МЕМЛЕКЕТ. 1. Адам капиталына салынан инвестицияларды теориялы негіздері
Скачать 0.62 Mb.
|
Статистикалық анықтамалық. «Білім берудегі негізгі жетістіктер», 2009 ж. Кестеден көріп отырғанымыздай, мемлекеттік бюджет шығыстарының құрылымында 2009 жылы мектепке дейінгі тəрбие жəне оқыту ұйымдарынан басқа барлық білім ұйымдары деңгейлерінде ЖІӨ-нің абсолюттік көрсеткішінің де, пайыздық арақатынасының да артқаны байқалады. Мектепке дейінгі тəрбие жəне оқыту деңгейі шығынның тұрақтылығымен сипатталып, ЖІӨ-нің 0,2%-ын құрайды. ХХ ғасырдың 60-жылдарында батыс экономикағылымында білім беруге бағытталған қаржының инвестициялық және тұтынушылық аспектілерін ажырату әртүрлі білім деңгейлерінің өндірістік маңыздылығы бар не жоқтығын анықтау төңірегінде қызу пікір талас орын алады. Алайда, білім беруге бағытталған қаржыларды қандай да болмасын белгілер бойынша өндірістік және тұтынушылық бөліктерге жіктеу талпыныстары сенімсіз, жеткіліксіз болды. Өндіріс процесінде де, тұтыну процесінде де биопсихофизиологиялық біртұтастық ретінде түгел қатысады. Демек, білім беруге бағытталған барлық шығындар бір мезгілде әрі өндірістік, әрі тұтынушылық мәнге ие. Осыған орай, білім беру саласын инвестициялау, білім беру қызметі ұдайы өндірістік үлгісінің сандық тиімділік шарты ретінде қарастырылады. Өйткені ол аталған қызметі ұдайы өндіруді қамтамасыз етуші көрсеткішті құрайды және аталған сала, даму тенденциясын және динамикасын сипаттаушы жалпы сандық көрсеткіштер жүйесінен ерекшеленеді. Білім беру қызметі тұтынушының тауары ретінде ұзақ мерзімді тұтыну тауарына ұқсас, екінші жағынан бұл – инвестициялық топ. Біріншіден, білім адам капиталы құрамындағы анықтаушы құрамдас элемент ретінде аса елеулі шығында қажет етеді. Екіншіден, болашақ табыс көзін және неғұрлым жоғарырақ табыс алуды қажет етеді. Үшіншіден, білім кәсібі және “экстрафункционалды” біліктілік формасында жинақталады. Төртіншіден, білім нормальды тозу тұрғысында үнемі жаңартуды қажет етеді. Осы негізде, белгілі бір білім деңгейін алу туралы шешімді инвестициялық шешім ретінде сипаттауға болады. Білім беруге бағытталған инвестицияларды осы игіліктердің жеке және қоғамдық пайдалылығы негізінде жеке және қоғамдық инвестицияларға жіктелуі болып табылады. Ал, батыс экономика ғылымында кең қолданылған "насырын” шағын әдістемесі аталған жіктеуді одан әрі тереңдетуге мүмкіндік береді: - жеке тікелей және жеке жанама инвестициялар - қоғамдық тікелей және қоғамдық жанама инвестициялар Білім беруді инвестициялау әртүрлі жолмен жүргізілуі мүмкін: - оқушыларға мақсатты бағытталған ұзақ мерзімді несиелер беріледі, мұндай несиелер еңбек ету кезінде немесе табыс есебінен қайтарылады - мемлекет білім беру қызметі ақысын төлеуге және оны тұтынушыларды материалдық қолдауға байланысты барлық шығынды өз қолына алады - білім беру қызметі ақысын және оны тұтынушыларды материалдық қолдау әртүрлі көздермен қаржыландырылады: а) мемлекеттік (оқу орындарын республикалық, жергілікті бюджеттен қаржыландыру оқушыларға жәрдемақы және ұзақ мерзімді мақсатты несиелер беру); б) оқушылардың өздерін қарқыландыру есебінен (олардын ата-аналарының асыраушылық қаржылары); в) кәсіпорындармен ұйымдардың қаржылары (тапсырыс бойынша маман дайындауды, жұмысшылардың біліктілігін көтеру немесе оларды қайта дайындауды қаржыландыру) [27]. Білім беру қызметі өндірісін қаржыландыру басым түрде, яғни “аралас” жолмен жүргізіледі және бюджеттен тыс қаржы көздерін оптимальды үйлестірудегі ең ұтымды әдісретінде қарастырылады. Әр елдегі айырмашылық олардың түрлі қаржыландыру көздерін пайдалану дәрежесіне байланысты. Аталған әдістің артықшылықтары білім беру қызметінің қоғамдық игілік ретіндегі қасиеттерімен, оның экстерналды әсерлерімен байланысты. Қарастырылған білім беруді инвестициялау үлгілерінің өзіндік ерекшеліктері келесі кестеде топтастырылды.
Сурет 3. Білім беру саласын инвестициялаудың үлгілері Білім беру инвестициясындағы аса өзекті мәселе осы инвестициялардың тиімділігі, қайтарылысдылығы төңірегінде. Білім берудің экономикалық тиімділігін анықтаудың ең басты саты білім беру ұжымдарын, оны алуға жұмсалған шығындар көлемі мен салыстыру болып табылады. Ұжымдар мен шығындардың дисконтералған шамаларында айырма білім берудің таза құнын береді. Бұл жерде келтірілген құн көлемінің алынған дисокнт коэффициенттіне тәуелділігі жоғары екендігін ескеру қажет. Сондықтан батыс экономика ғылымында білім берудің экономикалық тиімділігі негізінен ішкі қайтарым нормасы әдіснамасында білім беру саласын инвестициялау рационалды экономикалық мінез-құлық қағидасымен негізділеді. Жалпы Қазақстан Республикасы бойынша жалпы білім беретін оқушылар саны азаюда. Алматы қаласында оқушылар саны 2007 жылы 175,8 мың адам болса, 2010 жылы 173,7 мың адамға дейін қысқарды. Ал Астана қаласында көрсеткіштерге сәйкес оқушылар саны өсті. Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында оқушылар саны азайды. Жалпы Қазақстан Республикасы бойынша жоғары көрсеткіш Оңтүстік Қазақстан облысында. Арнайы орта және кәсіби-техникалық білім. Академиялық және кәсіби лицейлер мен колледждер, бұнда оқу 3 жылдан кем болмайды. Сурет 4. Кәсіптік лицейлер саны (бірлік) Бұл суретте Қазақстан Республикасы бойынша көрсеткіш 2006 жылда 312 кәсіби лицейлер болса, 2008/09 жылдар аралығында күрт азайып, 2010 жылы қайта артты – кәсіби лицейлер саны 309. Республика облыстарында кәсіби лицейлер саны артқанымен, айтарлықтай өзгеріс жоқ. Ал 2010 жылы жоғары көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысы (38) мен Қарағанды қаласында (32), ал төменгі Маңғыстауда (4). Кәсіптік лицейлердегі оқушылар саны Республика бойынша 2006 жылдан (106098 адам ) 2009 жылға (115504 адам) дейін оқушылар саны көтеріліп, 2010 жылы (113247 адам) төмендеді. №2 кестеде көріп отырғандай 2010 жылы Маңғыстау (21162 адам ) және Астана қалаларында (3223 адам) кәсіптік лицейлердегі оқушылар саны аз. Ал Қарағанды (11113 адам) мен Оңтүстік Қазақстан облысында (12894 адам) оқушылар саны жоғары. Шығыс Қазақстанда 2006 жылдан бери 12776 мың адамнан 2010 жылы 9641 адамға дейін азайды [27]. Кәсіби-техникалық оқу орындарының басты мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету. Олардың жүзеге асыратын бағдарламаларының міндеттері: - техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымы мен мазмұнын реформалау жолымен техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлаудың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету; - басқару мен қаржыландыру механизмін жетілдіру арқылы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің тиімділігі мен есеп беруін арттыру; - техникалық және кәсіптік білім беру инфрақұрылымы мен материалды-техникалық базасын дамыту жолымен білім беру бағдарламаларын іске асыру жағдайларын жақсарту. Кесте 3 Кәсіптік лицейлердегі оқушылар саны (мың адам)*
*Дерек көзі:Статистикалық анықтамалық. «Білім берудегі негізгі жетістіктер», 2011 ж. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде еңбек ақысы деңгейі мен педагогтік қызметкерлер үшін әлеуметтік пакеттің төмендігі себепті жас мамандардың келуі өте баяу. Тәжірибелеуші инструкторларды қатыстыру мен арнайы пәндер оқытушылары мен оқу өндірістік шеберлердің өндірісте сынақтан өту жүйесі жоқ. Педагогтік қызметкерлердің қызметінің жағымды тәжірибесін жалпылау мен таратуда жүйелілік жоқ. Оқу орындарында білім беру қызметтерінің тапсырыс берушілерімен және клиенттерімен тұрақты қатынастар жетіспейді. Оқу орындары мен өндірістердің тәртіптерінің өзінде тұйықталған стилі, ынтымақтастық дамуының жемісті стратегиясының кемшіліктері, оқу орындарына консалтингті қызмет көрсету тәжірибелеу орын алады. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі еңбек рыногы мен жұмыс берушілердің қажеттілігіне емес, оқытушылар мен оқу материалдық базасының ағымдағы мүмкімшіліктеріне бағдарланған. Натижесінде кадрлар даярлау өндірістің нақты сұраныстарынан қол үзіп жүзеге асырылады. Әлеуметтік серіктестік даму жолында ынталындыруға міндетті және ұдайы негізінде ынтымақтастың дамуына ықпал ететін институционалдық, жергілікті денгейлерге көмекші құрылымының жоқтығы кедергі болып табылады. Сурет 5. Студенттердің оқумен қамтылу көрсеткіштері 5-суретте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің негізгі көрсеткіштері көрсетілген. Жалпы Республика бойынша 2010 жылы жоғарғы және жоғарғы оқу орындарының сыртқы бөлімінің контингенті 45,90%-ды, бұл көрсеткіш күндізгі бөлім контингентімен (53,10%) салыстырғанда төмен. Ал 2008 жылдан 2010 жылға дейін сыртқы бқлімнің контингенті, күндізгі бөлімнің контингенті, қазақ тілінде оқитындар пайызы артуда. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындар пайызы 2009 жылы 23,20%-ға артты, ал 2010 жылы 22,60%-ға дейін төмендеді [29]. Өз қажеттілігі мен ішкі жағдайларға байланысты білім беру үздіксіз ресми жүйесін қорытындылайтын тағы бір деңгейді енгізу дұрыс болады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерде білім алатын оқушылар санының үлесі жылдан жылға көбейіп отырғанын атап айтқан жөн. 2008 жылы бұл көрсеткіш 16,3%-ға жетсе, 2010 жылы ол 21,7%-ды құрады Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мəліметтері бойынша 2009 жылы жоғары білім беретін ұйымдардың саны 148 оқу орнын құрады. Меншік түріне қарай саралайтын болсақ: мемлекеттік оқу орындарының саны – 53, мемлекеттік емес ұйымдардың саны – 95 болды. Сурет 6. ҚР жоғары білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы. ҚР статистика агенттігінің мәліметі бойынша автормен құрастырылған. 2009 жылғы мəлімет бойынша жоғары оқу орындарын түріне қарай бөлетін болсақ: университеттер – 93, академиялар – 24, институттар мен оларға теңестірілгендер саны – 31 болды. Республиканың жоғары оқу орындарында оқитын шетелдік студенттер контингенті2005 жылы 10916 адам болса, 2009 жылы 11974 адамға дейін жеткен. Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алып жатқан шетелдік студенттер саны артып, 2009 жылы жалпы студенттер санына пайыздық қатынасы 2 %-ды құрады [30]. ҚР мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының ұлғаюы жоғары оқу орындарында ақылы негізде білім алатын студенттер үлесінің азаюына тікелей əсер еткенін 8 диаграммадан көруге болады. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі қоғамның даму мәселелерін шешуге, интеллектуалды потенциалды өсіруге, өндірістің жоғары технологиялық деңгейіне жетуге, жаңартылған өндірістік базасының және экономиканың әлеуметтік бағытталуы негізінде өмір сапасын көтеруге, қоғамның ақпаратты-индустриалды қалыптасу жолында ілгерлеуге мүмкіндік береді. Пайдаланылатын шектеусіз жалғыз ресурс - бұл интеллектуалды капитал нысанында қазіргі заман жағдайында жүзеге асырылатын адамдардың өндірілетін қабілеттіктері. Қазіргі Қазақстан экономикасының басқа бір мәселесі негізгі капиталдың тозуы, көздері мен резервтерінің және оның ауыстрылымы мен жинаталуының болмауы. Бұл жағдайда адам капиталы көптеген экономистермен материалды капиталмен салыстырғанда құнды өндірілмелі ресурстар ретінде бағаланады. Жинақталған адам капиталын бұзы немесе жеткілікті пайдаланылмау, оның дамуына жаңа бағыттардың болмауы Қазақстанның экономикасы экономикалық прогрестің ең артықшылықты көздерінің бірін жоғалтады деген болжам бар. Тәжірибе адам капиталының қалыптасуына бұрынғы жағдайларын қайта бағалау және өзгертуді, өз уақытында экономикалық қайтақұру кезіндегі жаңа мәселелерге назар аударуды туғызады. Тәжірибелік мәселелерді шешу адам капиталының дамуының ғылыми негізделген концепцияларын жасауынсыз мүмкін емес. Бұл концепция шегінде ең алдымен оның өндірісінің және өндірісінің іске асырылуының терең негізін, базасын зерттеу қажет. Осындай объективті база болып инвестиция табылады. Осыған байланысты, адам капиталына инвестициялау мәселелеріне методологиялық анықтау және негізделу, дәлелдемелер, зерттеулер тек қана актуалды болып қоймай, жалпы әлеуметтік-экономикалық зерттеулер құрылымында бірінші кезектегі разрядқа жылжу керек. «Адам капиталына» инвестициялар ұлттық байлықтың материалды-заттай элементтеріне инвестицияларға қарағанда тезірек өсу керек. Экономиканың тұрақты дамуға жетудің басты шарты болып адам капиталының жинақталуы мен сақталуы, адамдарды өздерінің білім мен дағдыларын өмір бойы қолдану мен үздіксіз білім алу мен кәсіби даярлығына шақыратын стратегияларды іске асыру табылады. Әлемдік және отандық тәжірибе елде экономикалық өрлеу болу үшін физикалық капиталға инвестициялармен қатар, білім, денсаулы, мәдениет және адам капиталының басқа да элементтеріне ірі масштабты инвестициялар қажет. Бүгінде адам капиталына инвестицияларына фундаменталды ғылыми зерттеулерге шығындарды жатқызу актуалы болып табылады. Ғылымды дамыту үдерісінде солардың негізінде өндірістің жаңа технологиялары мен тұтыну әдістері қалыптасатын тек интеллектуалды новацияларды ғана емес, сонымен қатар жаңа қабілеттіктер мен тұтынуларды тасушы болып табылатын шаруашылық субъект ретінде адамдардың өздерінің өзгеруі жүзеге асады. Ақпаратты қоғамда ғылым «адам капиталының» генераторына айналады. Адамға инвестициялар мемлекеттік және жеке салымдардың аса пайдалы және тиімді сала болып келе жатыр. Білімге негізделген жаһанды қоғам қалыптасу жағдайларында ұлттық интеллектуалды капитал әрдайым өзгеріп тұратын әлемдік еңбек бөлінісінде оның орнын анықтай отырып экономикалық байлықтың негізі мен мемлекеттің саяси күшіне айналады. Сарапшылардың мәліметінше, 2020 жылға таман барлық кәсіптердің 80%-ы жоғарғы квалификацияны талап етпек, яғни, әлемде жоғары білімге жаппай ден қою ағымы байқалуда. Ағымдағы жылы мемлекеттік тапсырыстың көлемі техникалық мамандықтарға 450 грантқа, ауылшаруашылығы мамандықтарына 80 грантқа, медицианалық мамандықтарға 500 грантқа, ветеринарлық мамандықтарға 20 грантқа, "Өнер" мамандығы топтарына 20 грантқа, "Гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар топтарына 20 грантқа ұлғайтылды [31]. Сурет 7. ЖОО түлектері [46] Осы суреттен соңғы жалдары жоғары оқу орындарының түлектерінің санының қысқарғанын көруге болады. Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» Жолдауында да жоғары оқу орындарындағы мамандар дайындаудың сапасы төмен екендігін айтып, сапалы білім беру ісін қамтамасыз ету үшін кезек күттірмейтін шараларды қабылдауды тапсырған болатын. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі еліміздің 143 жоғары оқу орны 66 филиалда, оның ішінде бесеуі ресейлік оқу орнының филиалында жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 13 жоғары оқу орнының лицензиясын кері қайтару туралы шешім қабылданып, құрылтайшыларының ұсыныстарымен 25 жоғары оқу орыны бірігу арқылы 11 жаңа заңды тұлғалар құрды. Сонымен қатар, 9 жоғары оқу орнының басқа жоғары оқу орындарына қосылу туралы ұсынысы қолдау тапты. Соның негізінде жоғары білім беру желісі 36 жоғары оқу орнына және 58 филиалға қысқарды [30]. Адам капиталына инвестициялар тез өзгеретін әлемде бейімделе үлгеретін техникалы прогрессивті және өндірісті жұмыс күшін қалыптастыру үшін өте маңызды болып келеді. Тиімді экономика болып, өзінің әр секторының дәстүрлі басымдықтарына адам капиталын қоса алатын экономика ғана бола алады. Сондықтан да, Қазақстанның дамуының маңызды бағыты болып ол халықтың білімін, дағдыны және мүмкіндіктерін инвестициялау табылады. Қазіргі таңда білім шығындарын әлеуметтік қажеттіліктерге кететін шығындар деп емес, оны экономикалық инвестициялар деп түсіну қажет. Соңғы үш жылда білім беру жүйесіндегі талдау барысы көрсетіп отырғандай отандық білім беру жүйесінің қызметі, оны ресурстық тұрғыдан қамтамасыз ету, білім беру үдерісін ұйымдастыру және іске асыру бағытында әлеуметтік-экономикалық жағдай тудыру деңгейі бойынша бірқатар нәтижелерге қол жеткізілді. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде барлық деңгейлі білім беру ұйымдарының материалдық базалары нығайтылды. Елдің даму үдерісінде адами құндылықтардың өркендеуі стратегиялық маңызды мақсат болып саналады. Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесінің көркеюі адам капиталының рөлін бағалауға, тең білім алу мүмкіндіктерін туғызуға, жоғары білім беру стандарттарына қол жеткізуге көңіл бөле отырып жүргізуді қарастырады. Осы орайда Елбасының “Болашақ” бағдарламасы адам капиталын дамытуға зор үлес қосқан жобалардың бірегейі болып табылады [29]. Алайда, инвестиция салу, оның тиімділігін экономикалық тұрғыда есептеудің көбіне қолданбалы ғылымда ғана басымдығын ескеру қажет. Осы себептен білім беру инвестициясының тиімділігіне анықтауда “шығындар-ұтымдар” қағидасымен қатар, оның индивид, фирма тұтас алғанда қоғамдық өміріне тигізетін әсерін ескеру қажет 2.3 Адам капиталы дамуының институциональдық базасы Нарықтық қатынастардың дамуы, бәсекелестік ортаның күшеюі жас мамандардың білімдерінің сұранысқа ие болмауымен байланысты кейбір мәселелерді туғызуда. Бұл жоғары экономикалық білімнің мазмұнына нарықтық экономиканың қазіргі заман талаптарына жауап беретіндей түбегейлі өзгерістер енгізудің қажеттіліктерін туғызуда. Білім беру реформасы – Қазақстанның нақты бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндіктер беретін маңызды құралдарының бірі болып табылады. Ол үшін келесі жолдармен қамтамасыз етілетін жоғары сапалы мамандарды дайындау қажет: - барлық білім беру бағдарламаларын жетілдіру; - студенттерді дайындау үдерісінде халықаралық ынтымақтастықты тереңдету; - мамандықтар бойынша оқытушыларды қайта дайындау және олардың біліктіліктерін жоғарлатудың тиімді жүйесін құру; - оқу үдерісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу. Білім беру қызметінің негізгі сипаттамасы ретінде оның егжей-тегжейлігі, сапасы, өмірлік циклі, сондай-ақ, білім беру үдерісін қамтамасыз ету шарттары көрінеді. Осылармен бірге, білім беру қызметі оқыту мақсатын, студенттердің контингентін, оқу тәртібі мен ұзақтығын, іргелілемелі және қолданбалы мәнін, материалдық қамтамасыз етуін ұйғарады. Нарықтық экономика жағдайында мамандарды дайындау үшін нарық тетіктерін толық қолдану керек. Жоғарғы білім беру нарығының жағдайын талдау үшін сұраныс пен ұсыныстың өзара арақатынастарын мақсатты түрде қарастыру қажет. Білім беру қызметтеріне деген сұраныс жоғары еңбек ақы төленетін бос орындарға сұраныс болып табылады, яғни, осындай бос орындарды алу үшін білім туралы сәйкес құжат бар болу қажет, ол келесі факторлардың әсер етуімен қалыптасады: 1) неғұрлым жоғары білім деңгейі есебінен экономиканың жаңа секторларында жұмыс орындарын алу жолымен өзінің табысын ұлғайтуға талпыну; 2) білім алушының өзінің және оның жанұясының тікелей және жанама шығындары көлемі. Білім беру қызметтеріне деген ұсыныс мемлекеттің қаржылық мүмкіншіліктеріне және оқытудың ақылы альтернативтерін ұсынатын нарық мүмкіндіктеріне байланысты. Мемлекет білім беру қызметі нарығының тең құқылы қатысушысы ретінде көрінеді, оның жалпы стратегияларды жасауға, реттеу- бақылау қызметтерін атқаруға, біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік тапсырыстарды жасауға құқығы бар. Мамандарды дайындау үдерісі кәсіби шеберліктер мен ғылыми білімдер жүйесін бүтіндей қалыптастыруға әсер ететін, беріктілік мүмкіндігін туғызатын жаңа ақпараттық және оқыту технологияларын, оқытудың оңтайлы әдістерін, нысандары мен құралдарын қолдану негізінде жүзеге асырылуы қажет, сол арқылы болашақ мамандардың кәсібилілігіне қол жеткізуге болады. Қазіргі кездегі жаңа формацияның маманына оның жеке бастылық сапасына, білу және шеберлік қабілеттіліктеріне терең талаптар қойылады. Ол инновациялық технологиялар саласында білімі және шеберлігі бар, тілдерді білу деңгейі жоғары және т.б. негізгі халықаралық талаптарды қанағаттандыруы қажет. Сондай-ақ, мәдениетке және т.б. қойылатын талаптар да маңызды факторлардың бірі болып табылады. Оқу орындары білім беру нарығында өнімдерді өндірушілер болып табылады, олар шығарылатын өнімдердің «ассортиментін», яғни қай профессия және мамандық бойынша қандай сандық мөлшерде қажет ететіндігін анықтайды. Сонымен бірге, олар бәсекелестік орта жағдайында жоғары сапалы мамандарды дайындауда оқу-материалдық базалар мен оқытушылық құрам мүмкіншіліктерін максималды түрде қолдануға мүмкіндіктер беретін сәйкес оқу технологияларын таңдау керек. Баға бәсекелестігін жеңуге, сол арқылы өзінің пайдасын ұлғайтуға ұмтылуы қажет. Өндірілген өнімдердің (мамандардың) тұтынушылары кімдер болатынын анықтаудың маңыздылығы жоғары. Бұл білім беру нарығының нақты секторында қалыптасқан ұсыныс пен сұранысты талдаудан, ғылыми-техникалық прогресс үрдісін оқып-үйренуден, факторлық нарықтардағы жағдайларды зерттеуден тұрады. Жоғарғы оқу орнын аяқтағаннан кейін жұмыс табу мүмкіншілігі сұранысқа әсер ететін және оқу орынының рейтингін және беделін анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Мамандарды дайындау сапасын басқарудың жоғары оқу орнының ішіндегі жүйесін қалыптастырудың бастапқы кезеңінде ерекше көңіл «тұтынушыға бағдар» және «фактілер негізінде шешімдерді қабылдау» қағидаларына аударылуы қажет [31]. Жоғары оқу орындарында берілген әдістемелерді енгізу 2010 жылға дейінгі Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың Бағдарламасын және білім сапасын бағалаудың Ұлттық жүйесін жүзеге асыруға көмектеседі. Халықаралық білім беру жүйелерімен интеграцияланған инновациялық білім беруді енгізу табиғи-ғылыми және гуманитарлық саладағы кең ой-өріске ие, таңдалған мамандық бойынша жұмысқа кәсіби дайындалған жаңа типтегі мамандарды дайындауға септігін тигізеді. Ол өсіңкілік өзгеріп отыратын еңбек нарығы жағдайында, базалық білімі шеңберінде тез арада алған негізгі мамандығын ауыстыруға психологиялық дайын болуы керек және өзінің қызметінің әлеуметтік және экологиялық нәтижелерін алдын-ала байқап, бағалауы кажет. Егер маман, экономикалық және әлеуметтік тиімділік беретін интернет желісі мүмкіншіліктерін, жаңа технологияларды оңай қолдана алатын болса, онда ол талап етілетін маман болады. Басқа жағынан, ол жеткілікті шығармашылық әлуетке ие, өнертапқыш болуы керек, егер еңбек нарығында оған деген қажеттілік болмаса, өзінің жеке ісін құру үшін инновациялық бизнес құрудың негізін білу керек [30]. Білім беру қызметінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілік мәселесі қазіргі кезде әмбебап нысанға ие. Бәсекеге қабілеттілік және сапа – кез келген жоғары оқу орнының тұтынушыларға қажетті мамандарды шығару мүмкіншіліктерінің барлық жиынтығының шоғырландырылған көрінісі. Әдебиеттерде «сапа» және «бәсекеге қабілеттілік» түсініктері өте жиі синоним ретінде қолданылады. Әдістемелік жағынан бұндай көзқарас дұрыс емес. Бәсекеге қабілеттілік түсінігін нарық жағдайында қызмет ете алатын ұйымның (жоғары оқу орнының) мүмкіншіліктерін сипаттайтын басты критерийлердің бірі деп қарастырайық. Арнайы курстарда қарастырылатын мемлекеттердің, фирмалардың, ішкі салалық, бағалық, түрлік, заттық және т.б. бәсеке түсініктері бар. Жалпы, бәсеке ретінде мыналар түсіндіріледі: - нарық механизмінің элементі немесе; - нарық субъектілерінің немесе тауар өндірушілердің нарық және табыс үлесіне өзара әрекет ету формасы, мемлекеттік тапсырысты алу немесе; - қоғамдық өндіріс пропорциясын реттеу механизмі [31]. Тауардың бәсекеге қабілеттігі – тауардың бәсекелі нарық талаптарына, нарықта көрсетілген басқа ұқсас тауарлармен салыстырғанда сатып алушылар сұранысы талаптарына жауап бере алуы. Бәсекеге қабілеттілік бір жағынан, тауарлардың сапасы, оның техникалық деңгейі, тұтынушылық қасиеттерімен анықталса, екінші жағынан, тауарларды сатушылардың орнатқан бағасымен анықталады. Одан басқа, бәсеке қабілеттілікке, сондай-ақ, сән, сату және сатудан кейінгі сервистік қызмет, жарнама, өндіруші имиджі, нарықтағы жағдай және сұраныс өзгерісі әсер етеді [30]. Тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін (яғни, бәсеке нарығындағы коммерциялық пайдалы өткізу мүмкіншілігі) бәсекелестердің тауарларын өзара салыстыру арқылы анықтауға болады. Басқа сөзбен айтқанда, бәсекеге қабілеттілік – нарыққа және сату уақытына нақты тәуелді қатысты түсінік. Әрбір сатып алушының жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруды бағалаудың өзінің жеке критерийлері бар болғандықтан, бәсеке қабілеттік жеке көрініске де ие болады. Жоғарыда аталған анықтамалар бәсекеге қабілеттілікті тұтыну бағасына әсерлі қатынасы ретінде қарастырады, ал пайдалы әсер үшін тауардың нарықтағы сапасының интегралдық көрсеткіші және оны өткізу алынады. Бұл білім берудің бәсекеге қабілеттілігін анықтау үшін жеткіліксіз. Біздің ойымызша, білім беру қызметінің бәсекеге қабілеттігі – маманның берілген қызмет көрсету түрінің нарық талаптарына жауап бере алу мүмкіншілігі және оны өткізе алу мүмкіншілігін қарастыратын интегралдық сипаттама. Бәсекеге қабілеттілікке, білім беру қызметінің сапасы, бағасы, өзіндік құны, қол жетерлік және мобильділік, жоғары оқу орнының имиджі және басқа да факторлар әсер етеді. Бәсекеге қабілеттілік факторларының басымдылығы тұтынушылардың нақты талаптарына тәуелді, сондықтан білім беру қызметінің қазақстандық және әлемдік білім беру кеңістігіндегі интеграциясы үшін оның бәсекеге қабілеттігінің басымды факторы сапа болып қалады. Бәсекеге қабілетті маманды дайындау белгілері ретінде біз келесідей көрсеткіштерді қарастырамыз: а) өсіңкілік өзгеріп отыратын орта жағдайында жоғары оқу орны түлегінің тез бейімделуге қабілеті; б) түлек жаңа мамандықтарды үйрену үшін уақыт және күш шығындарын жұмсамай, жұмыс істей алатын аралас салалардың саны; в) дұрыс басқару шешімдерін қабылдау қабілеті; г) жүйелік басқарушы шеберлігін білу. Бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету жүйесі мен жоғары оқу орны сапа менеджменті жүйесінің әдістемесі бірнеше бірдей ғылыми көзқарастар мен қағидаларды қолданады, олардың бастысы болып жүйелік және үдерістік көзқарастар табылады. Жүйелік және үдерістік көзқарастар жаңа түсіндірмелер бойынша операцияларды зерттеу, функционалды-құндық талдау және басқа да инжинерингтің әдістерімен қатар басқарылатын объектілердің сапасы мен тиімділігін көтеруге көмектесетін экономика үшін XX ғасыр жаңалығы болып табылады. Жүйелік және үдерістік көзқарастар – бұл менеджмент философиясы, нарықта өмір сүру әдісі [31]. Студенттердің бәсекелестікке қабілеттілігі – бұл бір уақытта жоғары оқу орындарының да бәсекеге қабілеттігі. Қазіргі кездегі жоғары оқу орындарының өздерінің орнын табу үдерісі бүгінгі күні бұрынғыдан гөрі белсенді және жоғары оқу орындарына белгілі бір категорияларды ұсынатын жоғары инстанциялардың шешімдерімен ғана анықталмайды. Нарықтық қатынастар жоғары мектеп өмірі аясын да қозғайды. Бірақ ең бастысы, жеке жоғары оқу орындарының тағдыры шеңберінен шығу мәселесі – ол жалпы біздің қоғамның өміріне қатысты. Тек қана біздің түлектеріміздің мәртебесін көтеру ғана емес, сондай-ақ шетел мамандарымен бәсекеге түсу мүмкіншіліктерінде. Біріншіден, бізді мазалайтын жеке проблемаларымыз, әйтпесе біздің қызметіміздің мәні болмас еді. Қазақстан Республикасындағы басқа өндірістік және өндірістік емес қызмет аяларынан кейінгі жоғары білім беру институты, еңбек нарығы қысымын көбірек сезуде, жұмыс берушіге дипломын ұсынатын түлектің біліктілігіне, потенциалды жоғары оқу орнының беделіне қатаң талаптарды орнатуда. Осы себепке байланысты А.Эфендиев және О.Дудиннің еңбектерінде, жастар, белгілі бір жоғары оқу орнына түсе отырып, сапа жағынан да, мамандықтың сипаты бойынша нарық конъюктурасы жағынан да қарастырғанда бәсекеге қабілетті бола алатын білімді ала алатындығын бұрынғыдан гөрі маңыздырақ ескере бастайтындығы айтылған [31]. Осыған сәйкес жоғары оқу орындарының жетекшілері алдында өз оқу мекемесінің беделдігін көтеру, өз түлектерінің жоғары сапалы білімін кепілдендіретін «өмір сүру әрекеті» жағдайларын құру мәселелері тұр. Сонымен қатар, әрбір жоғары оқу орны үшін оны сырттан бағалау, түлектердің сыртқы «тұтынушылар» беретін, туыстық профильдегі оқу орындары арасындағы орны қызықты. Бұл мәселелерді шешу жалпы жоғары оқу орнындағы білім үдерісінің жағдайын объективті бағалаудың сәйкес механизмдерін қолданусыз мүмкін емес. Жоғары оқу орындары өнімдердің бірнеше түрін өндіруші болып табылады: білім беру сипатындағы қызметтер; ғылыми-техникалық өнімдер; ғылыми-техникалық өнім және білім беру қызметі негізіндегі интегралданған өнімдер; оқу-әдістемелік өнімдер. Жоғары оқу орындарындағы көрсетілген барлық қызмет көрсету спектрлерінің бар болуына қарамастан, сөзсіз, білім беру қызметі анықтаушы болып табылады. Жоғары білім беру аясында білім беруді дамыту концепциясы оқу үдерісін ұйымдастыру технологиясын өзгертуді және оны оқушылар мүдделеріне бағындыруды, оқытушылар арасында бәсекелестікті жасау, түрлі оқу әдістемелерін қолдану және жетілдіруді қарастырады. Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттігі ұлттық білім беру жүйесін сәтті реформалаудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуы – абыройлы. Бүгінгі күні жоғары оқу орны өзін нарықтың субъектісі деп мойындауы керек, яғни білім беру қызметін көрсету нарығында нарықтық қатынастардың барлық мектептері қызмет етеді және өмір сүру күресінің түрлі әдістері мен табиғи сұрыптау қолданылады. Ұлттық және әлемдік экономикадағы болып жатқан үдерістер жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде білім беру сапасы рөлінің басымдылығына әкеліп соқтырады. Біздің ойымызша, бәсекеге қабілеттіліктің негізгі қағидаларына келесілерді жатқызуға болады: а) білім беру қызметтері ұсынысының сұраныстан көп болуы; Бұл бәсекелестіктің күшеюімен байланысты заңды үдеріс. Ол білім беру қызметін тұтынушыларда таңдау мүмкіншілігі, ал жоғары оқу орындарында – «өмір сүру» мәселелері пайда болады. Білім беру қызметін өндірушілер ретінде жоғары оқу орындарының саны жеткілікті түрде және олар өздерінің тұтынушылары үшін бәсекелі күресті жүргізуге мәжбүр. Мамандарды дайындау қызметіндегі қатынас бойынша, қазіргі кезде ұсыныстың сұраныстан артуы тән, бұл жоғары оқу орындарының өзінің танымалдығын ұстап қалу мен жоғарылатуға қатты әсер етеді, яғни максималды бәсекеге қабілетті болуына әсер етеді. Бұған сапалы білім беру қызметінсіз жету мүмкін емес. Мұндай жағдайларда, тұтынушыларды қанағаттандыратын сапаны қамтамасыз ету, стратегиялық мәселе болып жатыр. ә) тұтынушылардың қажетті және потенциалды сұрауларын қанағаттандыру; Білім сапасын тұтынушы бағалайды, ол оның талаптары мен күтімдеріне сәйкес келуі керек. Яғни, сапа – салыстырмалы түсінік, ол көп дәрежеде нарықтағы бәсекемен анықталады. Бұл білім беру қызметіндегі талаптарды өңдеуде, сапаны жоспарлауда жаңа көзқарастарды талап етеді. Бұндай жоспарлаудың негізінде көп дәрежеде маркетингтік зерттеулер қолданылуы керек, ал тұтынушылардың мүдделері басымдылық ретінде қарастырылуы керек; б) білім беру қызметінің сапасы – жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігінің басымды көрсеткіші; Жоғары оқу орнының жинақталған ғылыми-білім потенциалы деңгейінің бірдей еместігі, білім беру қызметі сапасының түрлі деңгейлерін объективті анықтайды, сондықтан да әр түрлі жоғары оқу орындарындағы бірдей мамандық бойынша студенттерді дайындау деңгейінің бір-бірінен айырмашылығы бар. Егер жоғары оқу орны тұтынушылармен сұралатын сапа деңгейі бар мамандарды шығаруды қамтамасыз ете алмаса, онда оның ісі сәтсіздікке ұшырайды, себебі қазіргі нарықтағы төмендетілген баға бәсекеде өз рөлін жоғалтады. в) инновациялық білім беру технологияларын енгізу. Жоғары оқу орындары көбінесе техникалық және технологиялық прогресске негізделген инновациядағы бәсекелестікпен жұмыс істейді, ол нарықты жаулап алу үшін үдемелі қару ретінде қолданылуда. Жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету әлемдік көшбасшы және республиканың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының дәстүрлі жүйелерінің жағымды тәжірибесін қолдануға негізделуі керек және білім беру аясындағы өндірістік инновациялардың бірлігін, ал дәлірек айтқанда, жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды ендіруді (технологиялық инновациялар), оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін (педагогикалық инновациялар), білім беру аясындағы механизмдерді (экономикалық инновациялар), институционалдық нысандарды (ұйымдастырушылық инновациялар) қарастыруы керек [27]. Маманды шығарудан бастап, жоғары оқу орнының болашақ түлегін дайындауға дейінгі мамандарды дайындаудың сапасын басқару сұрақтарының болмауы, соның ішінде Қазақстанда да, әдістемелік өңдеу және шынайы тәжірибе объектісі болып отыр. Жоғарғы оқу орындарында бағалау объектілерінің ұйымдастыру мен басқару деген екі негізгі топтары бар. Бірінші топ – жоғарғы білімі бар студенттер немесе бітірушілер. Екінші топ - әртүрлі деңгейдегі жоғары білімі барлар – жалпы жоғарғы оқу орны, жеке мамандық бойынша және т.б. Басқа мамандардың айтуы бойынша, педагогикалық жүйедегі сапалық үдерістерді басқару арқылы сапалық нәтижені басқару мен сәйкес педагогикалық жүйенің тиімділігін қамтамасыз етуі қажет [23]. Көптеген жоғары оқу орындарының бұрын болған монополиялық жағдайы құлдырайды. Яғни, қазіргі уақытта олар өздерінің білім беру қызметінің тұтынушылары үшін бәсекелестік күрес жүргізу қажет. Осындай жағдайда бұрын танымал болған жоғары оқу орындары өздерінің жоғарғы атағын растау үшін қосымша аргументтерді іздеуге мәжбүр болып отыр. Бұдан да қиын мәселені қазірден ашылып жатқан жоғарғы оқу орындары шешуге мәжбүр, оларға сонымен қатар, лицензия мен мемелекеттік аккредитациядан басқа абитуриенттер мен болашақта жұмыс берушілер арасында өздерінің оқу орындарының жағымды имиджін қамтамасыз ету үшін, қосымша аргументтерді іздеуі қажет. Қазақстанда білім беру сапасын бағалау білім беру ұйымының мемелекеттік аккредитациясы әдісі негізінде және жоғарғы оқу орындарының мамандықтар бойынша саптау әдістемесін қолдану негізінде анықталады. Бағалаудың мақсаттары болып бәсекелестік ортаның қалыптасуы, білім сапасын жоғарылату, мемлекеттік білім гранттарын рационалды орналастыру табылады. Саптау әдістемесі өзін бағалау әдісін қолданады, ал жоғарғы оқу орындардың жетекшілері әділдік жауапкершілікпен қатар бірнеше жоғары оқу орындарының рейтингісін анықтауды өз міндетіне алады. Қазақстан дамушы елдердің халықаралық тәжірибиелерін ұлттық білім жүйесімен үйлестіру жолында алғашқы қадамдарын жасап отыр. АҚШ-та білім сапасын бағалаудың көптеген тәжірибиелері жинақталған. Бизнес мектептерін қоғамдық аккредитациялау үшін қолданылатын, Американдық бизнес мектептерінің университеттік ассоциациясының әдістемесі көп көңіл аудартады. АҚШ – та мемлекеттік аккредитациялау жоқ. Әдістемеде білім сапасының бағалаудың 6 топталған критериялары қарастырылған, олар 4-кестеде көрсетілген [30]. Кесте 4 Американдық бизнес мектептерінің аккредитациялау критерийлері*
* Дерек көзі: А.Хоскинг Среда предпринимательства. Курс предпринимательства. - М., 1993 г. Сонымен, шетелдердегі білім беру жүйесінің әртүрлілігіне және академиялық дәрежелер беруге деген әртүрлі көзқарастарға қарамастан мамандарды дайындаудың көп деңгейлі жүйесі векторына, студенттердің дербестігі мен шапшаңдықтарын дамытуға және әрбір жеке тұлғаның мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып оқытуды жеке бастылыққа бағыттаудағы білім беруді унификациялауға деген ұмтылыс байқалады. Қашықтан оқыту қазіргі өндірушіге қажет емес мамандарды дайындауды дәстүр бойынша жалғастырып отырған мемлекеттік ЖОО студенттерінің мамандану мәселелерін шешуге көмектеседі. Қазіргі технологиялық жетістіктерге негізделген оқытудың қашықтық әдісі болашақта негізгі роль атқарады. Көп елдердің білім беру жүйесінде компьютерлік техникалармен және коммуникация құралдарымен жабдықталу мәселелері біржолата шешілгендігін ерекше көңіл аударғымыз келеді. Жаңа білім беру дәуірінде компьютерлермен жабдықталмаған оқу орындарының болуы ұят болып саналады. Қарастырылған барлық елдердің оқу орындары Интернетке шыға алады. Азиаттық оқу орындарында әрбір екі студентке бір дербес компьютерден келеді, яғни егер 1000 студент оқыса, онда 500 компьютер бар. ОЭСР елдер бойынша бұл қатынас орта есеппен 13 оқушыға 1 компьютерден келеді. Қазіргі таңда Қазақстанда 113 білімгерге 1 компьютерден, ал ғалымдық желіге компьютерлердің 6% ғана шыға алады. Ал Қазақстанда компьютер техникасымен жабдықтауға кеткен қаражаттарға келсек, онда 2001-2004 жылдары осы мақсаттарға мысалы, 170 млн. доллар бөлетін Кореямен салыстырғада 6,5 есе аз ақша жұмсалған [30]. Осылайша, білім беру әлемнің көп елдерінің негізгі мемлекеттік басымдылықтарының санына кірген. Қазақстан қазіргі уақытта ғалымдық бәсекеге жағдайындағы жаңа талаптарға жауап бере алатын жоғары білім берудің икемді жүйесін құруға ұмтыла отырып түбегейлі өзгерістер жасауға көшуде. Қазіргі заманғы бәсекеде табысқа жету үшін біз күн сайын туындап жататын кез келген құбылысқа дайын болуымыз керек, деді “Кредит Свис Групп” компаниясының бас атқарушы басшысы О.Грюбель. Ал енді ертеңгі күнге үңіле білу одан да маңызды. Қазақстан жағдайына келсек, мұндай көзқарас жоғары білікті және тиімді мамандарды бүгінгі күні даярлаудың қажеттігін сезіне білуді көрсетеді. Одан әрі ол Қазақстанның табиғи байлықтарының елге қаржы легінің ағылуына себепкер болатынын айта келіп, соған сәйкес республикада қаржы мамандарының өте қажет болатынын айрықша атап көрсетті. Қазақстанда білім беруді дамыту бағдарламаларының орындалуы білім жүйесінің толыққанды дамуы мен жұмыс істеуі үшін қажетті барлық деңгейлердегі бюджеттердің қаржылық қаражаттарын, сонымен бірге ғылым мен тәжірибе (инновациялар) жетістіктері негізінде жүйені дамытудың бірінші кезектегі міндеттерін шешуге бағытталған шаралар мен жобаларды іске асыруды қамтамасыз ететін қосымша мақсаттық қаржыландыруларды да талап етеді. Қазақстанда білім беруді дамыту бағдарламаларының орындалуы білім жүйесінің толыққанды дамуы мен жұмыс істеуі үшін қажетті барлық деңгейлердегі бюджеттердің қаржылық қаражаттарын, сонымен бірге ғылым мен тәжірибе (инновациялар) жетістіктері негізінде жүйені дамытудың бірінші кезектегі міндеттерін шешуге бағытталған шаралар мен жобаларды іске асыруды қамтамасыз ететін қосымша мақсаттық қаржыландыруларды да талап етеді. АҚШ-та адам капиталына жиынтық салым жалпы ішкі өнімнің 26% құрайды. Дегенмен бұл деңгейдің өзі де ғылыми-техникалық инновацияда АҚШ-тың жетекші орынға шығуына жеткіліксіз деп саналады. 2009 жылғы 27 сәуірде американың Ұлттық ғылым академиясының жыл сайынғы жиналысында АҚШ Президенті Барак Обама былай деп мәлімдеді: «Біз іргелі және қолданбалы зерттеулерге қаржы салу, жеке инновациялар үшін жаңа ынталандырулар жасау, энергетика мен медицинадағы серпінді қолдау, және математика мен жаратылыс-ғылыми білім беруді жақсарту арқылы ғарыштық жаппай қарулану уақыты деңгейіне жетіп қана қоймай, одан жоғары өрлейтін боламыз» [25, 16]. Қазақстанда адам капиталына жиынтық салым көрсеткіші ЖІӨ-нің 9% деңгейінде. Өткен жылдар енжарлығы тағы бар. Экономиканың ресурстық интенсивті секторы инвестицияның негізгі бөлігін тартып отыр. Ал шикізаттық экономикаға сапалы адами капиталдың қажеттігі шамалы. Оған жаппай сұранысты инновациялық экономика білдіреді. Жеделдетілген экономикалық жаңғыру еңбек әлеуетінің сапасын жақсарту үшін ілгерілемелі әлеуметтік жаңғыртумен қоса жүргізілуге тиіс. Адам капиталы елдің стратегиялық ресурсына айналады. Оны жинақтау мен сақтау экономика мен мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Және де, халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғанындай, адам капиталына инвестиция салу ұлттық игіліктің материалдық-заттық элементтерінен гөрі, тезірек ұлғайғаны жөн. Адам капиталы басқалары сияқты тозады, экономикалық құнын жоғалтады, ескіреді. Адам капиталына салымның тиімділігі өте жоғары, бірақ та жай капиталға қарағанда, оның инвестициялық мерзімі соғұрлым ұзақ, ол 12-20 жылға дейін созылады. Сондықтан әлеуметтік дамуға жұмсалатын шығындар ұзақ мерзімді стратегия тұрғысынан жоғары тиімділікті салым деп қарастырылады және оның есесін едәуір уақыт өткеннен кейін ғана алуға болады. Пенсильвания университетінің білім беру кафедрасының профессоры Роберт Земскимен, Тафта университетінің Флетчер бизнес мектебінің экономисті Лайза Линчпен және менеджмент профессоры Питер Капеллимен жүргізілген зерттеулер нәтижесінде (үш мың жүздей жұмыс орындары зерттелінді) білім беру деңгейін он пайызға жоғарылатқанда жалпы еңбек өнімділігі 8,6%-ға өседі. Салыстыру үшін: сәйкесінше негізгі қорды өсіргенде, еңбек өнімділігі тек 3,4%-ға ғана өсті. Басқаша айтқанда, адам капиталына салынған шекті табыс, техникаға салынғаннан алынатын табыстан үш еседей артық. Білім беру тиімді болу үшін, ол үздіксіз болу қажет екені дәлелденген. Яғни, мынадай оқыту-тәрбиелік комплекстерін қалыптастыру: «балабақша – мектеп – орта кәсіби білім – жоғары оқу орны – жаңа мамандық алу және қайта даярлау институты – квалификация көтеру институты – өндірістік оқытылу институты (жұмыс орнында). Адам капиталының институционалдық дамуына негіз болатын негізгі факторлар ретінде мыналарды қарастыруға болады: Біріншіден, бұл ғылыми-техникалық факторлар. Жалпыға бірдей базалық білім мен кәсіби білімнің сәйкес деңгейін алу адам капиталын пайдаланудың объективті шарты бола бастады. Адам капиталының сапалық сипаттамалары болып интеллетуализацияның жоғарғы деңгейі, ун,иверсалдылық пен мобилділік,тұлғаның көп жақты дамуы табылады. Физикалық және адам капитиалының, қоғамның арасындағы өзара қатынасындағы өзгерістер болады. Соның өзінде, соңғысының экономикалық дамудағы ролі өседі. Ол жаңа техника емн технологияны тиімді қолданып қана қоймай, сонымен қатар оны жасаушы болу керек. Физикалық капиталдың өскен деңгейі оны тиімді пайдалану қабілеті бар адам капиталын объективті түрде талап етеді. Мұндай қарама-қайшылық бірыңғай білім беру комплексін шешеді. Тек қана оның инновациялық өндіріс талаптарына жауап беретін адам капиталын қалыптастыру жағдайы бар. Екіншіден, білім беру комплексін жасауына ұйымдастырушылық факторлар, оқитындардың бос ағымы мүмкін болатын шегінде бірыңғай білім беру кеңістік қалыптастыруы әрекеттеседі. Бүгінгі күннің басты мәселесі әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау. Республикамызда осы бағытта белгілі бір қадамдар жасалды. Шетелдік оқу орындарымен байланыс орнатылды, шетелдік жоғары оқу орындарында оқу мен тәжірибе өту мүмкіндігі пайда болды. Білім беру қызметтерін тұтынушыларының арасында сұранысы баршетелдік әріптестермен бірге оқу орындары ашылды. Үшіншіден, білім беру комплексінің қалыптасуына экономикалық себептер әсер етеді. Білім беру енгізілген амортизатор ретінде қоғамдық өндіріс пропорцияларын реттейді, еңбек нарығына әсер етеді, ал бұл арқылы нарықтың басқа секторларына. Адам капиталының жаңаруын жүзеге асыра отырып, экономиканың дағдарыс жағдацынан шығуына әрекеттеседі. |