Главная страница
Навигация по странице:

  • 1. Адам капиталына салынған инвестициялардың теориялық негіздері

  • ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі.

  • Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

  • Зерттеу пәні

  • Жұмыстың әдіснамалық, теориялық және іс-тәжірибелік негізі

  • Жұмыстың құрылымы.

  • . АДАМ КАПИТАЛЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  • МЕМЛЕКЕТ. 1. Адам капиталына салынан инвестицияларды теориялы негіздері


    Скачать 0.62 Mb.
    Название1. Адам капиталына салынан инвестицияларды теориялы негіздері
    Дата25.01.2023
    Размер0.62 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаМЕМЛЕКЕТ.doc
    ТипДокументы
    #903831
    страница1 из 5
      1   2   3   4   5

    МАЗМҰНЫ


    КІРІСПЕ






    1. Адам капиталына салынған инвестициялардың теориялық негіздері




    1.1 Адам капиталының мазмұндық ерекшеліктері және құрылымы




    1.2 Адам капиталына салынған инвестиция нысандары




    1.3 Инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесі





    2. Қазақстан Республикасындағы адам капиталына салынған инвестициялар




    2.1 Инновациялық дамудағы адам капиталының рөлі




    2.2 Білім беруге салынған инестициялар




    2.3 Адам капиталы дамуының институциональдық базасы





    ҚОРЫТЫНДЫ





    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





    КІРІСПЕ
    Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам капиталы - адамдардың инвестиция жұмсау нәтижесінде қалыптасқан білімдік және ғылыми-жаңалықтық сипаттарының жинақталған жиынтығы. Олар болашақта өзекті мәселеге айналып, тиімді қолданылу арқылы өнімділікті көтереді және табыстар ағымын қамтамасыз етеді [1]. Адам капиталы қорлана алады, оны өнімді пайдалану жеке акт түрінде емес, жеткілікті ұзақ мерзім бойына жүзеге асырылады және иесіне пайдалану мерзімінде табыс әкеліп отырады. Олай болса, адам капиталы – капиталдың ерекше формасы, себебі ол:

    - жеке адамның артықшылығы және байлығы;

    - ол өзінің иесіне жоғары табыс әкелуге қабілетті;

    - оны қалыптастыру тұлғаның өзінің ғана емес, сондай-ақ қоғамның да мардымды шығыстар жұмсауын қажет етеді;

    - ол қорлана алады және сақтала отырып, болашақта да пайдаланыла алады.

    Тұтас экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің артуы өз кезегінде білім беру жүйесінде тұрақты дамуға қол жеткізуге байланысты. Білім берудің жаһандану жағдайында еліміздің интеллектуалды қорын дамыту деңгейі үлкен маңызға ие болып, ал білім беру сапасы ішкі саясаттың жетекші құралының бірі ғана емес, сонымен бірге еліміздің халықаралық мәртебесінің елеулі факторы болып табылады. Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын және елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің аса маңызды факторлары әрі базасы болып табылатын, қоғамдық даму деңгейінің өлшемдері ретінде, қазіргі білім беру жүйесінің, адам капиталының рөлі мен мәні арта түсуде.

    Экономикамызды әртараптандыру кезеңі және БСҰ-ға кіруге бағытталып жатқан қадамымыз еліміздің негізгі салалары бойынша, соның ішінде әсіресе экономика, басқару және ақпараттық технологияға қатысты жоғары білікті мамандар даярлауды қажет етеді.

    Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауларының бірінде “Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет”, - деп айқын атап көрсетті [2].

    Жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын және қазіргі заманғы озық технологияларды тиімді басқаратын бастамашыл мамандар даярлау ісі өзекті мәселелер қатарын құрайды. Бұл ретте кәсіби білім берудің мазмұны мен бағыты ұдайы дамудағы экономикалық ахуал мен жұмыс берушінің сұранысына сәйкес анықталып отыруы тиіс. Нәтижесінде межеленген Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ететін кәсіби-техникалық білікті маман даярлауға қолайлы жағдай қалыптасады.

    Әлемдік білім кеңістігінің көш басында жүрген академиялық институттар мен ғылыми орталықтарды елімізге тарту үшін жасалған алғы шарттар ҚР-ғы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен үндес, бұл Елбасы саясатынын білім беру жүйесін ілгерілетудегі бірізділікті аңғартады.

    Жаңа жүзжылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы тұтастай алғанда білім беру жүйесіне оң әсерін тигізді. Жаңа мектептер салу ісі жандандырылды. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаражат бөліне бастады. Алайда бұл білім беру жүйесіндегі жағдайды түбірімен өзгертуге жеткіліксіз. Білім беру жүйесінің нарықтық экономиканың, ашық азаматтық қоғамның қажеттіліктерінен қалыс қалуы айқын көрініп отыр.

    Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Адам капиталы теориясының бөлігі ретінде білім беру экономикасын ХХ ғасырда америкалық Т. Щульц, Г. Беккер, П. Друкер зерттеді. Одан өзге ұлттық білім беру саласын модернизациялау бағытындағы оқыту мен экономикалық тәрбие мәселелері, отандық экономист-ғалымдар Н.К. Мамыровтың, К.И. Нәрібаевтың, Я.Ә. Әубәкіровтың, Ө.Қ. Шеденовтың, М.Д. Есқалиевтің, Т.С. Сарбасованың, С.К. Жұмамбаевтің, Ғ.Р. Дәулиеваның, Л.А. Бимендиеваның және Тайжанованың еңбектерінде зерттелініп келеді.

    Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмінің жұмысын зерттеу әрі қолданылатын теориялық тәсілдемелер мен білім беру қызметін қорытып талдау болып табылады.

    Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттері қойылды:

    - адам капиталының бәсекелік ортаның дамуына әсерін қарастыру және экономикалық жағынан талдау;

    - адам капиталының салынатын инвестициялардың нысандарына талдау жасау;

    - білім беру жүйесіндегі бәсекелестік артықшылықтарды мен олардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру принциптерін анықтау;

    - инновациялық даму негізінде адам капиталының орнын көрсету;

    - адам капиталының дамытушы факторы ретінде білім беруге салынатын инвестицияларды талдау;

    - бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында адам капиталының инстиционалдық базасын анықтау.

    Зерттеу пәні адам капиталына салынатын инвестицияларды басқару процестері болып табылады.

    Зерттеу объектісібілім беруге салынатын инвестициялар арқылы адам капиталын дамыту зерттеледі.

    Жұмыстың әдіснамалық, теориялық және іс-тәжірибелік негізі. Адам капиталы тақырыбына жазылған шетелдік және отандық монографиялық еңбектер мен оқулықтар, сондай-ақ оқу құралдары, шетелдік және отандық ғалымдардың диссертация жұмыстары мен ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар материалдары, Қазақстан Республикасының Конституциясы және соған сәйкес Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, ҚР Ұлттық Статистика Агентінің статистикалық деректері, ҚР БҒМ материалдары, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары, мерзімді басылым мақалалары зерттеудің әдіснамалық, теориялық сондай-ақ іс-тәжірибелік негізін құрайды.

    Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сонымен қатар жұмыста 4 кесте, 7 сурет берілген.

    1. АДАМ КАПИТАЛЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

    1.1 Адам капиталының мазмұндық ерекшеліктері және құрылымы

    Капитал бұл қарым-қатынас, яғни кеңейтілген капиталдың ұдайы өндірісі бойынша мүдделі топтар арасындағы қарым-қатынас. Капиталы – тауар мен қызмет көрсету өндірісінде қолданылатын игіліктердің қоры. Қазіргі кезде экономистер капиталды табиғи, өндірілетін және адамдық капиталға бөліп қарастыруда.

    Бізге белгілі адам капиталы дербес теория болып қалыптасудан бұрын, яғни ХХ ғасырдың ортасына дейін экономикалық теорияда адам тек жұмыс күші ретінде қарастырылып келді. Кейіннен адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде тану процесі орын алғаннан кейін, адамды барлық игіліктердің бастауына қою тенценциясы орын алып келеді. Расында барлық игіліктерге адам тек физикалық еңбегімен ғана емес, ой-қабілетімен, шеберліктері арқылы қол жеткізеді, яғни адам өзін ұдайы өндіру арқылы қоғамды дамытуға атсалысады. Сондықтан адамды барлық игіліктердің жасаушысы, әрі квинфссенциясы ретінде тану заңды. «Адам капиталы» факторын даралап көрсету бұған дейін тұтынушы және өндірмейтін сала ретінде қаралып келген білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларының экономикалық және әлеуметтік ролін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді [3].

    Адам капиталы теориясының астарында адамға айналған қабілеттіліктер қоры, білім, дағды мен мотивация түсіндіріледі. Оның құрылымы физикалық және қаржылық капиталдың жинақталуы тектес, ағымдағы тұтынудан келешекте қосымша пайда алу үшін айналым жолып қажет етеді. Адам инвестициясының ең басты түріне білім беру, өндірістегі дайындық, миграция, ақпараттық іздестіру, нәрестелердің туылуы мен оларды тәрбиелеу жатады.

    Адам капиталы мен жай капиталдың арасындағы айырмашылық:

    Біріншіден, қазіргі заманға сай қоғамдағы адам жай капиталға қарағанда сату-сатып алу құралы болып саналмайды. Нарықта тек адам капиталын жалға алу бағасы ғана белгіленеді, яғни жалақы ставкасы ретінде, ал оның активтеріне баға болмайды;

    Екіншіден, адам капиталы қызметтік тиімділігін нарықта да, нарықтан тыс да өсіре алады және одан пайданы ақшалай немесе ақшасыз түрде алуға болады. Нәтижесінде, адамға салынатын тұтынушылық аспектілерінің салымдары өндірістің салымдарға қарағанда маңыздылығы кем емес. Алайда, бастысы адам капиталы физикалық капитал тәрізді ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік береді.

    Адам капиталы - өндіріс және ұзақ уақыт пайдалану заттарының екі жақты қызметін орындайтын білім мен біліктілік жиынтығы. Бұл категория қазіргі таңда өте өзекті, көп талданатын категориялардың бірі. «Адам капиталы» факторын даралау бұған дейін тұтынушы және өндірмейтін сала ретінде қаралып келген білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларының экономикалық рөлін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Заман дами түсе адамның қабілеттері мен біліген, мүмкіндіктеріне ерекше көңіл бөлінуде. «Адам ресурстарын басқару» деген мамандық шетелдің жоғары оқу орындарында оқытылады, яғни адам капиталының маңыздылығы күннен-күнге өсуде, экономика, саясат, әлеуметтік және өзге де салалалардағы рөлі артуда.

    Адам капиталы адамның тәрбиеленуі мен қалыптасу процестері жүзінде пайда болатын, барлық шығындарының жинағы деп есептелінетін адамның өндірістік елеуеті. Біздің көзқарасымыз бойынша «адам капиталы» қоғамдық байлықтарды көбейте отырып, өзінің тәжірибесі, белгілі бір біліктілігі мен білімділігі, қабілеттілігін көрсете отырып, әрі қарай дамып отыратын халықтың белсенді бөлігіне жатады. Қазіргі экономика ғылымында басқа да түсініктер қолданылады: еңбек және адам ресурстары. Еңбек ресурстары еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар, сонымен қатар еңбек етіп отырған, еңбек етуге жасы жетпеген адам деп түсінеміз. Бұл категория маңызды ғылыми-танымдық мағынаға ие, дегенмен «адам ресурсы» терминінің көңіл аударарлығы, ол ресурстық қажеттерді қамтамасыз етеді.

    Адам капиталы - ұлттың байлығы екенін және ол адам өмір бойы жинап-теретін біліммен, білікпен және интеллектуалдық қабілетпен өлшенеді. Білім адам капиталын дамытудың маңызды құралы болмақ. Сондықтан жа білімнің тиімді жүйесін құру экономиканың қажеттіліктерге сай келуі керек. Ел экономикасының нақты мүмкіндіктеріне қарай, халыққа әлеуметтік қамқорлықтың деңгейі әр кезеңде әртүрлі жағдайда болғаны рас. Мемлекеттің адам капиталының даму дәрежесін көрсететін білім мен ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау салаларына жұмсап жатқан қаражатының жыл санап өсуі бұл бағытта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың қарқындылығын байқатады. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп жатқан сарабдал саясатының нәтижесінде жыл өткен сайын республикамызда әлеуметтік міндеттемелер, оның ішінде адам капиталының дамуына жасалып жатқан шаралар өз нәтижесін беруде [4].

    Адам капиталының теориясы - білімнің әлеуметтік қызметіне принципті, сапалық жаңа көзқарас. Сансыз көп теорияларда білім не еңбек тиімділігін арттырудың факторы, немесе ғылым және техникалық прогрестің қозғаушысы ретінде қаралып келді, бірақ барлық жағдайда да оған қосалқы, көмекші роль берілетін еді.

    Қоғамға білімді шындап бағалауға оған тек капитал ретінде қарау ғана көмектесті, әрі ол ең құнды және ең сенімді капитал болады.

    Адам капиталы тұжырымдамасының кейбір алғышарттары классикалық саяси экономияда, марксизмде, әлемдік экономикалық пікірдің өзге де ағымдарында қаланған еді, бірақ ол үйлесімді және тиянақты болып тек ХХ ғасырда ғана ресімделді.

    Адам капиталы теориясының ғылыми және қоғамдық тұрғыдан танылуына, осы теорияны әзірлеуге ХХ ғасырдағы экономикалық, басқарушылық және әлеуметтік ілімнің аса көрнекті өкілі Питер Друкердің қатысуы өз септігін тигізді. Оның «Білім революциясы» мақаласы ғылыми және саяси тұрғыда кең резонанс туғызды. Автор осы мақаласында былай жазады: «Білім-бүгінгі таңдағы жеке ара нақты капитал. Халық білімін дамыту-капитал жасаудың ең маңызды құралы, ал білімді адамдардың саны, олардың білім сапалары мен осы білімдерді пайдалану-байлық өндірудегі ел қабілетінің ең маңызды көрсеткіші» [12, 9].

    Адам капиталы, өзге капиталдың кез келген түріне тән белгілерге ие, сонымен қатар оның елеулі айырмашылығы бар. Адам капиталы теориясы жөніндегі ресейлік жетекші маман С.А.Дятлов осы құбылыстың мынандай ерекшеліктерін көрсетті:

    1. Инвестициялардың адам капиталына қайтарымы оның иесінің өмір сүру мерзіміне (еңбекке қабілетті кезеңнің ұзақтығына) тікелей қатысты болады. Адамға жұмсалымдар неғұрлым ертерек жасалса, соғұрлым ол тезірек қайтарым жасай бастайды. Бірақ мынаны ескеру керек, неғұрлым сапалы және ұзақ мерзімді инвестициялар анағұрлым жоғары және анағұрлым ұзақ уақыттық нәтиже береді.

    2. Адам капиталы тек табиғи және моральдық тозуға ғана душар болмайды, сонымен бірге ол жинақталу мен көбеюге де қабілетті. Адам капиталының тозуы, біріншіден, адам организмі мен оған тән психофизиологиялық қызметтердің табиғи тозу дәрежесімен, ал екіншіден, білімнің ескіруінің немесе алған білім құндылығының өзгеруінің салдарынан болатын моральдық (экономикалық) тозу дәрежесімен анықталады. Адам капиталының толықтырылуы қызметкердің қайта оқу және өндірістік тәжірбие жинақтау үдерісінде жүзеге асырылады. Егер осы үдеріс үздіксіз жүретін болса, онда адам капиталын пайдалану шамасына қарай оның сапа және сан жөніндегі сипаттамалары (сапа, көлем, құндылық) жақсара түседі және өседі.

    3. Адам капиталының қорлану шамасына қарай оның табыстылығы белсенді еңбек қызметінің (белсенді еңбекке қабілетті жас) жоғары шегімен шектелетін белгілі бір межеге дейін жоғарылайды да, сонан соң күрт төмендейді.

    4. Капиталды жасау кезінде «екі жақты көбейткіш нәтиже» орын алады. Оның мәні былай, оқу үдерісінде тек оқитын адамның ғана емес, сонымен бірге оқытушының да мінездемесі мен қабілеті жетіле, өсе түседі, ол кейіннен біріншісінің де, сондай-ақ, екіншісінің де табыстарын өсіреді.

    5. Адамға жасалатын инвестициялардың барлығы бірдей адам капиталының жұмсалымдары болып таныла бермейді, тек қоғамдық мақсатқа сай және экономикалық қажеттіліктері ғана осындай жұмсалымға жатады. Мәселен, қылмыстық әрекетке байланысты шығындар адам капиталына жасалатын инвестициялар болып саналмайды, өйткені олар қоғамдық тұрғыда мақсатқа сай емес және қоғам үшін зиянды.

    6. Адамға жасалатын жұмсалымдардың сипаты мен түрлері тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктерден және дәстүрлерден тарайды. Мәселен, білім деңгейі мен балалардың мамандық таңдауы едәуір шамада отбасылық дәстүрлерге және олардың ата-аналарының білім деңгейіне байланысты болады.

    7. Капиталдың өзге әр түрлі нысандарына жасалатын инвестициялармен салыстырғанда адам капиталына жұмсалатын инвестициялар жеке дара тұрғысынан да анағұрлым пайдалы. [13, 173-181].

    Адам капиталы- бір мезгілде жеке де және қоғамдық та капитал. Ол жеке адамның мәртебесіне де, сондай ақ бүкіл қоғамның даму деңгейіне де айқындауыш ықпал жасайды. Адам капиталы теориясы пайда болғанға дейін білімді экономикалық тұрғыда тек жұмыс күшін құрау, кадрларды даярлау мен біліктіліктерін көтеру ретінде ғана қарап келді. Адам капиталы теориясы тұңыш рет білім-білімнің жалпы экономикалық қайтарымы туралы мәселені қойды.

    Қоғамдық тиімділікті адамның жетекші рөліне негіздеп қарастыру көп жағдайда «адам капиталы» теориясымен байланысты. Осы теорияның шеңберінде дамытылған адамға деген экономикалық көзқарас дамыған елдердің рыноктық шаруашылық жүргізу тәжірбиесінде кең қолданып келеді. Адам капиталы теориясы адам факторының анағұрлым кешенді және объективті талдануына, жұмысбастылықты, күрделі еңбектің рөлін, адамның рационалды мінез-құлқын микроэкономикалық талдау сферасын елеулі түрде ұлғайтуға жағдай жасады. Ең бастысы, аталған теорияның ҒТР-ның жаңа жағдайларында білімнің, біліктіліктің әлеуметтік-экономикалық маңызын қайта ұғынуға, жалпы және арнайы білімді, сондай-ақ индивидтердің гуманды сапаларын өндіріс тиімділігінің маңызды факторы ретінде қарастыруға әкелді.

    Адам капиталы теориясының пайда болу, қалыптасу, даму тарихына үңілсек, оның тарихи түп-тамыры политэкономия классиктерімен байланысты екендігін көрсетеді. У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо алғаш рет адамның құндылығын ақшалай бағалауға талпыныс жасады, білімнің халық және тұтас алғанда ел үшін экономикалық маңыздылығын көрсетті, адамның өндіргіш қабілеттерін капитал элементтері ретінде қарастырды. Айталық ағылшын классикалық политэкономиясының негізін қалаушы У.Петти 1664 жылы жарық көрген «Даналарға сөз» еңбегінің екінші тарауында «халық құндылығы» туралы жазған болатын. У.Петтидің айтуынша «бұрынғы еңбектің нәтижесі болып табылатын, елдің байлығы, мүлкі немесе қоры тірі әрекет етуші күштерден еш айырмашылығы жоқ, керісінше, бірдей бағалануы тиіс» [14, 3].

    Кейінірек А.Смит адамның еңбекке деген қабілеттілігін қалыптастыру және арттыруды тереңірек зерттеді. А.Смит адамның жанды өндіргіш күштері кез-келген елдің экономикасында алғашқы роль атқарғандығын дәлелдеп, пайдалы еңбектің өнімділігін арттыру ең алдымен жұмысшының іскерлігімен икемділігіне, сонан соң жұмысшы қолданылатын машина мен инструменттерді жақсартуға тәуелді екенін пайымдайды. А.Смит еңбекті, әсіресе жұмысшы іскерлігін, оның біліктілігін, адам бойында қалыптасқан және дамытылған қабілеттерін ұлт байлығының негізгі көзі ретінде қарастырған. Оқумен, үйренумен қалыптасқан еңбек дағдысын, білімді, шеберлікті машина және құрылыстар қатарында негізгі капитал категориясына қосты. Осыған орай, ғалым төмендегідей аргументтер келтіреді: біріншіден, халықтың пайдалы еңбекпен айналысу қасиеттері өздігінен пайда болмайды, керісінше, өндіріс құрал-жабдығы сияқты, олардың қалыптасуы белгілі бір экономикалық шығындарды қажет етеді. Екіншіден, адамның бойындағы біліммен дағды, капиталдың басқа формалары сияқты «айналысқа түспей-ақ және меншік иесін өзгертпей-ақ табыс пен пайда әкеледі».

    А.Смиттің пікірінше, оқумен үйренген еңбек адамның сол оқуға кеткен шығындарын бірнеше есе қайтарады және қарапайым еңбекке қарағанда үстеме табыс әкеледі.

    Д.Рикардо, қарастырылып отырған мәселеде, негізінен А.Смиттің көзқарастарын іргелілетті. Рикардо да білім берудің ролін ерекше жоғары бағалаған. Ол елдің экономикалық дамуында артта қалушылығы басқа да себептермен қатар «халықтың барлық топтарындағы білімнің жетіспеуінде» деп есептейді. Ал Дж.С.Милль болса, адам қабілеттерін еңбек өнімділігінің факторы ретінде қарастырып, оқыту мен тәрбиелеудегі еңбекті өнімді іс-әрекетке жатқызған. Дж.С.Милль алғашқы рет білім беруді «рынок шарасыздығының», яғни, рыноктық механизм тиімсіздігінің мысалы ретінде көрсетті [16].

    К.Маркстың экономикалық теориясында да адамның жасампаздық қабілеттеріне үлкен көңіл бөлген. К.Маркс қабілеттіліктерді «ең басты жинақталған байлық, жанды еңбекте өмір сүретін өткен еңбектің сақталған маңызды нәтижесі» ретінде қарастырған. Сондай-ақ, К.Маркс адамның белгілі бір еңбек саласындағы дайындығы мен дағдысын қалыптастыру үшін белгілі бір білімнің қажеттігін, сол білімді алуға шығын жұмсалатынын атап көрсеткен. Маркс капитал ұғымын жұмысшы күшіне қатысты ерекше мағынада қолдана отырып, тікелей өндіріс үрдісі тұрғысында жұмыс уақытын үнемдеуді негізгі капитал өндірісі ретінде қарастыруға болатынын атап көрсеткен. Бұл жерде экономист негізгі капитал ретінде адамды таңдаған. Бірақ, К.Маркс көзқарастар жүйесінің негізгі идеясы адам капиталы теориясынан алшақ. Оның ойынша, жұмысшы күші-еңбектің байлығы, ал капиталға оның сатып алушысы-капиталистің қолында өзгермелі капитал формасында ауысады.

    Жоғарыдағы классикалық политэкономия өкілдерінің көзқарастарын талдай келе, мынандай қорытындыға келуге болады:

    1. Олардың зерттеулерінде адамның сапасы-өндіріс тиімділігінің маңызды факторы екендігі;

    2. Адамның маңызды сапалары білім беру мен тәрбие арқылы қалыптасатындығы;

    3. Қабілеттілікті қалыптастыру шығындарды қажет екендігі;

    4. Адамның қабілеттері капитал элементі екендігі;

    5. Білім берудің экономикалық өсуге тікелей үлес қосатындығы негізделеді.[13, 173-181]

    Одан әрі ХIХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басында экономикалық талдауға «адам капиталы» ұғымын енгізу Фишер, Дж.Кларк, А.Маршалл, Л.Вальрас, В.Парето және т.с.сияқты экономистердің еңбектерінде негізделеді.

    Алғаш рет осы экономистердің еңбектерінде жеке адамдарды немесе олардың өндіргіш қабілеттерін капитал ретінде қарастыру қажеттігінің теориялық негіздемесі берілді. Адамды немесе өндіргіш қабілеттерін капитал ретінде қарастыруға төмендегі себептер негіз болды: біріншіден, өндіргіш қабілеттер қорлана алады және запасты құрады; екіншіден, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалған шығындар нақты инвестициялар болып табылады; үшіншіден, адамның қабілеттерін қалыптастыруға, дамытуға жұмсалған қаржы өнімді сипатта, өйткені ол болашақ табысты, өнімді және ұлттық байлықты көбейтеді.

    «Адам капиталы» идеясының тұтас концепция ретінде қалыптасуы ХХ-ғасырдың 60-жылдарында аяқталды. Адам капиталы теориясы әлемдік экономикадағы, өндіргіш күштер жүйесіндігі, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістердің политэкономиядағы көрінісі болып табылады.

    Сонымен, адам капиталы идеясының тұтас концепция ретінде қалыптасуы стихиялы, өздігінше емес, керісінше, экономикалық ғылымның әлеуметтік тапсырысты, белгілі бір қоғамдық қажеттілікті орындауы ретінде жүрді.

    Адам капиталы теориясы қазіргі күйінде американдық экономистер- «Чикаго мектебінің» өкілдері Т.Шульц пен Г.Беккердің басылымдары негізінде қалыптасты. Теорияның негізгі жағдайлары Т.Шульцтың «Адам капиталына инвестициялар» мақаласында (1961ж) және Г.Беккердің осы аттас мақаласы (1962ж) мен іргелі еңбегі-Адам капиталы: теориялық және эмперикалық талдауында» (1964ж) баяндалды. Адам капиталы теориясының жалғасын табуға американдық, ағылшындық экономистер-Дж.Минцер, Ф.Махлуп, Л.Туроу, Р,Нельсон, Дж.Вейзи үлкен үлес қосты, ал кейінірек бұл концепция М.Блаугтың, Э.Денисонның, Дж.Кендриктің, П.Хейненің және т.б. еңбектерінде дамытылды.

    Адам капиталы теориясының әдістемесінде қазіргі экономикалық ой-пікірлер ішінен басқа да ағымдарының әсері бар екендігі байқалады. Соның ішінде, білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу, білімнің экономикалық өсу қарқынына және ұлттық табыс өсіміне әсері проблемаларын зерттеуде неокейнсиандық көзқарастың үстемдігі байқалса, экономикалық талдауға жанұя, мектеп т.б. қоғамдық институттарды тарту идеясы және олардың қоғамдағы басқа да әлеуметтік, шаруашылық мекемелері арасындағы байланыстарын анықтау бұл теорияға қазіргі экономикалық ғылымның әлеуметтік-институционалдық ағымының әсерін көрсетті [18].

    Қазіргі шетелдік және отандық экономикалық әдебиеттерде «адам капиталы» категориясының әртүрлі анықтамалары кездеседі. Мұндай әртүрлілік бұл ұғымның күрделілігімен және көп қырлылығымен түсіндіріледі.

    Т.Шульцтің айтуынша, «егер білім өндіріске әсер етсе, мұның өзі экономика үшін өте маңызды, демек ол капитал формасы», ал білім капиталдың бір формасы болса, оны біз адам капиталы деп айтамыз, өйткені, бұл форма адамның ажырамас бөлігіне айналады. Оның капитал болып табылатын себебі, ол болашақ табыстар немесе болашақ қанағаттардың немесе қоса алғанда екеуінің де көзі. Келесі американдық экономист адам капиталы теориясының классигі Г.Беккер, бұл ұғымды кең мағынада қарастырды. Оның пікірінше, «адам капиталы адамға инвестиция жұмсау, оның ішінде өндірістегі дайындық, денсаулық сақтауға жұмсалған қаржы миграция және баға мен табыс туралы ақпарат іздестіру арқылы қалыптасады [15, 12].

    У.Боуэн, адам капиталын тауар мен қызметтерді өндіру мақсатында белгілі бір мақсат ішінде қолданылатын адам бойындағы жүре қалыптасқан білім, дағды, мотивация және энергиядан тұрады деп анықтайды.

    Л.Туроу болса адам капиталына адам бойында негізінен тәрбие мен білім беру арқылы қалыптасатын саяси және әлеуметтік тұрақтылықты сыйлау сияқты қасиеттерді де қосады.

    Эдвин Дж.Долан болса адам капиталын «формальды оқу, білім беру немесе іс-тәжірбие арқылы келген ақыл-ой қабілеттері түріндегі капитал» ретінде түсіндірді.

    Экономикалық әдебиеттерде адам капиталының монетарлық анықтамасы да бар. М.Фридмен адам капиталын еңбекке перманентті (тұрақты, үздіксіз) табысты қамтамасыз ететін қор ретінде түсінеді. Перманентті табыс-күтілетін болашақ табыс түсімдерінің орташа шамасы. М.Фридмен адам капиталын ақшаға балама активтердің бір формасы ретінде қарастырылып, адам капиталын байлықтың жеке иелерінің ақшаға деген сұраныс теңдеуіне қосады.

    Ресей экономистерінің еңбектерінде де адам капиталына әртүрлі анықтамалар беріледі. Ресейлік экономика ғылымындағы адам капиталының алғашқы анықтамаларының бірі М.Критскийдің еңбегінде берілген. Ол «адам капиталының негізінде экономикалық тұлғаның қоғамдық прогресс және интеллектуалды іс-әрекетінің жаңа күші ретіндегі қозғалысы жатыр»,-деп есептейді [17].

    Оның еңбегінде адам капиталы қазіргі заманғы қоғамның негізгі қоғамдық қатынасы ретінде қарастырылады. М.Критский адам капиталының өндірістік, тұтынушылық және интеллектуалды адам капиталы түріндегі формальды түр өзгерістерін және өзгерген формаларын терең зерттей келе, адам капиталының алушы және өндіруші шаруашылық дәуіріне адекватты формаларды сіңірген тіршіліктің жалпылама-нақты формасы ретінде көрінетіндігін атап көрсетеді. Осыдан, М.Критский, «адам капиталы- адамдардың өмірі ретінде жүзеге асатын, олардың тіршілігінің өздігінен баюы»-деген қорытынды жасайды.

    Посткеңестік экономика ғылымындағы адам капиталы теориясының ірі зерттеушілерінің бірі С.Дятлов адам капиталын «инвестиция нәтижесінде қалыптасатын, қоғамдық ұдайы өндірістің кез-келген сферасында мақсатты пайдаланатын, еңбек өнімділігін және өндірістің тиімділігін арттыратын, осы арқылы адамның табысын өсіретін адам бойында жинақталған (қорланған) денсаулық, білім, дағды, қабілеттер, мотивация қоры».

    Отандық экономика ғылымында адам капиталы теориясы бойынша зерттеулер енді қолға алынып келеді, олар көбіне фрагментарлы түрде кездеседі. Отандық экономистерден академик Я.Ә.Әубәкіровтың, К.Н.Нәрібаевтың, С.К.Жұмамбаевтың көзқарастарына тоқталған жөн.

    Академик Я.Ә.Әубәкіров адам капиталын әртүрлі ғалымдардың барлық жетістіктерін, білімді, дағдыны, жинақталған тәжірбиені және олардың әлеуметтік экономикалық прогресте қолданылуын біріктіретін кең масштабты ұғым ретінде түсінеді. Оның пікірінше, адам капиталы білім беру және ғылым салаларына, денсаулық сақтауға, білікті мамандарды ұдайы өндіруе мақсатты бағытталған инвестициялар нәтижесінде қалыптасады және ұлғаяды. Академик Я.Ә.Әубәкіров адам капиталын қоғамдық еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз ететін шешуші күш ретінде қарастырады.

    Келесі авторлар ұжымы адам капиталын «индивидтердің өзінің оқуына, білім алуына және басқа да өнімділікті арттыратын іс-әрекет түрлеріне уақытты инвестициялау арқылы қалыптасатын іскерлік пен дағдылар» ретінде анықтайды.

    С.К.Жұмамбаевтың пікірінше, «білім, дағды, іскерлік және жинақталған тәжірбие адам капиталын құрайды» және «жалдамалы жұмысшы кәсіпкерлік іс-әрекетке өзінің адамдық капиталын қосады. [20, 55]

    Отандық экономист-ғалымдардың көзқарастарын талдай келе, төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:

    Біріншіден, білім, іскерлік, дағды арнайы іс-әрекет түрлері арқылы қалыптасады;

    Екіншіден, ол қабілеттердің қалыптасуы белгілі бір қаржыны қажет етеді;

    Үшіншіден, ол қаржылар инвестициялық сипатта;

    Төртіншіден, білім, іскерлік, дағды және еңбек өнімділігі арасында тәуелділік орын алады;

    Бесіншіден, уақыт факторын қалыптастыру арқылы адам капиталының қалыптасуында «балама шығындар» немесе «жоғалған жалақы» шығындары орын алады. Міне жоғарыда берілген шетелдік және отандық экономистердің көзқарастарында адам капиталына әртүрлі түсіндірмелер беріледі. Әйтсе де, осы анықтаған ортақ ұқсастықты байқадық. Ол ұқсастық адам капиталының жүре қалыптасатын қабілеттер ретінде анықталуы. Нақ осы негізде, біз, адам капиталы категориясының экономикалық мазмұнын ашуға талпынамыз.

    Кез-келген экономикалық категория-экономикалық көзқарастар жүйесіндегі белгілі бір талаптардың логикалық көрінісі, жеткізілуі. Демек, адам капиталы экономикалық категория ретінде біздің ойымызша іскерлікті, дағдыны, т.б. қабілеттерді қалыптастыру, өндіру, тұтыну, жалғастыру үрдісінде қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді.

    Ойымызды тұжырымдай келе, біз, адам капиталын инвестиция нәтижесінде қалыптасатын және қорланатын, қоғамдық өндірістің кез келген сферасында немесе азаматтық өмірде мақсатты пайдаланатын, адамның болашақ қанағаттарының және өспелі табыстарының көзі, сондай-ақ, қоғамдық өндірістің және экономикалық өсудің басты факторы болып табылатын белгілі бір білім, дағды, іскерлік, денсаулық және мотивациялар қоры ретінде түсінеміз.

    Нарықтық қатынастарға негізделген азаматтық қоғам мен құқықтың мемлекетті құру процесінде әлеуметтік дамудың барлық болмысы адами өлшемдерді қажет етеді. Қазақстан үшін қазіргі әлеуметтік-экономикалық саяси кезеңге өту барысы сан қырлы күрделі процесс. Сондықтан да мемлекетіміздегі алға қойылып жатқан мақсат мүдделерге жетудің негізгі алғы шарттарына білім, ғылым, адам өмірінің толық қандылығы, қазақстандықтардың өз творчестволық әлеуметтік еркін жүзеге асыру мүмкіншіліктері жатады.

    Бүгінгі таңда Қазақстан өз дамуының қоғам ауқаттылығының өсуі адам капиталын құрайтын жеке қабілеттілік мен мүмкіндікке тәуелді болатын жаңа кезеңіне өтіп жатыр. Бұл кезең еліміздің әлеуметтік-экономикалық құрылымдары тез өзгеріп, нарықтық іс-әрекеттердің институтционалдыруымен, ескі қатынастардың ыдырап, адам қызметінің жағдайымен сипатталатын ескі кәсіби білім беру жүйесін өзгертетін жаңа әлеуметтік қатынастардың қалыптасуымен ерекшеленеді. Яғни, адамның біліміне, мүмкіншілігіне, сипатына жаңа талап-тілектер қоюымен қалыптасып отыр.

    Сонымен, өтпелі кезеңнің бағыты, мақсаты қоғамның, адамның құндылығын, жетістіктерін аша түсетін жағдайға жеткізу үшін мемлекеттік және жеке мүдделерді сол адамның азаматтық бейнесін тұрақтандыруға, білімі мен біліктілігінің мазмұны мен сипатын, құрылымын жетілдіруге, ғылыми-творчестволық әлеуетін дамытуға жұмылдыру керек.

    Енді осы адам өмірінің құндылығы жөніндегі көзқарастарға тоқталсақ, адамның шаруашылық іс-әрекетін “экономикалық адам” теориясының шеңберінде үлгілеу әрі экономикалық, әрі әлеуметтік проблемаларды терең қамтуымен сипатталған. Осы теорияларда біріншіден, адам тәуелсіз әрі тұрақты артықшылықтары бар дараланған тұлға ретінде көрінеді. Ол өзінің нақты әлеуметтік байланыстарынан тыс – табиғат берген өзіндік бір “орташа қалыпты” адам ретінде қарастырылады, жеке пайдасын ойлайтын өзімшіл болып табылады. Екіншіден, бұл адам ұқыпты, өзінің пайдасы екенін біле тұра, ол өз мақсатын таңдап алады да, белгілі бір таңдауының салдарына қарай салыстырмалы шығынға бататынын пайымдайды. Үшіншіден, бұл жақсы хабардар адам. Ол өзінің қажеттерін біліп қана қоймайды, сол қажеттерді қалай қанағаттандырудың жолдары туралы оның ақпараты жеткілікті /3/.

    Осындай У.Петтидің идеяларын А.Смит ілгері дамытты. Ол адамның қабілетін ел байлығының аса маңызды көзі деп санады: “Пайдалы еңбек өнімділігінің артуы, ең алдымен, жұмыскердің ептілігі мен іскерлігінің артуына, ал содан кейін ғана машиналар мен аспаптардың жақсаруына байланысты”. Ол негізгі капитал деп машиналардың, еңбек қаруының, үй – жайдың, әсердің өндірістік жиынтығын, сондай-ақ “қоғамның барлық тұрғындарының немесе мүшелерінің үйренген әрі пайдалы қабілеттерін” санауды ұсынған.

    А.Смиттің аса маңызды әдіснамалық қорытындысы адам қабілетінің екі ұдай табиғатын негіздеуі болды: “мұндай қабілеттерді игеру, оларды меңгерген адамның тәрбие алу, оқу немесе шәкірт болу кезіндегі шығынын қосқанда, қашанда шын мәніндегі шығындарды қажет етеді, оның тұлға бойында іске асқан есепті негізгі капитал”. Мұндай тұлғаның дәулетін құрай отырып, бұл қабілеттер соның өзі өмір сүретін күллі қоғамның да байлығын құрайды. Жұмысшының үлкен ептілігі мен білігін еңбекті қысқартатын немесе жеңілдететін, белгілі бір шығынды қажет еткенмен, сол шығынды пайдасымен қоса өтейтін машиналар мен өндіріс құралдары ретінде қарастыруға болады [21].

    Бұдан шығатын қорытынды: еңбек қабілетін арттыруға байланысты шығатын шығындар еңбектің нәтижелігін өсіруге ықпал етеді, оны жеңілдетеді, ұйымның пайдасы арқылы өтеледі. Бұл пікірдің біздің қоғам үшін маңызы зор, жаңалықтар, технологиялар адамдардың күшімен, даму деңгейімен, қабілетімен, іскерлігімен жүзеге асады. Сондықтан да адамның білім, еңбек ету, яғни мамандану қабілетіне инвестиция салу бірінші орынға тұруы керек.

    Сонымен, адам капиталын бірнеше негізгі қырларынан анықтауға болады, олар:

    - әлеуметтік қатынастардың еңбек, ақпараттық-білім, кәсіби, әлеуметтік-саяси, отбасылық-туыстық салалрдағы нысаны;

    - әлеуметтік өзара ықпалдастықтың адам дамуына жұмсалатын инвестициялар ретінде қаралуының нәтижесі;

    - адамның әлеуметтік өзара ықпалдастық процесінде жинақталған, сандық және спалық сипаттамасы бар рухани және табиғи мәдениетінің деңгейі (білім, білік, машық, қабілет, бедел қоры);

    - адамның болашақта әлеуметтік қолдау табатын мақсат-мұраты мен қоғамдық ұдайы өндіріс саласындағы мәртебесіне жету үшін қолданылуы мүмкін немесе қоғамның, фирманың яки нақты агенттің табысын өсіре алатын, сондықтан потенциалды адам капиталы ретінде айқындалатын қабілеті, білімі, білігі;

    - адамның дәл қазір қоғамдық ұдайы өндіріс саласында пайдаланылып жүрген, сондықтан нақты жұмыс істеуші адам капиталы ретінде айқындалатын қабілеті, білімі, білігі;

    - адамның мемлекет, жеке фирмалар, ұйымдар қызметінің мақсаты түрінде және жұмыскерді қарқынды еңбекке ынталандырушы факторлар ретінде көрінетін қабілеті, білімі, білігі;

    - қоғамдық әл-ауқат дәрежесін макродеңгейде бейнелейтін және мемлекеттің мәртебесін халықаралық деңгейде сипаттайтын аса маңызды әлеуметтік көрсеткіш.

    Адам капиталының инвестициялары


    Ұлттық есепте бейнеленген

    Ұлттық есепте бейнеленбеген

    миграция




      1   2   3   4   5


    написать администратору сайта