МЕМЛЕКЕТ. 1. Адам капиталына салынан инвестицияларды теориялы негіздері
Скачать 0.62 Mb.
|
Нысандық білімЖоғалтылған жалақы Бос уақытДенсаулық сақтау Салауатты өмір сүру Фундаментальды ғылыми талқылау УәждемеАқпарат іздеуӨзіндік білім алу Өндіріске дайындық ЭкологияСурет 1. Адам капиталындағы инвестицияның негізгі түрлерінің жалпылама жіктемесі А.Смиттің идеяларын оның ізбасары Д.Рикардо дамытты. Ол ғылыми айналысқа ”жұмыс күші” санатын тұңғыш рет енгізді, оны жалдану арқылы жұмыс істейтін адамдардың өзі деп білді. Еңбек ету қабілетінің ұдайы өндірісі барысында сол халықтың өзінің тұрмыс игіліктерін тұтынушы. Адам капиталы теориясын тұжырымдаудың алғышарттары К.Маркстің еңбектерінде де кездеседі. Егер шектеулі буржуазиялық формасын былай қойсақ, байлық дегеніміз қажеттіліктердің, қабілеттердің, тұтыну құралдарының, өндіргіш күштердің және тағы басқа индивидтердің әмбебап айырбасы тудырған әмбебаптығы болмағанда не? Байлық дегеніміз табиғат күштеріне, яғни “табиғат” деп аталатын күштерге де, оның өз табиғаттының күштеріне де биліктің үрдісі тұрғысынан қарағанда, жұмыс уақытын үнемдеуді негізгі капитал өндірісі деп қарауға болатының және сол негізгі капиталдың өзі-адам екенін баса айтады. Қоғамды зерттеудің іргелі негіздерінің бірі – капиталды белгілі бір қатынастар жиынтығы деп, ал оның негізін жалдамалы жүмысшыларды қанау құрайды деп қарастыру болды. Адам капиталы теориясының пайда болуы және дамуы қоғамдағы ғылыми-техникалық және информациялық революция кезінде орын алып отырған күрделі өзгерістермен байланысты. Осы кезеңде адам, оның ғылыми-білімдік потенциалы әлеуметтік және экономикалық барыста шешуші факторға айналып отыр. Осы замандағы әлемдік экономикалық ғылымда адам капиталы категориясы кең пайдаланылады және ол нарықтың шаруашылық теориясы мен практикасында маңызды орын алады. Адам капиталы теориясының кейбір мәселелері осыдан көп жылдар бұрын саяси экономия классиктерінің еңбектерінде шешілген еді. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында адам капиталының тұтас тұғырнамалары біртүтас қисында теоряилар ретінде дами бастады. Адам капиталы теориясының калыптасуына үлес қосқан экономистер: Г.Беккер, У.Боуэн, Б.Вейсборд, Э.Денисон, Л.Туроу, М.Фишер, Т.Шульц және тағы басқалар. 1992 жылы адам капиталы туралы еңбектері үшін американдық экономист Г.Беккер экономика бағытынан Нобель сыйлығының лауреаты атағына ие болды [21]. Осы теорияның негізін қолдана отырып, көп мәселелердің шешімін жаңаша қарастыруға болады: білім берудің экономикалық маңызы, адамға жасалынатын инвестициялардың және еңбек өнімділігі мен табыстар дәрежесі арасындағы байланыстарды, кәсіпкерлік әрекеттердің мотивацияларын және экономикалық өсу факторларын табысты бөлу. Ұзақ жылдар бойы капитал мен материалдық факторлардың жинақталуының өсуі - адамның экономикадағы рөлін бекітті. Адам капиталы теориясын Т.Шульц қалыптастырды оның еңбегіне арқау болған Э.Денисон жұмысы төнірегіндегі пікірталастар еді. Денисонның көлемді статистикалық материалдары техника жетістіктері, өндірісте құрал-жабдықтарды кеңінен пайдалану ұлттық өнім шығарудың жартысын ғана қамтамасыз ететінің дәлелдеді. Осы идея негізінде Шульцтің адам капиталы туралы концепциясы қалыптасты. Г.Боуэннің пікірінше, адам капиталы алған білімінен, қисындамадан және күш-қуаттан тұрады, адам баласының бойына біткен осы қасиеттер белгілі бір уақыт кезеңінде тауарлар мен қызмет түрлерін өндіруге пайдаланылуы мүмкін. Кейбір авторлар адам капиталын “ресми оқу немесе білім алу, не практикалық тәжірибе арқылы табылған ақыл-ой қабілеті ретіндегі капитал” деп біледі. Адам капиталы деген түсінікке тоқталар болсақ, ол екі жақты функцияны орындайтын білім мен біліктілік жиынтығы. Адам капиталы теориясы – білімінің әлеуметтік функциясының принципиалды әрі сапалы көрінісі. Американдық экономист, адам капиталы теориясының классигі Г.Беккер бұл ұғымды кең мағынада қарастырады. Оның пікірінше, “адам капиталы адамға инвестиция жұмсау, оның ішінде өндірістегі дайындық, денсаулық сақтауға жұмсалған қаржы, миграция және баға мен табыс туралы апарат іздестіру арқылы қалыптасады” [16]. Экономикалық әдебиетте адам капиталының монетарлық анықтамасы да бар. М.Фридмен адам капиталын еңбекке тұрақты, үздіксіз табысты қамтамасыз ететін қор ретінде түсінеді. Ресейлік экономика ғылымындағы адам капиталының алғашқы анықтамаларының бірі М.Критскийдің еңбегінде берілген. Ол “адам капиталының негізінде экономикалық тұлғаның қоғамдық прогресс және интеллектуалды іс-әрекетінің жаңа күші ретіндегі қозғалысы жатыр”, деп есептейді. Келесі авторлар адам капиталын “индивидтердің өзінің оқуына, білім алуына және басқа да өнімділікті арттыратын іс-әрекет түрлеріне уақытты инвестициялау арқылы қалыптасатын іскерлік пен дағдылар” ретінде анықтайды [17]. С.К.Жұмамбаевтың пікірінше, “білім, дағды, іскерлік және жинақталған тәжірибе адам капиталын құрайды” және “жалдамалы жұмысшы кәсіпкерлік іс-әрекетке өзінің адамдық капиталын қосады”. Адам капиталының капиталдың өзгеде түрлеріне қатысты ортақ белгілері болады. Осы теория жөніндегі ресейлік маман С.А.Дятлов оны бірнеше түрге бөледі. Олар: 1. Адам капиталы инвестициясының ұлғаюы оның жұмысқа қабілеттілігіне байланысты; 2. Адам капиталы жинақталады және көбейеді. Адам капиталының толықтырылып отырылуы белгілі бір уақыт аралығында жұмысшының білімін жетілдіру немесе өндірістік тәжірибенің молаюына байланысты. Егер бұл процесс үздіксіз жүріп отырса, адам капиталы саны мен сапасы жағынан жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе алады; 3. Адам капиталының жинақталуы жоғары деңгейге жеткен соң тез төмендейді. Бұған адамның жас мөлшері тікелей әсер етеді; 4. Адамның барлық іс-әрекеттері адам капиталы бола алмайды. Бұған қоғамға қатер төндіру мақсатындағы жоспарлары, қылмысқа қатыстылығы жатады; 5. Адамның қалыптасуына сол ұлттың салт-дәстүрі, мәдени, тарихи және ұлттық ерекшеліктері әсер етеді. Баланың білім деңгейі мен мамандық тандауы да көп жағдайда ата-анасының білім дәрежесі мен отбасылық тәрбиеге қатысты болады; 6. Адам капиталы – индивидуальды және қоғамдық болып табылады [20]. Адам капиталы деп әдетте адамның еңбек өнімділігінің өсуіне және табыстарының көбеюіне ат салысатын, адамға тән денсаулық, білімдер, дағдылар, қабілеттер, мотивациялар запасы түсіндіріледі. Мақсаты түрде жасалатын және адамның болашақ ақшалай табысын белгілейтін шығындардың барлық түрі “ адам капиталына жасалынған инвестициялар” деп аталады. Оған жататындар: денсаулық сақтауға, білім алуға жұмсалған шығындар, жұмыс іздеумен, өндірісте мамандық дайындықпен, баланың тууы және оны тәрбиелеумен байланысты шығындар. Пайда болашақта күтетін жоғары табыстар, беделді жұмысқа тұру, әлеуметтік статустың жоғарлауы бейнесінде болады. Адамдардың әдеттері мен қабілеттері түріндегі адам капиталын жинақтауға болады, ол адамға тән болады және жеке тіршіліктен бөлінбейді. Макроэкономикалық түсінік бойынша адам капиталы экономикалық өсудің басты факторы. Нақты өмірде адамға жасалынған инвестициялардың сан жағынан бағалануын бірнеше әдіспен жүргізуге болады. Ең көп тарағаны – уақытқа байланысты игіліктерді бағалау деген бағытқа негізделген, болашақтағы табыстарды капитализа-циялау принципі. Оның мәні: адамдар белгілі ақша сапасын немесе игіліктер жиынтығын олардын болашақта бағалануымен салыстырғанда жоғары бағалауға бейімді. Экономикалық өсу мен ҒТП-тің басты факторы болып табылатын білімнің экономикалық аспектілерін зерттеуде адам капиталы теориясы маңызды рөл атқарады. Еңбек ақының өсуіне білімінің қосатын үлесін былай анықтауға болады, белгілі білім дәрежесі бар жұмыскерлердің жалақысы екі бөлшектен тұрады: 1. Білімнің нөлдік дәрежесі болғандағы жалақының дәрежесі 2. Білімге байланысты жалақының өсуі немесе пайда болған адам капиталынан түсетін табыс. Адам капиталы теориясының шеңберінде жалақы көп қырлы құрылым деп қарастырылады, әр түрлі қырына білімнің белгілі дәрежесіне сәйкес келетін нақты жалақы соның әкелетін табысы болыптабылады. Айталық, жоғары дәрежелі білімнің экономикалық тиімділігі екі адамның – университет бітірген немесе орта білім алған - өмірлік жалақыларының айырымына тең болады. Мынадай заңдылық әрекет етеді – жұмыскердің табыстары оның білімі мен жас дәрежесінің өсуіне сәйкес өсіп отырады, бірақ бұның белгілі бір шегі бар - әдетте 55-60 жасқа дейін (зейнетке шығу уақыты). Осы жастан соң іс-жүзінде барлық білім дәрежесіндегі жұмыскерлердің табыстары күрт төмендеу тенденциясына ие болады. Адам капиталының ақшалай бағалануы оның абсолюттік шамасын білуге мүмкіндік береді. Адам капиталының абсолюттік шамасын білу арқылы бірнеше көрсеткіштер құралады. Соның бірі - қор сіңіргішті сияқты, өндірістің интеллектуалдық сіңіргіштігінің көрсеткіші. Осы көрсеткіш білім беру қорының жалпы ұлттық өнімге өзара қатынасы болып табылады. Бұл білім беру қорында жинақалған ақша бірлігінің қаншасы өндірілген өнімнің әр бірлігіне келетінін көрсетеді. Білім беру қоры, білім берудің әр дәрежесінің бір жылдық құнының, білім берудің адам – жыл санының көбейтіндісіне тең болады. Индивидке білім беру үшін жұмсалған шығындарға оны оқыту үшін жұмсалған төлемдер және жағымсыз ждеп қаралатын осы мерзімде түспей қалған жалақылар жатады. Білім беругежұмсалған шығындарды білім беріп болғаннан кейін күтіліп отырған жоғары жалақыдан түсетін пайдамен салыстыру керек. Егер білімге жасалған салымдардың бүгінгі таза бағалылығы деп қаралатын, білім тберуден кейінге жоғары жалақының пайдалылығы шығындардан артық болса, білімге жасалған салымдардың тиімді болғаны. Дегенмен, адамға жасалған салымдардың барлығын адам капиталына жұмсалған инвестиция деп есептеуге болмайды. Өркениетті құқықтық қоғамның мүдделері бағытынан, тек өнегелік жағынан орынды және мақсатқа сәйкес келетін адамға жасалатын салымдар ғана адам капиталына инвестиция болып табылады. Адам капиталы дегеніміз - инвестициялар нәтижесінде қалыптасқан және адамның жинақтаған денсаулығының, білімінің, еңбек дағдысының, қабілеттерінің запасы. Бұлар саналы түрде қоғамдық ұдайы өндірістің белгілі саласында қолданылады, еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігінің өсуіне көмек береді, сөйтіп адамның жалақысының өсуіне жол ашады. Мемлекеттің, ұлттық құнды капиталы – адам, адам өмірі, оның жұмысқа қабілеттілігі /23/. 1.2. Адам капиталына салынған инвестиция нысандары Адам капиталына инвестиция бөлу тез өзгеретін әлемге бейімделе алатын техникалық дамушы, өндіруші жұмыс күшін қалыптастыру үшін өте қажет. Болашақтың табысты экономикасы адам капиталы мен барлық сектордағы дәстүрлі ерекшеліктерді қоса алғанда бола алады. Сондықтан жұртшылықтың білім, білік және дағдыларына қаржыландыру Қазақстанды дамытудың негізгі бағыты болып табылады. Бүгінде білім беруді жай ғана әлеуметтік қажеттілікке жұмсалатын шығыс емес экономикалық инвестиция деп түсіну қажет [26]. Инвестиция – белгілі бір уақыт өткеннен кейін ақталатын шығындар болып табылады. Еңбек нарығында инвестицияның 3 түрі ажыратылады: - білім алу және кәсіптік оқыту; - миграция; - жаңа жұмыс іздеу. Бұлар белгілі бір шығындарды қажет етеді және олар болашақта табыс алып келеді деп есептеледі. Басқа инвестициялардан бұл инвестициялардың ерекшелігі, олар адам капиталына салынады. Айырмашылығы, сонымен қатар, еңбек рыногындағы жұмысшының жалақысының мөлшерінен көрінеді. Миграция, жұмыс іздеу, білім алу сияқты адам капиталының құнының өсуіне алып келеді. Жалпы түрде, адам капиталына салынған инвестициялар 3 бөліктен тұрады: 1) тура шығындар, ол өз кезегінде келесідей шығындардан тұрады: а) оқуға төлем, кітаптар сатып алу және т.б. ә) көшуге кеткен шығындар; б) шығындар, мысалы, бензинге. 2) жоғалтып алынған табыстар (жұмыс іздегенде, көшкенде немесе оқу кезінде жұмыс істеу мүмкіндігінің болмауы); 3) психикалық мінезін жоғалтуы (жұмыс іздеу жүйкенің тозуымен байланысты, көшу достармен қоштасуға алып келеді және т.б [26, 75]. Нарықтық экономикадағы адам әр алуан экономикалық қызметтер атқарады. Жанды өндіргіш күш болғандықтан адамға өзінен бөлінбес көп сапа мен қасиеттер тән болады, оның бірнеше түрлі қажеттері мен қабілеттері бар. Қатынастардың белсенді творчестволық субъектісі болып, адам осы замандағы экономикалық жүйеде құрылымдық рөл атқарады. Жеке адамның жиынтық қасиеттері бар, олар оның өндіргіш күшін құрайды. Адамның өндіргіш күші құрамының екі жағы болады: жұмысшы күші немесе еңбекке қабілеті және тұтынушылық күші немесе тұтынуға қабілеті. Еңбек – жұмысшы күшінің функциясы, тұтыну-тұтыну күшінің функциясы болып табылады. Адамның еңбекке қабілетін және тұтыну қабілетін қалыптастырып, дамыту қажет. Осы замандағы экономикалық жүйедегі адамның рөлін сипаттау үшін бірнеше түсініктер қолданылады: экономикалық адам, жұмысшы күші, өндірістің жеке факторы, еңбек ресурстары, адам ресурстары, адам капиталы, кәсіпкер [25, 15]. Мемлекет байлығы - оның адамдары. Бұл концепцияның басты мақсаты адамдарға салауатты өмір сүретінжәне шығармашылықпен айналысатын орта қалыптастыру. Бұл қарапайым да маңызды қағида көбінесе материалдық жағдай тұрғысынан қарастырғанда ұмыт қалып жатады. Адам дамуының концепциясы адамды саяси, әлеуметтік-экономикалық процестердің басты негізі ретінде қарастырады. Концепция адам дамуының екі жағына тоқталады: 1. Адам қабілетін қалыптастыру, яғни білімін жетілдіру, денсаулығын жақсарту; 2. Жоғарыда аталған қабілеттерді саяси-әлеуметтік сферада толық жүзеге асыру. Бұл екі мәселе шешімін таппаса, адамның өз өміріне, қоғамға деген наразылығын туғызады. Адам дамуы концепциясы адамдардың саяси-әлеуметтік. Экологиялық таза ортада ұзақ та салауатты өмір сүріп, өз мүмкіндіктерін іске асыруын көздейді. Адамды экономикалық дамудың негізі ретінде қарауға деген талпынысты экономикалық теория классиктері жасады. А.Смит пен оның ізін жалғастырушылар адамды қоғамдық байлықтың қайнар көзі деп санайды. Адам дамуы концепциясының негізгі аспектілері: 1. Ол адамды өз мақсатының манызды бөлшегі ретінде қарастыруы керек 2. Даму бағыты кіріс көлемін ғана емес, сонымен қатар адам таңдауын ұлғайтуды көздейді 3. Адам дамуы 4 принцип негізінде қалыптасқан. Олар теңдік, тұрақтылық, мүмкіндіктердің кеңеюі және өсімділік. Адам дамуы концепциясына қызығушылық елімізде 1995 жылданбастап пайда болды. Бұл кезде БҰҰ-ң бағдарламалары бойынша мемлекеттімізде адам дамуы туралы ең бірінші ұлттық есеп беру болды. Адам дамуы туралы декларацияның негізгі мақсаттары: - аштық пен қайыршылықты тоқтату; - жалпы бастауыш білім беру; - әйелдер мен ерлер арасындағы теңдік; - балалар өлімін азарту; - ана денсаулығын жақсарту; - СПИД, малярия және т.б. ауруларға қарсы күрес; - экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету. ХХ ғасырдың 2-ші жартысында дамыған емдерде білімді адамдар қатары көбейе түсті. Адам капиталының бөлінбес факторы - білім. Білім біріншіден, адамның қабілетін арттыра түсетін адам капиталының негізі. Екіншіден, қазіргі әлеуметтік-экономикалық ортада іскерлік қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді Үшіншіден, қажетті білім алмайынша адам бойындағы табиғи дарындылық толық ашылмай қалуы мүмкін. Адам капиталының даму индексі бойынша Канада алдынғы орында, АҚШ екінші орында, Жапония 3 орын, Ұлыбритания 18-ші, Ресей – 52, Қазақстан 56 орында, Адам дамуы өте күрделі мәселе, ол БҰҰ-ң бағдарламасы деңгейінен асып түседі. Мемлекет тұрғындары санының өсуі үшін материалдық және рухани жағдай жасалуы керек. Қазақстанда адам дамуына әсер ететін факторлар: 1. Өлімнің азаюы, орташа өмір сүру жасының өсуі; 2. Экологиялық факторлар әсерінен болатын физиологиялық және психикалық жағдайдын төмендеуі; 3. Отбасы, жастар, балалар жағдайның нашарлауы; 4. Білім мен ғылымның билік үшін қажетсіздігі. Адам дамуының принциптері ескіге жаңаша көзқараспен ұмтылу болып есептеледі. Адам дамуының мәселесі туралы, әрине бұрын да талай пікірлер айтылған. Адам дамуының қайнар көзі – адамзат тарихының ерте кезеңінде көптеген мәдениеттер мен діндерде болған Аристотель былай деген: “Барлық нәрсенің жеткілікті болуы нағыз бізіздеген нәрсе емес, ол тек біз іздеген басқа нәрселерге ғана өз пайдасын тигізе алады”. Біздің әрқайсысымыз өс келе дәл қазіргі кезеңде көңіліміз соққан көп нәрсеге қолымыздың жете бермейтінің білеміз. Өз өмірімізде біз ұдайы таңдаумен боламыз. Таңдау кез келген адамның алдында тұрады және адам баласының қажеттілігі шексіз. Материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалынады. Қажеттілік жоғары және төменгі деңгейлі, әлеуметті және төлем қабілетті т.б. болып келеді. Адам баласының қажеттілігіне байланысты әртүрлі теориялар бар. Біз оны А.Маслоу теориясы бойынша қарастырамыз. Ол адам баласының қажеттілігін 5 топқа жатқызады: 1. Физиологиялық (аштық, шөлдеу және т.б.) 2. Қауіпсіздіктегі қажеттілік (қорқыныштан, ашу - ызадан, жанға батудан қорғану және т.б.) 3. Әлеуметтік байланыстағы қажеттілік (махаббат, достық, әлеуметтік теңестірумен жалғастыру т.б.) 4. Өзін-өзі сыйлау қажеттілігі (қол жеткізу, мойындау, қостау және т.б.) 5. Өзіне-өзі көңіл қою қажеттілігі (түсіну және ойлау, өз мүмкіндіктері мен қабілеттері). Адамның ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның да қажеттіліктері шексіз. Тауар өндіру мен қызмет көрсетуге арналған құралдар шектеулі немесе сирек. Адамдардың үздіксіз өсу үстіндегі материалдық қажеттіліктері мен оларды қанағаттандыратын экономикалық мүмкіндіктердің арасында қайшылықтар болады. Адам өз қажеттіліктерімен қиындықтарға ұрынады. Өндірістің заттай факторлары – капитал мен жерді, адам жандандырады. Атап айтқанда, оның кәсіпкерлік икемділігі өндірістің озат технологиясындағы толық жүйелерді тудырады, сол икемділік өзіне де, қоғамға да керекті нәрселерді өндіреді. Адам өндірістің басында тұрады, сонымен бірге өндірістің ортасы мен түйінді тұсынан да табылып, кез келген өндірістің адам капиталы көзбен көргенде әсерлі көрініс беріп, өндірістегі оның ықпалы белгілі болып тұрады. Демек, біз адам капиталының басқа түрлерімен бірдей экономикалық жүйенің нысаны деп қарай аламыз.Нарыққа өту адамды зерттеудегі жетімсіздік пен үйлеспеуңшілікті болдырмауды талап етеді. Өзіне бара-бар дамыған нарықтық қатынастар жағдайында адам-жұмысшының тиісті ғылыми негізделген әлеуметтік-экономикалық үлгісінің болмауы, Қазақстанның экономикалық жағдайларынан айқын көрініп тұрғандай, қоғам үшін шығындар мен кері кетушілікке әкеп соғады. Нарықтық қатынастардың субъектілеріне барынша назар аударылуы керек және оларға тиісінше инвестициялар бөлінуі қажет. Біз бұрынырақта металлургия зауыттарында,басқа өндіріс орындарында, жарқыраған әуежолдарда экономикалық прогрестің бет-бейнесі өте жиі көрсетіледі. Оларды ұқыптылықпен жасап, кеңістіктерге орналастыратын. Дж. Гэлбрейттің пікірі бойынша олардың салынулары үшін өте мол қаржы және білім жұмсалулары қажет болатын. Оны экономикалық жағынан “адам игілігі үшін капитал жұмсау” деген термин маңыздандырып тұратын [28, 180]. Жұмыскерге өндіріс ресурсының бағалы және баға жеткіліксіз деген мәртебесін, адам капиталына тиісті инвестиция беру-алдына мақсат қойған қарқынды әрі кешенді жұмыс жүйелеріне сай адам қабілетіне арналған игі шаралар арқылы айтарлықтай табыс әкеледі. Адам дамуының концепциясы білімнің кен және көпжоспарлы әлеуметтік қызметтерін танып, оған қоғамның іргелі мәселлерін шешуде басты рөлді береді. Басқа сөзбен айтқанда, білімнің қазіргі заманғы қызметі- адамды қоғамдық жағдайлар мен міндеттерді ескере отырып, адамды оның өмірлік мақсаттарын жүзеге асыру құралы ретінде оқытуға қажетті жағдайлар жасау. Басқаша айтқанда, өмірдің барлық көрінісіне жеке адамды жан-жақты дайындау адамның әлеуметтік жинақымен қамтамасыз ету құралы ретінде қызмет етіп, әртүрлі өмірлік жағдайларда мүмкіндігінше кең таңдау беру. Адам даму деңгейі адам даму индексінің құрам бөліктерінің қатарына кірмейтін әртүрлі жанама себепкер шарттарға тәуелді болатындығын атап өту қажет: кедейшілік масштабы, басқару мәселелері, денсаулық сақтау деңгейі, экология мәселелері және гендерлік теңсіздік адам әлеуметі деңгейінің дамуына әсер етеді. Кедейшілік. Қоғамдағы кедейшілік деңгейін бәсеңдетуге тұтастай елдің дамуында және әр адамның әлеуметтік мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуының да алғышарттарын жасау арқылы қол жеткізілуі мүмкін. Басқаша айтсақ, кедейшілікті жеңу үшін бірқатар шарттарды қамтамасыз ету қажет, атап айтқанда, орнықты экономикалықөрлеу, тұрғындардың өнімді жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейту, мемлекеттің пәрменді әлеуметтік саясаты, тиімді мемлекеттік басқару және қоғамның демокатиялық институттарын дамыту. Мысалыүшін, ең алдымен кедей адамдардың мүдделерін ескеретін кедейшілікпен күресудің ұлттық стратегиясының құрылуы және жүзеге асырылуы әлемдегі кедейшілік масштабын қысқартуға қол жеткізуге жасалған маңызды қадам болар еді. Халық денсаулығы. Денсаулық сақтау деңгейі адам әлеуметінің дамуының негізін қалайды. Денсаулық сақтау жзүйесінің жағдайы және мүмкіндіктері мен білім деңгейі, өмір сүру ұзақтығы, тұрмыс жағдайларының арасында тығыз байланыс бар. Тұрғындардың сапалыжәне көлемді шығындарға батырмайтын медициналық көмекке қол жеткізуінің мәселесі денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды мәселе. Қалыптасқан жағдайдан шығудың жалпы денсаулық сақтау жүйесін денсаулық сақтау мекемелерінің қызметінің тиімділігін арттыру бағытында реформалау және де ақысыз медициналық көмек беру бағдарламаларының қаржыландыруды кеңейту. Қоршаған орта жағдайы. Адам әлеуметтік дамыту елдің қазіргі және кейіегі буындарының денсаулығының негізгі ретінде экологияға себепкер шарттарына тікелей тәуелді. Қазақстанның экологиялық-экономикалық дауында экологиялық тәрбие мен ағарту шешуші рөл атқарады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі концептуалдық деңгейде экологиялық ағарту тұжырымдамасын (2002) құрды, онда білім жүйесінде барлық сатысында экологиялық ағартуды жүзеге асырудың шаралары айқындалған. Қорыта келе, білім беру адам дамуы кнцепциясының мазмұны мен мәнін анықтайтын жүйе құрушы элементтердің бірі, мемлекет, қоғам және жеке тұлға үшін маңызды приоритет болады. Білім берудің әлеуметтік рөлін қабылдау тамыры білімі беру қызметіне сапалы жаңа көзқарас танытатын адам капиталының теориясын дамыту тарихына кетеді. Білім беру қызметінің мұндай анықтамасы әр адамның білімге деген құқығын жариялайтын және білім берудің мақсаты- адам тұлғасының толық дамуы мен адам құқығына, оның негізгі еркіндігіне құрметті нығайтуға баса көңіл аударумен сәйкес келеді. Адам дамуы тұжырымдамасында білім ең өзекті және іргелі қоғамдық проблемаларды шешудің айқындаушы факторы, адам дамуы деңгейінің аса маңызды көрсеткіші ретінде қаралады. Адам дамуындағы білімнің ролін қамтамасыз етудегі халықаралық танылған бағдарлама «Баршаға бірдей білім» стратегиясы болып табылады. Сонымен бірге көпшілік елдердегі сияқты, республикамыз үшін де білім мүмкіндігі мен сапасын біріктіру өзекті проблема күйінде қалып отыр [23, 5-19]. Алайда білім беруді инвестициялаудың кез-келген басқа инвестициялар сияқты тәуекелділігі жоғары. Индивидтің оқуға жұмсаған еңбек және қаржы шығындары іс-жүзінде толыққанды қайта ма, алдына қойған каръерасын ойдағыдай жасай ала ма, т.б. жақтарын алдын ала білу мүмкін емес. Көп жағдайда білім беруге жұмсалған шығындардан алатын ұтым индивидтің өзіне тәуелді. Бұл мәселеде тек еңбек рыногындағы мамандарға деген сұраныс ғана емес, сондай-ақ, индивидтің жеке сапалары да шешуші роль атқарады. Оның мүдделілігі, талпыныстары, оқу мақсаты туралы түсінігі, т.б. оның үстіне адамды мамандығын өзгертуге немесе кәсіптік еңбекке кеш қосылуына әкелетін жеке жағдайларды да ескеру қажет. Осылардың барлығы оқудың басында ескеруге мүмкін болмаған мәселелер кешенін құрайды және білім беруге салынған инвестицияның қарапайым жылдамдығына және көлеміне әсер етеді. Жалпы алғанда, белгілі бір деңгейін алуға байланысты шығындар адамның өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрғанда ғана толық қайтарылады. Сонымен білім беруге жеке табыс көлемін арттырушы маңызды фактор болып табылады. Индивид білім алу барысында ағымағы табыс алу мүмкіндігіне бас тартады, өйткені, білім оған осы шығындарын болашақта қайтару мүмкіндігін береді. Сондықтан да адам капиталына инвестиция салу оның әлеументтендіру тәжірбиесіне терең өзгерістер енгізіп жалпы адам капиталының жиынтық қорының мазмұнына, құрамына, қалыптасуына оң әсер етеді. Білім беруге бағытталған қоғамдық тікелей инвестициялар-мемлекеттің, жергілікті органдардың, қоғамдық ұйымдардың, өнеркәсіп салаларының осы сфераға бағытталған қаржылары. Білім беруді инвестициялау әртүрлі жолмен жүргізілуі мүмкін: - оқушыларға мақсатты бағытталған ұзақ мерзімді несиелер беріледі; мұндай несиелер еңбек ету кезінде жалақы немесе табыс есебінен қайтарылады; - мемлекет білім беру қызметі ақысын төлеуге және тұтынушыларды материалдық қолдауға байланысты барлық шығындарды өз қолына алады; - білім беру қызметі ақысын және оны тұтынушыларды метериалдық қолдау әртүрлі көздерден қаржыландырады: а) мемлекеттік (оқу орындарын республикалық, жергілікті бюджеттерден қаржыландыру, оқушыларға жәрдемақы және ұзақ мерзімді мақсатты несиелер беру) қаржыландыру; б) оқушылардың өзіндік қаржылары есебінен (олардың ата-аналарының, асыраушыларының қаржылары); в) кәсіпорындар және ұйымдардың қаржылары (тапсырыс бойынша маман дайындауды, жұмысшылардың біліктілігін көтеру және оларды қайта дайындауды қаржыландыру), қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының қаржылары есебінен. Сондай-ақ, адам капиталына жұмсалатын инвестициялар, салымдар бірнеше сатыдан тұрады: Бірінші сатыда- адам капиталына жұмсалған салымдар неғұрлым жақсы нәтижеге жеткізеді, өйткені мұндағы жоғары тиімділік салымның қарымы қайтатын уақыт мерзіміне байланысты. Оқытудың бастапқы сатысынан, арнаулы даярлық сатысына өткен сайын шығындардың өтелу мерзімі ұдайы қысқарып, адамға жұмсалатын салымның ұтымдылығы арта береді. Сонымен бірге, ықтималды адам капиталына салым оның неғұрлым жас кезінде жұмсалса, салым өлшемімен болатын өзгерістер серпіні соғұрлым жоғары болмақшы. Адамға жұмсалған салымның ертерек болуы қоғам тіршілік әрекетінің алдағы кезеңдерінде көрінетін ықтималды адам капиталының, оның шығармашылық қабілетінің бір реттеуіші есепті болады. Екінші сатыда- ықтималды адам капиталын нақты іске қосылған адам капиталына айналдыру кезеңі. Бұл-еңбек субъектісінің адам капиталын іске асыру мен қорландыру кезеңі. Тіршілік әрекетінің бұл кезеңі еңбек қызметін атқаруға бейімделуімен, адам капиталының жетілдіруімен, жұмыскердің нақты адам капиталына біліми ықпал етуінің көптігімен сипатталады. Үшінші сатыда- еңбек қызметінің қалыптасу кезеңі. Бұл кезеңде ықтималды адам капиталы ұдайы өндіріс жүйесіне неғұрлым көптеп тартылады, жалақының ұдайы өсуі мен оның ең жоғары деңгейіне жақындау байқалады. Мұнда жұмыскерлерді қайта даярлау жүйесі аса маңызды рол атқарады. Ол ғылыми-техникалық дамудың шарттарын бейнелейді. Өнімді еңбектен қол үзіп және қол үзбей білім алу жүйесі, парасатты адам капиталын, жұмыскердің қабілет қарымын, қоғам тіршілік әрекетінің осы кезеңіндегі ғылыми-техникалық талаптарына дейін көтеруге мүмкіндік беретіндей дәрежеде толықтырылуы керек [23, 21]. Қазіргі кезеңде, яғни экономикалық дамуымыз тұрақталынып, әлеуметтік мәселелерге бет бұрған уақытта, Қазақстанда адам капиталын қалыптастырып, оны ұдайы өндіру үрдісіне байланысты біршама қызметтер атқарылып жатыр. Бұған халқамызға әлеуметтік жағынан қолдау көрсетіп, осы мәселедегі қалдық принциптерін жойып, әлеуметтік саланы қаржыландыруды басымдылық ретінде қарастыру саясатының қалыптаса бастауын мысалға келтіруімізге болады. 1.3 Инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесі Нарыққа көшу елді білім берудің дәстүрлі парадигмасының ауысуына әкеледі. Бұл оның негізгі тұжырымдамалары, оқыту бағдарламаларының мазмұнын, әр деңгейдегі білім берудің өзінің идеясын қайта қарау қажеттілігін білдіреді. Көптеген мемлекеттер расында біздің уақыттың шындығына сәйкес келетін, нақтырақ, инновациялық әлеуеттің дамуының қажеттілігін назарға алатын білімге негізделген қоғамды құру кезеңінен өтіп кетті. Қазіргі уақытта әлемдік ұйымның алдында тұрған, бір-бірімен тығыз байланысты үш негізгі міндетті бөліп қарауға болады: Біріншіден, өз бетінше белсенділік пен танымның сезімділік ұстанымдарын оқыту мен тәрбиелеудің жетекші ұыстанымдары ретінде қарастыру; Екіншіден, өз бетінше ойлай білетін және алуын түрлі мәселелері шеше алатын, гуманитарлық білімді терең түсінуіне негізделген және еңбек нарқы талап ететін мемлекеттік білім жүйесін қайта құру; Үшіншіден, оқу процесіне ақпараттандыру технологияларының құралдарын кіріктіру. Қазақстан Республикасы ғаламдану үрдісіне енгелі бері білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықта біраз жетістіктерге жетті. Соның ішінде АҚШ сияқты ірі мемлекеттен серіктестік деңгейінде көптеген келісім-шарттар жасалып, онымен білім жүйесін көтеруге ұмтылған талпыныстарын айтуға болады. Қазақстанның бұл жетістіктері басқа мемлекеттер үшін үлгі болып отырғанын айтсақ та жеткілікті. Бұл келісімдер өздерінің жемістерін берген соң ғана Қазақстан Республикасы осы салада ынтымақтастықты дамытып, оны жалғастыруға мүдделі [16]. Сонымен, қорыта айтқанда еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің болашағы жоқ” деп Жолдауында атап көрсеткенін айтуға болады. Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейінгі адам капиталына, оның ішінде, білім беруге бөлінген инвестицияның қоғам мен экономикаға елеулі әсер ететінін көрсетіп отыр. Бай минералды ресурстар, қолайлы жағдайлар, нарықтық қарым-қатынастарды дамыту және мұнай экспортынан түскен жоғары табыстар нәтижесінде Қазақстан экономиканың жоғары қарқынмен өсуін сақтап қалды. Минералды ресурстарды игеру бүгінгі күнге дейін орасан зор мүмкіндікті және орта- және ұзақ мерзімді кезеңде қолайлы өсу перспективасын сақтауды қамтамасыз етіп отыр. Адам капиталына инвестиция бөлу тез өзгеретін әлемге бейімделе алатын техникалық дамушы, өндіруші жұмыс күшін қалыптастыру үшін өте қажет. Болашақтың табысты экономикасы адам капиталы мен барлық сектордағы дәстүрлі ерекшеліктерді қоса алғанда бола алады. Сондықтан жұртшылықтың білім, білік және дағдыларына қаржыландыру Қазақстанды дамытудың негізгі бағыты болып табылады. Бүгінде білім беруді жай ғана әлеуметтік қажеттілікке жұмсалатын шығыс емес экономикалық инвестиция деп түсіну қажет [18]. Инвестиция – белгілі бір уақыт өткеннен кейін ақталатын шығындар болып табылады. Еңбек нарығында инвестицияның 3 түрі ажыратылады: білім алу және кәсіптік оқыту; миграция; жаңа жұмыс іздеу. Бұлар белгілі бір шығындарды қажет етеді және олар болашақта табыс алып келеді деп есептеледі. Басқа инвестициялардан бұл инвестициялардың ерекшелігі, олар адам капиталына салынады. Айырмашылығы, сонымен қатар, еңбек рыногындағы жұмысшының жалақысының мөлшерінен көрінеді. Миграция, жұмыс іздеу, білім алу сияқты адам капиталының құнының өсуіне алып келеді. Білім адам капиталын дамытудың маңызды құралы болмақ. Сондықтан да білімнің тиімді жүйесін құру экономиканың қажеттіліктерге сайма-сай келуі керек. Қазіргі уақытта білім саласындағы мемлекеттік саясатттың негізгі бағыттары мен басымдықтары Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында айқындалған. Әлбетте, білім саласы бойынша межеленген басымдықтар қазіргі уақытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Алайда, білім беру үдерісін одан әрі дамыту қажеттілігін ескере отырып, елбасының тапсырмасы бойынша білім жүйесін жаңарту жөнінде тыңғылықты жұмыстар жүргізілуде. Бұл орайда түпкі мақсат еліміздегі білім беру қызметтерін әлемдік стандарттар деңгейіне көтере алатын білімді басқару жүйесін құру болып табылады. Макроэкономикалық деңгейде адам капиталын мемлекет өндіретіндіктен білім беруге ЖІӨ-нен бөлінен шығыстар көлемі жылдан-жылға артып келуде. Адам капиталын одан әрі дамыту саласында Би Джи тәрізді компаниялар өзіне жоғары жауапкершілік алуға тиісті, деп атап өтті осы компанияның атқарушы бас директоры Ф.Чапмэн. Тікелей шетелдік инвестициялар осы мәселені дамытуда катализатор рөлін атқара алады. Еуразия өнеркәсіптік ассоциациясының президенті А.Машкевич өз сөзін ынтымақтастықты екі бағытқа, Білім және ғылым министрлігі мен бизнестің арасына және оқу орны мен жекелеген кәсіпорынның арасына бөлу керек деген пікірмен бастады. Олардың алғашқысы бизнес пен білім беру институттарының өзара қарым-қатынастары үшін заңдық және әдістемелік негіз қалыптастыруға тиіс. Ал екінші бағыт болса, еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасын анықтауға мүмкіндік беретін болады. Жұмыс беруші бітіруші түлектің қандай болуы керектігін анықтаса, ал оған қалайша қол жеткізу керек екендігін оқу орны анықтайтын болады. ТМД елдерінде оқушылар орта кəсіптік білімді мемлекеттік жəне мемлекеттік емес колледждерде алады. Қазақстанда мемлекеттік емес оқу орындарында ақылы негіде білім алатын оқушылар үлесі ең жоғары болып, 2008 жылы 54%-ды құрады. ТМД-ның көптеген елдерінде мамандарды даярлау мемлекеттік ұйымдарда жүзеге асырылады. 10000 халық санына келетін ең жоғары көрсеткіш Өзбекстанда – 509 адам, Беларусияда – 162 адам, Ресейде – 158 адам. Ең төмен көрсеткіш Тəжістанда – 47 адам, Əзірбайжанда – 61 адам. ТМД елдерінде мемлекеттік жəне мемлекеттік емес (жекеменшік) жоғары оқу орындары жұмыс істейді. ТМД елдерінің көпшілігінде 2009 жылы мемлекеттік жоғары оқу орындарының саны артып отыр: Ресейде – 660 бірлік, мемлекеттік емес – 474 бірлік, Украинада – 240 бірлік, мемлекеттік емес – 113 бірлік, Белорусияда – 43 бірлік, мемлекеттік емес – 10 бірлік, Əзірбайжанда – 34 бірлік, мемлекеттік емес – 14 бірлік [30]. 2006 жылмен салыстырғанда ЖОО-ның саны Ресейде – 44 бірлікке, Əзірбайжанда – 6 бірлікке, Қырғызстан мен Украинада – 3 бірлікке артса, Тəжікстан мен Белорусияда керісінше, төмендеп отыр. Жоғары оқу орындары мақсаттарының бірі – тұлғаның қабілеттері мен интеллектуалды-шығырмашылық мүмкіндігін толығымен дамыту жəне қоғам мен мемлекет қажеттіліктерін өтей алатын жоғары дəрежелі мамандар даярлап шығару. Кесте 1. ЖОО дайындап шығарған мамандар саны, мың, адам.
1-кестеден көріп отырғанымыздай, ТМД елдерінде 2006 жылға қарағанда мемлекеттік, мемлекеттік емес те оқу орындарында мамандарды даярлап шығару көрсеткіші оң үрдіс алып отыр. Қазақстанда мамандар саны 165,5 мыңнан 196,7 мың адамға, Ресейде 1255 мың адамнан 1358 адамға, Молдовада 17 мың адамнан 29,6 мың адамға артып отыр. ТМД елдерінде мемлекеттік жəне мемлекеттік емес жоғары оқу орындарында мамандарды даярлап шығару жыл сайын артып келеді, бұл ішкі жəне сыртқы еңбек нарығында жоғары білікті мамандарға деген қажеттілікті қанағаттандыруда маңызды роль атқарады [30]. Қазіргі заманғы бәсекеде табысқа жету үшін біз күн сайын туындап жататын кез келген құбылысқа дайын болуымыз керек, деді “Кредит Свис Групп” компаниясының бас атқарушы басшысы О.Грюбель. Ал енді ертеңгі күнге үңіле білу одан да маңызды. Қазақстан жағдайына келсек, мұндай көзқарас жоғары білікті және тиімді мамандарды бүгінгі күні даярлаудың қажеттігін сезіне білуді көрсетеді. Одан әрі ол Қазақстанның табиғи байлықтарының елге қаржы легінің ағылуына себепкер болатынын айта келіп, соған сәйкес республикада қаржы мамандарының өте қажет болатынын айрықша атап көрсетті. “ABN AMRO Банк НВ” банктің атқарушы вице-президенті, мұнай-газ секторы басқармасының бастығы Ф.Кайларс сөзін дарынды, ойлай білетін әрі білімді адамдардың әлемде ең үлкен сұранысқа ие тауарлардың біріне айналып отыр дегенді өзінің бір журналдан оқығанын айтудан бастады. Бұл, деді ол, тек жоғары технологиялы компаниялар мен интернет-компанияларға ғана емес, сонымен бірге қызмет көрсету компанияларына да тікелей қатысты. Осы айтылғандардан кім-кім де өзі үшін дұрыс сабақ алуға тиіс. Сол сияқты, ол осы мәселедегі кәсіпорындар жауапкершілігін де назардан тыс қалдырған жоқ. Адам капиталы, өзге капиталдың кез келген түріне тән белгілерге ие, сонымен қатар оның елеулі айырмашылығы бар. Адам капиталы теориясы жөніндегі ресейлік жетекші маман С.А.Дятлов осы құбылыстың мынандай ерекшеліктерін көрсетті: 1. Инвестициялардың адам капиталына қайтарымы оның иесінің өмір сүру мерзіміне (еңбекке қабілетті кезеңнің ұзақтығына) тікелей қатысты болады. Адамға жұмсалымдар неғұрлым ертерек жасалса, соғұрлым ол тезірек қайтарым жасай бастайды. Бірақ мынаны ескеру керек, неғұрлым сапалы және ұзақ мерзімді инвестициялар анағұрлым жоғары және анағұрлым ұзақ уақыттық нәтиже береді. 2. Адам капиталы тек табиғи және моральдық тозуға ғана душар болмайды, сонымен бірге ол жинақталу мен көбеюге де қабілетті. Адам капиталының тозуы, біріншіден, адам организмі мен оған тән психофизиологиялық қызметтердің табиғи тозу дәрежесімен, ал екіншіден, білімнің ескіруінің немесе алған білім құндылығының өзгеруінің салдарынан болатын моральдық (экономикалық) тозу дәрежесімен анықталады. Адам капиталының толықтырылуы қызметкердің қайта оқу және өндірістік тәжірбие жинақтау үдерісінде жүзеге асырылады. Егер осы үдеріс үздіксіз жүретін болса, онда адам капиталын пайдалану шамасына қарай оның сапа және сан жөніндегі сипаттамалары (сапа, көлем, құндылық) жақсара түседі және өседі. 3. Адам капиталының қорлану шамасына қарай оның табыстылығы белсенді еңбек қызметінің (белсенді еңбекке қабілетті жас) жоғары шегімен шектелетін белгілі бір межеге дейін жоғарылайды да, сонан соң күрт төмендейді. 4. Капиталды жасау кезінде «екі жақты көбейткіш нәтиже» орын алады. Оның мәні былай, оқу үдерісінде тек оқитын адамның ғана емес, сонымен бірге оқытушының да мінездемесі мен қабілеті жетіле, өсе түседі, ол кейіннен біріншісінің де, сондай-ақ, екіншісінің де табыстарын өсіреді. 5. Адамға жасалатын инвестициялардың барлығы бірдей адам капиталының жұмсалымдары болып таныла бермейді, тек қоғамдық мақсатқа сай және экономикалық қажеттіліктері ғана осындай жұмсалымға жатады. Мәселен, қылмыстық әрекетке байланысты шығындар адам капиталына жасалатын инвестициялар болып саналмайды, өйткені олар қоғамдық тұрғыда мақсатқа сай емес және қоғам үшін зиянды. 6. Адамға жасалатын жұмсалымдардың сипаты мен түрлері тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктерден және дәстүрлерден тарайды. Мәселен, білім деңгейі мен балалардың мамандық таңдауы едәуір шамада отбасылық дәстүрлерге және олардың ата-аналарының білім деңгейіне байланысты болады. 7. Капиталдың өзге әр түрлі нысандарына жасалатын инвестициялармен салыстырғанда адам капиталына жұмсалатын инвестициялар жеке дара тұрғысынан да анағұрлым пайдалы. [28, 173-181]. Адам капиталы бір мезгілде жеке де және қоғамдық та капитал. Ол жеке адамның мәртебесіне де, сондай ақ бүкіл қоғамның даму деңгейіне де айқындауыш ықпал жасайды. Адам капиталы теориясы пайда болғанға дейін білімді экономикалық тұрғыда тек жұмыс күшін құрау, кадрларды даярлау мен біліктіліктерін көтеру ретінде ғана қарап келді. Адам капиталы теориясы тұңыш рет білім-білімнің жалпы экономикалық қайтарымы туралы мәселені қойды. Қоғамдық тиімділікті адамның жетекші рөліне негіздеп қарастыру көп жағдайда «адам капиталы» теориясымен байланысты. Осы теорияның шеңберінде дамытылған адамға деген экономикалық көзқарас дамыған елдердің рыноктық шаруашылық жүргізу тәжірбиесінде кең қолданып келеді. Адам капиталы теориясы адам факторының анағұрлым кешенді және объективті талдануына, жұмысбастылықты, күрделі еңбектің рөлін, адамның рационалды мінез-құлқын микроэкономикалық талдау сферасын елеулі түрде ұлғайтуға жағдай жасады. Ең бастысы, аталған теорияның ҒТР-ның жаңа жағдайларында білімнің, біліктіліктің әлеуметтік-экономикалық маңызын қайта ұғынуға, жалпы және арнайы білімді, сондай-ақ индивидтердің гуманды сапаларын өндіріс тиімділігінің маңызды факторы ретінде қарастыруға әкелді. Халықаралық тəжірибе алдыңғы онжылдықта білімнің дамуының негізгі факторлары адам капиталы рөлінің артуы, адам ресурстарына ғаламдық бəсекелестіктің күшеюі жəне жаңа технологиялық толқын болатындығын көрсетеді. Білімге деген инвестиция (Тəжірибелі құрастырылмалы ғылыми зерттеу жұмыстары, білім беру, ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялар) негізгі капитал инвестицияларына тең, кейде оны да басып озады. ФГР-да, Жапонияда, Швейцарияда адам капиталының үлесіне жалпы капитал көлемінің 80 %-ы сəйкес келеді. Қазіргі уақытта дамыған елдердің экономикалық белсенді азаматтарының 50 %-ы, АҚШ-та халықтың үштен екі бөлігі ақыл-ой еңбегімен айналысады. Адам ресурстарына деген ғаламдық бəсекелестік күшеюде. Ғаламдық нарықта шетел студенттерін тарту жəне оларды түрлі ресурстар арқылы көтермелеудің ұзақ мерзімді стратегиялары қолданылуда. Білімді экспорттаудың əлемдік нарығының сыйымдылығы бір жарым триллион доллар. Білім беру қызметін экспорттау елдің жалпы экспортының құрылымындағы (АҚШ-та – 5 орын, Австралияда – 3 орын) маңызды табысты тарауы болып келеді. Интеллектуалды капиталды жоғалту Қазақстанның əлемдік аренада жоғары технологиялы елдер үшін «идеялар мен адамдар донары» ретінде шығуына алып келіп соғуы мүмкін. Интеллектуалды ұлт қалыптастыру саласындағы ҚР БҒМ қызметінің басым бағыттары. Адам ресурстарының деңгейіне мемлекеттің деңгейі тəуелді. Сондықтан да Қазақстанның адам ресурстарының дамуы ұзақ мерзімді даму стратегиясының ең жоғары басымдығының бірі ретінде анықталады. Білімді адамдарсыз заманауи инфрақұрылымды дамыту, тиімді мемлекеттік аппарат құру, қолайлы бизнес-климатпен қамтамасыз ету мүмкін емес. Мемлекеттің жақын онжылдықтағы негізгі басымдықтарының бірі – білім беру жүйесін жетілдіру, бірінші кезекте, оның сапасын арттыру болып табылады [29]. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуы Стратегиялық жоспарына сəйкес 2015 жылға қарай Қазақстанның білім беру саласы құрылымы, мазмұны, басқару жəне қаржыландыру механизмі жағынан дамыған елдер моделіне сай болады. 2020 жылға дейін білім беру жүйесі əлемдік рейтинг агенттіктері растаған адам капиталы дамуының деңгейімен жəне жоғары білім сапасымен қамтамасыз етіледі. II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ КАПИТАЛЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР 2.1 Инновациялық дамудағы адам капиталының рөлі Білім беру жүйе ретінде тұлғаның қабілеттерін дамытуға, дүниетанымын қалыптастыруға, қоғамның жоғары кəсіби білікті мамандарға қажеттіліктерін қанағаттандыруға бейімделген. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев білім мен ғылымды жақын онжылдықта республиканы дамытудың стратегиялық бағыттары ретінде белгіледі. Елбасы əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі «Дағдарыстан кейінгі əлемдегі Қазақстан: болашаққа интеллектуалды серпіліс» лекциясында интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы нақты міндеттер қойды. Демек, бұл интеллектуалдық еңбектің беделін қайта арттыру міндеті. Жастардың білімге, білімділікке деген көзқарасын өзгерту. Ұлттық интеллектінің діңін құру. Қазақстанға халықаралық деңгейде бəсекеге түсе алатын эрудициялы адамдар керек. Білім, ғылым жəне инновация жүйелеріндегі серпілісті қамтамасыз ету қажет. Білім беру мәселесі оның тиімділігі сияқты бірқатар мәселелер кеңестік экономика ғылымында да терең зерттелген. Білім беру саласындағы іс-әрекет технологиялық өркендеуді қамтамасыз етеді, өйткені білімге жұмсалған шығындар адам капиталын қалыптастыру, жетілдіру және жинақтау арқылы экономикалық жаңа идеяларды өндіру қабілетін, өндірістегі салыстырмалы артықшылықтарын арттырады. Эдвин Дж. Долан адам капиталын “формальды оқу, білім беру немесе іс-тәжірибе арқылы келген ақыл-ой қабілеттері түріндегі капитал” ретінде түсінеді. Академик Я.Ә. Әубәкіров адам капиталын әртүрлі ғылымдардың барлық жетістіктерін, білімді, дағдыны, жинақталған тәжірибені және олардың әлеуметтік-экономикалық прогресте қолданылуын біріктіретін кең масштабта ұғым ретінде түсінеді. Оның пікірінше, адам капиталы білім беру және ғылым салаларына, денсаулық сақтауға, білікті мамандарды ұдайы өндіруге мақсатты бағытталған инвестициялар нәтижесінде қалыптасады [20]. Білім беру саласын әлеуметтік - экономикалық қатынастар жүйесінің адам капиталын ұдайы өндіруді көрсететін құрамдас бөлігі ретінде анықтап, саланың қоғамдық әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесіндегі орнын белгілі бір тізбектілікке нақтылауға болады. Адам капиталының ұдайы өндірілуі экономикалық өсуге, қоғамдық әл-ауқаттылықтың артуына, экономи-калық әлеуметтік өркендеуге жағдай жасайды. Бұлар өз кезеңінде “кері байланыс” әсерінде адам капиталын ұдайы өндіру жағдайларын, демек оның қалыптасуы, дамуы мен жетілдірілуін ұлғаймалы өндіріс анықтайды. |