Химия Билет. 1 Билет Химия ылымыны пайда болуы, дамуы жне маызы
Скачать 1.16 Mb.
|
Қышқылдардың химиялық қасиеттеріҚышқылдардың қасиеттері алуан түрлі болып келеді, оны көрсету үшін мынадай сұлба жазып аламыз: Қышқылдар:
3. Массасы 22г көмірқышқыл газының зат мөлшерін есепте. Жауабы: 11,2 л №8 Билет 1. Физикалық және химиялық құбылыстар дегеніміз не және айырмашылығы Химиялық реакциялар. Мысалдар Ағаштан орындық үстел, төсек, т.б. үй жиһаздары жасалады. Бұл мысалда бір заттан әр түрлі денелер дайындалатынын көреміз. Заттардың өзара ұқсастығы мен айырмашылықтарын көрсететін белгілері олардың қасиеттері деп аталады. Оларға заттың агрегаттық күйі, түрі, түсі, тығыздығы, балқу және қайнау температуралары, жылу және электрөткізгіштктері, ерігіштіктері жатады. Мысалы, шыныдан, пластмассадан жасалған шөлмектер алып, оларды ұрып көрсек, шыны шөлмек оңай сынатынын, ал қыздырғанда пластмасса шөлмек оңай балқып, олардың пішіндерінің өзгеретінін байқаймыз. Мұндай өзгерістер физикалық құбылыстар деп аталады. Ал енді осы шөлмектерді жағып көрсек, ең оңай өзгеретіні - пластмасса шөлмек, ол алдымен балқып, сосын қара күйеленіп жанады, ал шыны мен металдан жасалғандары Мұндай езгеріске түсу үшін оларды өте жоғары температураға дейін қыздыру керек. Бір заттың екінші бір затқа айналуы химиялық құбылысқа жатады, мысалы, сүт тасып кеткенде ол күйіп, көмірленеді. Пластмасса жанғанда басқа заттар тұзіледі. Физикалық құбылыс кезінде заттардың табиғаты өзгермейді, тек олардың агрегаттык күйі мен пішіні өзгереді, жаңа зат пайда болмайды. Химиялық құбылыс кезінде бір зат басқа жаңа бір затқа айналады. Заттардың химиялық қасиеттерін химия ғылымы зерттейді. Осы кезде сан алуан заттар белгілі, олардың саны күн өткен сайын артып отыр, себебі тұрмыстық және өндірістік кажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қасиеттері әр түрлі заттар жасанды жолмен алынуда. Заттардың қасиеттерін жете білу оларды саналы түрде колдана алуға мүмкіндік береді. «Білмеген у ішеді» деген мақалда халықтың көп жылғы бақылауынан түйген даналық ой айтылған. Шынында да қасиетін білмей тұрып кез келген затты иіскеп, колға алып уқалап немесе дәмін татып көруге болмайды: себебі күйіп, тіпті уланып қалу қаупі бар. Химияның атқаратын көптеген маңызды міндеттері бар. 1. Заттардың құрамы мен қасиеттерін зерттеу. 2. Қоғамның кажеттілігіне карай жаңа сапалы заттар алу. 3. Қоршаған ортаның байлығын тиімді пайдаланып, оларды корғау. Біздің киген киіміміз, ішкен асымыз, тұтынып отырған заттарымыз — бәрі де химиялық қосылыстар. Тіпті біздің өмір сүруіміздің өзі ағзаларда жүретін химиялық құбылыстарға негізделген 2. Оксидтер: алынуы, жіктелуі, химиялық қасиеттері. 114-116 бет. Күрделі қосылыстардың үлкен бір тобы (класы) - оксидтер. Оксидтер үшке бөлінеді: қышқылдық, негіздік, екідайлы (амфотерлі). Қышқылдық оксидтерге - қышқылдар, негіздік оксидтерге - негіздер сәйкес келеді. Р2О5→Н3РО4; SО3→H2SО4; Na2О→NaОH; СаО→Са(ОН)2. Ал екідайлы оксидтерге кышқылдар да, негіздер де сәйкес келеді, мысалы, H2ZnО2← ZnO→Zn(OH)2 Оксидтердің жіктелуі. Бейметалдардың оксидтері - қышқылдық оксидтер, ал белсенді металдардың оксидтері - негіздік болып келеді. Егер металл айнымалы валенттілік көрсетсе, оның төменгі валенттілігіне сәйкес оксиді - негіздік, аралық валенттілігіне сәйкесі - екідайлы, ал жоғары валенттілігіне сәйкесі қышқылдық оксид болады. Кейбір оксидтер үшін қарапайым (үйреншікті) атаулары бар, олар ертеден қолданылып келеді. АІ2О3 - глинозем, SiО2- кремнезем. Оксидтердің алынуының екі үлкен тәсілі бар. Жай және күрделі заттарды жағу арқылы:бейметалдарды: C+O2=CO2 S+O2=SO2 металдарды: 2Cu+O2=CuO 2Mg+O2=MgO күрделі заттарды: CH4+2O2=CO2+2H2O 2H2S+3O2=2H2O+2SO2 Ерімейтін негіздер, тұздар, қышқылдарды айыру аркылы:2Fe(OH)3→Fe2O3+3H2O CaCO3→CaO+CO2 H2SiO3→H2O+SiO2 Оксидтерді әрі карай тотыктыру аркылы:2SO2+O2=2SO3 4FeO+O2=2Fe2O3 |