Химия Билет. 1 Билет Химия ылымыны пайда болуы, дамуы жне маызы
Скачать 1.16 Mb.
|
Оксидтердің физикалық қасиеттері[өңдеу]Оксидтер үш агрегаттық күйде болады: мысалы, CuO, CaO, Fe2O3, P2O5 - қатты заттар; CO2, SO2, NO2 - газдар; H2O, N2O3(t<0) - сұйық. Оксидтердің түстері де әр түрлі: Ғе2О3 - қызыл-қоңыр, CuO - кара, Сr2O3 - жасыл, ZnO, MgO - ақ, МnO2 - кою қоңыр, SnO - кою көк түсті, т.б. Иістері де әр алуан түрлі болып келеді. SО2, SО3, NО2, Р2О5 - тұншықтырғыш иісті. CO, NO, СО2 - иіссіз. Оксидтердің химиялық қасиеттері[өңдеу]Оксидтердің қасиеттері олардың, қандай элементтердің оксидтері екендігімен анықталады. Қышқылдық оксидтердің қасиеттеріКейбір қышқылдық оксидтер сумен әрекеттесіп қышқылдар түзеді:Р2O5+ЗН2O=2Н3РO4; SO2+H2O=H2SO3; СO2+Н2O=Н2СO3 Мысалы, күлгін лакмус ерітіндісі тамызылған суға көмірқышқыл газын жіберсек, оның түсі күлгіннен біртіндеп қызыл түске өзгереді. Нәтижесінде әлсіз, тұрақсыз көмір қышқылы түзіледі. қышқылдық оксид + су = қышқыл Қышкылдық оксидтер негіздік оксидтермен әрекеттесіп тұз түзедіCO2+CaO=CaCO3 P2O5=2Na3PO4 қышқылдық оксид + негіздік оксид = тұз Қышқылдық оксидтер сілтілермен әрекеттесіп тұз және су бередіSO3+2NaOH=Na2+H2O Cr3+Ca(OH)2=CaCrO4+H2O қышқылдық оксид + сілті = тұз + су Негіздік оксидтердің қасиеттеріБелсенді металдардың оксидтері сумен әрекеттесіп сілті түзедіNa2O+H2O=2NaOH CaO+H2O=Ca(OH)2 Осы реакциялардың ішінен екіншісін тәжірибе жасап көрсек, яғни сөндірілмеген әкке су құйып, үстіне бір тамшы фенолфталеин тамызсақ, оның түсі таңкурай түске өзгереді, ол әрине сілтінің ерітіндісі түзілгендігіне дәлел болады. белсенді металл оксиді + су = сілті Негіздік оксидтер қышқылдармен әрекеттесіп тұз және су түзедіCaO+2HCl=CaCl2+H2O CuO+H2SO4+H2O негіздік оксид + қышқыл = тұз + су Екідайлы оксидтердің қасиеттеріОлар негізінен қатты күйде кездеседі. 1) Қышқылдармен әрекеттескенде негіздік оксидтің қасиетін көрсетеді: ZnO+2HCl=ZnCl2+Н2O 2) Сілтілермен әрекеттескенде қышқылдық оксидтің қасиетін көрсетеді. Түзілген тұздың формуласын жазу үшін оксид формуласына ойша бір молекула су қосып, сәйкес қышқылдың формуласын шығарып аламыз. (ZnО+H2О=H2ZnО) әрі қарай қышқыл мен негіз әрекеттескен сияқты болады. Олардың қолданылу аясы өте кең: ZnО+2NaОH=Na2ZnО2+H2О cy + тұз = сілті + екідайлы оксид 3. Массасы 4г күкірт жаққанда, 37,1 кДж жылу бөлінді. Күкірт (IV) оксидінің түзілу реакциясының термохимиялық теңдеуін құраңдар. Шешуі: №9 Билет 1. Химиялық реакциялардың типтерінің жіктелуі. Мысалдар келтір. Қосылу реакциясыҚосылу реакциясы нәтижесінде бірнеше (жай немесе күрделі) заттардан бір күрделі зат түзіледі. А+В->С A+B+C->D Мысалы: Ғе + S= FeS жай + жай = күрделі зат СаО + Н20 = Са(ОН)2 күрделі + күрделі = күрделі зат СаС03+С02+Н20=Са(НС03)2 күрделі заттар = күрделі зат 2SOa + 02 = 2S03 күрделі + жай = күрделі |