Главная страница
Навигация по странице:

  • 23)ЖИА: Стенокардия

  • 25) ЖИА: Миокард инфарктісі

  • 26)Эндо-мио-перикардиттер

  • оооооооивтвтввово. 1-ші сұрақ жауаптары. 1билет 1 Жіті жне созылмалы бронхит


    Скачать 0.68 Mb.
    Название1билет 1 Жіті жне созылмалы бронхит
    Анкороооооооивтвтввово
    Дата24.03.2022
    Размер0.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1-ші сұрақ жауаптары.docx
    ТипДокументы
    #413833
    страница5 из 6
    1   2   3   4   5   6

    22)Атересклероз.

    Анықтамасы:

    Қан тамыр қабырғасының тінідегі зат алмасу өзгерістерінің бұзылыстары нәтижесінде артериялардың жүйкелік зақымдануымен сипатталатын ауру.

    Этиологиясы:

    Жалпы атересклероздың дамуынакөпетеген себептер бар:

    Липидтердің алмасуының бұзылуы. (қандағы холестерин мен липопротеид деңгейінің жоғарылауы)

    Артериалдық қан қысымының көтерілуі,қант диабеті, микседема, психоэмационалды зорығулар, ретсіз тамақтану.

    Атеросклероз көп факторлы ауру болғанымен оның дамуына әкелетін екі басты мәселеге көп мән берілуде. Біріншіден атеросклероз дамуынан бұрын қантамырлар қабырғасының түрлі себептерден біріншілік зақымдануы; екіншіден – липидтер алмасуының бұзылысы (дислипопротеинемия)

    Патогенезі:

    Атеросклероздық түймедақтың 1-ші сатысы –бұл сатыда қантамырлардың липойдозы немесе липидтік дақтардың пайда болуы. Бұл кезде тамырлардың жалаңаштанған эндотелиіндегі зақымданған ошақтарына тромбоциттер, лейкоциттер әсіресе моноциттер жиналып, түрлі заттарды бөледі. Осының салдарынан жүре-бара интима қалыңдайды, Бұл липойдоз сатысында тек дақтармен жолақтар пайда болады, бұл қантамырды тарылтпайды, сондықтан атеросклероздың клиникалық белгілері бұл сатыда болмайды.

    2-сатысы – фиброздық. Бұл сатыда коллаген және дәнекерлік тін өсіп-өніп, «көпіршікті» жасушалар мен холестериндік бөлшектерді қоршап, фиброздық капсуланы түзеді. Содан тамырлардың ішкі бетінде томпайып тұратын атеросклероздық түймедақ (бляшка) пайда болады. Бұл кезде қантамырлардың тарылуынан атерослероздың клиникалық белгілері біліне бастайды.

    3-ші күрделі сатысы. Бұл кезде түймедақтардың арасына кальций тұздары жиналады немесе олар кальцимен қапталады сонан кейін жарылып тесіледі. Кейбір түймедақтар үзіліп, үгіліп, тромбоэмболиялық асқынуларға әкеледі. Осыдан бұл сатыда атеросклероздың ауыр асқынулары (инсульт, жүрек инфарктісі т.б.) пайда болады. Жоғарыдағы айтылып кеткен атеросклероз дамуының екіші факторы – липидтер алмасуының бұзылысы. Мұнда гиперхолестеринемияның маңызды рөль атқаратынына ешбір күмән жоқ, мысалы АҚШ-та бірнеше ондаған мың адамдарға жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде (1984) қан құрамында жалпы холестериннің 1% көбеюі коронарлық атеросклероздың даму санын екі есе арттыратындығы дәлелденген. Липопротеидтердің құрамы холестериннен, фосфолипопротеидтерден, холестрин эфирлерінен және үшглицеридтермен апобелоктан тұрады.

    Клиникалық көрінісі.

    І. Кеуде қолқасының беріштенуі (грудная аорта)

    1. Қолқаның ауруы: екі қолға, мойынға, арқаға, іштің жоғарғы жағына беріледі, бұл ұстамалы емес стенокардиядан айырмашылығы және төстің артқы тұсы шаншып немесе күйдіріп ауырады.

    2. Қолқа иілмесі кеңігенде немесе аневеризм болғанда тамақты жұтуы қиынға түсуі мүмкін өңештің қысылуынан, және науқастың басы айналады, басын күрт бұрғанда талып қалуы мүмкін.

    ІІ. Іш қолқасының беріштенуі (брюшная аорта)

    1. Іштің әр жері ауырып, кебеді, іштің жиі қатуы, ол ішкі мүшелер қызметінің бұзылуы деп есептейді, ал негізінде оның себебі ішкі мүшелер тамырының тарылуынан да болуы мүмкін.

    2. Лериш синдромы (қолқа айрығының зақымдануы) – қолқаның созылмалы бітелуінің белгілері: аяқ мұздайды, ұйыиды, балтыр еттері семеді, табан қан тамырларының соғуы байқалмайды немесе әлсіз. Сан артериясының соғуы байқалмайды немесе әлсіз және систолдық шу естіледі.

    3. Кіндіктұсынан систолалық шу естіледі.

    ІІІ. Бас ми артериясының беріштенуі. (көбінесе ұйқы артериясы немесе оның иілмесінің зақымдануы).

    1. Артерия қысымының жоғарылау синдромы байқалады.

    2. Науқас тез шаршайды, ойлау мен еске ұстау қабілеті төмендейді.

    3. Көңіл-күйі тез өзгереді, басы ауырады, айналады әсіресе орынан тез тұрған кезде.

    4. Асқыну жиі кездеседі (инсульт, тромбоз).

    ІV. Шажырақай артериясының беріштенуі.

    Мұнда іш «ұстамасы» түрінде және ас қорыту қызметінің әртүрлі бұзылыс түріндегі белгілері байқалады. Эпигастария маңында кенеттен күйіп немесе кесіп ауыруы әдетте ас қорытылудың жоғарғы сатысында. Ауырудың ұзақтығы 1-3 сағатқа созылады\

    V. Бүйрек артериясының беріштенуі.

    1. Артерия қысымының жоғарылау синдромы (вазоренальдық жоғарылау) байқалады. 2. Зәр құрамында белок, эритроциттер, цилиндрлер болады. 3. Егер бір бүйректің қан тамыры тарылса, онда науқастың артерия қысымы жайлап көтеріледі , ал зәрдегі өзгерістер тұрақты

    VI. Аяқ артерияларының беріштенуі.

    1. Аяқ тез тоңады, ұйыйды, балтыр бұлшық еті әлсізденеді және тез шаршайды әсіресе жүргенде, дем алғанда ауырғаны басылады. 2. Аяқ терісінің түсі бозарады, трофикалық өзгерістер, яғни тері құрғайды, қайызғақтанады, ұзаққа созылатын жаралар пайда болады. 3. Аяқ артерияларындағы қан тамырының соғуы өте әлсіз немесе байқалмайды. Зертханалық зерттеу

    1. Жалпы қанды тексеру: мұнда өзгеріс болмайды.

    2. Биохимиялық талдауда: холестерин, бета-липопротейдтер жоғарылайды, альфа-липопротеид, лецитин төмендейді

    Емдеу принциптері.

    Емдәм №10-құрамында мал етінің майы, қарапайым көмірсулар (көкөніс, жеміс-жидек) ас тұзының мөлшері шектеледі және өсімдік майы, өсімдік клетчаткалары көбейтіледі. Қабылдауға ұсынатын тағамдардың түрлері:

    1. Қара нан, кебекті нан, ұнның 2-ші сортынан пісірген нан; 2. Түрлі вегетарияндық сорпалар: көкөністен, жемістен, жармадан жасалған, сүтке пісірген, щи т.б. 3. Малдың, құстың майсыз дайындалған арық еті; 4. Сүт және сүт өнімдері: піскен сүт, ашытқан сүттің өнімдері, майсыз сүзбе, сүзбеден жасалған тағамдар (қаймақтың мөлшері қатаң шектеледі); 5. Балықтың арық түрі (майсыз дайындалған); 6. Жұмыртқа: күніне 1 жұмыртқадан (белоктық омлет түрінде); 7. Жармалар және макарондық тағамдар: суға, сүтке пісірілген ботқалар, пудинг т.б. 8. Көкөністің барлық түрлері (шикі, піскен) тек саумалдық, ірі бұршақ, саңырауқұлақтардан басқасы; 9. Жеміс-жидектер және олардан дайындалған сусындар (жүзім шырынынан басқасы); 10. Сусындар: сұйық шай, сүт қосқан кофе, ит мұрын тұндырмасы, су қосқан жеміс-жидек шырындары; 159 11. Майлар: тоң майлар рационға қосылмайды; майдың 1/3 немесе 2/3 өсімдік майы түрінде беріледі. Дәрі-дәрмектермен емдеу.

    1. Холестеринді төмендететін статиндер: - Ловастатин (мевакор) – тәулігіне 20 мг кешкі тамақпен бірге береді; - Симвастатин (зокор) – тәуліктік дозасы 20-40 мг; - Правастатин- тәуліктік дозасы 20-40 мг; - Флувастатин (лескол) - тәуліктік дозасы 20-40 мг; кешке қарай береді;
    23)ЖИА: Стенокардия

    Анықтамасы:

    Жүрек қантамырларының қысқа мерзім ішінде қысылып қан жүруінің бұзылуына байланысты пайда болатын жүректің ұстама ауру

    Этиологиясы:

    Стенокардиянын дамуынын негізгі себебі жүректің тәждік артериясынын атересклерозы. Жүрек кантамырларының түйілуі, нейрогуморальдық механизм бұзылыстары симпатикалық адреналды жүйенің белсенділігінің жоғарылауы.

    Патогенезі:

    -Тәж артерияларының атеросклерозға байланысты органикалық обструкциясы – 96%.

    -Атеросклерозға ұшыраған тәж артерияларының түйілуіне байланысты динамикалық -обструкциясы – 4-8%.

    -Миокардтың оттегіге сұранысы күшейгенде атеросклерозға ұшыраған артериялардың кеңуге шамасының келмеуі.

    -Эндотелийлік факторлардың рөлі.; Тромбоциттер агрегациясының күшеюі.

    -Миокардтың оттегіге сұранысының күшеюі. ;“Тәжаралық ұрлық” феномені пайда болуы.

    -Коллатеральдік қанағымының кемістігі.;Липидтердің аса тотығу белсенділігінің артуы.

    -Арахидон қышқылы метаболизмінің липокстгеназдық жолының белсенділенуі.

    -Энкефалиндер мен эндорфиндер түзілуінің бұзылысы.

    Клиникалық көріністері:

    Стенокардиянын негізгі клиникалық белгілері төс сүйегінің артынан пайда болған ауру және жүрек аймағынын ауру сезімінің сезілуі жатады. Ауру сипаттамасы әр түрлі болады: қысып, ауырғаны кейде пышақ сұққандай сезіледі. Науқаста ауру сезімі 30 минутка созылады. Сол иыққа қолға мойын және бастың сол жағына жауырын аралықтарға беріледі.

    Стенокардия ұстамасы кезінде науқас орнынан жылдымауға, қозғалмауға, жүріп келе жатып сол қалпында тоқтап калуға тырысады. Терісі бозарып. Суық тер басуы мүмкін, қорқып үрейлеу пайда болады. Пульс сиреп, АҚҚ төмендеуі науқасқа тән емес. Кей науқастарда тәждік артериялардын кардиосклерозында және миокард өөзгерістерінде жүрек қыспасынын ұстама кезінде жүрек тахикардиясы және экстрасистолиясы пайда болады.

    Емі:

    Қатаң төсектік тәртіп сақтауы тиіс.Физикалық күштеме болса тоқтатылуы керек.

    Ауырсыну сезімдерін басу үшін тіл астына нитроглецерин немесе динитрат препараттарын тагайындайды.
    24)Аритмия

    Анықтамасы

    Аритмия дегеніміз – жүрек ырғағының бұзылуы немесе жүрек соғуы жиілігінің (пульстің) бұзылуы. Жүрек тым тез (тахикардия), тым баяу (брадикардия) немесе ұдайы емес соғуы мүмкін.

    Этиологиясы

    Қалыпты жағдайда жүрек өкпеге және дененің басқа бөліктеріне қан келуіне ықпал ететін насос тәрізді жұмыс істейді. Бұл механизмді іске қосу үшін жүректе оның дұрыс ырғақпен жиырылуы үшін жауапты өткізуші жүйе бар. ·

    -Жүрекке жиырылу қажеттігіне белгі беретін электр импульсі синоатриалдық түйінде туындайды (синустық түйін немесе СА түйіні). Ол жүректің табиғи кардио-ынталандырғышы. ·

    -Импульс синустық түйіннен шығады және көптеген өткізуші жолдардың бойымен жүрекке тарайды. ·

    Түрлі нерв импульстерінің әсер етуімен жүрек баяу немесе тезірек жиырылады.

    Аритмия кезінде жүрек ырғағы болуы мүмкін: ·

    Өте баяу (брадикардия) ·

    Өте тез (тахикардия) ·

    Ұдайы емес, біркелкі емес, немесе үзікті

    Аритмия тұрақты немесе кезеңді болуы мүмкін.

    Аритмия кезінде әрдайым симптомдар бола бермейді. Сондай-ақ, симптомдар дене белсенділігі кезінде айқынырақ болуы мүмкін. Симптомдары жеңіл, ауыр, немесе өмірге қатерлі болуы мүмкін. Аритмияның жиі симптомдары: ·

    Кеудедегі ауырсыну;Естен тану; Бас айналуы; Солғын тарту; Ентігу; тершеңдік Диагностика

    Дәрігер стетоскоппен жүректі тыңдайды, пульсті тексереді. Артериалдық қысымның деңгейі төмен немесе қалыпты болуы мүмкін. Жүрек ырғағының бұзылысын анықтау үшін жүректі қадағалау жиі қолданылады, мысалы:

    Емі:

    Жүрек ырғағының күрделі бұзылыстарында қалыпты ырғақты қалпына келтіру үшін шұғыл емдеу қажет болады.

    Бұл емдеу әдістері: ·

    Электрлік "шокты" терапия (дефибрилляция немесе кардиоверсия) ·

    Уақытша кардио-ынталандырғышты орнату ·

    Көк тамыр ішілік немесе ішілетін дәрі-дәрмек. Кейде аритмияның пайда болуының алдына алатын үздік әдіс – стенокардия мен жүрек жеткіліксіздігін тиісті емдеу болады. Аритмияға қарсы дәрі-дәрмектер келесі жағдайларда қолданылуы мүмкін: · Аритмияның қайта пайда болуының алдын алу үшін ·

    Жүрек ырғағының қалыпты жиілігін қолдау үшін

    25) ЖИА: Миокард инфарктісі

    Анықтамасы

    Жүрек инфарктiсi дегенiмiз - жүрек бұлшық етiнiң белгiлi бiр аймағына қан бармай тоқтауынан жүрек бұлшық етiнiң жансыздануы немесе өлiеттенуi. Жүрек инфарктiсi ЖИА жататын өте қауiптi ауру.

    Жiктемесі

    1. Жүрек бұлшық етiнiң жансыздануы көлемiне қарай үлкен көлемдi (трансмуральдi) және шағын көлемдi (интрамуральдi) болып екiге бөлiнедi.

    Жүрек бұлшық етiнiң үлкен көлемдi жансыздану түрi былай бөлiнедi:

    а) трансмуральдi - бұл түрiнде жүрек бұлшық етi толық жансызданады.

    б) интрамуральдi түрiнде – жүрек бұлшық еті жартылай жансызданады, яғни эндокардқа және эпикардқа жетпейдi.

    Жүрек бұлшық етiнiң шағын көлемдi (интрамуральді) жансыздануы былай бөлiнедi:

    а) субэпикардиальдi -эпикардқа жақын жатқан бұлшық ет жансызданады.

    б) субэндокардиальдi -эндокардқа жақын жатқан бұлшық ет жансызданады.

    Этиологиясы.

    Жүрек нфарктiсiнiң пайда болу себебi науқастардың 97-98 пайызы жүрек қан тамырларының iшкi қабатына холестериннiң қонуынан қатайып берiштенуiнен. Осының салдарынан қан тамырлары тарылып қан айналымы бұзылады, кейбiр жерге қан жетпейдi, сөйтiп инфарктiге ұласады.

    Жүрек инфарктiсi ауруының ағымына қарай бiрнеше кезеңге бөлiнедi:

    1. Өте жедел кезең - мұнда жүрек бұлшық етiнде ишемия басталғаннан жансызданудың белгiсi бiлiнгенге дейiнгi аралық (30 минуттан 2 сағатқа дейiн).

    2. Жедел кезең-мұнда жансызданған аймақ толық қалыптасады (ұзақтығы 2- 10 күн).

    3. Жедел кезеңнен кейiнгi уақыт- мұнда жансызданған тіннің толық тарқап, оның жас нәзік грануляциялық тінге алмасу аралығы.

    4. Тыртықтану (рубцевание), (постинфарктық) кезең – инфарктінің басталуынан 5-6 айдан соң, кейде 2 жылға дейінгі аралық.

    Патоегенізі:

    Жүрек инфарктісі, белгілі бір аймаққа қан келуінің толық тоқтауынан немесе күрт төмендеуіне байланысты зақымданған аймақ үш зонаға бөлінеді: ортасында некроз ошағы, одан кейін – зақымдану зонасы, ең сыртында - ишемиялық зона. Жүрек бұлшық етiнiң жансыздануы шеңберiне, орнына қарай былай аталынады: жүректiң сол қарыншасының алдыңғы, жоғарғы бөлiгi немесе ұшы, бүйiрi немесе қабырғасы, диафрагмальдi (артқы), септальдi, яғни екi қарыншаның ортасындағы перде. Жүрек инфарктiсi сол қарыншада жиi кездеседi, оң қарыншаға қарағанда. Мұның себебi, сол қарыншада бұлшық ет 2 еседей калың оң қарыншамен салыстырғанда (сол қарыншадан ең ірі қолқаның шығуына байланысты), ал қайда бұлшық ет көп болса, сол жерде қан тамырлары да көп болады

    Клиникалық көрінісі.

    Жүрек инфарктiсiнiң клиникасы аурудың ағымына қарай 2 түрге бөлiнедi:

    а) жүрек инфарктiсiнiң әдеттегiдей түрi (типичный).

    б) жүрек инфарктiсiнiң әдеттегiдей емес немесе жалған түрi (атипичный).

    Жүрек инфарктiсiнiң әдеттегiдей түрiнiң клиникалық көрінісі.

    Мұнда науқастың жүрегi кенеттен қысып, ашып, сыздап, күйiп, немесе ұйып ауырады, ал кейде ауырудың күштiлiгi сондай пышақ сұғып алғандай қатты ауырады, ауыру кеуденiң көбiнесе сол жақ бөлiгiне яғни төменгі жақ сүйегiне, тiске, сол иыққа , сол жауырынға, бiлекке, саусақтарға берiледi және ұйыйды. Науқастан суық тер шығып қиналады, көзiне өлiм қауiпi елестейдi. Кейде науқас еденге жатып өзiне ыңғайлы яғни жүрек ауыруы қандай жағдайда бәсеңдейтiн сәттi iздеп шарқ ұрады.

    Жүрек инфарктiсiнiң ауыруы стенокардия ұстамасына қарағанда ұзаққа созылады және анағұрлым қарқынды. Мұнда нитроглицерин көмектеспейдi. Артерия қысымы төмендейдi, қан тамырының соғысы әлсiз және жиi.

    Жүрек инфарктiсiнiң әдеттегiдей емес немесе жалған түрiнiң клиникалық көрінісі

    1. Абдоминальдi немесе гастральдi түрi-мұнда науқасты көбiнесе асқазан ауруларының белгiлерi мазалайды: жүрегi айниды, құсады асқазан тұсы ауырады, iшi кебедi. Жүрек инфарктiсiнiң бұл түрi жүректiң артқы диафрагма жағы жансызданғанда пайда болады.

    2. Демiкпелік түрi (асфиксия) – мұнда науқасқа ауа жетпей тұншығады. Ал негiзiнде бұл жүрек инфарктiсiнiң сол жақ қарыншадағы жедел түрi.

    3. Церебральдi түрi – мұнда науқас басының айналуына, ауыруына, ұйқысының бұзылуына, есiнiң ауытқуына шағым жасайды, кейде криз, инсульттiң белгiлерi байқалады. Мұндай жағдай ми қан тамырларына қанның аз келуiнен. Бұған себеп жүректiң сол қарыншасының әлсiреуi.

    4. Жүрек ырғағының бұзылу түрi. Мұндай жағдай жүрек инфактiсiнiң алғашқы сағаттарында пайда болады, бұл өте қауiптi болып есептеледi.

    5. Жүрек инфарктiсiнiң белгiсiз немесе ауырмайтын түрi. Жүрек инфарктiсiнiң бұл түрi тек ЭКГ арқылы анықталады. Мұнда науқаста себепсiз әлсiздiк пайда болады, қозғалғысы азаяды. Өмірлік тәжірибеде абдоминальді және демікпе түрі басқасына қарағанда жиі кездеседі.

    Асқынулары:

    Жүрек инфарктiсiнде ерте және кеш асқынулар болады. Жүрек инфарктiсiнiң ерте асқынуларына: жүрек демiкпесi, өкпенің iсiнуi және кардиогендi шок жатады, ал кеш болатын асқынуларға: жүрек аневризмi, жүрек кемшiлiгi, және синдром Дресслер жатады.

    Зертханалық зерттеу.

    Қанды жалпы зерттегенде бiрiншi күннiң аяғында қанда лейкоциттер көбейедi. Егер инфаркт болған жердiң аумағы үлкен болса, онда лейкоциттер көп болады, эозинофильдер жоғалады. Лейкоциттер 3-5 күннен кейiн төмендейдi, ал оның орнына эртроциттердің тұнуы жылдамдайды. Мұндай құбылыс жүрек инфарктiсiне тән жағдай. Жүрек инфарктiсi болғанда, жүрек бұлшық етiндегi ферменттер концентрациясы жоғарылайды. Жүрек инфарктiсi болған жерде немесе ауруханаға дейiнгi кезеңде көрсетiлетiн шұғыл медициналық жәрдем

    1. Қасыңдағы адамдар арқылы тез дәрiгердi немесе кардиобригаданы шақыртыңыз.

    2. Науқасты ыңғайлы етiп жатқызып, тыныштандырыңыз және қысып тұрған киiмдерiнен босатыңыз.

    3. Тiл астына 1-2 түйiр нитроглицерин сал, немесе 1пайызды нитроглицериннiң спиртке дайындалған ертiндiсiнен 2 тамшы тiл астына тамыз немесе изокеттi, немесе нитроминттi көмейге бүркiңiз.

    4. Жүрек тұсына нитромайын немесе қышаны қойыңыз.

    5. Ылғалдыоттегiнберiңiз.

    26)Эндо-мио-перикардиттер

    Анықтамасы:

    Бұл ауру жүрек бұлшық етінің инфекциялық немесе инфекциялық-аллергиялық жолмен қабынуы. Миокардит екі топқа бөлінеді: ревматизмдік және ревматизмдік емес. Бұл тарауда қаралатыны - ревматизмдік емес миокардит.

    Ревматизмдік емес миокардит, әдетте, адамның жастау шағында, көбіне әйелдерде кездеседі. Миокардит дербес ауру немесе басқа бір аурудың белгісі ретінде болады (жүйелі склеродермия, инфекциялық эндокардит т.б.).

    Этиологиясы.

    Бұл аурудың пайда болуының басты себебі инфекция, вирустар, бактериялар тіпті паразиттер де қабындырады. Соңғы кездерде грипп вирусымен жүрек бұлшық етінің қабынуы жиі кездесуде. Инфекциялық – аллергиялық қабынудың даму себебі, бұл иммунды-аллергиялық реакцияның қарсы тек – қарсы дене комплексінің пайда болуынан.

    Патогенезі.

    Миокардтың тереңдігіне енген қоздырғыштар және оның улары миоциттерді, тамырларды, дәнекер тіндерін түрлі деңгейде зақымдайды. Бактерия т.б. улары қылтамырлар, қан тамырлар қабырғасының өткізгіштігін күшейтеді. Бұлшық ет тінінің зақымдануынан қарсы тек пайда болады, ал ол уланған және сау миоциттерге қарамай бәріне бірдей тиісіп зақымдануына байланысты осы ауру созылмалы күйге айналады.

    Жүрек бұлшық етінің қабынуы екіге бөлінеді:

    а) жүрек бұлшық етінің диффузды қабынуы

    б) жүрек бұлшық етінің ошақты қабынуы

    Жүрек бұлшық етінің диффузды қабынуының клиникасы:

    ентікпе, ісіну, іркіліс (застой), жөтел. Ентігу дене қызметі кезінде және көлденең жатқанда күшейеді. Ісінудің болуы жүректің ауыр қабынуының белгісі. Сонымен қатар науқаста әлсіздік, тершеңдік, субфебрилитет байқалады. Науқасты қарап тексергенде: жүрек көлемі сол жағына қарай екі жаққа бірдей үлкейеді. Егер қан айналымы кіші шеңберде іркілсе, онда өкпенің төменгі етегінде майда көпіршікті сырыл естіледі, ал қан айналымы үлкен шеңберде іркілсе – онда бауыр үлкейеді және ауырады, ішке су жиналуы мүмкін.

    Зертханалық зерттеуі.

    Нитрофильді лейкоциттер көбейеді; эритроциттің тұнуы жылдамдайды (ЭТЖ), а-2 – глобулиндер, сиал қышқылдары көбейеді, СРБ пайда болады; ЛДГ,КФК,АЛТ,АСТ жоғарылайды.

    Емі.

    Қан айналымы шамасыздығының деңгейіне қарай судың, ас тұзының мөлшерлері шектелген және калий көбейтілген No 10а емдәмі тағайындалады.

    Қозғалыс (қимыл) тәртібі миокардит емінің басты шараларының бірі. Миокардиттің жеңіл түрінде төсек тәртібі 3-4 апта сақталады (ЭКГ-лық өзгерістер қалыпты күйіне келгенше). Орташа ауырлықтағы миокардитте төсек тәртібі 2 апта қатаң сақталады, кейін 4 аптаның ішінде қимыл тәртібін бітіндеп кеңейтеді. Ауыр миокардитпен ауырған науқастар қанайналым шамасыздығының белгілері толық жойылғанша қатаң төсек тәртібін сақтайды, сонан кейін 4 аптаның ішінде палаталық режімді біртіндеп кеңейтеді.
    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта