Главная страница
Навигация по странице:

  • 11) Асқазан обыры

  • 12). Жіті гастрит: жіктелуі, пайда болу себебі, белгілері, диагностикасы, жедел көмек.

  • 13)Асқазан жара аурулары. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, зерттеу әдістері.

  • 14). Энтериттер, (колиттер). Этиологиясы, клиникасы, диагностикасы.

  • оооооооивтвтввово. 1-ші сұрақ жауаптары. 1билет 1 Жіті жне созылмалы бронхит


    Скачать 0.68 Mb.
    Название1билет 1 Жіті жне созылмалы бронхит
    Анкороооооооивтвтввово
    Дата24.03.2022
    Размер0.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1-ші сұрақ жауаптары.docx
    ТипДокументы
    #413833
    страница3 из 6
    1   2   3   4   5   6

    10) Ревматизм

    Анықтамасы:

    Ағзадағы (организмдегі) дәнекер тіндерді әсіресе жүрек, қан тамырларды, буындарды зақымдайтын инфекциялық аллергиялық ауру.

    Аурудың ерекшелігі, оның

    қайталанып отыруы. Науқас дер кезінде емделмесе жүрек қақпақшаларын, тесіктерін зақымдап жүректің ақауларына әкеліп соқтырады (пороки). Ревматизммен көбінесе 7-15 жас аралығындағы балалар, жасөсіпірімдер және әйелдер жиі ауырады, ал жасы 50-ден асқан адамдарда сирек кездеседі.

    Этиологиясы:

    Ревматизм ауруын бета-гемолитикалық стрептококтың А тобына жататындар қабындырады. Бұл жағдайды 131 былай дәлелдейді: науқас ревматизммен ауырар алдында тамақ баспасымен, көмекей, құлақ қабынып ауырғаннан кейін, олардың қанын алып тексергенде осы бета гемолитикалық – стрептококк қоздырғышы табылған. Тағы бір ерекшелігі науқас тамақ баспасымен, т.б. ауруларымен ауырып жүргенде емес, одан жазылғаннан 10-15 күннен кейін барып ревматизм ауруымен ауырады. Мұның себебі қарсы текке (атигенге) қарсы дененің (антитела) пайда болуынан.

    Патогенезі:

    Стрептококтың ағзамен тікелей әрекеттесуінен ревматизм дами қоймайды және ревматизмдік қабыну ошақтарында бұл микроб табылмайды. Ал антибиотиктер стрептококтық инфекцияны жойғаны мен денеге сіңген стрептококтың кейбір улы заттары гемолиздік, кардио- нефро токсикалық әсер етуі мүмкін.
    Стрептококтардың тіршілігінен және ыдырауынан, ревматизмнің дамуында маңызды антигендік заттар, ферменттер бөлінеді:
    * Гиалурон қышқылы (микробтың капсуласынан, антигендік қасиеті жоқ)
    * Ферменттер: О және S стрептолизиндер, стрептокиназа, стрептогиалуронидаза, дезоксирибонуклеаза. Бұлар лизосомалық мембрананы зақымдап, қышқыл гидролазалар бөлініп, қабынуды туғызады. Стрептолизин-О жүректі улайды, ал стрептолизин – S экспериментте артриттің дамуына алып келетіндігі дәлелденген. Стрептококтық антигендерге ағзада антиденелер түзіледі. Сондықтан ревматизмді анықтау үшін антистрептолизиндер О, S (АСЛ-О, АСЛS); антистрептокиназа (АСК); антистрептогиалуронидаза (АСГ) титрлерінің жоғарылауы өте маңызды.

    Клиникалық көріністері

    А.И. Нестеровтың пікірі бойынша аурудың басталуынан бастап клиникалық белгілердің айқындығына дейін 3 кезеңге бөлінеді.

    Бірінші кезең (белгісіз). Бұл кезеңде науқас стрептококк туындататын аурумен ауырып болғаннан кейінгі және ревматизм ауруының басталу аралығы 2-4 аптаға созылады. Бұл аралықта науқас денесіне стрептококк антигені еніп дәнекер тіндерді зақымдайды. Бұл кезең кейде белгісіз өтеді, ал кейде науқаста әлсіздік пайда болады, терлейді, буыны ауырады, дене қызуы 380 дейін көтеріледі. Ал науқастың қанын алып тексергенде стрептококк антигені табылады, қарсы тек титрі жоғарылайды, яғни стрептолизн –0, (АСЛ-0), антистрептогиалуронидаза (АСГ) атистрептокиназа (АСК), эритроциттің тұнуы аздап жылдамдайды

    Екінші кезең (ревматизм шабуылы - атака). Бұл кезеңде науқас денесінің сезімталдығы жоғарылайды және науқас клиникасы айқын байқалады: буыны, жүрегі ауырады.

    Үшінші кезең. Бұл ұзаққа созылады. Науқастың иммундық қорғаныс қабілеті төмендейді, жағдайы нашарлайды, кейде асқынулар да болады

    Емі:

    Қазіргі кезде ревматизмді емдеу 3 кезеңнен тұрады:

    - Ревматизмнің белсенді кезеңінде ауруханаға жатқызып емдейді;

    - науқас ауруханадан шыққаннан кейін емхананың кардиоревматология кабинетіне барып, диспансерлік есепк алынып, емді одан әрі қарай жалғастырады;

    - науқасқа ұзақ жыл бойы диспансерлік бақылау жасап және ауру қайталанбау үшін, алдын ала шаралар жасайды.

    Тағаммен емдеу. № 10 емдәм тағайындалады. Оның құрамында белок жеткілікті болуы тиіс; натрийдің, судың мөлшері шектеледі. Сонымен бірге рационға көкөніс, жеміс қосқан пайдалы

    Емдеу шараларының мақсаты: а) стрептококк ауруларымен күресу; б) ревматизмнің белсенді кезеңін басу, тоқтату; в) иммундық жүйені қалпына келтіру

    (Ревматизмнен орталық жүйке жүйесінің зақымдануы (кіші хорея)

    Кіші хорея - жүйке жүйесінің ревматизмнен зақымдануынан туындайды. Бұл ауру әйелдер арасында және 6-14 жастағы балаларда жиі кездеседі. Ал 17-18 жаста көпшілік жағдайда өзінен өзі кетеді.

    Клиникалық көрінісі. Науқастың қолы, бет еттері еріксіз, ретсіз жыбырлайды, бұлар науқас дене еңбегін істегенде немесе ашуланғанда жиілейді, ал ұйықтағанда бәрі қалпына келеді. Бұлардан басқа ревматизмнен көптеген мүшелер зақымданады, олардың тек атын атап қана кетейін: ревматизммен жүректің сыртқы қабатын, бұлшық етін қабындырады, бүйректі, теріні, қантамырларды т. б. Зақымдайды)

    11) Асқазан обыры

    Анықтамасы:

    Асқазан обыры-асқазанның шырышты қабатындағы эпителиальды жасушалардан дамитын қатерлі ісік. Аурудың пайда болуы және асқыну себептері түпкілікті анықталмаған. Себебі белгісіз. Көбінесе ер адамдар ауырады.

    Этиологиясы

    шылым шегу, дұрыс тамақтанбау, созылмалы ас қорыту ағзаларының аурулары, әсіресе оның ішінде асқазан қатпарларының семуі, сонымен бірге асқазан ойық жара ауруы малигнизацияға ұшырауы мүмкін және тұқым қуалайтын мәнбірлер. Сөйтіп, обыр алдында болатын ағзадағы өзгерістерге тоқталып өтсек олар – асқазанның кілегей қабатының созылмалы қабынуы; асқазан қышқылының өте төмендігі; асқазанның түйіншектері және жазылмайтын ойық жаралары.

    Патогенезі

    Асқазан кілегейлі қабатының торшалары ретсіз бөлініп, жетілмеген торшалардан құралған ісік пайда болады. Ісік өсіп, көлемі үлкейіп, функционалды және органикалық өзгерістерге әкеледі. Асқазанның ішін бітеп немесе сыртқа өсіп ісік көрші ағзаларды зақымдайды.

    Жіктемесі.

    Бірінші кезең: ісіктің көлемі 2 см – ден көп емес. Асқазанның кілегейлі қабатын ғана зақымдайды.

    Екінші кезең: ісіктің көлемі 4-5 см. Қасындағы бездер шошынады.

    Үшінші кезең: ісік кілегей, бұлшық ет, сірнелі қабаттардан өтіп, көрші ағзаларға аймақты лимфа бездеріне күшіктейді.

    Төртінші кезең: ісіктің көлемі әртүрлі. Ісік дененің бәріне жайылып, дененің лимфа бездері шошынып, метастаздар білінеді. Дамуына байланысты үш кезеңі бар: бастапқы кезеңі, нақты клиникасы байқалатын кезең, аурудың ақырғы кезеңі.

    Клиникалық көріністері

    Бастапқы кезеңі білінбей біртіндеп басталады. Әлсізденеді және жүдей бастайды, тәбеті төмендейді, кейбір науқастар ет тағамдарын жақтырмайды, кейбір тағамдардың иісін көтере алмайды. Лоқсу, құсу, іші өту белгілері байқалады.

    Анық клиникасы білінетін кезеңде науқастың іші үздіксіз ауыра береді. Іші шыдатпай ауырады, дәрі – дәрмектер аз көмектеседі. Іштің ауырғаны тамақпен байланыссыз. Егер қою тағамдардың өтуі нашарлап, ауқаттану кезінде тырнағандай, күйгендей сезім пайда болса, бұл ісіктің асқазанның жоғарғы бөлігіне орналасқанының белгісі. Ал қатерлі ісік асқазанның орта шеніне орын тепкен жағдайда ауру біршама уақыт белгісіз түрде өтуі мүмкін. Тек астан соң немесе ашқарынға асқазан тұсы сыздап ауырады. Бұл асқазан қышқылының сақталуына байланысты. Қатерлі ісік асқазанның төменгі жағына орналасқан жағдайда, асқазан іші тарылып, ас қорыту нашарлайды. Аз ғана асқа тояттап және кекірік пайда болып науқас адам ішкен асын қайта құсып тастайды. Ауру адам әлсіреп, салмағы 10-20 кг-ға дейін азаяды. Қатерлі ісік ыдырай бастаған кезде науқас жиі құсып, құсығында қан байқалады (“кофе” тәрізді). Кейіннен науқастың дене қызуы көтеріліп, уыттану белгілері білінеді. Әлсіздік ұлғаяды. Науқас қатты жүдейді. Оны қатерлі ісік кахексиясы деп атайды. Қарағанда науқас жүдеу, терісі боз, тілі уылған, ішін сипалағанда эпигастрий маңайында бұлшық еттердің ширығуы, кейбір жағдайда қатайған, көрші ұлпамен жабысқан өспе байқалады. Соңғы кезеңінде ауырсыну бүкіл денеге сезіледі, метастаздардың бүкіл ағзаларға жайылуынан науқас қатты әлсізденеді. Тамақ ішкен сайын құсады, терісі құрғақ, боз, кахексия ұлғаяды.

    Диагностикасы:

    Жалпы қан анализінде ЭТЖ артады, лейкоцитоз, анемия білінеді. Нәжісті жасырынды қанға тексергенде нәтижесі оң болып табылады. Асқазан сөлінің құрамында көбінесе қышқылы төмен болады. Аурудың дерт анықтамасында рентген сәулесі, гастроскопия, биопсия әдістері маңызды роль атқарады. Асқазанға контраст затты енгізіп, рентген сәулесімен тексергенде суретте толу кемістік белгісі (“ – “) байқалады. Гастраскоп арқылы ісіктің орналасуын көлемін, түрін байқауға болады. Осы жағдайда биопсия алынып ісіктің түрін айырады.

    Рентгенологиялық зерттеу-асқазанның пішіні өзгереді, өлшемдері кішірейеді, пішіндері тегіс емес. Рентген зерттеулерде асқазан обырының өкпеге, сүйекке берген метастаздарын көруге болады.

    Эндоскопиялық зерттеу-эндоскопиялық әдістің кмегімен обыр орналасқан жерді байқауға болады. Биопсияға материал алып, морфологиялық зерттеуге жіберіледі.

    Лапороскопия көмегімен ақазан обырының құрсақ қуысына таралуын анықтауға болады.

    Ультрадыбыстық зерттеу- асқазан обырының бар-жоғын анықтайды.

    Емі:

    Бірнеше түрде ем жүргізу әдістерін қолданады. Симптомдық ем дәрі – дәрмектерді қолдану арқылы жүргізіледі: науқастың жағдайын жақсарту үшін және ауырсынуды басу үшін жансыздандыру дәрілерін қолданады (анальгин, баралгин, омнапон, морфин). Дене қызуы көтерілгенде аспирин, парацитамол қолданады. Уыттануға қарсы арнаулы ем жүргізіледі. Ол үшін көк тамырға 5% глюкоза, изотоникалық ертінділерді енгізеді. Тіндердің ретсіз өсуін тоқтату үшін цитостатик дәрілерін қолданады (фторурацил, фторафур). Сонымен қатар сәуле емін қолданады. Сырқаттың ерте кезінде науқасқа хирургиялық ем жүргізіледі. Ота арқылы асқазанды жартылай немесе түгел алып тастайды (аурудың кезеңіне байланысты).

    Асқынулар:

    Ең жиі асқыну-асқазаннан қан кету.

    Асқазан қабырғасының тесілуі-перфорация.

    Алдын алу: Созылмалы гастритті, асқазан жарасын, полиптерін дер кезінде емдеу. Тамақтану тәртібін сақтау.
    12). Жіті гастрит: жіктелуі, пайда болу себебі, белгілері, диагностикасы, жедел көмек.

    Анықтамасы

    Жіті гастрит-асқазанның кілегей қабаттарының жедел түрде қабынуы.

    Жедел гастрит — тереңдігі бойынша 3-ке бөлінеді:

    1.Жай-тек қана кілегей қабаты зақымданады

    2.Корозиялы гастрит- кілегей асты қабаты да зақымдалады.Эрозиялар, некроз ошағы пайда болады.

    3.Флегмонозды гастрит-іріңді процеске асқазанның қабаттары да ұшырайды.

    Этиологиясы

    Тағамдық токсикоинфекция, зиянды тағамдар қолдану, асқазанға шектен тыс жүктеме түсіру,дұрыс тамқтанбау, тағамды жеткілікті шайнамау, тұрмыстық улармен улану, аллергия, әртүрлі дәрілік заттарды ұзақ қолдану (сульфаниламидтер, салицилаттар).

    Патогенезі:

    дөрекі, қиын қорытылатын, өте суық немесе өте ыстық ас, ішімдік, кейбір дәрілер (гормондар, аскорбин, йод, бутадион) гастритті туындатады.Жағымсыз сапасыз аспен уланғанда, қоздырғыштар,жұқпалы аурулар да гастритке әкеліп соғады.

    Клиникасы:

    Қабыну процестері 2-4сағаттан кеййін басталады.Науқастарды эпигастрий тұсындағы аурулар маазалайды,тәбеті төмендейді, жүрегәі айнып құсады.Денесі қызып, тамыр соғысы жиілейді.Аузынан жағымсыз иіс шығып,тілінде тұнба пайда болады.Ішіне пальпация жасағанда ауырсыну жүрегінің айнуы күшейе түседі.

    Диагностикасы:

    1.Қан анализінде лейкоцитоз,ЭТЖ жылдамдайды.

    2.ФГДС жасағанда кілегей қабатыныың гипермияланғаны, кейде эрозия және қансыраған ошақтар көрінеді.3-4күнде жазылады.10-15 күнде толық емделеді.

    3.Асқазан сөлінің қышқылдығын тексеру арқылы аурудың басында қышқылдықтың жоғарылағанын, кейіннен оның төмендегенін байқауға болады.

    Емі:

    Алғашқы 1-2күнді толық аш ұстау керек.Асқазанды сумен, Na Cl ерітіндісімен жуу керек.Көптеп жылы су ішкізу керек.Ауру сезімі болса-платифиллин ерітіндісімен 1мл т/а егу қажет.Сұйықтықты көп жоғалтқан жағдайда көптеп құюға болады.Төсек режимін сақтап, эпигастрий аймағына жылытқыш қойылады.2-3күннен кейін диетаны кеңейтеміз.Асқазанды жуғанда сілті немесе қышқылдың әлсіз ерітінділерін пайдаланады.2-күннен кейін көп мөлшерде су ішкізеді.

    Алдын-алу:

    ауру алдын-алу үшін тиімді тамақтану мен тамақтану гигиенасын ұсыну керек. Асқазанның кілегей қабатын зақымдайтын заттарды ұзақ қолданбау керек. Жағымсыз, тұрып қалған тағамдарды қолданбау керек.

    13)Асқазан жара аурулары. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, зерттеу әдістері.

    Анықтамасы

    Асқазан жарасы-асқазан қабырғаларында ойықты жаралардың пайда болуы. Бұл созылмалы рецидивті, патологиялық ауру. Асқазан жарасы-негізінен еркек ауруы. Әйелдер оларға азап шегеді, бірақ әйелдердің ауру жағдайлары жыл сайын артып келеді. Сондай – ақ ауырғандардың көпшілігі (80%) - 20-50 жастағы адамдар. Дегенмен, ойық жараны жас адамдарда да кездестіруге болады. Аурудың шамамен 1% - ы-балалар, 8% - ы-жасөспірімдер, ал қалғандары-егде жастағы адамдар. Асқазан жарасының өлшемдері бірнеше миллиметрден бірнеше сантиметрге дейін өзгеруі мүмкін. Кіші жара – диаметрі 5 мм кем, орташа – 5-20 мм, Үлкен – 20-30 мм, алып-30 мм артық. Асқазан ойық жарасы-көбінесе созылмалы ауру, онда асқыну кезеңдері және ремиссияның ұзақ кезеңдері болуы мүмкін.

    Этиологиясы:

    Ауруға әкелетін факторлар: күшті стресстер; депрессия; дәрі-дәрмектерді теріс пайдалану немесе оларды көп мөлшерде қабылдау (глюкокортикостероидтар, антацидтер, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, антибиотиктер, цитостатиктер, гипотензивті дәрілер); иммундық тапшылық жағдайлар (ЖИТС, иммунодепрессанттарды қабылдау); дұрыс емес диета немесе тамақтану әдеті (тым суық немесе ыстық тамақ, тұрақсыз тамақ); тұқым қуалайтын факторлар; ауыр соматикалық аурулар (туберкулез, гепатит, қант диабеті, цирроз, панкреатит, Крон ауруы); асқазан жарақаттары; басқа ағзалардың асқазанға әсері; жаппай күйіктер және үсік, шок жағдайлары; созылмалы алкоголизм; кофені және құрамында кофесі бар өзге де сусындарды теріс пайдалану; темекі шегу; Кем дегенде, бұл аурудың шамамен 40% - ы бактериялық инфекциямен байланыстырылған болып саналады.

    Клиникалыө белгілері:

    Асқазан жарасының негізгі симптомы-бұл ауру. Асқазанның ауыруы өткір және өткір болуы мүмкін немесе салыстырмалы әлсіз болуы мүмкін. Ауырсыну сезімінің пайда болуы әдетте тамақ ішумен байланысты. Симптомның пайда болу уақыты жараның орналасуына байланысты. Егер ол өңеш сфинктеріне жақын болса (кардияда), онда ауырсыну 20-30 минуттан кейін тамақтан кейін бірден пайда болады. Егер органның ортаңғы бөлігінде (асқазанның денесі), шамамен бір сағаттан кейін. Пилориялық каналдың жарасы (асқазанның төменгі бөлігі) он екі елі ішекте ұқсас түзілімдер сияқты, тамақтан кейін 2-3 сағаттан кейін ауырсыну арқылы өзіне білуге мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда аштық ауруы, яғни аш қарынға ауырсыну болуы мүмкін. Кейде ауырсыну дене жүктемесінде, алкогольді қабылдағанда күшеюі мүмкін. Ауру кезіндегі басқа да жағымсыз құбылыстар – тамақтан кейінгі іштің ауырлығы, жүрек айнуы, қышуы, тәбеттің төмендеуі, кебу, асқазанның аймағына басу және құсу кезіндегі ауырсыну. Құсу жиі қатты ауырсыну кезінде жүреді және науқасқа жеңілдік береді. Күйік-бұл бөртпе аймағындағы күйдіру сезімі.

    Зерттеу әдістері:

    Науқастың ішіне пальпация жасағанда, ауыратын нүктелер пайда болады.

    Асқазан сөлін тексеру әдісі өте қажетті: асқазан сөлінің өте қышқылды болуы ұлтабардың жара ауруына әкеледі. Асқазан жара ауруларында асқазан сөлі қышқылдығы бірқалыпты немесе төмен болады.

    Нәжісті жасырын қан анализіне жинау әдісі өте маңызды, ол жарадан кеткен қанды анықтайды. Қанның тексерісін жасағанда: ниша симптомы көрінеді. Асқазан мен ұлтабардың деформациялануы байқалады.

    Гастроскопия немесе ФГДС ең негізгі, ең деректі әдіс болып табылады. ФГДС кезінде биопсия арқылы обыры немесе қатерлі ісік ауруын табуға болады. ФГДС әдісі-бұл жараның қай жерде, қалай орналасқанын нақты көрсетеді.

    Асқынулары:

    Науқастардың 15-20 пайызынан қан кетуі ықтимал, онын клиникалық көрінісі кофе тәріздес құсық., сонымен қатар нәжіс қара түске боялады.

    Ойық жара ауруынын барлық қабаттарын тесіп шығуы(перфорация), бұл кезде эпигастрий тұсында пышақ кескендей ауыру сезімі, коллапс, алдыңғы құрсақ еттерінің ағаш тәрізді катаюы болады, іш пердесін тітіркену сипмтомдары анықталады. (Щеткин Блюмберг)

    Ойық жаранын басқа ағзаларға өтуін пенетрация дейді. Көріністері: дененің қалтырауы, ЭТЖ тездетілуі.

    14). Энтериттер, (колиттер). Этиологиясы, клиникасы, диагностикасы.

    Анықтамасы:

    Энтерит дегеніміз-аш ішектің кілегей қабатының қабынуы.

    Этиологиясы:

    Ішек таяқшалары.

    Ішек лямблиялары.

    Ұшыну-улану. Бұзылған тамақ жеп, интоксикацияға ұшырау.

    Патогенезі:

    Кілегей қабатта гиперемиялық ошақтар пайда болады. Ол жер ісініп, қабынады. Ішек ішіне экссудат жиналады. Ұсақ нүктелі қансырау дақтары пайда болады.

    Клиникасы: Кенеттен жылдам басталады. Науқасты іш өту мазалайды. Нәжісі сұйылып, тәулігіне бірнеше рет қайталанады. Науқасты құрсақ қуысындағы ауру мазалайды. Ішек ішіне ауа жиналып, метеоризм пайда болады. Науқастың тәбеті төмендейді. Пульсі жиі, дене температурасы жоғары болады. Аяқ-қолдары суық, көгереді.

    Емі:

    1. Ас жүргізетін дәрілер. Іштегі нашар тағамдарды сыртқа шығару үшін.

    2.Дезинтоксикациялық терапия.

    3. Жылы минералды су.

    4. Компрестер.

    5. Антибактериялық терапия.

    Колиттер - тоқ ішектің кілегей қабатының қабынуы.

    Этиологиясы:

    Ішек таяқшалары. Дизентерия таяқшалары. Осы инфекция әсерінен тоқ ішек флоралары өзгеріп отырады.

    Колиттер терең және терең емес деп екіге бөлінеді. Біріншісінде тек кілегей қабат қана қабынады. Екіншісінде терең жаралар пайда болады. Бұл кезде патологиялық процесс бірнеше қабатарды қамтуы мүмкін.

    Клиникасы:

    Энтериттерге ұқсас. Іш өту тенезмдермен қатар жұреді. Тенезм дегеніміз үлкен дәретке шақыратын жалған сезім. Нәжіс сұйық. Кейде сілекей, кейде қан араласуы мүмкін. Пальпация кезінде ауырсынулар пайда болады. Дене температурасы 39 ға дейін көтеріледі.

    Диагностикасы:

    Жалпы қан анализінде лейкоцитоз пайда болады. ЭТЖ жоғарылайды. Рентгеноскопия жасағанда дөрекі қатпарларды көруге болады. Ректороманоскопия көмегімен тік ішектің кілегей қабатын тексереді.
    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта