1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті виру 2. 1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады
Скачать 1.18 Mb.
|
Амбулат 1. Бронхиалды демікпе кезінде обструкция дамуының ең маңызды механизмі қандай? А) Ісіну Б) Дискинезия C) Дискриния D) + Брохоспазм E) Гиперплазия 2. 16 жасар ер бала, студент. Іріңді қақырықпен қалжырататын жөтелге, кеуде қуысындағы күйдіру сезіміне, бұлшық еттегі ауруға, суықта аяқ-қол саусақтары ұшындағы қатты ауруға шағымданады. Тобында бірнеше адам ауырған. Қарағанда: температурасы 38,40С. Оң өкпенің төменгі бөлігінде дыбыстың тұйықталуы, қатаң тыныс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Қан талдауында: эритроциттер-3,9х1012/л, Hb-138 г/л, лейкоциттер 12,5х109/л, ЭТЖ-35 мм/сағ. Рентгенограммада:оң жақ төменгі бөлікте гомогенді қараңғылану анықталады. Көрсетілгендер ішінде қандай қоздырғыш БАРЫНША мүмкін? А) Staphylococcus aureus В) Steptococcus pneumoniae С) Klebsiella pneumoniae D) +Micoplasma pneumoniae Е) Haemophilus influenzae 3. 20 жасар қыз, әлсіздік, артралгияларға шағымданады. 5 ай бойы субфибрильді температура, тез салмақ жоғалту, шаштының түсуі, дімкәстік мазалайды. Қарап тексергенде: температурасы 38°С. Бет доғасы аймағы мен мұрын қанаттарында эритематозды бөртпелер бар. Қол саусақтары ұршық тәрізді деформацияланған, тобық-өкше буындарының ісінуі бар. Пульсі 98 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ұшында систолалық шу естіледі. Қан талдауы: эритроциттер 3,3х1012/л, гемоглобин 102 г/л, лейкоциттер 3,9х109/л, ЭТЖ 48 мм/сағ. Диагнозды нақтылауға қандай зерттеу әдісі БАРЫНША тиімді? A) Цитруллинге антиденелер B) Миоглобинге антиденелер C) Sm-антигенге антиденелер D) +Антинуклеярлы антиденелер E) Рибонуклеопротеинге антиденелер 4. 55 жасар әйел, шүйде аймағындағы ауру сезіміне, тез шаршағыштыққа, кешке қарай табанындағы ісінулерге шағымданады. Анамнезінде 4 жылдан бері артериалдық қан қысымы 160/110 мм с.б.б. дейін көтеріледі. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары: оң жағы– төстің оң жақ шетімен, жоғарғы – III қабырғааралықта, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығымен V қабырғааралықта. Жүрек тондары тұйықталған. Жүректің соғу жиілігі 85 соққы минутына. Артериалдық қан қысымы 160/100 мм.с.б.б. Қандағы ренин деңгейі төмендеген. Көрсетілген дәрілердің қайсысы БАРЫНША тиімді? A) Периндоприл B) Бисопролол C) Амлодипин D) +Индапамид E) Лозартан 5. 34 жастағы ер адам, электрик, шынтақ, балтыр-табан, тізе, кәрі жілік-білезік, саусақ аралығы буындарының домбығуы мен ауыруына шағымданады. Саусақ аралығы буындары жуандаған, қимылдары шектелген, оң жақтағы балтыр-табан буындары қимылсыз. Жіліншік пен білезіктің бұлшық еттерінің айтарлықтай семгендігі байқалады. Қанның жалпы анализі: эритроциттер – 3,2 ×1012/л, HB – 92 г/л, түсті көрсеткіш – 0,8, лейкоциттер – 4,3×109/л, ЭТЖ – 58 мм/сағ. Рентгенографияда – узурация, шығулар, оң жақтағы балтыр-табан буындарының анкилозы анықталады. Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? A) Остеоартроз B) Реактивті артрит C) Бруцеллездік артрит D) +Ревматоидты артрит E) Подагралық артрит 6. 45 жастағы әйел, бүкіл денесіндегі ісікке, әлсіздікке шағымданады. 5 жылдан бері оң жақ балтыр аймағында жыланкөз бар. Бір айдың ішінде бетінде, аяқтарында ісінулер, әлсіздік пайда болды. Қарап тексергенде: терісі боз, бүкіл денесінде ісіну бар. Жалпы қан талдауында: эритроциттер – 3,2×1012/л, HB – 90 г/л, лейкоциттер – 9,3×109/л, ЭТЖ – 30 мм/сағ. Жалпы зәр талдауы: меншікті салмағы 1004, белок – 5,4 г/л, лейкоциттер – 6-8 көру алаңында, эритроциттер – 1-2 көру алаңында, цилиндрлер – 12-14 көру алаңында, жалпы ақуыз - 55 г/л. Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? A) Пиелонефрит B)+ Бүйрек амилоидозы C) Гломерулонефрит D) Бүйрек гидронефрозы E) Миеломды ауру 7. Әйел 35 жаста, тамағындағы “түйір” тұрғандай сезімге, қатты тамақты жұтудың қиындауына, сұйық тамақ ішкенде шашалуға, аяқ-қолдарының тоңуына, кезеңді түрде кешке қарай дене температурасының 370С дейін көтерілуіне шағымданады. Қарап тексергенде: қолының білектерінің тері жабындысы тығыз, аузы құралып келе жатқан кисет тәрізді. Жалпы қан талдауы: эритроциттер 3х10 12 /л, Hb 85 г/л, өңеш рентгеноскопиясы – төменгі үштен бір бөлігінің гипотониясы анықталады. Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША негізделген? А) Месалазин В) Метотрексат С) Преднизолон D) Инфликсимаб Е) +D-пеницилламин 8. Жалпы тәжірибелік дәрігерге 39 жасар әйел, аздаған қан мен шырыш қоспаларымен, күніне 2-3 ретке дейін болатын диареяға шағымданып келді. Терісінде түйінді эритема. Қан талдауында: эритроциттер 3х109 /л, Hb 113 г/л, ЭТЖ 20 мм/сағ. Эндоскопияда: сол жақтық колит, контактты қан ағушылық, бірен-саран бір-бірімен қосылған эрозиялар анықталады. Төменде көрсетілген қандай дәріләрді тағайындау БАРЫНША негізделген? А) Ципрофлоксацин В) Инфликсимаб С) Циклоспорин D) Тетрациклин Е)+ Месалазин 9. Ер адам 39 жаста, жанұялық дәрігерге шаршағыштыққа, әлсіздікке шағымданып келді. Қан талдауында: эритроциттер - 1,9х109 /л, Нb - 58 г/л, түстік көрсеткіші-1,0; лейкоциттер-1,2х109/л, таяқшаядролылар-1, сегментті ядролылар-18, лимфоциттер- 81, ЭТЖ 35 мм/сағ. Сүйек кемігінде – май жасушалары басым. Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? А) +Апластическая анемия В) В12 -дефицитная анемия С) Железодефицитная анемия D) Болезнь Маркиафавы-Микели Е) Болезнь Минковского-Шоффара 10. Бронхиальді демікпе кезінде гормонға тәуелділіктің дамуы қандай механизмге БАРЫНША тән? A) Иммунды қабынудың өршуі B) Эндогенді кортиз деңгейінің жоғарлауы C) Эпителий жасушасының кортизолға сезімталдылығының жоғарлауы D) Жаңа этиологиялы бағалы аллергендердің қосылуы E) +Кортикостероидтарға қабыну жасушылар сезімталдылығының төмендеуі 11. Скрипкада ойнайтын 36 жасар ер кісі, 2 ай шамасында ысқышты шайырмен өңдеген кезде ұстама тәрізді жөтелдің пайда болғанына шағымданады. Шылым тартпайды. Объективті: тері жабындылары өзгермеген, мұрынмен дем алу қалыпты, өкпенің аускультациясы кезінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары ырғақты, дауысты, минутына 70 соққыға дейін. АҚ – 125/70 мм сбб. Диагнозды нақтылауға қандай зерттеу әдісі БАРЫНША тиімді? A) +Спирометрия B) Пикфлоуметрия C) Рентгенография D) Қақырық анализі E) Томография 12. 18 жасар жігіт, аяқтарындағы жансыздануға шағымданады. Қарап тексергенде: кеуде торшасы жақсы қалыптасқан, тар жамбас, аяқтары жіңішке. яремной ойығында айқын пульсация анықталады. Артериальды қан қысымы оң жақта 180/120 мм.с.б.б., сол жақта 120/80 мм с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, қолқа үстінде II тон акценті, негізінде жауырын аралық кеңістікке берілетін систолалық шу естіледі. Рентгенографиясында: жүрек көлеңкесінің жоғарғы контурының 3 саны тәрізді деформациясы, III-VIII қабырға узурациясы. Көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? А)+ Қолқа коарктациясы B) Гиперальдостеронизм C) Түйінді периартериит D) Спецификалық аортоартериит E) Қолқа доғасының туа пайда болған ирелеңі 13. Ер адам, 49 жаста, бас ауыруына, құлақтарындағы шуылға шағымданады. Анамнезінде: 5 жылдан бері, 600 метр жүргенде, 5 қабатқа көтерілгенде төс артындағы қысып ауыратын ауру сезімі мазалайды, физикалық жүктемені қойғанда ауру сезімі қайтады. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары: оң жағы– төстің оң жақ шетімен, жоғарғы – III қабырғааралықта, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығымен V қабырғааралықта. Жүрек тондары тұйықталған. Жүректің соғу жиілігі 95 соққы минутына. Артериалдық қан қысымы 180/90 мм.с.б.б. Қандай дәрілік заттар БАРЫНША тиімді? A) Кальций антагонистері B) Тиазидті диуретиктер C) +Бета-адреноблокаторлар D) Ұзақ әсерлі нитраттар E) Ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторы 14. 54 жастағы әйел тізе буындарының домбыққандығына және олардың ауыруына шағымданады. Қарап тексергенде: дене бетімі толық, тізе буындары көлемі жағынан ұлғайған, оң жақтағы қуыста – кішкентай ойыс. Буындардың пальпациясы кезінде қимыл жасағанда – дөрекі түрдегі қытырлау, қимыл жасауы ауырсынулы. Жалпы қан анализі - эритроциттер – 4,2×1012/л, HB – 133 г/л, түсті көрсеткіш – 0,9, лейкоциттер – 5,3×109/л, ЭТЖ – 14 мм/сағ. С-реактивті ақуыз +. Буындардың рентгенографиясы: буын тесігі тарылған, субхондралды остеосклероз анықталады. Көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? А) +Остеоартроз B) Реактивті артрит C) Бруцеллезді артрит D) Ревматоидты артрит E) Подагралық артрит 15. 36 жастағы жүргізуші ер адам, түннің екінші жартысында және таң ертен күшеетін омыртқаның бел және төменгі кеуде бөлігінде шамалы ауыру сезіміне, омыртқа қозғалысының шектелуі және таң ертелік қырусыларға шағымданып клиникаға түсті. Шобер (2 см), Томайер (20 см), Кушелевсий симптомдары оң. Рентгенограммада екі жақты сакроилит белгілері. ЭТЖ – 25 мм/с. Қандай дәріден емді бастау БАРЫНША тиімді? A) +Диклофенак B) Азатиоприн C) Метотрексат D) Преднизолон E) Аллопуринол 16. Әйел 40 жаста, жиі аш қарынға кезеңді түрде пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, кекіруге, іштің жоғарғы бөлігінің кернелуіне, лық толу, жайсыздық сезіміне шағымданады. Көрсетілген симптомдар 5 айдан бері мазалайды, нервтік күштенуде күшейе түседі. Қан талдауында: эритроциттер 4,5х1012 /л, Нb-128 г/л, лейкоциттер 4,5х109 /л. Эзофагогастродуоденоскопияда: асқазан мен 12 елі ішек шырышты қабаты қызғылт түсті, таза. Жасырын қанға нәжіс теріс. Көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? А) Созылмалы гастрит В) Созылмалы дуоденит С) Асқазанның ойық жара ауруы D) +Функциональді диспепсия Е) Диаграмманың өңеш тесігінің жарығы 17. 3 апта бұрын миокард инфарктін алып, үйде реабилитация өткен 69 жасар ер адамда кіндік жарығының қысылуы пайда болды. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, жүректің соғу жиілігі минутына 80 рет, Артериальды қан қысымы – 140/90 мм.,с.б.б. Көрсетілген жүргізу әдістерінің қайсысы БАРЫНША тиімді? А) Қою және бандаж кию В) Жарықты үйде абайлап орнына салу С) Жарық тұсына мұзбен грелка қою D) +Хирургиялық аруханаға жатқызу Е) Емхана хирургын кеңеске шақыру 18. 56 жасар ер кісі. Тамақ қабылдаумен байланысссыз іштегі жағымсыз сезімдерге, жүдеуге, тамақтағы «қыңырлыққа», іш көлемінің үлкеюіне, еңбекке қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Оъбективті: тамақтануы төмен, іші жайылған, пальпация кезінде нақты локализациясыз ауру сезімі, төменгі-бүйір бөлімдерде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы. Қан анализінде – эритроциттер 3,0х1012 г/л, гемоглобин 89 г/л, ЭТЖ – 65 мм/с Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін? A) Бауыр циррозы B) Бадд-Киари синдромы C) Спонтанды перитонит D) +Ішперденің канцероматозы E) Қақпа венасының тромбозы 19. Созылмалы алкоголизммен және ӨСОА ауыратын егде жастағы ер адам қарақат сілікпесі (желесі) тәрізді, иісі күйген ет тәрізід, тұтқыр қиын бөлінетін қақырық пен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенде «араның ұясы тәрізді таралаған өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдықты қуыстар, пневмосклероз анықталды. Қандай қоздырғыш болуы БАРЫНША мүмкін: 1) хламидия 2) +клебсиелла 3) микоплазма 4) гриптің вирусы 5) ішек таяқшалары 20. 38 жастағы ер адамда, 5 күн бойы аздаған мөлшердегі қақырық, жөтел, дене қызуының 38оС көтерілуі, әлсіздік мазалайды. Рентгенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде біртекті емес ошақты көлеңке. Келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін: 1) өкпе рагінің 2) жедел бронхиттің 3) +ошақты пневмонияның 4 ) крупозды пневмонияның 5) өкпенің ошақты туберкулезінің 21. 67 жастағы созылмалы алкоголизммен ауыратын және темекіні көп шегетін ер адам, суықтағаннан кейін ауыр жағдайда кеуде торшасының сол жағындағы ауыру сезіміне, шырышты - іріңді қақырықпен жөтел, айқын ентігуге шағымданып түсті. Қарап тексергенде: науқас мазасыз, тері жабындылары жер түстес. ТЖ - 36 рет мин. Сол жақ өкпенің жауырын астында ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек үндері тұйықталған. ЖЖЖ - 104 рет мин. АҚҚ – 110/70мм.с.б.б. Рентгенде – сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде массивті инфильтрация анықталады. Науқаста қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін: 1) миокардиттің 2) өкпе артериясы эмболиясының 3) +тыныс жеткіліксіздігінің 4) инфекциялы- токсикалық шоктың 5) ересектердің респираторлы дистресс - синдромына 22. Құрғақ жөтелде ұзақ уақыт бойы қан түкіру қандай ауруға БАРЫНША тән? 1) пневмокониозға 2) өкпе туберкулезіне 3)+ бронхогенді қатерлі ісікке 4 ) созылмалы бронхитке 5) бронхоэктазды ауруға 23. Созылмалы обструкциялы емес бронхиттің емдік шаралары аталған қызметтің барлық түрлерін қамтиды, мынадан басқа: 1) интоксикацияны азайту 2) вирустық инфекциямен күрес 3) + бронхообструкцияны жою 4) емдеудің қабынуға қарсы әсері 5) бронхтың дренажды қызметін қалпына келтіру 24. Созылмалы обструкциялы емес бронхиттің өршуіне аталған симптомдардың барлығымен сипатталады, мынадан басқа: 1) субфебрильді температура 2) айқын емес интоксикация 3) шырышты-іріңді қақырықпен жөтел 4) қатты тыныс алу аясында құрғақ шашыраған төменгі тонды сырылдар 5) + дем шығарған кещде айқын естілетін, ұзақ әртүрлі тонды құрғақ сырылдар 25. Бронхты астма емінің бірінші кезеңінде тағайындаған, БАРЫНША тиімді: 1) преднизолонды 2) +сальбутамолды 3) монтелукасты 4) теофиллинді 5) будесонидті 26. Бронх демікпесінің ұстамасы мен демікпелік статустың бастапқы кезеңін салыстырмалы диагноз жүргізгендегі БАРЫНША сенімді белгі: 1) айқын цианоз 2) мәжбүрлік қалып 3) +бета 2 агонисттерге рефрактерлік 4) экспираторлық тұншығудың ауырлығы 5) эуфиллинді көк тамырға енгізудің тиімсіздігі 27. ӨСОА–ның маңызды ажырату диагностикалық белгісі болуы БАРЫНША мүмкін: 1) экспираторлық диспноэ 2) қақырықт бөлінетін жөтел 3) қорапты сипатты өкпелік дыбыс 4) +жартылай қайтымсыз бронхиальды обструкция 5) құрғақ сырылды және тыныс шығарудың ұзаруымен сипатталатын везикулалық тыныстың әлсіреуі 28. 65 жастағы ер кісі қиын бөлнетін қақырықты жөтелге, физикалық жүктемеде ентігуге шағымданады. 15 жыл бойы бронх-өкпелік патологиядан зардап шегеді. Об-ті: қатты тыныс, барлық аймақта құрғақ шуылдаған сырылдар естіледі, дем шығару ұзарған. |