МЕМЛЕКЕТ. 1. Адам капиталына салынан инвестицияларды теориялы негіздері
Скачать 0.62 Mb.
|
ҚОРЫТЫНДЫ Ұзақ уақыт бойы қоғамдық әл-қуат көздері ең алдымен материалды-техникалық базаның қалыптасуы тұрғысында қарастырылып, адам заттай капиталмен бірге өндіріс ресурсы қызметін атқарса, жаңа экономикалық парадигмада материалды және материалды емес байлық арақатынасының өзгерісі орын алды. Қазір экономикалық дамуда экономикалық тиімді сапалық және құрылымдық өзгерістерге қабілеттілігі қоғамдық байлықтың материалды емес формаларына және адамды қалыптастырушы салаларға тікелей тәуелділікте қарастырылады. Адамның сапалық параметрлерін қалыптастырушыжәне жетілдіруші рухани өндірістің маңызды салаларының білім беру саласы. Білім беру бір жағынан тұтас ұлттық интеллектуалды потенциалының дамуыжәне тереңдеуінің факторы болса, екінші жағынан адам мүмкіндіктерінің барынша жүзеге асуының іргелі алғышарттары. Адамның интеллектуалды потенциалының сапалық көрсеткіштері, оның әлеуметтік – экономикалық ортаға бейімделу мүмкіндіктері көп жағдайда білім беру қызметі рыногінің даму дәрежесімен анықталады. Тез өзгермелі жағдайларда білімді үнемі жаңарту және жетілдіру қажеттілігі адамды оның бүкіл саналы еңбек ғұмырында білім беру қызметі рыногінің тұрақты тұлғасына айналдырады. Білім беру - қоғамның әлеуметтік-кәсіптік құрылымын қалыптастырушы, мәдениетті ұдайы өндіруші, жинақталған әлеуметтік тәжірибені, адамгершілік, мораль қағидаларын жалғастырушы, индивидтердің әлеуметтендірілуін қамтамасыз етуші институт болып табылады. Білім беру саласы басқа ешқандай салада өндірілмейтін ерекше өнімді өндіруге маманданған. Статистикалық тұрғыда білім беру белгілі бір нәтижеге қол жеткізу, яғни білім деңгейі ретінде өркениеттілік, мәдениеттілік, адамгершілік ұғымдарымен пара-пар. Білім деңгейі бүгінде адам потенциалы даму индексінің индикаторының бірі, адам мүмкіндіктерін анықтай құралы болып табылады. Білім сапасын арттыру экономиканың тұрақты көрсеткіштерінің бірі. Адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру және білім берудің халықаралық стандартына жетумақсатында жасалынып отырған еліміздегі білім беруді дамытуңдың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасында көрсетілген іс-шаралар өздеңгейінде іске, асатын болса, қоғамымызда, экономикамызда бірқатар алға басушылық болар еді деп ойлаймын. Ол үшін, әрине елімізді алға жетелер білімді жеткіншектердің атсалысу керек. Еліміз тәуелсіздік алған жылдар тәжірибесіне үңілсек, жастар шетел тілін үйрену, шетелде оқуға ұмтылуы басым. әрине, елімізде шетел тілін білетін, білікті маман қажетекені рас. Бірақ, жастарымыздың көбі тағы да тек тілші, аудармашы, заңгердегендей өндірістік емес салаларға көбірек оқуға ұмтылады. Бұл да өткен тәжірибелер мен білім жүйесіндегі келеңсіздікті байқатады. Қысқасы, білім беру жүйесін реформалау саясаты еңбіріншіден, еңбек, технология, кәсіптік білім беру сияқты өмір талабына қойылатын сұранысқа сәйкес жүргізілгені абзал. Алайда, еліміздің білім беру жүйесі әлі толық қалыптаса алмай отыр, көп ізденісті қажет етеді. Әсіресе, ұлттық ерекшелік, сондықтан да ұлттық білім беру моделі мына ұстанымдарды ескеруі тиіс: - ұлттық тіл, дәстүр-салт, дүниетаным, атамуралардың да тәжірибесіне негізделу; - бір ғана мемлекеттік стандарт шеңберімен шектелмей, балама бағдарлама, оқу-құрал, әдіс-тәсілдерді оқу жүйесіне енгізуге жол ашып, оларды ынталандырып отыру; - жалпы білім беру деген талапты қайта қарап, әр оқушының таңдап оқуы, дарынын ашуына қолайлы жағдай тудыра отырып, білім беру жүйесін демократияландыру және ізгілендіру; - білімін, қабілеті мен дарынын өнеріне сәйкес топтап оқыту, бағалаужәне жетілдіру әдістерін өзгерту. Қорыта келе, жұмысымызды Питер Друкердің мына сөзімен аяқтағымыз келеді: “Білім – бүгінгі күні жалғыз шынайы капитал. Халықтық білім беруді дамыту – капитал құрудың ең маңызды құралы, ал білімді адамдардың саны, олардың білімдерінің сапасы және осы білімдерін қолдануы – елдің байлық өндіру қабілетінің ең маңызды көрсеткіші”. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Болашақты бірге құрайық» атты Жолдау. Астана, 2011 2. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы халыққа Жолдауы. www. akorda. kz. 3. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты жолдауы //Астана. – 2009.- 6 наурыз 4. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін. //«Егемен Қазақстан». Алматы. – 2004 ж. – 19 наурыз 5. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев. Жаңа кезең - жаңа экономика. //«Егемен Қазақстан». Алматы. – 2004 ж. – 16 желтоқсан 6. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. Қазақстан экономикалық-әлеуметтік және жедел жаңару жолында. //«Егемен Қазақстан» Алматы. – 2005 ж. – 19 ақпан 7. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. Қазақстанның әлемдегі 50 елдің қатарына кіру стратегиясы, «Егемен Қазақстан» 01.03.2006. 8. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдау. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясатың басты мақсаты. //«Егемен Қазақстан» 2008 ж. 9. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы //Казахстанская правда, 2003. – 26 декабрь. 10. Дәулиева Ғ.Р. Білім беру саласының экономикасы (оқу құралы). Алматы, 2004. 11. Уровень жизни населения: стат.сборник /под ред№ А.А.Смаилова. – Алматы, 2002. – 23-27 с. 12. Бушмарин И.В. Современные требования к использованию трудових ресурсов в свете мирового опыта //Общество и экономика, 1995. - №1. – 111 с. 13. Мамыров Н.К. Человеческое развитие в Казахстане. Алматы, 2003. 14. Бекенова Л. Білім берудің ұлттық моделі керек //Қазақстан мұғалімі, №4. – 2005. 3-4 бет. 15. Бөлеев Қ., Дәсенова Г. Білім берудің бағыт-бағдары. //Қазақстан мектебі, 2005. - №4. – 11-13 б. 16. Мамыров Н.К. Проблемы развития экономики и образования в Казахстане. Алматы, 1998. 17. Мажитова С.К. Высшее образование как фактор развития человеческого потенциала //Вестник КазНУ, 2003. - №3(37). 18. Шөптібаева Г. “Адам капиталы” мәселесінің интерпретациясы //Саясат журналы, 2004. - №4. 19. Дятлов С.А. Теория человеческого капитала (учебное пособие). СПб, 1996. 20. Нарибаев К.Н. Инвестиции в человеческий капитал. Алматы, 1998. 21. Беккер Г. Человеческий капитал (главы из книги) //США: экономика, политика, идеология, 1993. - №11-12. 22. Левент К. Қазақстанның жоғары оқу жүйесінде қажетті реформалар: шетел тәжірибесінен пайдалану. //АльПари, №2, 2007ж.; 23. Сарбасова Т.С., Даулиева Г.Р. Экономика образования (учебное пособие). Алматы, 2005. 24. Мамыров Н.К. ВУЗы Казахстана: качество реформ //Мысль, 2003. - №7. 25. Қалдыбаев Ә., Мұсақұлов Қ. Экономикалық білім қажеттіліктері //Қазақстан мектебі, 2006. -№9. – 14-16 б. 26. Кыдырова Ж. Социально-экономическая оценка привлекательности учебного заведения на рынке образовательных услуг //Транзитная экономика, 2007. - №5-6. – 74-76 с. 27. Шерова Н. Формирование человеческого капитала в секторе образования http://www.kisi.kz/ 28. Майдырова А.Б. Человеческий капитал РК в условиях информационной экономики.: Научная монография. - Астана, 2004 - 290с. 29. Дамитов Б.Қ., Головатая Г.И., Егімбаева Ж.Қ. ҚР білім беру жүйесі аймақтық жəне халықаралық салыстыруларда. Астана: ҰБСБО, 2009. 30. Дамитов Б.Қ., Ермеков Н.Т., Можаева О.И., Головатая Г.И., Егимбаева Ж.Қ., Ноғайбаланова С.Ж., Сүлейменова Ш.А., Махметова Г.П., Текешева Т.Ө. Білім берудің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық баяндама. – Астана: ҰБСБО, 2010. 31. Мамедсупиев М.Д. Формирование, оценка и управление развитием человеческого капитала, Автореферат, Алматы, 2010 – 21, 22, 26б. |