1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті виру 2. 1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады
Скачать 1.18 Mb.
|
Аталған диагноздардың қайсысы ең алдымен мүмкін? 1) пневмония 2) бронх демікпесі 3) бронхоэктазия ауруы 4) созылмалы іріңді бронхит 5) +созылмалы обструктивті бронхит 29. 52 жастағы ер адам, қиын бөлінетін қақырықты жөтел, аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, дене қызуының - 37,7 оС дейін жоғарылауына шағымданады. Екі рет пневмониямен ауырған, 15 жыл бойы жөтел мазалайды. Объективті: әлсіз везикулалық тыныс, дем шығару ұзарған, барлық өкпе алаңында құрғақ ызыңдаған сырылдар. Келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін: 1) пневмонияның 2) бронх демікпесінің 3) экссудативті плевриттің 4) созылмалы іріңді бронхиттің 5) +созылмалы обструктивті бронхиттің 30. ӨСОА-мен ауыратын науқастардың емдік жоспарына берілген шаралардың барлығын енгізген жөн, мынадан БАСҚАСЫН: 1) мукорегуляторларды тағайындауды 2) бронходилататорларды қолдануды 3) тыныс жеткіліксіздігін реттеуді 4) +тұрақты глюкокортикоидты емді 5) қабынуға қарсы емді жүргізуді 31. ӨСОА-мен ауыратын науқастың негізгі базисті емі болуы БАРЫНША мүмкін: 1) оксигенотерапия 2) антибактериальды ем 3) тыныс жеткіліксіздігін реттеу 4) муколитикалық, мукорегуляторлық ем 5) +бронхолитиктерді жүйелі қолдану 32. 35 жастағы ер адамның оң жағындағы 3-ші қабырғааралығында амфоралық тыныс естіледі. Қандай дерт болуы БАРЫНША мүмкін: 1) пневмоторакс 2) +өкпе абсцессі 3) өкпе гангренасы 4) өкпе эмфиземасы 5) бронхоэктаздық ауру 33. 39 жастағы ер адамда, ішімдік ішкеннен кейін 40оС қызба, кеуде торшасында ауыру сезімі, құсу пайда болды. Рентгенде: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде біртекті тығыз массивті күңгірттену. Массивті антибактериальды емге қарамастан, жағдайы нашарлап, лейкопения дамыды, ЭТЖ – 52мм/сағ. Қақырықтан алтынды стафилококк егіліп алынды. Бір аптадан кейінгі рентгенограммада күңгірттену тек жоғарғы емес, ортаңғы бөлігін қамтып, деструкция ошақтары байқалды. Бұл жағдайда қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді: 1) +лобэктомия жасау 2) көк тамырға левофлоксацин тағайындау 3) плазмаферез курсын өткізу 4) тиенам, метрогил тағайындау 5) цефтриаксон, нетромицин тағайындау 34. 48 жастағы әйел, ентігу, жөтел, әлсіздік, субфебрильді дене қызбасына шағымданады. Антибиотикпен ұзақ уақыт емделу еш нәтиже бермеді. Қарап тексергенде: полилимфаденит, гепатоспленомегалия. Рентгенде: бронхопульмональды және медиастинальды лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталған. Қанда: ЭТЖ - 34 мм/сағ; АЛТ - 98 Б/л, АСТ -79 Б/л. Компьютерлік томограммада кеуде лимфа түйіндері ұлғайған. Диагнозды нақтылауға қандай қосымша әдіс БАРЫНША мәліметті: 1) бронхография 2) эхокардиография 3) магнитті резонансты томография 4) +өкпенің трансбронхиальды биопсиясы 5) кеуде торшасы ағзаларының рентгеноскопиясы 35. Компьютерлі томографияда ұялы өкпе және екіжақты «бұлыңғыр әйнек» сияқты өзгерістердің сипаттамасы тән: 1) + фиброздаушы альвеолит 2) екі жақты пневмония 3) милиарлы туберкулез 4) өкпе амилоидозы 5) өкпе саркоидозы 36. 28 жастағы ер адам, 4 аптадан бұрын тұмаудан кейін ауырған. Қақырықты жөтел, субфебрильді қызба, әлсіздік, тершеңдікке шағымданады. Оң жақ жауырын астынан ылғалды сырылдар естіледі; рентгенде: оң жақта интенсивтілігі орташа және ортасы ағарған үшбұрыш пішінді күңгірттену, өкпе түбірі кеңейген, түбір маңы аймағында бірен-саран ошақты көлеңкелер. Қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді? 1) антибиотиктер 2) цитостатиктер 3) +туберкулостатиктер 4) глюкокортикостероидтар 5) аминохинолин туындылары 37. 52 жастағы ер адам, тыныштық жағдайдағы ентігу, құрғақ ұстамалы жөтел, жүрек қағуы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Рентгенде: 4 ай бұрын пневмонияға ұқсас екі жақты өзгерістер анықталған. Антибактериальді терапия жүргізу барысында науқастың жағдайы нашарлаған–дене қызуы көтерілген, ентігу күшейген, 6 кг салмақ жоғалтқан. Объективті: жағдайы ауыр, ентігу, акроцианоз. ТЖ - 28 рет мин., тынысы әлсіреген және дөрекі крепитация («целофан сықыры») естіледі. Қанда: лейкоциттер - 12 мың, ЭТЖ - 42 мм/сағ. Келтірілген препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді? 1) изониазид 2) ровамицин 3) метотрексат 4) +преднизолон 5) ампициллин 38. 65 жастағы 3 жыл бұрын жедел миокард инфарктісіне алған ер адамда бірте бірте ентігу артады. Кеуде қуысының ауыру сезімінсіз плевральды жалқық, қызба және қан анализіндегі өзгерістер анықталды. Жалқықтың пайда болуының ең ықтимал себебі: 1) +тоқыраулық жүрек жеткіліксіздігі + 2) жүйелі қызыл жегі 3) постинфаркттық синдром 4) өкпе туберкулезі 5) өкпелік инфаркт 39. Кенеттен кеудеде ауыру сезімі, арта түскен ентігу, цианоз, қораптықперкуторлы дыбыс, тыныс алудың күрт әлсіреуі ең сипатты: 1) плеврит 2) пневмония 3) + пневмоторакс 4) миокард инфарктісі 5) қабырға аралық невралгия 40. ӨСОА және өкпелік жүрегі бар адам тұрақты жағдайда өмір сүру ұзақтығын жоғарылату ең мүмкін: 1) тұрақты оттегі терапиясы 2) b-блокаторларды ұзақ қабылдау 3) варфаринді жылына 2-3 рет тағайындау 4) + мезгілдік трахеобронхиалды санация 5) ұзаққа созылатын нитраттарды қабылдау 41. Аяқтың терең веналарының тромбофлебитімен ауыратын науқаста кенеттен ентігу, қан жолақтары аралас жөтел, жүрек қағуы, айқын әлсіздік дамыды. Дамыған жағдайдың себебі болуы БАРЫНША мүмкін: 1) спонтанды пневмоторакс 2) бронх демікпесінің ұстамасы 3) тыныс жолдарындағы бөгде зат 4) өкпе артериясының ауалы эмболиясы 5) +өкпе артериясы бұтақтарының тромбоэмболиясы 42. Созылмалы өкпелік жүрек емінің жоспарына төмендегі дәрілік заттардың барлығы кіреді, біруінен БАСҚАСЫ: 1) оттегімен емдеу 2) диуретикалық ем 3) антикоагулянттық ем 4)+ спазмолитикалық ем 5) негізгі ауруды емдеу 43. Ұзақ уақыт бронх демікпесімен ауыратын науқасқа өкпе гипертензиясын азайту мақсатында төмендегі дәрілердің барлығын тағайындаған жөн, мынадан БАСҚАСЫН: 1) изокетті 2) эналаприлді 3) дилтиаземді 4)+ анаприлинді 5) нифедипинді 44. 45 жастағы антакосиликознан зардап шегетін шахтер, жөтелге, ентігудің артуына, физикалық жүктемеге төзімділік төмендеуіне, әлсіздік, терлеу, қызба, салмақ жоғалтуға (2 айда 4 кг) шағымданады. Екі жағынан да өкпенің төменгі бөліктерінде қатты дем алудың фонында құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. ЭТЖ - 23 мм / сағ. Науқастың нашарлауының себептерін анықтау үшін ең ақпараттылықты тексеру қандай? 1) бронхоскопия 2) + туберкулинді сынау 3) компьютерлік томография 4) компьютерлік спирография 5) микрофлораның сезімталдылығындағы қақырық себіндісі 45. 28 жастағы әйел бөлінуі қиын қақырықты жөтелге шағымданады. Объективті: температура 380С. ТАЖ- 24 рет минутта. Соққылау дыбысын жауырынбұрышынан оң жақтан қысқыруы; мұнда ылғалды ортакөпіршікті сырылдар естіледі. Аталған диагноздардың қайсысы ең алдымен мүмкін? 1) жедел бронхит 2) бронх демікпесі 3) эксудиативті плеврит 4) + ауруханадан тыс пневмония 5) бронхоэктазия ауруы 46. 48 жастағы әйел, құрғақ жөтелге, ентігуге, буындардағы және бұлшықеттеріндегі ауыру сезіміне, тершеңдік, әлсіздік, дене температурасының 37,8° С көтерілуі. 3 ай бұрын ЖРВИ ауырған. Объективті: кеуде қуысының алдыңғы бетінде түйінді эритема, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, гепатоспленомегамия. Жалпы қан анализінде: ЭТЖ жоғырылаған, трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы. Квейм тесті оң мәнді. Рентгенограммада көптеген әр түрлі формадағы және мөлшердегі ошақтар, бір-бірімен қосылып дұрыс емес формадағы түзілген ірі конгломераттар анықталады. Компьютерлік томографияда: кеуделік лимфа түйіндердің ұлғаюы. Диагнозды дәлелдеу үшін келтірілген әдістердің қайсысы БАРЫНША тиімді? 1) +өкпенің трансбронхиальді биопсиясы 2) магнитті-резонансты томография 3) бронхография 4) спирография 5) ангиография 47. Өкпенің барлық аймағынан құрғақ ысқырықты сырылдардың естілуі көрсетілген жағдайлардың БАРЫНША қайсысына тән? 1) өкпе тінінің тығыздалуы 2) өкпеде ауаның көбеюі 3) өкпеде қуыстың пайда болуы 4) плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы 5)+ бронхтардың өткізгіштігінің бұзылуы 48. 19 жастағы студент температурасы 38,6 ° C дейін көтерілуіне; иісі бар үлкен мөлшерде іріңді қақырықты жөтел; ентігу, қан түкіру, мазасыздыққашағымданады.Бала кезінде жиі жөтел мен кқп қақырықпен өтетін суық тиіп ауырумен зардап шеккен. Соңғы 5 жылда жыл сайынғы өршулерді байқайды. Аталған диагноздардың қайсысы ең алдымен мүмкін? а) жедел бронхит 2) бронх демікпесі 3) ауруханадан тыс пневмония 4) + бронхоэктаз ауруы 5) созылмалы обструктивті өкпе ауруы 49. Бронхиальды демікпені емдеуге БАРЫНША мүмкін базисті препарат: 1) эуфиллин 2) фенотерол 3) сальбутамол 4)+ беклометазон 5) ипратропиум бромид 50. 75 жастағы ер кісі, көп шылым шегеді, қиын бөлінетін шырышты қақырықпен құрғақ жөтелге, айқын ентігуге шағымданады. Аталған диагноздардың қайсысы ең алдымен мүмкін? 1) өкпе абсцессі 2) жедел бронхит 3) бронх демікпесі 4) бронхоэктазия ауруы 5)+ өкпенің созылмалы обструктивті ауруы 51. Созылмалы бронхиттің диагнозы кем дегенде жөтел ұзақтығы жағдайында ең мүмкін болып табылады: 1) 1 жыл ішінде 2 ай 2) 3 ай ішінде 2 апта 3) екi жыл қатарынан жылына 1 ай 4) екі жыл қатарынан жылына 2 ай 5) + екі жыл қатарынан жылына 3 ай 52. 32 жастағы әйел 4 күн ішінде дене температурасының 38,2 ° C-қа дейін көтерілуіне алаңдайды; шырышты- іріңді қақырықпен жөтел, жалпы әлсіздік. Мукалтин, қақырық түсіретін шөптер қабылдаған, жағдайы жақсармаған. Өкпеде тыныс везикулярлы қатты реңмен, бірен саран құрғақ сырылдар. Аталған диагностикалық әдістердің қайсысы ең алдымен орынды? 1) үш сағаттық термометрия 2) биопсиямен бронхоскопия 3) сыртқы тыныс алу функциясын анықтау 4) кеуде қуысының компьютерлік томографиясы 5) +антибиотиктерге микрофлораның сезімталдығы үшін қақырық себіндісі 53. Ауруханадан тыс пневмонияның жиі кездесетін қоздырғышына жатуы БАРЫНША мүмкін: 1) легионелла 2)+ пневмококк 3) стафилококк 4) гемофильді таяқша 5) көк іріңді таяқша 54. Аталған аурулардың қайсысына «бұлыңғыр шыны» және «ұялы өкпе» рентгендік симптомдары тән? 1) өкпе рагы 2) өкпелік ателектаз 3) екі жақты пневмония 4) спонтанды пневмоторакс 5) + идиопатиялық фиброздық альвеолит 55. Жайылмалы саркоидозда тағайындалатын БАРЫНША тиімді терапия: 1) дренаждық 2) муколитикалық 3) антибактериальдық 4)+ глюкокортикоидтық 5) бронхдилатирлеуші 56. Саркоидты гранулемаларда жасушалар табылуы БАРЫНША мүмкін: 1) бокалтәрізді 2) кірпікшелі 3) ксантомды 4) +гигантты 5) шаңдық 57. 37 - жастағы әйел салмақ жоғалтуы, тез шаршағыштық, субфебрильді қызба, ентігу, буындардағы ауырсынуға шағымданады. Зерттеу жүргізгенде увеит және денесінде түйінді эритема тәрізді түйіндер анықталды. Рентгенологиялық зерттеуде билатеральды қақпалық аденопатия анықталды. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін? 1)+ саркоидоз 2) кокцидиомикоз 3) Капоши саркомасы 4) Ходжкин ауруы 5) біріншілік туберкулез 58. Плевраның үйкеліс шуына төмендегі сипаттамалардың қайсысы БАРЫНША тән? 1) жөтелден кейін әлсірейді 2) жөтелден кейін өзгермейді 3) жиі тыныс шығарғанда естіледі 4) тыныс шығаруыдың биік шыңында естіледі 5) +тыныс алуда және тыныс шығаруда естіледі 59. Алкоголизмнен зардап шегетін 34 жастағы әйел дәрігерге келді, күніне 130 мл-ге дейін іріңді қақырықпен жөтелге; 39,5 ° C-ге дейін қызба; жалпы әлсіздікке шағымданады. Зерттеуде: қақырықсипаты үш қабатты; микроскопиялық - нейтрофильді лейкоциттер, бактериялар, өкпе тінінің некротикалық элементтері. Pseudomonas aeroginosa өсуі анықталды. Аталған антибактериалды препараттардың тізбесі қайсысы тағайындалады? 1) макролидтер және цефалоспориндер I-II ұрпақтары 2) аминогликозидтердің I-II ұрпақтары мен пенициллиндер 3) пенициллиндер мен көкірің таяқшасына қарсы белсенділікке ие фторхинолондар 4) +аминогликозидтердің II-III ұрпақтары мен цефалоспориндердің III-IV ұрпақтары 5) көкірің таяқшасына қарсы белсенділікке ие емес фторхинолондар және аминогликозидтердің I-II ұрпақтары 60. Ауруханадан тыс пневмонияға байланысты ем қабылдап жатқан 24 жастағы ер адам, аздаған физикалық жүктемеге ентігу, жүрек соғу, әлсіздікке шағымданады. Объективті: оң өкпенің төменгі бөлігінде бірен-саран ылғалды сырылдар естіледі. Жүректің салыстырмалы шекаралары солға 1см-ге ығысқан. Жүрек ұшы түрткісі әлсіреген. Жүрек үндері анық емес, ЖСЖ - 100 мин. Төмен вольтажды ЭКГ, атриовентрикулярлық блокада I дәрежесі. ЭХОКГ: ШФ - 49%, КДР СҚ - 6,0. Көрсетілген препараттаррдың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді? 1) гепаринді 2) кардикетті 3) кордаронды 4)+ нимесулидті 5) преднизолонды 61 Өкпе тінінде іріңді-деструктивті пневмония келесі қоздырғышпен шақырылған болуы БАРЫНША мүмкін: 1) +клебсиелламен 2) легионелла 3) уреаплазма 4) микоплазма 5) гемофильді таяқша 62. 18 жастағы жас жігіт тұрақты шырышты-іріңді көп мөлшерде қақырықпен қинайтын жөтелді, физикалық жүктемеде ентігу байқайды. Бронхоскопия кезінде трахеяның және бронхтың шырышты қабатының орташа гиперемиясы анықталды. Қуысында- шырышты-іріңді бөлінділер, оның аспирациясынан кейін трахея диаметрі мен мембраналық бөліктің дискинезиясы бар негізгі бронхтардың жоғарылауы және қуысқа пролабирлеуі анықталады. |