Главная страница
Навигация по странице:

  • 2) Бронх демікпесі

  • 3) Пневмония Анықтама

  • 4) Брохоэктаз ауруы: Өкпенің ірінді аурулары

  • оооооооивтвтввово. 1-ші сұрақ жауаптары. 1билет 1 Жіті жне созылмалы бронхит


    Скачать 0.68 Mb.
    Название1билет 1 Жіті жне созылмалы бронхит
    Анкороооооооивтвтввово
    Дата24.03.2022
    Размер0.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1-ші сұрақ жауаптары.docx
    ТипДокументы
    #413833
    страница1 из 6
      1   2   3   4   5   6

    1-билет 1) Жіті және созылмалы бронхит.

    ЖІТІ БРОНХИТ

    Анықтама:

    Бронхылардың жедел қабынуы дегеніміз – бұл бронхылардың кілегей қабатының жедел қабынуынан дамитын ауру. Бронхы ішіндегі шырыштың көбеюінің, салдарынан жөтел пайда болып, қақырықтың көбірек бөлінуі

    Этиологиясы:

    Жалпы бұл ауруға алып келетін негізгі себептер: бактериялар, микоплаза тағы да басқа қоздырғыштар. Бұлардан басқа егер адам салқын ауамен дем алса, химиялық азот-тотығы, күкіртті сутегі, хлор, тұмау, аденовирустар, т.б. вирустарда қабындырады.

    Патогенезі:

    Бронхылардың жедел қабынуы, оның ауа өткізу қызметінің бұзылуына, яғни обструктивті немесе бұзылмауына байланысты обструктивті емес болып екіге бөлінеді. Обструктивті түрінде ауа өткізу қызметі төмендейді, бұл көбінесе майда бронхылар қабынғанда байқалады, ал обструктивті емес түрінде бронхының ауа өткізу қызметі бұзылмайды, өйткені қабыну үлкен немесе орташа бронхылар қабынған жағдайда кездеседі. Егер қабыну майда бронхыларда болса, онда ауаның өтуі қиындайды, соның себебінен науқаста ентігу пайда болады. Асқынбаған жедел бронхит 7-14 күнде сауалып кетеді, ал кей жағдайларда созылмалы түріне айналуы мүмкін.

    Клиникалық көрінісі:

    Жедел бронхит жедел репираторлық (ЖРА) аурудан кейін немесе онымен бірге басталады. Науқас көбінесе кеңірдек-бронхылардың қабыну белгілерімен шағымданады. Науқастың шағымы: әуелі құрғақ жөтел, ал 2-3 күннен кейін аздап қақырық түсе бастайды. Қақырық әдетте шырышты, шырышты-іріңді, оның тәуліктік мөлшері 40-50 мл аспайды. Бұлардан басқа науқаста әлсіздік пайда болады, дене қызуы 38-дейін кейде 39 градусқа дейін жоғарылайды, денесі қалтырайды, мұрны бітіп, тамағы қырып ауырады, дауысы қырылдайды, сонымен бірге мұрынның, ауыздың айналасына ұшық шығуы және көмекейдің қызарғаны байқалады.

    Зертханалық зерттеулер:

    Қанға жалпы клиникалық зерттеу жүргізгенде лейкоциттер аздап жоғарылайды, эритроциттердің тұнуы жылдамдайды. Егер аллергиялық компонент болса, онда қанда және қақырықта эозинофилдер болады. Егер науқас бронхылары жедел қабынуының обструктивті түрімен ауырса, онда пневмотахометр мен және спирограф пен тексергенде өкпенің тіршілік көлемі азаяды. Рентгенмен өкпені тексергенде өкпеде өзгеріс болмайды. Кейбір жағдайда өкпенің түбірі кеңейеді

    Емі:

    Науқасқа көбірек сұйық ішкізу керек: лимон, бал, танкурай, қарақат салынған шай, жылытылған сілтілі су, сілті қосылған ыстық сүт. Кеудесіне қыша қағазын науқастың ыстығы басылғаннан кейін қояды. Дәрі- дәрмектерден: парацитомол немесе аспирин 0,5 г. 3 рет, метиндол 0,025г 3 рет, обструция болғанда – теофедрин немесе эуфиллин 0,15 г күніне 3 рет беріледі.
    СОЗЫЛМАЛЫ БРОНХИТ:

    Анықтама:

    Созылмалы бронхит дегеніміз – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келісілген нұсқауы бойынша, егер сырқат адам қатарынан 2 жыл үзбей ауырып, оның ішінде қатарынан 3 ай жөтеліп қақырық тастаса, онда мұндай сырқаттарды бронхылардың созылмалы ауруының қатарына жатқызады. Бронхылардың созылмалы қабынуымен әйелдерге қарағандаер кісілер жиі ауырады. (1:5) Бұл ауру 20-40 жаста басталып, 60-70 жаста ең биік шегіне жетеді

    Этиологиясы:

    Бұл аурудың пайда болуына стрептококк, стафилококк, пневмококк сияқты бактериялар себеп болады. Бұл бактериялар осы аурумен ауырған науқастардың қақырығын зерттегенде табылған. Бұлардан басқа тұмау вирусы да осы аурудың пайда болуына себепші болады. Ал сыртқы қоршаған ортаның ластануы, темекі тарту да осы аурудың туындауына ықпалын тигізеді. Темекі тартпайтындарға қарағанда тартатындар арасында 3-4 есе жиі ауырады. Тыныс алу жолының қабынуы, мұрын қуыстарының, жұтқыншақ, алқым бездерінің қабынулары да осы ауруды туындатады. Бронхылар жедел қабынған кезде уақытылы дәрігерге қаралып емделмесе де осы созылмалы түрге айналады.

    Патогенезі.

    Бронхылардың созылмалы қабынуының дамуына бронхы бездерінің бөліп шығаратын сұйық заттарының, өзін-өзі тазалау қызметі және қорғаныс қызметтерінің бұзылуынан болатын жағдай. Осылардың салдарынан сілекей көп немесе аз пайда болады және оның қоюлығы жоғарылайды, сөйтіп бактериялардан және бөгде заттардан тазарту жұмысы төмендейді.

    Клиникалық көрінісі:

    1. Науқас ентігеді, ауаны сыртқа шығаруы қиындайды және ұзақ. 2. Ентігу ауа райының өзгеруіне де байланысты. 3. Мойын көктамырлары ауаны сыртқа шығарғанда білеуленіп кеңейеді, ал ауаны ішке тартқанда жоғалады. 4. Ұзақ жөтеледі қақырық көп шықпайды, терлейді. 81 5. Егер бронхылар ұзақ уақыт іріңді қабынса, онда науқас саусақтарының бас жақтары жуандап, тырнақтары дөңестенеді. 6. Кеудені саусақпен соғып тексергенде қораптық дыбыс шығады және өкпенің төменгі шекарасы төмен түседі. 7. Өкпені тыңдағанда құрғақ сырылдар естіледі. 8. Көмір қышқыл газының көбірек жиналуының белгілері: ұйқы бұзылады, басы ауырады, көп терлейді, бұлшық еттері тартылады, дене дірілдейді, ал жағдайы ауырлағанда есі ауытқиды, денесі құрысып, ессіз күйге түседі. Зертханалық зерттеулер.

    Қанға клиникалық зерттеу жүргізгенде, эритроциттердің тұнуы жылдамдайды. Лейкоциттер көбейеді, ал эозинфильдердің көбеюі, ол аллергияға байланысты. Қақырықты және бронхы ішіндегі сұйықтарды тексеру арқылы қабынудың қай деңгейде екенін болжауға болады. Рентген аспабымен өкпені тексергенде аурулардың көбісінде өзгерістер онша болмайды, тек аурулардың 3/1 өкпе эмфиземасы болады. Бронхоскоппен тексеру арқылы қабынудың түрін, белсенділік сатысын және ісікті анықтайды. Бронхоскоп аспабы арқылы бронхыдағы сұйықты сорғызып алуға немесе жууға болады. Емі.

    Аурудың қозу кезеңінде, ауруханаға жатып ем алады. Науқасқа көбірек сұйық ішкізу керек: лимон, бал, қарақат, таңкурай қосылған шай, жылы сілтілі су ішулері керек. Науқастың тамағы құнарлы, дәрумендер (витаминдер) мол болу керек. Науқастар жатқан бөлме таза және әлсін-әлсін желдетіп отыру керек.

    Антибактериялық ем: Антибактериялық емді іріңді созылмалы бронхиттің қозу кезеңінде және пневмония қосылған жағдайда қолданады. Емді 7-10 күн жүргізеді.

    Антибиотиктермен емдеу: Антибиотиктерді қақырық флорасының сезімталдығына қарай талдайды. Макролидттер, Сульфаниламидтер, Бронходилаторлар.

    2) Бронх демікпесі:

    Анықтамасы:

    Бронх демікпесі – бронхтардың әртүрлі тітіркендіргіштерге сезімталдығының кұшеюімен жүретін, көрінісі бронхтардың жалпы ұстамалы обструкциясымен сипатталатын, тыныс жолдарының созылмалы ауруы.

    Этиологиясы.

    Бронх демікпесін туындататын сыртқы және ішкі факторлардың әсерлері. Бұл сырқат экологияға тәуелді аурулардың бірі.

    Сыртқы (экзогендік) факторлар:

    1. Жұқпалы емес немесе атопиялық аллергендерге жататындар.

    а) өсімдік тозаңдары; б) үй тұрмысында кездесетін аллергендер (үй шаңы, үй кенесі, құс қауырсыны, т.б.); в) дәрі-дәрмектер.

    2. Жұқпалы факторларға жататындар:

    а) бактериялар: стрептококк, стафилококк, токсаплазмоза, бруцелла, т.б. б) саңырауқұлақтар: кандида ашытқы тобына жататындар. «aspezgillus» тобына жататын өңез тәрізділер

    Ішкі (эндогенді) факторларға жататындар:

    Иммундық, эндокриндік, вегетативтік жүйке жүйесінің, бронхтар реактивтілігінің және сезімталдығының, өкпе қантамырларының туа кемістіктері; арахидон қышқылы метоболизмінің бұзылыстары. Осы факторлардың барлығы бронхының қысылуына түрткі болады.

    Патогенезі:

    Өкпе демікпесінің дамуы негізінен 2 топқа бөлінеді

    І. Иммунологиялық механизмдер.

    ІІ. Иммунологиялық емес механизмдер.

    І. Иммунологиялық механизмдердің даму барысы:

    1. Антигеннің ағзамен кездесіп, оны жоғары сезімталдыққа жеткізуі.

    2. Дене тіндерінде «Са» (кальций) элементтерінің көбеюі.

    3. Қабынудың әсерінен қан тамырлар қабырғасының өткізгіштігінің артуы және бронхылардың кілегей қабатында немесе кілегей қабатының астында ұлпа инфильтрацияның пайда болуы.

    4. Қан плазмасының сыртқа шығуы, бронхылардың ішкі кілегей қабатының ісінуі, сөйтіп тарылуы.

    5. бронхылардың ішінде сілекей көп бөлініп, бронхылардың тығындалуы.

    6. Бронхылар тесігінің тарылуы немесе қысылуы (спазм)

    ІІ. Өкпе демікпесі дамуының иммунологиялық емес механизмдері.

    1. Нейрогуморальдық яғни кезбе (блуждающий нерв) жүйке рецепторының қозуы.

    2. Ацетилхолин рецепторының сезімталдығының күшеюі.

    3. Жоғарғы тыныс жолындағы патологиялық өзгерістер.

    4. Невроздық күй немесе жағдай

    Клиникалық көрінісі:

    Бронх демікпесінің негізгі белгісі, ол демікпе ұстамасы. Демікпе ұстамасы кенеттен басталып бірте-бірте үдей түседі, сөйтіп оның мерзімі бірнеше минуттан бірнеше сағатқа, тіптен бірнеше тәулікке созылады. Кейде ұстама басталар алдында науқаста мынадай өзгерістер пайда болады: науқастың басы ауырып, мұрны бітеді, тамағы жыбырлап қышиды, тұншығып жөтеледі (предвестник).

    Науқас ұстама кезінде төсегінде немесе орындықта отыруына мәжбүр болады, екі қолымен кереуеттің немесе орындықтың шетінен тіреп ұстайды. Науқастың дем алысы жиі, шулы сырыл пайда болады. Демді сыртқа шығару қиындайды және ұзаққа созылады, ал демді ішке алу бұзылмайды. Науқастан салқын тер шығады, мойын қан тамырлары білеуленеді, мұрны, ерні құлақтары көгереді, құрғақ жөтел мазасын кетіреді. Қақырығы жабысып әрең шығады. Жүрек соғысы жиі, аздап қан қысымы көтеріледі. Демікпе ұстамасы басылар кезде жөтел күшейіп қақырық түседі, науқастың жағдайы жақсарып дем алысы дұрыстала бастайды.

    Зертханалық зерттеулер және аспаптармен тексеру.

    Науқастың қанын алып зерттегенде лимфоциттер, эозинофильдер аздап көбейеді, ал қақырықта эозинофильдер көптеп кездессе, онда өкпе демікпесінің атопиялық түрі деп есептейді. Егер жұқпалы аурудың салдарынан қабыну белгілері байқалса, онда қанда лейкоциттер көбейеді, эритроциттердің тұнуы жылдамдайды.

    Рентген аспабымен тексергенде өкпе демікпесінің атопиялық түрі болса, онда өкпеде ешқандай өзгеріс болмайды, ал өкпе демікпесі жұқпалы аурудан пайда болса, онда өкпеде мөлдір ауа көбейеді, қабырғалар арасы кеңейеді. Спирографпен және пневмотахометрмен тексергенде ауа шығару жылдамдығы төмендейді және өкпенің тіршілік көлемі азаяды.

    Емі:

    Демікпені емдеу мүмкін емес, бірақ ұстамалардың алдын алу үшін жағдайды бақылауда ұстауға болады. Дәрілік терапия негізгі және симптоматикалық болып бөлінеді. Негізгі терапияны пульмонолог немесе терапевт таңдайды. Әдетте гормоналды препараттар, кромондар, моноклоналды антиденелер, ингаляциялық глюкокортикостероидтар, аллергенспецификалық иммунотерапия қолданылады.

    Симптоматикалық терапия бронходилятаторларды қолдануға негізделген және ұстаманы тоқтату үшін тағайындалады.

    Біз әдейі дәрі-дәрмектердің атауын бермейміз, өйткені емдеуді таңдау үшін жеке адамның ерекшеліктері ескерілуі тиіс және ем негізделген болуы керек. Дәрігердің рецептісіз демікпе үшін дәрі-дәрмектерді қабылдауға болмайды.

    Ұстамаларды басу:
    - ингаляциялық тез əсердегі 2-агонистер (сальбутамол, фенотерол);

    - əсері тез басталатын ұзақ əсердегі 2-агонистер (сальметерол, формотерол);
    - ингаляциялық холинолитиктер (ипратропий бромиді); құрамында холинолитиктер мен 2-агонистер қосылған комбинациялы дəрі дəрмектер; қысқа əсердегі метилксантиндер (аминофиллин);

    - жүйелі ГКС (преднизолон).

    - демікпені ұзақ жүргізу үшін, ауырлық дəрежесіне байланысты баспалдақты əдіс ұсынылады.
    3) Пневмония

    Анықтама:

    Пневмония- өкпе қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. 

    Этиологиясы:

    Пневмония ауруының ең жиі қоздырғышы пневмококктар (30-40%), микоплазма (20 % дейін) және вирустар (10 %) болып табылады. Құрсақ ішінде дамыған пневмония болатын жағдайда, көк ірің таяқшасы, протей, легионелла, аспиргилла, микоплазма да себеп болады.

    Белгілері:

    қызба (дене температурасының 390С-тан жоғарылауы), кейде, керісінше, дене температурасының төмендеуі (әдетте, 65 жастан асқан адамдарда кездеседі) · дірілдеу, · кеудедегі жіті ауырсыну, қою, сарғыш немесе жасыл қақырықпен жөтел, · жиілеген пульс және тыныс алудың жиілеуі, · күшті терлеу, · ерін мен тырнақтың көкшілдігі.

    Диагностика:

    Тексеру кезінде дәрігер кеудені тыңдағанда көпіршікті сырылды анықтайды (өкпеде қою сұйықтық болуын білдіретін дыбыс). Дәрігер қосымша тексеруді тағайындайды (аурудың білінген симптомдарын ескерумен): · қан талдауы. Лейкоциттердің артуы (ақ қан жасушалары) қабыну үрдісінің болуын білдіреді. · Кеуде қуысы ағзаларының рентгені (рентгенография) – ауруды анықтаудың негізгі әдісі.

    Науқас жөтелгенде жиналған қақырық талдауы пневмонияның себебін анықтайды

    Бронхоскопия - науқастың мұрны немесе аузы арқылы енгізілген жіңішке түтік арқылы дәрігер бронхыны қарайды және қажет болса, қабыну ошағынан сілемей алуы мүмкін. · Өкпенің компьютерлік томографиясы – ұзақ уақыт бойы жазылмайтын пневмонияда өкпені егжей-тегжейлі қарауға мүмкіндік береді.

    Емі:

    Бактериалдық пневмонияны емдейтін антибиотиктер. Қолдану басында пневмонияның себебі болған бактерияның түрін анықтауға және оны емдеуге оңтайлы антибиотик таңдауға уақыт кетеді. Көбінесе, үш күн ішінде жағдай жақсарады, бірақ, темекі шегетіндерде жақсаруға екі еседен артық уақыт кетеді. Егер симптомдарыңыз жақсармаса, дәрігер басқа антибиотикті ұсынуы мүмкін. • Вирустық пневмонияны емдейтін вирусқа қарсы препараттар. Мұндай науқастарда жақсару бір-үш апта ішінде орын алады. • Ыстықты түсіретін препараттар, аспирин немесе ибупрофен секілді. Жөтелге қарсы дәрілер. Демалу үшін жөтелді басатын дәрілер. Бірақ, жөтелді толығымен жойған жөн, себебі, жөтел өкпеден сұйықтық шығуына, оның тазаруына ықпал етеді.

    4) Брохоэктаз ауруы: Өкпенің ірінді аурулары

    Анықтама:

    Бронхоэктаз ауруы – бұл бронхылардың кейбір бөлімдерінің кеңеюінен және эндобронхиттің дамуымен жүретін ауру.( Бұл ауру бронхтар қабырғасының туа және жүре пайда болған кемістігінен дамиды, осыған қарай олардың біріншілік және екіншілік түрлеріне бөлінеді.

    Біріншілік-бронхы қабырғаларының туа кемістігінен немесе осалдығынан, балалық шақтан дамыған бронхоэктаз ауруы, бұлардың саны көп болады және шашыраңқы орналасады. Біріншілік бронхоэктаздардың ерекшелігі - айналасындағы өкпе тінінің оншалықты зақымданбауы.

    Екіншілік-пневмосклероз ошағында, бронхылардың өзгеруінен (деформация), дамитын бронхоэктаздар (туберкулез кавернасы, окпе іріңдігінен кейін т.б. ауруларда). Екіншілік бронхоэктаздар ошақты орналасады және айналасындағы өкпе тінінің қабынуымен жүреді)

    Этиологиясы:

    Бұл ауру көбінесе бронхылардың созылмалы қабынуында кездеседі, онда бронхылардың қабырғасындағы бұлшық еттердің орнына дәнекер ұлпаларымен алмасады, сөйтіп бронхылар 111 қабырғасы жұқарып созылуына байланысты, олардың кейбір бөлімі (учаскесі) цилиндр тәрізді болып кеңейеді. Бронхылардың кеңейген жерлері кілегейлі қабатының созылмалы қабынуына байланысты сол жерге шырышты іріңдер жиналады. Патогенезі.

    Бронхоэктаз ауруының дамуындағы басты механизмдер:

    1) бронхылар қабырғаларының осалдығы (туа немесе жүре біткен);

    2) бронхы іші қысымының жоғарылауы.

    Бронхы ішілік қысым жөтелгенде жоғарылайды. Жөтелген кезде бронхылардың осал сегменттері созылады. Көп жөтелетін және бронхалары осал адамдарда осылайша жүре-бара бронхоэктаз ауруы пайда болады. Осы дертке бейім адамдарда бронхоэктаздар балалық шақтан қалыптаса бастайды. Оған ұзақ және күшті жөтелдіретін аурулармен жиі ауыру ықпалын тигізеді, мысалы, көкжөтел, пневмония, қызыша т.б. Бронхылардың кеңіген сегменттерінің қуаты яғни тонусы мен дренаждық қызметі жойылып, шырыштың іркілуіне септігін тигізеді. Жиналған шырыштар іріңдейді және сол жерді қабындырады. Клиникалық көрінісі.

    Науқастың қозуы кезіндегі негізгі белгілері – жөтелдің күшеюі, бөлінетін қақырық мөлшерінің көбеюі, кейде оған қан араласуы. Науқас әсіресе таңертең ауыз толтырып шырышты-іріңді қақырық тастауы. Қақырық бронхтың сау аймақтарына ағып келуінен, науқас дене қалпын өзгерткенде күшейеді яғни адам көлденең жағдайдан тік тұрғанда «бронхоэктаз ауруының айрықша белгісі». Бұлардан басқа науқастың денесі безгек сияқты қалтырайды. Кейбір кезде науқас ентігеді, беті көгереді, бұл өкпе қызметінің нашарлауынан жүрек жұмысының бұзылу белгісі болып есептеледі. Ал кейде қан тамырлардың зақымдануынан кейде өкпеден қан кетуі де ықтимал, бұл да осы аурудың бірден-бір белгісі болып есептеледі. Науқастың дене қызуы ауру қозған кезде көтеріледі, бұл көбінесе өкпе қабынуымен қатар жүруінен. Науқас көп ауырса саусақтарының соңғы буындары жуандайды - «барабан таяқшасы», тырнақтары дөгестеніп «сағат әйнегі» тәрізді болады.

    Диагностикалық тексеру әдістері:

    Науқас қайталаған кезде өкпенің зақымданған аймақтары үстінен перкуссия жасағанда тұйық дыбыс естіледі, ал тыңдап тексергенде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар байқалады.

    Қанға зертханалық жалпы зерттеу жасағанда лейкоциттер көбейеді және эритроциттердің тұнуы жылдамдайды. Өкпені 112 контрасталық препаратпен рентген арқылы тексергенде бронхылар цилиндр сияқты кеңейген жеріне контрасттар толып ағаштың түбіріне немесе жүзім (виноград) шоғырына ұқсайды.

    Емі.

    Бронхоэктаз ауруымен ауырған науқастарды емханада диспансерлік бақылауда болады, ал керек болғанда, яғни науқастың жағдайы ауыр болып ауру қозған кезде ауруханаға жатқызып емдеу керек. Науқастың жатқан кереуетінің аяқ жағын шамамен 25-30 см көтеріп жатуы керек, ол жиналған қақырықтың түсуін жеңілдетеді. Науқас құнарлы тамақ, дәрумен (витамин), мол көкөністер қабылдағаны дұрыс. Антибиотиктерді – жартылай синтезделген пенициллиндерді, цефалоспориндерді, аминогликозидтерді, тетрациклиндерді оның сезімталдығын анықтағаннан кейін тағайындайды. Антибиотиктердің орнына диоксидинді, нитрофуран туындыларын: фурациллинді, фурагинді және табиғи антисептиктерді эндобронхиальді әдіспен енгізеді. Эндобронхиальді әдіспен қатар антибиотиктерді парентеральді (бұлшық етке, вена ішіне) енгізген тиімді. Сонымен бірге бронхыларды қақырықтан тазарту физиотерапиялық ем-шараларын аурудың беті бері қараған кезден бастап қосады. Науқасқа хлорлы кальций, калий йодидімен электрофорез, микротолқындық индуктотермия емін жүргізеді. Бұларға қоса кеудеге массаж жасау өкпенің дренаждық функциясымен қақырық түсуін жақсартады.
      1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта