функционалдық классы: A) Физикалық активтіліктің аздап шектелуі B) Күшейтілген физикалық күштемеден кейінгі ЖЖ белгілері C) Тыныш жағдайдағы ЖЖ белгілері D) +Физикалық активтіліктің айқын шектелуі E) Жасырын жүрек жетіспеушілігі 7. P-Q біртіндеп ұзарту кезеңдері, одан кейін QRST жоғалуы: A)Морганьи-Адамса-Стокса B)Щеткина-Блюмберга C)+Самойлов-Венкебах D)Вольф-Паркинсон-Уайт E)Мобитц 8. Науқас К., 42 жастағы, ерте таңғы уақытта пайда болатын төс айқын басып ауыру сезіміне шағымданады. Жүргізуші болып жұмыс жасайды, күндіз ауру сезімдері жоқ. Коронароангиографияда айқын атеросклероздық өзгерістер анықталмады, эргометринмен сынама оң. Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? А) +ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия ЖИА. В) ЖИА. Үдемелі стенокардия ЖИА. С) Күштемелік стенокардия II ФК D) Күштемелік стенокардия III ФК E) ЖИА. Күштемелік стенокардия IV ФК 9. Науқас Р, 55 жастағы, төс артындағы ауру сезіміне шағымданады, сол қолға және жауырын астына таралады. Объективті: Жүрек үндері тұйық, айқын емес тахикардия. АҚ- 110/70 мм.с.б.б. ЭКГ – да: V2-V4 шықпаларда SТ сегментінің элевациясы. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША орынды? 1) ӨАЭС (ЧПЭС) 2) +коронарография 3) вентрикулография 4) сцинтиграфия 5) позитронды-эмиссионды томография 10. Науқас М., 39 жаста, алкогольді ішімдікті көп ішеді, жүрек аймақтағы қысып ауырсынуға шағымданады, физикалық күштемемен байланысы жоқ, ентігу, жүрек қағуы. Қарау кезінде: тері жамылғысы боз, Дюпютреннің контрактурасы. Жүректің шекаралары ортаңғы бұғана сызығына дейін ұлғайған, тондары айқын бәсеңдеген, жыпылықтаушы аритмия. АҚҚ - 100/60 мм .рт.ст. Бауыр 4 см-ге ұлғайған, аяқтары ісінген. ЭКГ-да: жүрекше жыбыры жиілігі 125 - 140 рет минутына қарыншалық жиырылумен. QT интервалы ұзарған. T тісшесі V2-V6-де теріс. Бұл ауруды емдеуде ең орынды болып табылады: A) витаминді терапия B) + толық абстиненция C) диуретикалық терапия D метаболиттік терапия E) антиаритмиялық терапия 11. Ентігу, тұншығу ұстамасы, физикалық күштемеге төзімділіктің төмендігі, инфантилизм, физикалық дамудың кешігуі, жүректегі систолалық шуылы мынаған БАРЫНША тән? 1) өкпе эмфиземасына 2) бронхиальды астмаға 3) +жүректің іштен туа пайда болған ақауларына 4) жүректің жүре пайда болған ақауларына 5) бронх-өкпе жүйесінің іштен туа пайда болған аномалияларына 12. Жедел миокард инфарктісі бар науқаста жедел оң жақ қарынша жеткіліксіздігінің белгілері (мойынның тамырлары ісінуі, бауырдың ұлғаюы, ентігу) орын алса, төмендегідей асқынулардың дамуын болдырмау керек: A) + өкпе тромбоэмболиясы В) қарыншааралық перденің жыртылуын C) сол жақ қарынша миокард инфарктісі D) папиллярлы бұлшықеттің жыртылуы E) жүрекшеаралық перденің жыртылуы 13. 50 - жастағы ер адам, кардиология бөлімшесіне ауыр жағдайда түсті. Науқас төс артындағы қарқынды ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозғылт. Жүрек үндері тұйық, айқын тахикардия, АҚ - 90/60 мм с.б.б. ЭКГ: коронарлы қан айналымның жедел бұзылысы. Ұстамалы қарынша үстілік тахикардия. Жедел жәрдем бригадасы ырғақты қалпына келтіру үшін изоптин, кордарон енгізген, ырғақ қалпына келмеген. Жүрек ырғағын шұғыл қалпына келтіру мақсатында жасау БАРЫНША тиімді: 1) аблацияны 2) реваскуляризацияны 3) электрокардиостимуляцияны 4) +электрлік кардиоверсияны 5) жүрекшелердің өңеш арқылы электростимуляциясын 14. 78 - жастағы әйелді баспалдақтың 1-ші жартысына көтерілгенде төс артындағы басып ауыру сезімі, жүрек тұсындағы қағулар, бас айналу мазалайды. Анамнезінде миокард инфарктысы болған. Объективті: өкпесінде іркілмелі ылғалды сырылдар. ЖЖЖ мин.- 106 рет. АД - 170/100 мм с.б.б. Созылмалы қан айналым жетіспеушілігі барын дәлелдейтін белгілерге жатуы БАРЫНША мүмкін: 1) АҚ жоғарылауы 2) бастың айналуы 3) жүрек тұсындағы қағулар 4) төс артындағы басып ауыру сезімі 5) +іркілмелі ылғалды сырылдар 15. Сол жақ қарынша аневризмасының ЭКГ көрінісі: A) +«Тұрақталған» ЭКГ B) «Мұздатылған» ЭКГ C) «Суыған» ЭКГ D) «Ұйқтаған» ЭКГ D) «Тұрған» ЭКГ 16. 66 жастағы ер адам жалпы әлсіздік шағымымен ауыр жағдайда жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Қарау кезінде: тері жабындылары бозарған, ылғалды, сұр цианоз, аяқ қолдары мұздаған. Жүрек үндері әлсіз, шоқырақ ритмі, ЖСЖ-115 рет мин. АҚ 80/40 мм с.б., айқын олигурия. ЭКГде: синусты тахикардия, QS V1-V6, ST V1-V6 сегменті монофазды қисық түрде изосызығынан көтерілген. Жедел қантамыр жетіспеушілігінің шеткілік белгілерін жоюға қандай дәрілік затты тағайындаған БАРЫНША жөн? A) Нитроглицерин B) Фуросемид C) +Допамин D) Гепарин E) Атропин 17. Жедел респираторлы вирустық инфекциямен ауырған 28 жастағы әйел 2 аптадан кейін ауыр жағдайда жүрек жеткіліксіздігінің клииникалық көрінісімен ауруханаға түсті. Аурудың БАРЫНША сенімді диагностикалық әдісін көрсетіңіз: A) ЭКГ B) ЭХОКГ C) Рентгенография D)+ Миокард биопсиясы E) Миокард сцинтиграфиясы 18. Туа біткен жүрек ауруы бар 26 жастағы ер адам, қызбаға, қалтырауға,тершеңдікке шағымданады, бұл инвазивті араласудан бір айдан кейін пайда болған. Қарау кезінде конъюнктиваның өтпелі қабатында петехиялар, тырнақтарастындағы сызықты қан кетулер табылған. Қанда: анемия, солға ауысқан лейкоцитоз, ЭТЖ күрт жоғарылаған. Ауруды емдеуге арналған препараттардың негізгі тобы: A метаболктер C) + антибиотиктер C) антиоксиданттар D глюкокортикостероидтер E) стероидты емес қабынуға қарсы препараттар 19. Артериальді өзекшенің бітіспеуінің басты аускультативті белгісі: А) +Төстің сол жағында II қабырға аралықтағы діріл және үзіліссіз шу B) Төстен оң жағында II қабырға арлықта есілетін систолалық шу C) Жүрек ұшында протодиастолалық шу D) I нүктеде ерте диастолалық шу E) Жүрек ұшында систолалық шу 20. Қатерлі қарыншалық экстрасистолиямен ауыратын науқастарды емдеуге төмендегі препараттардың қайсысы таңдаулы болады? А) Конкор B) Соталол C) Дигоксин D) Верапамил E) +Амиодарон 21. 52 жастағы ер адам, төс артындағы ауру сезіміне шағымданады, сол қолға және жауырын астына таралады. Объективті: Жүрек үндері бәсеңдеген, айқын емес тахикардия. АҚ- 110/70 мм.с.б.б. ЭКГ – да: V2-V4 шықпаларда SТ сегментінің элевациясы. Төмендегі дәрі-дәрмектердің барлығын емдеу жоспарында тағайындаған орынды, мынадан басқа? A) Наркотикалық аналгетиктер B) +Жүректік гликозидтер C) Антикоагулянттар D) Тромболитиктер E) Дезагреганттар 22. 31 жастағы әйелде жедел респираторлық вирусты инфекциядан кейін қызба, әлсіздік, жүрек тұсындағы шаншып ауыратын ауыру сезімі анықталды. Қанда ЭТЖ - 32 мм/сағ. ЭКГ да I дәрежелі атриовентрикулярлы бөгеме. Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді? A) Метаболиктерді B) Антибиотиктерді C) Антикоагулянттарды D) Жүрек гликозидтерін E) +Глюкокортикостероидтарды 23. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауыратын 38 жастағы әйел, тыныштықтағы айқын ентігу, тұншығу ұстамасы, әлсіздікке шағымданады. Қарағанда: дене бітімі астеникалық, тері жабындылары бозғылт, акроцианоз. Өкпесінде іркілмелі сырылдар, жүрек ұшында иррадияциясыз диастолалық шу, жыбыр аритмиясы естіледі. Митральді саңылаудың алаңы – 1,2 см2, айқын өкпелік гипертензия . Науқасқа қандай ем БАРЫНША мүмкін көрсетілген? A) Инотропты қолдау B) Дезагрегантты заттар C) Антиаритмиялық терапия D) Антикоагулянтты дәрілер E) +Ақаудың хирургиялық коррекциясы 24. 58 жастағы әйел жатқанда күшейетін инспираторлы ентігу ұстамаларымен ауруханаға жатты. Өкпесінде өте көп ылғалды сырылдар. Жүрек үндері әлсіз, тахикардия, өкпе артериясында II тонның акценті. Анамнезінде: артериальды гипертензия, қант диабеті. ЭКГде: QS және SТV2-V6 элевациясы, қарыншалық экстрасистолалар. Қандай терапияны БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ тағайындаған дұрыс? A) Антиаритмиялық B) +Тромболитикалық C) Антиагреганттық D) Оксигенотерапияны E) Метаболикалық 25. 76 жастағы ер адам, жедел кардиологияға түскен кезде жедел коронарлық синдром диагнозы қойылды. Коронарлық ангиографиялық тексеру кезінде сол жақ коронарлық артерияның алдыңғы қарыншааралықтармағының гемодинамикалық айқын емес стенозы анықталды. Ауруханадан шыққаннан кейін науқасқа аталған дәрі-дәрмектердің барлық топтарына ұсынылады, мынадан басқа: A) ГМГ-Кoa редуктаза ингибиторлары В) B-блокаторлары C) + антикоагулянттар D) Дизагреганттар E) нитраттар 26. 72 жасар ер адам нитраттар көмектеспейтін төс артындағы қатты басып ауыратын ауыру сезіміне шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, гипотония. ЭКГ да солжақ қарыншаның артқы бүйір қабырғасы зақымданған. Осы жағдайды нақтылауға көрсетілген зертханалық көрсеткіштердің қайсысы БАРЫНША ақпаратты? A) Жүректік натрийуретикалық пептидті B) С-реактивті белокты C) Трансаминазаны D) Гомоцистеинді E) +Тропонин I ді 27. 57 жастағы ер адам ЭКГ-да үш апта бойы сақталған ST-сегментінің биіктеуімен кең көлемді миокард инфарктісі мен парадоксальды прекардиалды пульсация белгілерін көрсетті. Барынша мүмкін асқынуды атаңыз? А) Тромбоэндокардит В) Постинфарктық синдром C) Миокард инфарктісінің қайталануы D) Сол жақ қарынша аневризмі E) +Қарыншааралық перде жыртылуы 28. 22 жастағыжігітке, кардиомегалия қарыншааралық перденің жоғарғы үштен бір бөлігінің айқын гипертрофиясынмен және сол жақ қарыншаның бос қабырғасына шығу трактін тосқауылдаумен диагнозы қойылды. Келесі дәрі-дәрмектің топтарын тағайындау БАРЫНША ұсынылады? A) Нитраттар B) ААФ ингибиторлары C)+ в-адреноблокаторлар D) Кальция антагонисттері E) Жүрек гликозидтері 29. 47 жастағы әйел жүрек астма ұстамасы, жүрек қағу, айқын жалпы әлсіздік шағымдарымен ауруханаға түсті. Қарағанда: өкпесінде іркілмелі сырылдар, кардиомегалия, аяқтарында ісінулер. Эхокардиогрфиялық зерттеуде миокардтың жиырылу қабілетінің төмендеуі анықталды. Осы жағдайда көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді? A) Изоптинді B) +Дигоксинді C) Атенололды D) Гипотиазидті E) Престариумды 30. 62 жастағы ер кісіде көп мөлшерлі шырышты-ірінді қақырықты жөтел, шамалы ентігеді.Об-ті: терісі бозғылт, мұрын-ауыз үшбұрышының акроцианозы, тырнағы «сағат әйнегі» тәрізді, кеуде қимылдары шектелген, балтырлары пастозды.Жүрек соққысы пальпацияланады.Семсер тәрізді өсіндігінің негізінде систолалық шу. Өкпесінде әлсіреген везикулалық тыныс, шығару фазасы қысқарған, шашырынқы құрғақ сырылдар. Эхокардиограммада қандай өзгеріс БАРЫНША болу мүмкін? А) Сол қарынша гипертрофиясы және аортальді жетіспеушілік B) Сол қарынша гипертрофиясы және митральді жетіспеушілік C) Оң қарынша артқы қабырғасының гиперкинезиясы D) +Оң қарыншаның гипертрофия және дилятациясы E) Сол қарыншаның гипертрофия және дилятациясы 31. 49 жастағы ер адам айқын экспираторлы ентігуге, аз мөлшерлі қақырықты ұстама тәрізді жөтелге шағымданады. 20 жыл бойы темекі шегеді. Объективті: терісі құрғақ көкшіл-бозғылт түстес, қолдары жылы, тырнағы «сағат әйнегі» тәрізді, кеуде қуысы «бөшке тәрізді». Перкуссияда «қораптық дыбыс», аускультацияда - әлсіреген везикулалық тыныс, шығару фазасы қысқарған, аздаған құрғақ сырылдар естіледі. Көрсетілген емдеу тәсілінің қайсысы БАРЫНША тиімді?: А) +Ипратропиума бромид B) Кромогликат натрия C) Амоксиклав D) Будесонид E) Бекотид 32. 61 жастағы ер адам физикалық күштеме кезінде мазалайтын жүрек тұсындағы басып ауыру сезіміне, басында шуға, бас ауыруына шағымданады. Қарап тексергенде: толық, ірі буындарының аймағында көптеген ксантомалар, қабақ терісінде ксантелазмалар; мүйізді қабықта сенильді шеңбер. Қанда холестерин 7,2 ммоль/л, ТТЛП холестерин 3,4 ммоль/л. Науқаста көрсетілген зертханалық көрсеткіштердің қайсысының өзгерісін күтуге болады? А) Триглицеридтердің төмендеуін B) Хиломикрондардың жоғарылауын C) Төмен тығыздықты липопротеидтердің төмендеуін D)+Төмен тығыздықты липопротеидтердің жоғарылауын E) Жоғары тығыздықты липопротеидтердің жоғарылауын 33. 48 жастағы ер адам қызба, ентігу, бас ауыруына шағымданып түсті. Қарап тексергенде: тырнақ астында сызықты геморрагиялар, саусақтар ұштарының терісінде қызыл-көк түсті ауыру сезімді тығызданулар; шынтақ бүкпесінде көптеген инъекция іздері; конъюнктиваның өту қатпарында петехиялар. Өкпесінде ылғалды сырылдар. Қаннан жасыл стрептококк табылды. Эхокардиографиялық зерттеуде көрсетілген қандай өзгерістердің анықталуы БАРЫНША мүмкін? А) +Вегетациялар В) Аортаның атеросклерозы С) Қуыстардың кеңеюі D) Жүрек қақпақшаларының тығыздануы Е) Қарынша аралық перденің ассиметриялық гипертрофиясы 34. Біріншілік өкпелік гипертензиямен ауыратын науқастарға хирургиялық емдеу әдісі мына жағдайда көрсетілген A) III ФК B) IV ФК C) I және II ФК D) Барлық науқастарға E) +Дәрілерге рефрактерлікте 35. 59 жастағы әйел айқын бас ауыруына, бас айналуына, лоқсу, қайталамалы құсу, көз алдында шіркейлердің көрінуіне шағымданады. Қарағанда: жүрек шегі солға ұлғайған, аортада II тонның акценті. АҚ 180/100 мм.сб.бб. Осы жағдайды жоюға төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША қажет? A) Но-шпаны B) Дофаминді C) Папаверинді D) Преднизолонды E) +Нитропруссидті 36. 62 жастағы әйел кенеттен эпигастрий аймағында ауыру сезімін және бір реттік құсумен қосарланған жүрек айнуды сезді. Қарау кезінде: жағдайы ауыр, тері жабындысы бозғылт, жабысқақ мұздай терлеген. Жүрек үні едәуір тұйықталған, ЖСЖ 118 рет мин. АҚ 80/40 мм с.б. Эпигастральді аймақта іші қатыңқы. ЭКГ: QSII, III, aVF, STII, III, aVF – монофазалық қисық түрінде. Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? A) Асқынбаған артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті |